1.Жарысымыздың қорытындысын шығарып,әділ бағалап отыратын әділқазылар алқасымен таныстыру.
2.Ортаға командалар шығады.Мұғалімнің командасы бойынша сапқа тұрғызылады. Командаларды таныстыру.Командаларға ат қою.Команданың ұраны.
ІІ.Жарыстың шарты.
1.Сәлемдесу.(ұраны,топ аты)
2.Эстафеталық ойындар
3.Қорытындылау
1. «Эстафета таяқшасын алып жүгіру»
Әр топ ойыншылары төрешінің белгісі бойынша кедергілердің арасымен эстафета таяқшасын алып белгіленген жерге жүгіріп барып,кейін қайтады.Екінші ойыншыға береді.Бірінші келген команда жеңіске жетеді.
2 .«Кім жылдам»
Төрешінің белгісі бойынша кедергілерден жугіріп, белгіленген жерге допты бірінші ойыншы алып барып қояды, қайтарында жүгіріп келеді, екінші ойыншы допты алып келеді, допты келесі ойыншыға береді. Ойын осылай жалғасып,бірінші келген команда жеңімпаз болады.
3.«Кім жүйрік»
Жүгіру маттың үстінен алға домалау және қойылған орындықтардың үстінен екі қолмен тартылып өту.Кері қарай жүгіріп келу.
4.«Секірме жіппен секіру».
Төрешінің белгісі бойынша белгіленген жерге секірме жіппен секіріп барып, секіріп қайтып келіп келесі ойыншыға секірме жіпті береді.
5. «Кедергілерден секіру».
Кедергілерден секіріп белгіленген жерге барып ,кейін кедергілерден секіріп қайтады. Ойын осылай жалғаса береді.
6.«Кім мерген»
Төрешінің берген белгісі бойынша екі команда ойыншылары нысана бағытына қарап тұрып, бірінші ойыншы кіші допты лақтырады, қызылға дәл тигізгенге 5 ұпай, сарыға 4 ұпай, көкке 3 ұпай беріледі, ойын осылай жалғасып көп ұпай жинаған команда жеңіске жетеді.
7.«Арқан тарту»
Команда мұшелері түгел арқан тартуға шығады.Белгіленген жерге қарсылас команда мүшелерін тартып келеді.Командалар бір-бірімен түгел арқанмен тартысады.
ІІІ.Қорытындылау.
Қорытынды сөз әділқазыларға беріледі.
Командалар сап түзеп қатарға тұрады.
Ұпай санын есептеп,жарысқа қатысқан командаларды марапаттау.
Сабақтың тақырыбы:Бір орыннан ұзындыққа секіру.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жеңіл атлетика туралы мағлұмат беру,
ұзындыққа секірудің әдіс –тәсілін меңгерту. Сабақтың тәрбиелік мәні Адамгершілік қасиетті сезіндіру, бір-бірін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың өтілетін орны: Спорт алаңы.
Спорт құрал–жабдықтары: Ысқырық, ұзындықты өлшейтін құрал.
Өтілетін күні: 22. 04 2015ж.. Өтілетін сынып: 3а
С/б
Өтілетін сабақтың мазмұны
Уақыты
Әдістемелік нұсқаулар
I. Дайындық бөлім.
1.Сапқа тұрғызу.
Кезекші мәліметі,
сәлемдесу.
Журнал бойынша түгелдеу.
Сабақтың мақсатын,
мазмұнын түсіндіру.
2мин.
Оқушылардың киіміне,тәртібіне назар аудару.
2. Жүру бағытында орындалатын жаттығулар:
а)қол жоғары,аяқтың ұшымен жүру.
ә) қол белде,өкшемен жүру.
б қол белде, ішкі, сыртқы қырымен жүру.
в) қол желкеде,жартылай отырып жүру.
3мин.
Бұйрықтың дұрыс орындалуын қадағалау.Сол аяқпен бастау.Арақашықтықты сақтау.Қолды бүкпеу, денені тік ұстау, басты көтеру.
3.Жүгіру бағытында орындалатын жаттығулар:
Тізені жоғары көтеріп жүгіру.
Өкшені жамбасқа лақтыра жүгіру.
Аяқтың басын алға сілтей жүгіру.
Артпен жүгіру.
Жылан тәрізді жүгіру.
Жәй жүгіру
\Тыныс алу жаттығулары
Ара қашықтықты сақтау. Алақанға тізені тигізу, кеудені тік ұстау, қол бел тұста.Алаңды толық пайдалану. Еркін жүгіру.Тынысты қалыпқа келтіру.
4. Жалпы дамытатын жаттығулар.
1.Б.қ. қол белде, оңға,солға басты айналдыру.
2.Б.қ. қол иықта,алға,артқа айналдыру.
3.Б.қ.оң қол жоғары, сол қол төмен,оң қолды, сол қолды керу.
4.Б.қ. қол бүгулі кеуде тұста, бүгулі,түзу күйінде артқа керу.
5.Б.қ.қол алда түзу, ішке, сыртқа қарай шынтақтан айналдыру.
6.Б.қ. қол кеуде тұсында қылып,қолдың басын өз бетінше оңға, солға айналдыру.
7.Б.қ. оң қол жоғары, сол қол белде, оңға, солға жантаю.
10мин
3-4рет
3-4рет
3-4рет
3-4рет
3-4рет
3-4рет
3-4рет
Арақашықтықты сақтау, тепе-теңдік сақтау,көзді жұмбау, толық айналдыру.
Қолды бүкпеу, барынша артқа керу, шынтақты бүкпеу иық көлемінде ұстау. Толық айналдыру қолды төмен түсірмеу.
Оңға,солға білезік сүйекті айналдыру.
Денені тік ұстау, барынша денені бұру.
Тізені бүкпеу, әр қадамға еңкею шынтақты бүкпеу.
II. Негізгі бөлім.
Оқушыларға секірер кезде қалай секіру керектігін түсіндіру. Секірер алдында сызықты баспау керек.
Секірудің - көптеген түрлері бар. Солардың ішіндегі ең қарапайымы – бір орында ұзындыққа секіру. Секірудің бұл түрі кезінде дененің оң жақ және сол жақ жартылары тепе- тең қозғалады. Аяқ алдын – ала бүгіледі, осы кезде бұлшық еттер жиырылып осы төменгі жақтың барлық бөліктері жазылады, соның нәтижесінде дене әуеге көтеріле лақтырылады, сөйтіп ытқып алған бұрышына сәйкес өзінің ауырлық орталығымен доға сызық (парабола) бойымен ұшады. Дайындық кезеңі – тізені бүгуден және осымен бірге мезгілде ауырлық орталық тігінің алға, тірек ауданының шетіне қарай аусуынан басталады. Ытқу кезеңі - немесе ырғу кезеңі аяқ буындарының бірден тез жазылуынан тұрады. Екі аяқпен алма –кезек секіру. Жерден итерілген аяқтың буыны түзетіліп, ал сермейтін аяқ буыннан бүгіліп, күшпен алға жіберіледі, дене алға еңкейтіліп, бүгілген қол алма –кезек алға , артқа серпіліп отырады.