kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сабақ жоспары: МКТ негізгі қағидалары. МКТ негізгі теңдеуі.

Нажмите, чтобы узнать подробности

урокавамвыавыамыяаыыупяквапквппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппп

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сабақ жоспары: МКТ негізгі қағидалары. МКТ негізгі теңдеуі.»

Қазақстан Републикасының Білім және Ғылым министрлігі

Шығыс Қазақстан облыстық әкімшілігі Білім басқармасының

«Көлік колледжі» комуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын


Сабақ жоспары № 5

Пән аты: физика

Оқытушы: Дюсупова М.Т.

Топ: 1 курс

Сабақтың тақырыбы: МКТ негізгі қағидалары. МКТ негізгі теңдеуі.

Сабақтың мақсаты:

- білімділік: жылу қозғалтқышатры , олардың ПӘК – і, карно циклі туралы түсінігін қалыптастыру, табиғаттағы процестрдің қайтымсыздығы жайындағы білімдерін тексеру.

- дамытушылық:оқушылардың білік – дағдыларын, ауызша сөйлуін, түсініп оқуын, өз ойын жүйелі айта білуін, тапсырманы талдай алу жән есептеу қабілеттерін дамыту.

- тәрбиелік:муқият тыңдауды, ізденімпаздыққа, қойылган талаптарды тиянақты орындауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгеру

Сабақтың жабдықталуы: кодоскоп, бейнекорсетілім.

Пәнаралық байланыс: Металл технологиясы


Сабақтың жоспары:

Сабақ жоспарының элементтері

Уақыт

I

Ұйымдастыру.

2мин

II

Сабақты таныстыру.

3мин

III

Үй тапсырмасын сұрау

5 мин

IV

Жаңа сабақ

40мин

V

Жаңа сабақты бекіту

30мин

VI

Үй тапсырмасын беру

2мин

VII

Сабақты корытындылау

3 мин

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру.Аудиторияның және оқушылардың дайындығына көңіл бөлу. Оқушыларды тугендеу.

II. Сабақты таныстыру. Сабақтың тақырыбымен таныстыру, дамыту,оқушылардың алдында мақсат қою.

1. Макро жане микро әлем жайындағы түсінік беру.

2. Есептер шығару.

III. Үй тапсырмасын сұрау.

Қатар бойынша жүріп, дәптерлерінен есептерді тексеру

IV. Жаңа сабақ

Мағынаны тану:

  1. Суды қыздырғанда неге буға айналады?

  2. Жыл мезгілдерінің ауысуы неге байланысты?

  3. Тұрақты магнит қыздырсақ неге магниттік қасиет жойылады?

  4. Егер теппература аздап жоғарыласа біз нені сеземіз?

 Жылулық құбылыс екіге бөлінеді: Термодинамикалық және молекула- кинетикалық.

Термодинамика дегеніміз— заттың ішкі құрылымын ескермей, энергетикалық түрлендірудің негізінде жылулық құбылыстарды зерттейтін физиканың бөлімі

Молекула-кинетикалық  теория осы жылулық құбылыстарды- қозғалыстарды Ньютон заңдарына  бағынатын молекулалар  мен атомдардан тұрады деген болжам негізінде  қарастырады.

 

Зат құрылымының молекулалы-кинетикалық құрылымы  теориясын (МКТ)  көптеген бақылаулар мен тәжірибелердің  жалпылама қорытындысы ретінде  М.В.Ломоносов  жасады. Оның негізгі қағидаларын атап өтейік:

1.Барлық денелер микробөлшектерден (атомдардан немесе молекулалардан) тұрады әрі дененің массасы өзін түзетін микробөлшектердің массаларының қорытындысына тең:  m=m0N

2.Денедегі микробөлшектер үздіксіз және хаосты қозғалыста болады. Бұл қозғалыстың жылдамдығы дене температурасына тәуелді. Сондықтан жылулық қозғалыс деп атайды.

3.Денендегі микробөлшектер өзара әрекеттеседі. Дене бөлшектерінің арасында тебілу және тартылу күштері бар.

 

Молекула  кинетикалық  теорияның  негізгі қағидаларының тәжірибелік дәлелдемелері:

  1.  Заттардың бөлінгіштігі (физикалық, химиялық қасиеттері өзгеріссіз қалады). (ақ қағаз, қайшы)

2.  Газдардың сығылғыштығы. Газ кез-келген көлемді алады.    (дене  молекулаларының арасында үлкен қашықтық бар (шприц, насос)

3.  Газ өзі тұрған ыдыс қабырғасына қысым түсіреді. Бұл        молекулалардың қозғалыста болғанын көрсетеді. (Баллон       суреті)

4.Диффузия- бір заттың молекулаларының екінші заттың молекула аралық кеңістігне еніп кетуі. (иіс су, су, маргансофка, қант). Диффузия неге тәуелді? Ол дене температурасын және агрегаттық күйіне тәуелді.

Сыдырлап өңкей келісім,

тас бұлақтың суындай,

кірлеген жүрек өз ішін

Тұра алмас жуынбай- деп Абай  атамыз жырлаған жырында КІРЛЕУ деген сөз диффузия құбылысымен байланыстыруға болады.

5. Молекулаларды электрондық микроскопта және иондық проекторда бақыланады.

Микроскоп суреті  (интерактивті тақтадан)

7. Денелерді беріктігі микробөлшектердің өзара тартылатынын білдіреді. (ағаш апару керек)

8. Дененің серпімді диформация қасиеттері бар. (серіппе, резина)

9. Броундық қозғалыс- сұйықта немесе газда қалқып жүрген қандай да бір қатты заттың өте ұсақ бөлшектерінің сұйық немесе газ молекулаларының соққыларының  әрекетінен бейберекет қозғалуы. Ашқан ғалым  ағылшын ботанигі Броун.

10. Молекула жылдамдықтарын анықтау. 1920 жылы О.Штерн  тәжірибе жасады.  Штерн тәжірибесінің формуласы

V2= 3RT/m

Әр түрлі газдардың молекулалары бір – бірінен өлшемдері мен массалары және түрліше қосылыстары бойынша да ерекшеленеді. Сонымен қатар әр түрлі газдар молекулаларының арасындағы өзара әрекеттесу күштерімен ерекшеленеді. Егер осы факторлардың барлығын ескерсек, есептеулерді жеңілдету үшін молекула – кинетикалық теорияда нақты газдардың қарапайым физикалық молелі – идеал газ моделі енгізілді. Мұндай газ жоқ, бірақ макро және микробөлшектер арасындағы сандық байланысты тағайындау үшін ол бізге қажет, сонымен қатар идеал газ нақты газдың ең көрнекті, сипатты деген қасиеттеріне ие болуға тиіс.

Идеал газ – молекулалар арасындағы өзара әсер елеусіз аз болатын газ. Бұл газдың молекулалары бір – біріне әсер етпейтіндей титімдей шариктер.
 1. Барлық молекулалардың mo массасы бірдей

 2. Ыдыста бір ғана зат бар, яғни молекулалары бір тектес.

 3. Барлық молекулалардың жылдамдықтарының мәні бірдей 

4. Газдағы барлық бағыттар тең құқылы және молекулалар тек өзара перпендикуляр үш бағыттың бойымен ғана қозғалады.

5. Кез келген уақыт мезетінде осы үш бағыттың әрқайсысының бойымен бір мезетте молекулалар қозғалатын болады.

 Идеал газ деп молекулалардың өзара әсерлесуi ескерусiз аз шама болғанда айтады. Молекулалардың өзара әсерлесуi олардың соқтығысуы кезiнде серпiмдi ұрылуы түрiнде байқалады.Молекулалары шексіз аз көлем алатын серпімді шариктер болып табылатын және өзара әрекеттесуі тек олардың бір-бірімен тікелей немесе ыдыстың қабырғасымен соқтығысуы кезінде ғана білінетін газ ,  нақты газдардың қарапайым моделі  - идеал газ.

= немесе = мұндағы m0–газ молекуласының массасы, – молекулалардың жылдамдықтары квадратының орта мәні, n – молекулалардың концентрациясы.

Бұл молекула – кинетикалық теорияның негізгі теңдеуі болып табылады.

Егер идеал газ молекулаларының ілгерілемелі қозғалысының кинетикалық энергиясының орта мәнін арқылы белгілесек: = бұдан шығатыны =

яғни идеал газ қысымы көлем бірлігіндегі молекулалардың ілгерілемелі қозғалысы орташа кинетикалық энергиясының үштен екісіне тең.

V. Жаңа сабақты бектіу:

Сонымен  біз МКТ-ның негізгі қағидаларын дәлелдейтін тәжірибелерді  қарастырып, денелерде өтетін жылулық процестерді білдік. «Қына тасқа бітеді, білім басқа бітеді» — деп  білімімізді тексерейік.

Физикалық диктант  

  1. Табиғатта кездесетін кез-келген дене қатты, ……., газ түрінде болады.

  2. Барлық денелер тұтас емес, олар өте ұсақ бөлшектерден-  ……… тұрады

  3. Бар заттың молекулалардың екінші заттың молекулааралық кеңістігіне еніп кетуі ……. деп аталады.

  4. Диффузияның өту жылдамдығы дененің  ….. тәуелді

  5. Броундық қозғалыс дегеніміз — …..  қозғалыс, ол   температураға тәуелді болғандықтан тоқтамайды.

Есептер шығару

№1

Көлемі 5×6×3 м бөлмедегі, 270 С температурада, қалыпты қысымда бөлмедегі ауаның зат мөлшерін есепте. m Р V

№2

Молекуланың кинетикалық энергиясы 7,87 . 10 -21 Дж тең. Идеал газдың температурасын анықта.

№3

300К температурадағы сутегі молекуласының орташа квадраттық жылдамдығын анықта.


Таңдау тесті  

1. Диффузия қатты, сұйық және газ тәрізді денелердің  қайсысына тез жүреді?

А) барлық денелерде бірдей
В) қатты денелерде
С) газдарда
Д) сұйық денелерде

2. Диффузия деген не?

А) Бір заттың бөлшектерінің екінші заттың молекулааралық кеңістігне ену құбылысы
В) заттардың бір-бірімен араласу кезіндегі құбылыс
С) заттар бір-бірімен өздері араласатын құбылыс
Д)  бөлшектер бір-бірімен араласпайтын құбылыс

3. Диффузия қай заттарда ( қатты, сұйық және газ тәрізді)  жүреді?

А) диффузия тек газдарда жүреді
В) диффузия тек  сұйықтарда жүреді
С) диффузия қатты, сұйық және газ тәрізді денелерде  жүреді
Д) диффузия тек сұйықтар мен  газдарда жүреді

4 . Заттардағы молекула арасында…

А) өзара тартылу мен тебілу болады
В) тартылу да , тебілу де болмайды
С) тек тартылу болады
Д)  тек тебілу болады

5. Төменде келтірілген қасиеттердің қайсысы сұйыққа тән?

А) белгілі көлемі бар
В) ыдыс пішінін қабылдайды
С) аз сығылады
Д)  оңай, тез сығылады

6. Оттегі қандай күйде болуы керек екенін көрсеіңдер: қатты , сұйық немесе газ тәрізді?

А) тек қана қатты күйде
В) тек қана газ күйде
С) тек қана сұйық  күйде
Д)  барлық үш күйде болады

7. Келтірілген қасиеттердің қайсысы газға тән?

А) берілген көлемнің барлығын алады
В) Әрең сығылады
С) меншікті пішіні жоқ
Д) оңай сығылады

8. Егер газды сыйымдылығы 10 л баллоннан сыйымдылығы 20 л баллонға  ауыстырып құйса, газдың көлемі өзгереді ме?

А) 2 есе артады
В)2 есе кемиді
С) өзгермейді
9. Көлемін  сақтап, пішінін оңай өзгертетін дененің  күйі?

А) қатты
В)қатты және сұйық
С) газ тәрізді
Д) сұйық

10. Мұз еріген кезде жылу

А) жұтылады
В)бөлінеді
С) бөлінуі де , жұтуы да мүмкін
Д) бөлінбейді

11. Спирт буланған  кезде жылу

А) жұтылады
В)бөлінеді
С) бөлінуі де , жұтуы да мүмкін
Д) бөлінбейді


Есеп шығару

Есеп 1.

100 г суда сутегiнiң қанша атомы бар?

Шешуi.

Судың молярлық массасы M≈18·103кг/моль болғандықтан, зат мөлшерi

Молекулалар саны

N= .

Есеп 2.

Егер оттегiнiң молярлық массасы 3,2 103кг/моль болса, онда оның молекуласының массасын есептеңiздер.

Шешуi.

Заттың бiр молiнде NA молекулалар бар болғандықтан, молекуланың m0 массасы мына формуламен анықталады:

.

VI. Үй тапсырмасын беру. §4.1-4.5, №454

  1. Сабақты корытындылау

Сабақты қорытындылап, белсене қатысқан оқушыларды бағалау




Пән оқытушы Дюсупова М.Т.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Сабақ жоспары: МКТ негізгі қағидалары. МКТ негізгі теңдеуі.

Автор: Дюсупова Макпал Талгатовна

Дата: 12.10.2019

Номер свидетельства: 522373

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(82) "Жылу қозғалтқыштары. Термодинамиканың 2 заңы"
    ["seo_title"] => string(50) "zhylu_k_ozg_altk_yshtary_tiermodinamikanyn_2_zan_y"
    ["file_id"] => string(6) "383062"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1485228278"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства