Просмотр содержимого документа
«Біз жеңісті жырлаймыз»
Тақырыбы:
« Біз жеңісті жырлаймыз »
Мақсаты:
1.Ұлы тұлғалардың ел тәуелсіздігі жолындағы ерлік істерін ұғындыру, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
2. Оқушылардың бойынан адамгершілік , еңбексүйгіштік , әдептілік тәрбие көру.
3. Отан қорғау әр азаматтың қасиетті борышы екендігін оқушылар түсінігіне жеткізу.
Жоспары:
Кездесудің ашылуы.
ҚР Әнұранының орындалуы.
Көрнекілігі: Қанатты сөздер, шарлар.
жүргізуші :
Армысыздар, Тәуелсіз еліміздің өрендері, Егеменді еліміздің жалынды да жігерлі жастары мен 1418 күнге созылған соғыста «Елім, жерім » деп қан төккен соғыс ардагерлері ! Бүгінгі А.Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебінде өткізгелі отырған « Біз жеңісті жырлаймыз» атты мерекелік бағдарламасына қош келдіңіздер!
жүргізуші
Жеңіс – деген өтеуі жас ғұмырдың ,
Жеңіс деген – бейбіт күнім бүгінім .
Жеіңс тойын жақындатып әкеген –
Төккен қаны әке, аға , інінің.
Жүргізуші:
Жеңіс... Ия оны сан миллиондаған адамдар төрт жыл бойы минуттап , сағаттап сарыла күтті емес пе ? Ақыры олардың үміті мен сенімі ақталды, тілектері орындалды .
Бірақ сол жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Жеңіс жолында талай милиондаған асыл азаматтар мерт болды. Жаумен жан аямай шайқасып, ерліктің ерен үлгілерін көрсетті . Фашистердің тұтқын лагерінде қаншамасы өлтірілді. Ал тылда қалған қарттар мен жас балалар соғыстың қайғы – қасіретін арқалай жүріп, бірде аш, бірде тоқ, тынбай жүмыс істеді . Бірақ ешкімнің де сағы сынбады. Олардың бойындағы Отаншылдық сезім, қолына қару алып, сапқа тұрған ұлт өкілдерінің тізе қосқан бірлігі мен ерлігі.
Жүргізуші:
Дәл осынау жадыраңқы жай күні,
болсадағы ғасырдың бұл қай жылы
Әрқашан да басын иіп бір минут,
Есіне алмақ сол бір апат қайғыны.
Орнымыздан тұрып соғыстан оралмаған боздақтарды бір минут еске алайық.
Жадыраған жайма шуақ жаз мезгілі. Қарапайым жанұяның тірлігі . Әкесі мен ұлы шөп шабуға дайындалуда. Енесі келіні өз тірліктері мен айналысуда . Ал ештеңеден бейқам балалар алаңдаусыз ойнауда .
Кенет .....
Радио:
Тыңдаңыздар ! Тыңдаңыздар ! Сөйлеп тұрған Москва . Бүгін , 1941 жылдың 22 – маусым күні таң шапағы жаңа ғана арайланып келе жатқан кезде елімізге ққауіп төнді.Фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді . Соғыс басталды.
(Әйелдер шулап, аң – таң күйде)
Атасы: Ардақ
Не дейді?
Апасы: Ғалия
Қайдағы соғыс?
Келін: Айда
Апа, фашистер біздің елімізге басып кіріп жатыр. Соғыс басталды.
(Осы кезде музыка ойналады. Бомбаның гүрсілі , музыканың үні соғыс басталғандығын білдіреді )
Кенет есік қағылады. (дүрсіл) келіні есік ашып үйге кіргізеді.
Келген кісі : Дәулет
Шақыру қағазды оқиды
Әскери комисариаттан шақыру келді.
Азамат Нұрғазиев Қайсар.
Сіз Отанымызды фашистерден қорғау үшін әскери комисариатқа
келіңіз. Әскерге аттанасыз
Қайсар: Айдос
Құп болады!
(Осы кезде анасы зарлап жылайды . Келін керек - жарақ заттарын
дорбаға салып дайындайды.)
Апасы: Ғалия
Қарғыс атқан сұм соғыс – ай! Ендігі кезек менің балама келді ме?
Амалым қанша, жолың болсын! Еліңді қорғап аман- есен елге орал,
құлыным! (баласын құшақтайды)
Келіні: Айда
Сүйіктім, Қайсар ! Сені мына орамалым қорғап тілеулес болсын! Әрқашан
сенің қалтаңда жүрсін .Жолыңа жол азық даярлаған едім. Аман – сау көрісу
жазсын , Аллам! ( деп қолдорбасын ұсынады. Қайсар кестелі орамалды
алып , ерекше сезіммен кеудесіне қысып, төс қалтасына салады. Қоштасып
сахнадан шығып кетеді. )
жүргізуші:
Ауылдағы тіршіліктің қиындығы майдандағыдан кем болған жоқ . Аналар мен
балалар , ақ сақалды аталар бәріне төзді . Соғыс ауырпалығының куәсі болған
әжелеріміз сол күндерді былай еске алады.
«Қара кемпір» термесі қойылады (қосымша )
Диктор:
Отан – Ана ( зарлы үнмен )
Жиырма миллион солдаттар жоқ тізімде,
Жиырма миллион жұлдыз жоқ көк жүзінде.
Олар қалды Сталинград биігінде ,
Курск иінінде!
Жиырма миллион бастарын тікті өлімге ,
Олар қалды теңіздің түптерінде.
Алтын ошақ көре алмай мекендерін,
Олар қалды жерінде шет елдердің.
Олар қалды Берлиннің іргесінде.
Жұтты соғыс оларды отты тілмен ,
Жапты соғыс жүздерін көк түтінмен .
Жиырма миллион отанның солдаттары,
Анттай бізге қасиетті болды аттары.
Ескерткішке батыр қыз , нар жігітке,
Жиырма миллион от жақты мәңгілікке.
Жүргізуші:
Соғыстың құны – кесілген білек,
Соғыстың құны – тесілген жүрек.
Соғыстың құны – лаулаған орман,
Соғыстың құны уланған арман.
Соғыстың құны өртенген аспан,
Соғыстың құны төгілген жас қан.
Жүргізуші:
Соғыс, соғыс.
Соғыс- тажал,соғыс неткен сұм еді,
Сол соғыстан соқпай қалды қанша адамның жүрегі.
Сол соғыстан өз үйіне оралмады қанша жан,
Қанша ана жылап қалды ұлын күтіп аңсаған....
Көрініс
Соғыс кезеңі, Жауынгерлердің демалыс сәті .
Капитан соғыс алаңына келіп
Капитан: Дәулет
Сау – сәлеметсіңдер ме жолдастар?
(Солдаттар орындарынан тұрып)
Сәлеметсіз бе, жолдас капитан ?
Капитан: Дәулет
(төс қалтасынан хаттарды ала бастап солдаттарға )
Міне , біраз хаттар келіп қалыпты ,алыңдар! Мәншүк ,анаңның беріп жіберген сәлемдемесін ал, ал мынау хаты (төс қалтасынан алған хатты ұсына беріп кідіріп қалды.)
(Қыздар «Катюша » әніне билейді .) Капитан орындыққа барып отырып тамашалайды.
Капитан: Дәулет
Жарайсыңдар , қыздар ! Бірақ, Мәншүк , бұнымен сен құтылмайсың
Мәншүк: Динара
Жарайды. Мне сізге бір ән орындап берейін
Ән айтады
Капитан: Дәулет
(қарсы алдында орындықта отырып сүйсіне қарап қол соқты) Өте жақсы орындадың , Мәншүк . Енді саған анаңның хатын бермеске болмас. (қолындағы қағазды ұсынады да сахнадан шығып кетеді)
Жүргізуші:
От кешкен Отан үшін ардагерлер,
Ел үшін ту ұстаған кемеңгерлер.
Ішінде қызыл – жоса қанды шайқас
Кплікпен құрбан болды талай ерлер
жүргізуші
Ыза кернеп көкірекке дерт болды,
«Отан үшін жаным пида!» серт болды.
Күңіреніпқұлазыды құба бел ,
Сұм соғыста қанша боздақ мерт болды.
бөлім
Диктор:
Күн жылынып, қар еріп , жан жануарлар жаздың жақындағанын сезіп, көңілденген кез. Ағаш- шөптер қар астынан сілкініп шығып, гүлденіп жасаруға даярланып , күн де бір бүйірлеп жүруін қойып, жоғары көтеріліп, бүкіл ғаламға нұрын шашып, сәулесін төгіп тұр.
Табиғаттың осы бір көңілді көрінісі қарапайым жанұяның тірлігіне ерекше бір ажарын себуде. Әке мен ана баласын, асыл жар отағасын , балалары әкелерін сағына күтуде.
Келін: Айда
Апа, мен бүгін түс көрдім....
Апасы: Ғалия
Иә, айналайын , айта ғой .
Келін :
Түсімде аппақ ақ жауын жауып тұр екен. Бәріміз қуанып ақ жауынның астында жүр екенбіз...
Апасы:
Аузыңа май ,иншаллаһ, жақсылық болғай , соғыстан, Қайсаржаным аман-сау келер, ақ жауын жақсылыққа көрінеді . Алла қосса , балалардың да әкелерін көретін күні де туады, айналайын ! ( немересін сүйіп, жаулығының ұшы мен көз жасын сүртіп алады. )
Осы уақытта музыка тоқтатылып, радиодан диктордың жағымды даусы естіледі. Сол кезде келіні радионың даусын ашыңқырайды.
Радио:
Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар ! бүгін 9- мамыр 1945 жылы Совет әскерлері фашистік Германияның күл талқанын шығарып, Рейхстагтың төбесіне Жеңіс туын желбіретті . Жеңіс! Жеңіс! Жеңіс!
Келін: Айда
Әке, апа! Естідіңдер ме ? Соғыс аяқталды . Соғыс бітті! Жеңіс!, Жеңіс келді!
Апасы: Ғалия
Иә, Ақсарбас! Ақсарбас ! Ақ түйенің қарны жарылды. Зарыға күткен Жеңісіміз келді.
Айналайын келінжан, айтқаның келді. Бар ,жүгір Қайсаржавн келе жатқан болар, Сен стансыға қарай бара бер, Қайсарды қарсы ал . Иә, Алла тағалам, тәубә , тәубә! Бұл күнге де келіп жеттік. О, Құдайым, рахмет саған!
Атасы: Ардақ
Иә, Жеңіс ! Жеңіс! Неткен қастерлі сөз еді! Қарғыс атқыр сұм соғыс, аяқталып түбіне жеттің бе? Бұл күнді сан миллиондаған адамдар төрт жыл бойы минуттап , сағаттап сарыла күтті . Ақыры үмітіміз ақталып , тілегіміз орындалды. Бірақ бұл Жеңіс оңайлықпен келген жоқ . Жеңіс жолында миллинодаған асыл азаматтар мерт болды. Ана жарын жоғалтып жесір атанды, бала әкесін жоғалтып жетім болды. Бірақ ешкімнің сағы сынбады жігері жасымады. Майданда мерт болған ерлердің рухына басымызды иіп, тағзым етейік. Олардың ерлік істерін ешкім де ,ешқашан ұмытпауы тиіс.
Сахнада көңілді музыка ойналып, теміржол стансасында бір топ қыз-келіншектер қолдарында гүл шоқтары мен Жеңіс пойызын қарсы алуда. Пойыздың келе жатқан дыбысы естіледі .Соғыстан қайтқан солдаттар бір –бірлеп өздерінің сүйікті жарлары мен кездесуде .
Келін көпшілік арасынан көрінбейді . Қайша мен балалары көздерін көлегейлеп , пойыздан түсіп жатқан көптің ішінен көкелерін іздейді.
Келін: Айда
Жүріңдер , әкелерің бүгін келмейтін болды ғой , мүмкін ертеңгі пойызбен келер , үмітімізді үзбей үйге қайтайық.
Кетейін деп жатқанда солдаттың :
Қайша ! Қайша! – деген дауыс естіліп , Қайсар сахнаға жүгіріп шығады. Төртеуі мәре- сәре қуанып, құшақтасып көріседі.
Қайсар қалтасынан кестелі орамалын шығарып жарына береді. Келін қолына орамалды алып, ерекше бір сезіммен кеудесіне қысып:
Келін: Айда
Құдайым , рахмет саған! Балаларымның әкесімен қайта қауыштырдың.! Қайсар! Мен берген орамалды төрт жыл бойы сақтаған екенсің ғой!
(осы кезде әкесі мен анасы келеді)
Әке мен ананың да қуаныштары қойындарына сыймай ұлдарын құшақтап маңдайынан сүйіп көріседі.
Жүргізуші.
Жеңіс деген – шат күлкісі баланың ,
Тыныштығы жер жаһанның , даланың .
Жеңіс деген- сылдыр күлкі, асқақ ән ,
Тыныштығың сол жеңістен басталған.
Жүргізуші:
Жер жүзінде нұр шашып Жеңіс күні ,
Жақсы үміттің шырағы жанды міне!
Аспан бетін қаптаған қара тұран,
Серпіліп, зұлымдықтың сөнді түні
Назарларыңызда, «Жеңіс туы желбіреп»
1.2 – жүргізушілер:
Ағалар саптан шықпасын,
Аналар қабақ шытпасын.
Бақытқа жетіп бар адам,
Сәбилер тыныш ұйықтасын .
Жүргізуші:
Құрметті қонақтар , бүгінгі Жеңіс күніне арналған «Біз Жеңісті жырлаймыз» атты
мерекелік бағдарламасы өз мәресіне жетті.
Жүргізуші:
Жиналған барша қауымға отбасыларыңызға тыныштық, дендеріңізге саулық, Қазақстан