?лы Отан со?ысыны? тарихи ма?ызы, хал?ымызды? Отанс?йгіштік ?асиетін оята отырып, патриотты? рухта т?рбиелеу, елімізді? ?а?арман ерлігі жайында жырлай келе, балалар осы мерек туралы та?па?тарын айтты. ?здері жина?та?ан со?ыс туралы м?ліметтерді орта?а ?сынды, пікір б?лісті.Со?ыс туралы бейнефилмьдер к?рсетілді. ?лия мен М?нш?кті? ерлігі туралы айтылып, сахналы? ?ойылым к?рсетілді. Ашы? т?рбие са?аты мектеп кітапханасында ?ткізілді. Со?ында "Біз же?істі жырлаймыз" ?німен хор орындалды
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Біз же?істі жырлаймыз»
Сабақтың тақырыбы: «Біз жеңісті жырлаймыз»
Сабақтың мақсаты: ұлы Отан соғысының тарихи маңызы, халықтың Отансүйгіштік қасиетін, қаһарман ерлігі мен еңбегін оқушыларға ұғындыру. Патриоттық сезімге баулу. Оқушыларды елін, жерін, Отанын сүюге, ержүректілікке баулу.
Көрнекілігі:плакатқа жазылған нақыл сөздер, батырлардың суреттері, үнтаспа, акт, шар, гүлдер т.б.
Тәрбие сағатының барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:
1 – жүргізуші: Жеңіс күні 9 – мамыр бүкіл дүние жүзі бойынша үлкен мейрам. Әсіресе бұл мерекені екінші дүние жүздік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп. Отан үшін от кешіп соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан. Жеңістің туын желбіреткен. Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін ерекше мейрам.
Жеңіс күні бар әлемге әйгілі,
Көктем шуақ 9 мамыр күні.
Айтшы, кәне, біздің жеңіс шеруі,
Кездейсоқ па көктемге сай келуі.
Біздің Ұлы жеңісіміз көктем боп,
Көңілдерге шұғыласын төккен көп.
Сонау жылы 9 мамыр күні,
Алмастырған қуанышқа қайғыны.
Келесі кезекті тақпақтарға береміз.
2 – жүргізуші:Ұлы Отан соғысы орасан үлкен территорияда басталды. Соғыс өрті СолтүстіктегіБаренц теңізі мен ОңтүстіктегіҚаратеңіз аралығын қамтиды. Неміс фашистері 190 дивизиясы, 5 – миллион 500 мың солдаты мен офицерін, 3712 танкісін, 4950 әскери ұшағын 47260 зеңбірегі мен минометен және басқа соғыс техникасын соғысқа қосты: Батыстан Шығысқа қарай қаптатып жіберді.
3 - жүргізуші: Катюша әні
Еліміздің қалаларында жаңа дивизиялар жасақтандырылды. Олардың ішінде алматыда жасақтандырылған 316, Ақтөбедежасақтандырылған 312, Семейде 238- атқыштар дивизиялар бар.
Еуропаның көп елін басып алып қанға құныққан жау біздің армияның батыл қарсылығына ұшыраса да, өз өлігін баса көктеп шығысқа қарай ентеледі. Батыстағы көптеген қалаларымызды, ауылдарды басып алды.
Бейбіт өмір адамдарын – қарттарды, аналарды, сәбилерді қырғынға ұшыратты. Жасөспірімдерді Германияға құлдыққа, күндікке айдап әкетіп жатты.
Әлия әні
1 - жүргізуші:
1941 жылы 7 қараша күні Мәскеуде әскери парад болды. Дәл сол күндері «Телегей теңіз қанмайдан» Мәскеу босағанда жүріп жатты.
Тарихта болып көрмеген осы бір парадта жоғарғы Бас қолбасшы жауынгерлерге мынадай игі тілек білдірді.
1945 жылы 15 – қарашада неміс фашист әскерлерінің жаңа шабуылы басталды. Олар Мәскеу үшін соғысқа 13 танк дивизиясын 31 жаяу әскер дивизиясы, 7 моторлы дивизиясын шабуылға шығарды. Оларды 1500 танк, 3000 зеңбірек, 700 соғыс ұшағы болды.
2- жүргізуші:
Мәскеуді қорғауға қатысқан дивизиялардың алдыңғы сапында Қазақстандық 316, 312, 238 – атқыштар дивизияларыболды.
«Комбат Майсиевтің әңгімесі атты көрніс»
Осы ұрыста Әлия 10 неміс солдатын, 1 офицерін құртты. Батальон жеңіске жетті. Келесі ұрыста да әлия алғы шепте болып, немістің 123 солдатын өлтірді. Осындай ерліктері үшін Әлия Молдағұлова «Даңқ» орденіне ұсынылды. Әлияның аты майдан даласына аңыз боп тарады.
3 - жүргізуші:
Казачихо селосын жаудан азат ету өте қиын болды. Рота командирі оққа ұшты. Сол сәтте Әлия окоптан
Шығып солдаттарға қарап «Алға, бауырлар: соңымнан еріңдер, деп тұтасып келе жатқан немістерді автоматымен қырып салды.
Немістердің біразы окопқа түсіп қолма – қол айқас басталды. Әлия неміс офицерін байқап қалып атып салды. Бірақ неміс офицері де атып үлгерді.
Немістің оғы батыр қызға дөп тиіп, Әлия 1944 жылы 14 қаңтарда 19 жасында қайталанбас қаһармандықпен қаза болды. Жауынгер жолдастары оны Казачихселосына жерледі. Жауынгерлер мен командирлер жылап тұрып Әлия Молдағұлова үшін кек алуға ант берді. 1944 жылы маусым айында Әлия Молдағұловаға Кеңес Одағының батыры атағы берілді.
Біз жеңісті жырлаймыз әні хормен.
1 - жүргізуші:
Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметова (1922 – 1943) Батыс Қазақстанның Орда ауданында дүниеге келген. Алматы қаласындағы № 28 мектепте оқыған. Мәншүк Ұлы Отан соғысы басталғанды, 1942 жылы Алматы қаласындағы медицина институтында оқып жүрген еді. Ол өз еркімен сұранып қазақ ұлттық 100 бригадасы құрамында майданға аттанады. Мәншүк Мәметова – Невель қаласын қорғау кезінде ақырғы оғы қалғанша жауды қырып, ерлік пен қаза тапты.
1945 жылы 9 мамырда кеңестік қызыл армия жауынгерлері Германияның астанасы Берлин төбесіне қызыл ту тікті. Қазақ азаматы Рақымжан Қошқарбаев 1945 жылы 30 сәуірде, жауынгер Булатов пен бірге, жаңбырдай жауған жау оғының астында Рейхстаг төбесіне Жеңіс туын желбіретті.
Ұлы Отан соғысы жылдары КСРО 27 млн азаматынан айырылды, оның шамамен 4101 мыңы қазақстандықтар. 1710 қала, 70 мыңдай ауыл – селолар қирады. Ұлы Отан соғысы Кеңес елі халықтарының достығын нығайтты. Жеңіс КСРО – ға төнген отарлық қауіптен құтқарды.