Просмотр содержимого документа
««?аза?ты? ?лтты? ойындары» (сайыс) »
Өскемен қаласы
«№26 орта мектебі КММ»
«Келісілді» «Бекітемін»
Директордың №26 ОМ директоры
тәрбие жөніндегі Ж.А Мұқашева
орынбасары ________________
Г.С Оразғалиева
_______________
«Қазақтың ұлттық ойындары»
(сайыс)
2015 жыл
Мәлімдеме
2 сынып оқушылар арасындағы мектепішілік
«Қазақтың ұлттық ойындары» сайысын өткізу.
Өтілу мақсаты :
Салауатты өмір сүруді насихаттау, сынып оқушыларына бірегей талаптар қалыптастыру.
Қазақтың ұлттық ойындарын білу.
Қазақтың ұлттық ойындарын ойнату арқылы дене дайындығының көрсеткіштерін жақсарту, денеге тән рухани адамгешілігін арттыру. Оқушыларды ептілікке, шапшандыққа, күшті болуға жаттықтыру.
Жарысты ұйымдастырушылар : дене шынықтыру мұғалімдері.
Марапаттау : Жеңген команда грамотамен, сыйлықтармен марапатталады.
Сайыстың орындалуы
Танысу
Капитандар өздерінің ұрандарын айтып, төс белгілерімен таныстырады.
2. Бәйге
Екі командадан бір-бір ойыншы шығып, аттың үстіне мініп, кеглилерді өтіп, өз командасын айналып, екінші ойыншыға береді. Қай команда тез бітеді, сол жеңіске жетеді.
3.Жамбы ату
Әр командадан бір-бір ойыншы шығып, аттың үстіне мініп, белгіленген сызықта тоқтап, үрленген шарларға бір рет садақпен атады. Қай команда жылдам және көп шарды жарса, сол команда жеңіске жетеді.
4. Қыз қуу
Әр командадан бір қыз және бір ұл шығады. Аттың үстіне мініп белгіленген сызықтан бастап ұл қызды қуып жету керек. Егер де жете алмаса шұғыл бұрылып өзі қашады. Енді қыз ұлды қуады қуып жеткенде қамшымен соғады.
5.Асық ату
Әр команда ойыншылары шығып, көмбедегі тұрған кеглиді нығыздалған доппен дәл тигізіп құлату керек. Қай команда көп кеглиді құлатса, сол жеңіске жетеді.
6. Теңге алу
Әр командадан бір-бір ойыншы шарға мініп, белгіленген жерлерде құм толтырылған қапшықтарды жинап өз командасына апарады. Қай команда тез және мол қапшық жинаса, сол команда жеңіске жетеді.
7. Арқан тарту
Екі команда қарама-қарсы тұрып, арқанды ұстап, белгі берілгенде арқанды тартады. Қай команда арқанды ортадағы сызықтан асырса, сол жеңіске жетеді.