kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Армысың, әз - Наурыз!

Нажмите, чтобы узнать подробности

: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы Қазақ халқының салт – дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Армысың, әз - Наурыз!»

Бекітемін:

Директорд ың тәрбие-ісі

жөніндегі орынбасары

___________Н.Құсайнова




Мерекелік бағдарлама жоспары


Тақырыбы: Армысың, әз - Наурыз!

Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы Қазақ халқының салт – дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: сахнаның ұлттық нақышта безендірілуі, шаңырақ, кереге, домбыра, бесік, үй жиһаздары, Наурызға арналған қабырға газеттері, түрлі – түсті жалаушалар, ұлттық киімдер, мультимедиялық құрылғылар, музыкалық сүйемелдеу, гүлдер, шарлар


Жүру барысы:

Ән: «Қазақ дәстүрлері - ай» Уапов Қайрат




1 жүргізуші:

Уа, халайық, халайық!
Мұнда назар салайық, мерекесі халықтың наурыз тойын бастайық. Құтты болсын мереке, болсын думан береке.
- Армысыздар, ұстаздар, студенттер ! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз да келіп жетті. Бүгінгі АК 1-14 және АС-14 топ студенттерінің ұйымдастырумен өткізгелі отырған «Армысың, Әз – Наурыз!» атты шарамызға қош келдіңіздер!

Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата – бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты болсын, тілектеріңіз қабыл болсын!

Наурыз – көктем мерекесі. Наурыз – жыл басы. Наурыз – жаңа серпін, жаңа леп.



2 - жүргізуші: Наурыз – қуаныш мерекесі, Бақыт пен шаттық мерекесі.

1 - жүргізуші: Наурыз – шаруаның мерекесі. Наурыз – еңбек мерекесі.

2 - жүргізуші:

Келе жатыр жылымыз
Мейрамдаймыз мұны біз.
Жас балаша нұрланып, жадырасып бәріміз.
Күннің жаңа нұры бар, мұнын ғажап сыры бар
Халық сүйген мейрамды қарсы алайық Наурыз!



Ұлттық мерекеміздің ашылу салтанатын колледжіміздің директоры Сабирова Гүлжан Ұзаққалиқызына сөз береміз.

1 - жүргізуші:

Ал, халайық, тұрмайық,

Әндетейік жырлайық!

Ортамызды ашайық,

Ырыс тілеп бұл жылға,

Жырдан шашу шашайық!

Ән: _____________________________________________


2 - жүргізуші:

Ұлыс күндеріңіз құтты болсын.
Ата – бабаларымыздың сөзімен айтсақ «ақ түйенің қарны жарылған күн».
Бұл күні бабаларымыз бен әжелеріміз үйді аралап, наурыз көжеден дәм татқан. Үлкен кішіге ақ баталарын беріп ізгі тілек тілеген.

Наурыз тойын, ұлыстың ұлы күнін бірге қарсылауға бізге көрші ауылдан әжелеріміз келіп тұр екен. Ендеше, ақ жаулықты әжелерімізді ортаға шақырайық. (әжелер келеді, шашу шашылады) музыка жүреді




Шашу шашып жатқанда

1-жүргізуші: Ақ тілек бейбітшілік аман болсын!

       2-жүргізуші: Елім, жұртым қадірлі аман болсын!

       1-жүргізуші: Туғандай бір анадан жамағаттар

       2-жүргізуші:  Достыққа берік, мықты адал болсын!

       1-жүргізуші: Наурыз мейрамы құтты болсын!

       2-жүргізуші:Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!

1-жүргізуші: Қайда барсақ жол болсын!

2-жүргізуші: Ұлы халқым тоқ болсын!

1-жүргізуші: Қайғы уайымы жоқ болсын!

2-жүргізуші: Қуаныштары көп болсын!


1-жүргізуші:

Құлақтан кіріп бойды алар

Әсем ән мен тәтті күй

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең менше сүй – дегендей, мерекелік ән шашуымызды қабыл алыңыздар



2-жүргізуші: Әсем әнмен бірге қазақтың ұлттық тағамдарының бірі, осы мерекенің шырайын келтіретін тағам – Наурыз көже мен бауырсақтан ауыз тиіңіздер. (жай музыка жүреді, қыздар залға көже мен бауырсақ таратады)

Айналайын балалаар!
Жеп - ішсін деп, тамсанып,
Жеті түрлі дәм салып,
Наурыз көже пісірдім.
Тойға қазан түсірдім!
Құйдым алтын табаққа,
Құлшыныңдар тамаққа
Көжеге жас - кәріңді,Шақырамын бәріңді




1-жүргізуші: Қазақ халқының басқа ұлттардан ерекшелігі кең пейілділігінде, қонақжайлылығында, ақ дастарханы мен үлкеннен алған батасында емес пе?

2-жүргізуші: Ендеше Қыдыр атаның Наурызға арнаған батасын алайық.



  • Қыдыр атаның батасымен (Сембаев Ерболат)

Сұрасаң бата берейін,
Үстем болсын мерейін
Ықыласпен қол жайсаң
Ақ тілекті төгейін
Ұлыс оң болсын
Ақ мол болсын,
Қайда барсаң жол болсын
Төрт түлік ақты болсын,
Ұлыс береке берсін,
Бәле-жәле жерге енсін
Көйлектерін көк болсын!
Қайғы уайым жоқ болсын
Қуаныштарың көп болсын
Аумин!

1-жүргізуші: Мерекелік шарамыздың екінші бөліміне кезек берейік

2-жүргізуші: Ия, екінші бөлім бойынша студенттер өз қалауымен ортада бақ сынайды.

1-жүргізуші:

Спорттық сайысымыз мынадай турлардан тұрады:

  1. Асық ату

  2. Білек күші

  3. Ләңгі тебу

  4. Аударыспақ

  5. Әтештер сайысы (Кір тасын көтеру)

Әрбір турдан кейін әділқазылар шешімімен сайыс қорытындыланады.

Әділқазылар алқасы:

1.

2.

2-жүргізуші: Бүгінгі мерекелік шарамыздың қорытынды сөзін: директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Нәсіпхан Рахымқызына береміз.



1-жүргізуші:

Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын!
Ұлыс береке берсін,
Бәле - жала жерге енсін!
дей келе бүгінгі мерекелік бағдарламамызды аяқтаймыз.

Бүгінгі мерекелік кешімізді аяқтаймыз. Жанарларыңыздан жылу, жүздеріңізден күлкі кетпесін! Зейін қойып тыңдағандарыңызға РАХМЕТ!













Атырау көлік және коммуникация колледжі











«Армысың, әз – Наурыз!»

Мерекелік бағдарлама жоспары







Жауапты: ІІ курс АК 1-14тобы

Топ жетекшісі: Дакпиртова А. А.

Дене тәрбиесінің оқытушылары: Ғ.Имашев

А.Серіков













2015 - 2016 оқу жылы






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физкультура

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Армысың, әз - Наурыз!

Автор: Имашев Гадилбек Нуржанович

Дата: 11.07.2017

Номер свидетельства: 423935

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(28) "Армысы?, Наурыз!"
    ["seo_title"] => string(13) "armysynnauryz"
    ["file_id"] => string(6) "310921"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1459134584"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(92) "Урок на тему "Наурыз-жыл басы, наурыз -ба?ыт жал?асы""
    ["seo_title"] => string(44) "uroknatiemunauryzzhylbasynauryzbakytzhalgasy"
    ["file_id"] => string(6) "311058"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1459150602"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(29) "Жыл басы Наурыз "
    ["seo_title"] => string(18) "zhyl-basy-nauryz-1"
    ["file_id"] => string(6) "194663"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1427801252"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "Наурыз- начало года"
    ["seo_title"] => string(18) "nauryznachaloghoda"
    ["file_id"] => string(6) "310927"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1459134776"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "Наурыз, начало года"
    ["seo_title"] => string(19) "nauryznachaloghoda1"
    ["file_id"] => string(6) "311237"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1459174514"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства