Просмотр содержимого документа
«Серпімді деформацияны зерделеу»
Cабақ №27Күні:Пәні: Физика Сыныбы: 7 Динасилова М.Б.
Сабақтың тақырыбы: Зертханалық жұмыс № 4
«Серпімді деформацияны зерделеу»
Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға Гук заңының дұрыстығын тексеру,
тәжірибе жүзінде көз жеткізу және есеп шығаруды
үйрету;
б) Оқушыларды адамгершілікке, жауапкершілікке, өз
бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;
в) Оқушылардың ой-өрісін, шығармашылық және
логикалық ойын дамыту;
Сабақтың түрі: Білім мен іс- әрекет тәсілдерін кешенді қолдану, тексеру,
бағалау, түзету сабағы
Сабақтың әдісі: құралдарды пайдаланып өз бетімен зертханалық жұмыс
жасау;
Сабаққа керек құрал–жабдықтар: динамометр, жолақ қағаз, әрқайсысының массасы 102гр болатын жүктер жиыны, қысқышы, сақинасы және жалғастырғышы ( муфтасы) бар штатив.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастырушылық кезеңі;
а) Оқушылармен амандасу, түгендеу;
б) Оқушылардың назарын сабаққа аудару;
в) сынып тазалығы;
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру;
1. Гук заңы қалай тұжырымдалады?
2. Гук заңы қандай деформация кезінде орындалады?
3. Серіппенің қатаңдығы деп нені айтамыз?
4. SI жүйесінде қатаңдық қандай бірліктермен өрнектеледі?
5. Серпімділік күшінің пайда болу себебін түсіндіріңдер ?
Оқушылар алдына мақсат қою;
IІІ.Оқушының субъекті тәжірибесін өзектілеу кезеңі
Жұмыс барысында қандай қауіпсіздік ережесін сақтау керек ?
Салыстырмалы қателік дегенді қалай түсінесің ?
VI. Зертханалық жұмысына дайындық сұрақтары:
а. Серпімділік күшінің табиғаты қандай?
ә.Гук заңы кез-келген деформация үшін орындала ма?
б.Динамометр деген құралды қайда пайдаланады ?
F=-kx;
Мұндағы: k-қазандық (Н/м)
x-ұзаруы (м)
V.Жұмыстың барысы:
1- тапсырма Серпімді элементі серіппе болып табылатын мектеп динамометрін градуирлеу
Динамометр шкаласын ақ қағазбен бүркеңдер. Қағаздың екі жағы резеңке сақиналардың көмегімен диномомтерге бекітіледі.
Динамометрге массалары 102г, 204г, 306г, және т.б. жүктерді іле отырып 1Н, 2Н, 3Н, т.с.с. күштерге сәйкес келетін көрсеткіш орнын белгілеңдер.
Көршілес сызықшалардың арасын өлшеңдер. Олар өзара тең бе ? Неліктен? Осы шкалада ньютонның онннан бір үлестерін белгілеңдер.
Өздерің жасаған шкаланы зауытта градуирленген динамометрдің шкаласымен салыстырыңдар.
Өлшеу дәлдігін бағалаңдар.
V.Жаңа білім мен іс-әрекет амалдарын бекіту кезеңі
Гук заңы туралы не айта аласың ?
Динамометрмен құралын қалай пайдаланамыз ?
V.Жаңа білім мен іс-әрекет амалдарын қорытындылау кезеңі