Жүру кезінде арақашықтықты сақтау.Қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен,
Қолды желкеге қойып, өкшемен жүру. Қолды екі жанға қойып жүру, Табанның сыртқы және ішкі қырасымен жүру.
Секіру жаттығулары:
Оң аяқпен, сол аяқпен секіріп жүру
Жүгіру жаттығулары:Алаңды айнала жүгіріп жүріп, алаң диагоналы бойынша жылдамдыққа жүгіру
Жалпы дене жаттығулары: Жұппен орындалатын жаттығулар
Сабақ өтілетін орынның санитарлық - гигиеналық
Спорттық киімдерін тексеру.
Жаттығу орындалысын қадағалау
Үй жұмысын сұрау: өткен сабақта қандай ойындар мен таныстық және олрдың ережелері қандай? Көтермек:Ортаға екі ойыншы бала шығады.Бір-біріне арқаларын беріп тұрады.Белгі бойынша кім біріні бірін- бірі арқада көтеріп алса,сол бала жеңіске жетедің.Жеңіске жеткен бала ойында қала береді де басқа балалармен бірге күш сынасады.
Көрші: Ойнаушылар екі‑екіден отырады да, бір ойыншы жалғыз қалдырылады. Ойын жүргізушінің мақсаты – сыңар қалған ойыншыға көрші іздеу.
Ойын жүргізуші: «Саған кімнің көршісі керек?» ‑ деп сұрайды. Сыңар ойыншы: «Маған Ақылбектің көршісі керек», ‑ деп жауап береді. «Көршіңмен аразбысын, әлде татумысың?» ‑ деп сұрайды. Егер ол аразбын десе, сыңар ойыншыға келіп көрші болады. Татумын десе тату болғаны үшін, яғни көршісін бермегені үшін жаза тартады. Сыңар ойыншының ұйғаруымен көпшілік алдында өнер көрсетеді. Ал сыңар қалған ойыншы көрші іздейді. Осылайша ойын жалғаса береді.
Қызыл ту ойыны. Ойынның басты шарты: қарсылас жақ шекараға өтіп барып, сол жақтың адамдарының бірін түртіп, кері қайтып кету. Ұсталып қалған жағдайда немесе қарсыластың қолы бірінші тиген болса, онда арғы бетке ұпай беріледі.
II Негізгі бөлім
30′ минут
Спорттық ойындарға: Ақ серек көк серек, Көкпар, Арқан тартыс т,Жаяу жарыс. б жатса, ақыл ойға арналған ойындарға Тоғызқұмалақ, Асық ойындары, Дойбы ойыны жатады. Ұлттық ойындарға мына ойын түрлері жатады: «Тоғызқұмалақ», «Бәйге», «Асық», «Ақсүйек», «Арқан тарту», «Қыз қуу», «Көкпар», «Күміс алу», «Жамбы ату». бұл ойындар баланың еңбекке деген қарым - қатынасы мен ойлау қабілеттерін арттырады және баланы шымыр да епті, зерек те алғыр, тапқыр да парасатты болып өсуге тәрбиелейді. Ұлтымыздың асыл қазынасы болған ұлттық ойындарымызды жоғалтып алмай, ұрпақтан - ұрпаққа жетуін насихаттау, халқымыздың, баршамыздың міндетіміз деп білейік.
Жеңіл атлетика, спорттың ең көп тараған түрі. Оған әр түрлі қашықтықта жүгіру мен жүру, ұзындық пенбиіктікке секіру, спорттық снарядтарды лақтыру, жеңіл атлетикалық көпсайыстар енеді. Жеңіл атлетикалық жарыстар ашық және жабық (манеж) алаңдарда өтетін жеке, командалық және эстафеталық жарыстарболып бөлінеді.
Олай болса «Көңілді старттар» жарысын ойнап көрейік .Қатарға тұрғызып бір екіге бөліну
Балалар, сайысымызды бастамас бұрын топтардың атымен ұранымен таныс болайық.
Атымыз: «Сұңқарлар»
Ұранымыз: Сұңқарлар бастайды,
Қиындықтан қашпайды.
Сұңқар алға,
Биікке самға.
Атымыз «Қырандар»
Ұранымыз: Қыран құстай самғаймыз
Қанатымыз талмайды.
Сайыста біз алдамыз
Жеңісті де қолдаймыз.
Эстафеталық жарыстың шарттары:
«Кеглилер арасымен жүгіріп кольцоға доп лақтыру»
«Қаппен секір»
«Отырып жүру»
«Допты екі тізенің арасына қысып жүгіру»
«Тарелкаға салынған допты құлатып алмай, кеглидің арасымен жүгіріп келу»
«Арқан тартыс»
III
Қорытынды бөлім
5 минут
Алаңды айнала, кең, қолды жоғарыға көтергенде кең тыныс алып, қолды түсіргенде тынысын шығару.
Бағалау. Үйге тапсырма беру. Сабақты қорытындылау
Үйге тапсырма беру ұлттық ойындар туралы реферат жазу