Өтілетін жарыстың мақсаты. 1. Спортқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру. 2. Салауатты өмір салтын насихаттау. Сайыстын түрі: Эстафеталық ойындар. Ойын барысында қолданылатын құрал-жабдықтар: эстафеталық кедергілер, доптар (үлкен, кіші), шариктер, арқан, таяқшалар т.б. Кіріспе: Балаларды сапқа тұрғызу.
Жүргізушінің сөзі: Құрметті балалар мұғалімдер және меймандар бүгін екі балабақша арасында өткізілгелі отырған «Көңілді мәре» эстафеталық ойын атты сайыс сабағына қош келдіңіздер. Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың «Халық денсаулығы» атты мемлекеттік бағдарламада халық денсаулығын нығайту- мемлекетіміздің бірінші кезектегі атқаратын міндеті екенін атап көрсеткені баршамызға мәлім.
Денсаулық- ол шыныққан
Барлық дене мүшесі. Денсаулық- ол тыныққан, Жүйке – тамыр жүйесі. Денсаулық-ол күлуің , Көңіл күйің жадырай Денсаулық-ол жүруің Ешбір жерің ауырмай-демекші, - бүгінгі спорттық сайысымызға қош келдіңіздер!
Флешмоб
Ұстанған салауатты өмір салтын
Жасқанып ешқашанда мойымайтын
Болашақ спортшылар келді, міне
Қол соғып қарсы алайық ортаға
Сайысымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасын сайлап алайық.
Әділ қазы мүшелері:1. _____________________
2._____________________
3._____________________
4._____________________
Балаларды отыр сынға түскелі, Сыналмақшы ептілік пен күштері. Әрбірінің жігер-күші жалындап, Жеңіс сәтін тағат таппай күткелі. Сайысатын балаларды бүгіні Қарсы алайық қошеметпен бәріміз. Ортаға сайысқа түскелі отырған топтарымызды шақырайық. Әр топ ортаға шығып өздерінің топтарымен,ұрандарын таныстырып өтсін.
1. Кенгуру (доппен кедергілер арасынан жүріп өту,допты екі аяқтың арасына қысып жүру)
2. Тепе-теңдік сақтап жүріп, бастарына кішкентай қап қойып, кедергілер арасынан өту. Келесі ойыншы дәл осылай қайталайды. Мәреге кім бұрын жетсе, сол команда жеңіске жетеді.
3. Таяқшамен кедергілер арасынан допты алып жүріп. Дәл осылай келесі ойыншылар қайталайды. Қатесіз және мәреге бұрын жеткен команда жеңіске жетеді.
4. Бірінші ойыншы қолына кубикті алып , жүгіру арқылы белгіленген
орыннан айналып келіп, екінші ойыншыға кубикті береді.
Ары қарай жалғасады, қай топ бірінші аяқтаса сол топ жеңіске жетеді.
5.Обручтан- обручқа секіру жылдамдыққа
6. Барлық ойыншы бір қатарға тұрып допты жоғарыдан жалғастырып, соңғы ойыншы аяқтың арасымен алға қарай береді, қай топ допты жоғарыға бірінші көтерсе сол топ жеңіске жетеді.
7. Асық ату. Капитандар сайысы. (Әр топтың капитандары шығып, өз өнерлерін көрсетеді)
8.«Арқан тартыс» Күштілікті қажет ететін ойындар. (арқан тартыс әр командадан 6-оқушыдан қатысады) ойынның шарты белгіленген сызықтан тартып шығару. Екі команда сызық бойынша тұрып арқанның екі жағынан ұстап, белгі берген кезде тартысқа түседі. Қай команданың ойыншысы сызықтан шығып кетсе сол команда жеңіледі
Қорытынды:
Жарыс заңы ежелден - Жеңімпазды анықтау Жеңімпаз болу шарты сол - Еңбектену, жалықпау Біреу озса сайыста, Біреу артта қалады Жеңілгендер ренжімей Тараса бізге жарады – демекші сайысымыздың шарттары бойынша қорытындышығарып жеңімпаздарды анықтау үшін,сөз әділқазыларға беріледі. Жарыс соңында жеңіске жеткендерді марапаттау.