kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Педагогикалы? эссе

Нажмите, чтобы узнать подробности

                                «Педагогикалы?  эссе».

?лем бара- бара к?рделеніп, демократиялы ?дерістер ?лем бойынша ке? т?рде таралуда. Жастарды? ?азіргі та?да ?иын проблемаларды шешуде ж?не о?ан ?абілеттеріні? жетуі туа?ыт талабы, ол проблемаларды шешуде сыни т?р?ыдан ойлау, альтернативті к?з?арас ж?не д?рыс шешімдер ?абылдау керек.  Білім беру саласында ?аза?стан Республикасыны? мемлекеттік саясатын іске асыруды? ?йымдастырушылы? негізі ?аза?станды? білімді  жа??ыртуды? жал?астыруын  ?амтамасыз ететін ?аза?стан  Республикасында Білім беруді?  дамытуды? 2011-2020 жылдар?а арнал?ан  мемлекеттік  ба?дарламасында  саналы да сапалы  біліммен ?арулан?ан ой-?рісі жо?ары,жан-жа?ты дамы?ан маман дайындау керек делінген.?лы жазушы  

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«педагогикалы? эссе»

Қарынбаева Жамила Елікбайқызы. «Қаржан» жалпы орта мектебі.




«Педагог келбет: кешегіден бүгінге дейін».

Әлем бара- бара күрделеніп, демократиялы үдерістер әлем бойынша кең түрде таралуда. Жастардың қазіргі таңда қиын проблемаларды шешуде және оған қабілеттерінің жетуі туақыт талабы, ол проблемаларды шешуде сыни тұрғыдан ойлау, альтернативті көзқарас және дұрыс шешімдер қабылдау керек. Білім беру саласында Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатын іске асырудың ұйымдастырушылық негізі Қазақстандық білімді жаңғыртудың жалғастыруын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасында Білім берудің дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында саналы да сапалы біліммен қаруланған ой-өрісі жоғары ,жан-жақты дамыған маман дайындау керек делінген .Ұлы жазушы М.Әуезов "Халықты халықпен ,адамды адаммен теңестіретін-білім"- деген екен .Олай болса ,еліміздің әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіру стратегиясының басты бағыттарының бірі –білім! Кеше ғана көк туымыз желбіреп ,шаңырақ көтерген егеменді елімізді өркениетке жетелейтін білім бастауында мектеп ,ал сол мектепте жас ұрпақ бойында білім негізінің мәңгілік іргетасын қалаушы –Ұстаз.

Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипаттаған.Ол маңызды мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды.Сыни тұрғыдан ойлау –Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педогогикалық түсінік.Бұл модуль оқушылардың да мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді. Мұғалімнің сыни тұрғыдан ойлауы өзінің жұмыс тәжірибесінде, жаңа тәсілдерді қолдану және бағалау әрекеттерін сыни тұрғыдан бағалауды қамтиды. Оқушыларға қатысты сыни тұрғыдан ойлау тәсілін қолдану, оқушының алған ақпаратпен идеяның шынайылығы туралы ойланып шешім қабылдауға жетелейді.Тізбектелген сабақтар топтамасын түзуде мен сыни тұрғыдан ойлау модулін көбірек кірістіруге тырыстым.Себебі физика – талқылауды,саралауды,дәлелді қажет ететін пән.Жаңа бағдарлама негізінде сыни тұрғыдан ойлауды қалыптастыру,сыни тұрғыдан қарап,саналы шешім қабылдап,пікірлерін еркін айтуға қалыптастыру мақсатында Сыни тұрғыдан ойлау модулінің «Қызығушылықты ояту», «Мағынаны тану», «Ой толғаныс» кезеңдерін сонымен қатар «Блум таксономиясын» кіріктірдім.Қызығушылықты ояту – бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Оқушылар жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да, сабақ қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғату, ояту, ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін «Мозайка», «Семантикалық карта», «Тірек-сызба» әдістерін пайдаландым.Тізбектелген сабақтар топтамасындағы 2-ші сабағымның бұл кезеңінде мен «Мозайка» әдісін пайдаландым. Сабақ үстінде байқағаным кейбір балалардың жауабынан түкпірінде тағы да шығатын ой бар сияқты,ашық пікірін білдіре алмауы балаларымыздың еркін сөйлеуіне мүмкіндік отбасында да,сабақ барысында болуы керек деп ойладым.Өйткені пайымын айтуға ұялатын сәттерінде,біздің тарапымыздан көмек керек сияқты.Кейбір балалардың берген ұтымды пікірлеріне басқа оқушылардың күліп жатқан сәттері де кездескенде сыни көзқарастың дамуына біраз уақыт кететін шығар,не болмаса бастауыш сыныптардан бастауы керек шығар деп түйдім. Шөп орып жатқан комбаиннің,адамның суреттері,жер аударып жатқан комбаиннің,аттың,адамның суреттері,ұшқан ұшақтың,қозғалып бара жатқан машинаның бейнеленген көрінісін сурет арқылы бердім.Мозайка әдісі арқылы оқушылар суреттерді құрастырды.Мен осы суреттерді слайдта көрсетіп ,Не көріп тұрсыздар? Қалай ойлайсыздар ,қай дене жұмысты тезірек орындайды? Не себепті ? деген сұрақтар қойдым.Оқушылар сыни тұрғыдан ойлай отырып, диалог жасау нәтижесінде өздерінің болжауларын айта келе тақырыптың қуат жайлы екенін білді. Күнделікті оқушыны диалогқа шақырып отыру керек екен деп шештім,ойымды іске асыруға ұмтылдым. Таныстырылым кезеңінде қуатты өмірмен байланыстыра отырып сыни тұрғыдан ойлай келе, жаңа сабақпен өз ойларын ұштастырды. Әр топ мүшелері өздеріне тиесілі суретті тақырыппен байланыстырды.Оқушылардың берген жауабынан сыни ойлау бар,әлі де дамыту керек деп шештім.Оқушылардың берген жауаптарынан ойларын анық білдірмегендерін,сындарлы сөйлеуге ынталанбағанын байқадым.Себебі дәстүрлі сабағымызда балаларға проблемалық сұрақтар бере алмағандықтан,әлі үйрене қоймаған.Бұл тәсілді әлдеде жандандырсақ жақсы нәтижелер беретінін түсіндім. 1 топ мүшесі В деңгейлі оқушының жауабына қанағаттанбай сұрақты қайта қойғанымда С деңгейлі оқушым ойын жеткізе білді.Бұл әдістің тиімділігін мен осы жерде ұғындым. Сонда бұл жерде оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы сыни тұрғыда ойланып тақырыпты ашты, яғни мұнда жеті модульдің сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулі кіріктірілді. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы біліммен ұштастырады.

Ойлау мен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаның екінші кезеңі мағынаны тану (түсіне білу). Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауына көмектесетін оқыту стратегиялары бар. Солардың бірі «Жұптасып-ойлан-бөліс», «Джигсо» әдістері. Сабақтың негізгі бөлімінде оқушылар алдымен жеке, сосын жұпта, кейін топта пікірталастар мен дебаттарды қолдау үшін қолдануға болатын тәсілдердің бірі «Жұптасып-ойлан-бөліс» әдісімен жұмыс жасады. Бұл әдістің мақсаты сыни тұрғыдан ойлауға жетелеу. Бұл әдісті жеке, жұппен, топпен жұмыста да қолдана беруге болады. «Жұптасып-ойлан-бөліс» әдісін жаңа ақпаратты меңгеру кезінде қолдану өте тиімді. Мәтіннің тақырыбы негізгі мәселе болып табылады.Бұл әдісте оқушылар сыни тұрғыдан ойлана отырып жаңа сабақтың негізгі идеясын ашады.Дене қозғалысы бағытында әрекет ететін күштің жұмысы тақырыбында бұл әдісті қолдану сәтті шықты деп есептеймін.Оқушылар механикалық жұмыстың жол,күш шамаларымен байланысын анықтап,жұмыс формуласын тақтаға жазып,түрлендіріп,өлшем бірліктерін атап айтып,механикалық жұмыстың анықтамасын айтты.Бұл оқушылар үшін үлкен нәтиже.Себебі осы сабаққа дейін олар жаңа сабақтың негізгі идеясын,анықтамасын.формуласын менің түсіндіруім арқылы қабылдайтын.

Тақырып туралы ой-толғаныс – бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарап, баға беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады. Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастыру, ой түйістіру, өз үйрену жолын, кестесін жасау мақсатында басқалардың әр түрлі кестесін біліп үйренеді. Бұл үйрену сатысы – ойды қайта түйіп, жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып табылады. Әр түрлі шығармашылықпен ой түйістіру болашақта қолданылатын мақсатты құрылымға жетелейді.

Осы кезеңді тиімді етуге лайықталған «Қар үйіндісі», «Радиоға қоңырау шалу», “Венн диаграммасы” әдістері қолданылды және осы кезеңде бағалау жүргізіліп,рефлексия жазылды.

Қазіргі таңда Республикамызда білім берудің жаңа жүйесіне Қазақстан әлемдік бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына енуге бағыт алуда. Өйткені еліміздің тізгінін ұстап,жеріміздің байлығын,тіліміздің тазалығын,мәдениетіміздің асыл мұрасын қастерлейтін, еліміздің лайықты перзенті бола алатын ұрпақ тәрбиелеу-бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр. Сондықтан жеке тұлғаның өрістеуіне,шабыттануына мүмкіндік туғызатын-мұғалім. Әрбір мұғалім бәсекеге қабілетті болуы керек. Біз осы уақытқа дейін дәстүрлі оқытумен жұмыс жасап келгенбіз,енді сындарлы оқытуды қолдап, жаңа тәсілдермен жұмыс жүргізу жолдарын меңгерудеміз. Осы бағдарламаны оқу барысында бұл оқудың білім беруде өте тиімді екеніне өз іс-тәжірибемде көзім толық жетті. Оқушыларымның сабаққа деген қызушылығы артты өз пікірлерін еркін айтуға,өзгенің пікірін тыңдауға, сыни ойлау қабілетінің артуына, жеке тұлға болып қалыптасуына осы тұрғыдан бағдарлама өте жақсы бағыт береді екен. Кембридж Бағдарламасының сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулі бұл "ойлау туралы ойлану"- деп сипатталады. Сыни тұрғыдан ойлау- білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын модульдің бірі. Бұл мұғалімнің де оқушының да сыни тұрғыдан ойлауын дамытады. Барлық жастағы оқушылар кез-келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым, бір пікірдің біреуін тыңдауға, саналы шешім қабылдауға бір пікірдің біреуін таңдауға, саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйренеді,ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға үйренеді, білімнің тереңдігі әрі тиянақтылығы артады. Сабаққа осы жеті модульді енгізудің жақсы жақтары тек мұғалім үшін ғана тиімді әдіс емес,ол оқушы үшін де тиімді.Үгерімі төмен оқушының үлгерімі жақсы оқушыларға ілесуіне жағдай туғызады. Шығармашылықпен үздіксіз жұмыс істеуге мүмкіндік береді.Қорытындылай келе оқытудың осы Кембридж Бағдарламасы арқылы алған білімімді келешекте сабақтарымда жоспарлы түрде қолданамын. Ұстаз-ұлттың тірегі, Ұстаз-мектептің жүрегі демекші, білім беру саласында түрлі технологиялар, түрлі теориялар енізілуде, бірақ олардың ішінен қажеттісін таңдап, сабақтың әр кезеңінде тиімді қолдану басты талап. Сол талаптарды орындау, сұрақтарға жауап іздеу үшін өз білімімді жетілдіру мақсатында Кембридж бағдарламасындағы Выготский, Маслоу, Шульман, Александр секілді ғалымдардың тұжырымдамаларымен қоса, өзге оқыту үдерісі мен оқу үдерісіндегі сыртқы және ішкі факторларды зерттеп, зерделеуші ғылым салаларының ұсынған нәтижелерін қарастырған нұсқаулық мазмұны аса құнды ақпараттар ордасын ұсынды. Сол ақпараттар тәжірибе барысында сауатты талдауға, ондағы кемшіліктерді көре білуге, қайта жоспарлауға бағыттады. Сындарлы оқыту теориясы әлемдік білім беру теорияларын меңгеруде артта қалмауға, күн сайын өзгеріске ұшырап жатқан әлемде өз орнымызда адал жұмыс атқаруға , өзіміздің сапалы шығармашылық жұмыстарымызбен алға қарай өрлей беруге мүмкіндік бере алады. Ең бастысы – мұғалім біліктілігін арттыру оның кәсіби өрлеуі, теориялық жетілуінен басталатындығы нақтыланып, оны жүзеге асыру жолға қойылды. Өйткені сындарлы оқыту теориясындағы жеті модуль өз сабақтарымда керемет ықпалдасты. Бүгінде сабақтың сапасын арттырып, терең білім беруде оқытудың әдістерін мына бағыттарда жетілдіре түсу керек деп ойлаймын:

Оқу мен қоғамдық пайдалы еңбекке оқушыларға өз бетімен жұмыс істеуге көп мүмкіндік беру;

Олардың инициативасын дамыту үшін жағдай жасау;

Олардың ойлау қабілетінің белсенділігі, алған білімдерін өмірде пайдалана алумен байланысты болуы қажет.

Алдағы уақытта сындарлы оқыту теориясының әдіс-тәсілдерін өз сабағыма жиі пайдаланып тұратыныма сенімдімін. Өйткені, оқушылар топтық жұмыс жасау барысында өзі ізденеді және өздеріне сенімділік танытып тапсырмаларды орындайды.









Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
педагогикалы? эссе

Автор: Карынбаева Жамила Еликбаевна

Дата: 19.03.2016

Номер свидетельства: 307517

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(70) "Эссе "Жа?а мектептегі-заманауи м??алім" "
    ["seo_title"] => string(46) "essie-zhan-a-miektieptieghi-zamanaui-mu-g-alim"
    ["file_id"] => string(6) "230176"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1442030142"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(51) "?азіргі заман м??алімі (эссе] "
    ["seo_title"] => string(32) "k-azirghi-zaman-mu-g-alimi-essie"
    ["file_id"] => string(6) "195628"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1427948687"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) "Эссе ?азіргі заман м??алім бейнесі "
    ["seo_title"] => string(41) "essie-k-azirghi-zaman-mu-g-alim-bieiniesi"
    ["file_id"] => string(6) "204329"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1429634432"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(49) "Эссе. ?азіргі заман м??алімі"
    ["seo_title"] => string(32) "essie-k-azirghi-zaman-mu-g-alimi"
    ["file_id"] => string(6) "333446"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1465387233"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(53) "Эссе "Қазіргі заман мұғалімі""
    ["seo_title"] => string(32) "essie_k_azirghi_zaman_mu_g_alimi"
    ["file_id"] => string(6) "441475"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1512018362"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства