Сабақтың басы Оқушы назарын аудару 15 минут | Бой сергіту жаттығулары. Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу. Біреуден сапқа тұру. Сапта әдеттегі адыммен, оң және сол бүйірмен қосымша адыммен жүру. Орташа қарқынмен жүгіру, тізелерді жоғары көтеріп жүгіру. Жүгіруден кейін тынысты қалыпқа келтіру. Оқушыларды карточкалар арқылы топқа бөлу | Жаттығулар көрсетілімі |
Сабақтың ортасы 20 минут | (Б, Т, Ф) «Өрмелеумен және қайта өрмелеумен эстафета». 1. Оқушының дабылы бойынша әр команданың бірінші ойыншылары бөренеге жақындайды, гимнастикалық қабырғаға жүгіріп шығады, одан түседі, қолдарымен 2-2,3 м биіктікте ілінген жалауды ұстайды, төмен түседі және қайта келіп, бөрене арқылы қайтадан өрмелейді. Бұдан соң ойынға жаңа ойыншылар кіріседі, ал қайтқандары өзінің бағанының соңына тұрады және т.б. Эстафетаны ерте аяқтаған және ережені аз бұзған команда жеңіп шығады. 2. Зал ортасына арқан тастау арқылы залды екіге бөледі. Командалардың арқайсысы өз алаңына орналасады. «Жүгір!» деген белгі бойынша балалар өз алаңымен тым-тырақай жүгіре жөнеледі. «Ауысыңдар!» деген белгі бойынша командалар орын алмасады. Қарсы жаққа толық құрамда бірінші жүгіріп өткен команда жеңімпаз болады 3. Кім мерген? ойыны Берілген кеглдерді команда бойынша оқушылар бір-бірден ұрып шығады. Кеглді көп жинаған команда жеңімпаз болады. 4. Кім жылдам? ойыны Команда капитандарының сайысы тізіліп тұрған кеглдерді қай команданың капитаны бірінші болып жинап шықса сол команда жеңімпаз. | Үлкен бос кеңістік, ойын алаңы әрбір қызмет үшін. Гимнастикалық орындық, швед қабырғасы, жалауша- лар, гимнастикалық төсеніштер. Арқан Кегл |
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені біл- дім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу |