kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Оптикалық аспаптар

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың тақырыбы:  Оптикалық аспаптар.  8с- ОМЖ-65 сабақ Сабақтың типі (формасы):  Жаңа білімді бастапқы оқып үйрену және есте сақтау іс-әрекеттерінің тәсілдері (жарыс сабақ)

Мақсаты: Негізі линза болып табылатын оптикалық аспаптардың түрлерін ажырата білу;  Оптикалық аспаптардың құрылысы және жұмыс жасау ерекшеліктерімен танысу; Оптикалық құралдарға сипаттама беру;  Қолданылу аймақтарын айқындау.  Жұмыс жасау принциптерімен танысу.    

Міндеттері:

  • Проекциялық аппараттың жұмыс істеу принципін;
  • Фотоаппараттың объективінің ролін;
  • Лупадағы сәуле жолын;
  • Микроскоп қалай құрылғанын;
  • Микроскоптағы сәуле жолын;   
  • Түрлерін;
  • Пайдалану обьектісін  қамту. 
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Оптикалық аспаптар»

Алматы қаласы, Әуезов ауданы, «Жаңа Ғасыр» №175 гимназия

Физика, информатика пәні мұғалімі Шажабаева Кульжан Сауытовна

Қысқа мерзімді жоспарлау. Физика 8- сынып


Сабақтың тақырыбы: Оптикалық аспаптар. 8с- ОМЖ-65 сабақ Сабақтың типі (формасы): Жаңа білімді бастапқы оқып үйрену және есте сақтау іс-әрекеттерінің тәсілдері (жарыс сабақ)

Мақсаты: Негізі линза болып табылатын оптикалық аспаптардың түрлерін ажырата білу; Оптикалық аспаптардың құрылысы және жұмыс жасау ерекшеліктерімен танысу; Оптикалық құралдарға сипаттама беру; Қолданылу аймақтарын айқындау. Жұмыс жасау принциптерімен танысу.

Міндеттері:

  • Проекциялық аппараттың жұмыс істеу принципін;

  • Фотоаппараттың объективінің ролін;

  • Лупадағы сәуле жолын;

  • Микроскоп қалай құрылғанын;

  • Микроскоптағы сәуле жолын;

  • Түрлерін;

  • Пайдалану обьектісін қамту.

Табыс критерийі:

  • Негізі линза болып табылатын оптикалық аспаптардың түрлеріне сипаттама береді;

  • Оптикалық аспаптардың құрылысымен танысады;

  • Аспаптардың жұмыс жасау ерекшеліктерін анықтайды;

  • Оптикалық құралдарға сипаттама бере алады;

  • Білетін ақпараттарына сүйене отырып, жаңа деректерді оқып оптикалық аспаптар туралы ақпараттарын кеңейтеді:

  • Қызметі, қолданылу аймағы туралы біледі, есте сақтайды.

Таным қызметін ұйымдастыру:

  1. Жекелік (танымдық қызметтер оқушының өз күшімен орындалады).

  2. Топтық (жалпы міндеттен туындаған мақсатты шешу жолында топ түрінде әрекеттеніп, жауап топ ішінде жинақталады).

Пайдаланылған құрал жабдықтар:

АКТ, Линза, проектор, фотоаппарат, телескоп, А3 қағаз, стикерлер


Тапсырмаға қойылатын талаптар (критерийлер)

Барысы


Топқа бөлу.

Топ ережесі сақталады.

Топ басшысы бағалау критерийімен танысады.


Көңіл күйі көтеріледі, сабаққа деген ынтасы артады және сабақ тақырыбына байланысты ойлар пайда пайда болады

І кезең. (3-4 минут)

а) ұйымдастыру сәті: Сәлеметсіздер ме, оқушылыр! Бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын менің қолымдағы түрлі қағаздардан алайық, қағаздың артындағы суреттермен (фотоаппарат, лупа, микроскоп, телескоп) 4 топқа бөлініп отырайық. Әр топ алдында топ ережесі, сонымен қатар компьютер бар. Топ басшысы әдеттегідей компьютердегі Бағалау.xls файылына әр кезең бойынша бал қойып (формативті бағалау) отырады. Оқушы компьютерлері тақтадағы интерактивті тақтамен байланысқан.

Оқу құралдарыңды түгендеп, сабаққа ден қояйық!

ә) психалогиялық ахуал орнату:

Бүгін күн қандай тамаша!

Сабаққа деген көңіл күйлерің қандай? Сендердің көңіл-күйлерінің көтеріңкі болуы күннің шуағына, яғни күннен тараған жарық сәулесіне байланысты деп ойлаймын. Күн сәулесі- тіршілік көзі емес пе!


ІІ кезең. (12 минут) ОЙ ШАҚЫРУ САТЫСЫ. Жеке жұмыс- танымдық қызметтер оқушының өз күшімен орындалады.

«Көпір» тапсырмалары.

«Көпір» тапсырмалары- өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау тапсырмалары.


Видео көрсетілім көмегімен проблемалық- ізденушілік оқыту әдісі (проблемалық мазмұндау, жартылай ізденушілік, зерттеушілік, миға шабуыл) қолданылады

















Оқушылар өздерінің топ аттарына байланысты аспаптардың белгілі бір топқа бірігетінін немесе олардың ортақ белгілерінің (линза) бар екенін біледі


  • 1-Жарықтың шағылу және сыну қасиеттерін жарық шоқтарын басқаруға пайдаланатынын білеміз. Ол қандай құрылғыларда қолданылады? (телескоп, лупа, дүрбі, микроскоп) ( топтастыру әдісі)

  • 2-Осы құрылғылардың ортақ бөлігі не? (линза)

  • 3-Линза фокусының орнын қалай анықтауға болады?

(1-видео көрсетілім 'Ход лучей в линзе') Оқушы көрсетілім бойынша сөйлейді. Жарықтың шағылу және сыну заңдары бойынша линзаға бағытталған паралель сәле шоқтары линзадан өтіп, әрбір беттен сына отырып линзаның бас фокусы деп аталатын бір нүктеге жиналады. Егер паралель сәуле шоқтарын керісінші жағынан линза арқылы түсірсек тура осындай көрініс болады. Қосдөңес линзаның екі жағында 2 бас фокусы болады. Олар линзаның бас оптикалық осі арқылы өтеді. Линзаны шектеп тұрған сфералық беттердің центрлері арқылы өтетін түзуді линзаның бас оптикалық осі деп атайды. Оптикалық остің бойында линзаның центрінде жатқан О нүктесін линзаның оптикалық центрі деп атайды Линзаның центрінен фокусқа дейінгі ОҒ арақашықтықты линзаның фокустық қашықтығы деп атайды. Линзаның оптикалық центрі О арқылы өткен сәуле бағытын өзгерпейді. Бұл нүктеге сәуле шоқтарының энергиясы бағытталғандықтан жарықты жақсы өткізетін қара мата болса оның жанып кетуі де әбден мүмкін. [ ]

4-Қалыңдығы әртүрлі линзалардың фокус аралығы бірдей бола ма?

(2- видео көрсетілім Как изготовить телескоп за пять минут) Оқушы көрсетілім бойынша сөйлейді. Қалыңдығы әртүрлі екі жинағыш линзаның фокус аралығын салыстырайық. Линза арқылы параллель сәулелер шоғын жүргізе отырып, экрандағы линзадан түскен сәулелер дағының ең кішірейген жағдайын табамыз. Осыдан кейін линзадан экранға дейінгі ара қашықтықты өлшейміз. Міне осы линзаның центрінен фокусқа дейінгі қашықтықты фокустық қашықтық деп атаймыз.

Иә, көріп отырғанымыздай линза неғұрлым қалың болса, фокустық ара қашықтық та соғұрлым кіші болады екен. [ ]

Ендеше, оқушылар өткен сабақтарда біз сендермен линзалар, линза арқылы нәрселердің кескінін алу туралы толық мәліметтер алғанбыз. Соған байланысты линзада нәрсенің шын кескінін алу оптикалық техникада кеңінен қолданылады. Неге линзаны түйінді сөз ретінде алып отырмыз? Себебі ол жаңа сабағымыздың арқауы. Экранда нәрсенің үлкейтілген шын кескінін алуға арналған аспаптар проекциялық аспаптар немесе аппараттар деп аталады. Міне өзіміз экраннан көріп отырған аспаптар проекциялық аспаптарға жатады. Оларда кескіні алынатын нәрсені фокус пен екі еселенген фокустың аралығына қойып жарық түсірсе экранда нәрсенің үлкейтілген шын кескіні пайда болады.


ІІІ кезең. МАҒЫНАНЫ ТАНУ САТЫСЫ.

Мұғалімнің бағыттауы: Жаңа сабақтың түйінін ашу. Ортақ мәселе (проблема) тудыру. (5 минут)


Бұл сызба слайдпен анимациялық түрде рет- ретімен қосылып отырады

Жаңа деректерді көзбен көріп, тыңдап мағынасын түсінеді


Жаңа сабақ. Оптикалық аспаптар.

Мұнда проекциялық аппараттың оптикалық құрылысының сұлбасы көрсетілген. Ол жарықтандыратын және проекциялайтын негізге екі бөліктен тұрады. Ол ойыс айнаның (А) рефлектордың фокусына қойылатын жарық S көзінен тұрады. Жарық көзінен айнаға түскен жарық параллель шоқ түрінде конденсор (К) деп алатын жазықдөңес линзалар жүйесінде шағылады. Рефлектордан түскен жарық конденсор арқылы өткен соң (Д) диапозитивте біркелкі таралады да, объективте (Об) шоғырланады. Объектив экранда кескін алу үшін қажет. Ол бір қосдөңес линза сияқты жұмы істейтін бірнеше линзадан тұрады. Объектив кері (төңкерілген) кескін беретіндіктен, диапозитивті төңкеріп қояды.


ІҮ кезең. Топтық жұмыс– жалпы міндеттен туындаған мақсатты шешу жолында топ түрінде әрекеттеніп, жауап топ ішінде жинақталады.

4 топқа жаңа тақырыпқа байланысты кең көлемде интернет желісінен, деректер, суреттер т.б. сілтемелер жасала отырып оптикалық аспаптар жайлы ресурстар ұсынылады. Жауаптарын мұғаліммен бірге талдайды. (20 минут) Топ басшылары нәтижесін Блумның мақсат қою технологиясына сүйеніп балмен бағалап отырады

Ресурста қамтылған өзекті мәселені толық түсінеді. Берілген 5 тәсілге сәйкес сындарлы пікір айтады. Өз көзқарасын жеткізуде нақты дәлелдер келтіреді,

қолданылу аймағын анықтайды, бірлесе талқылайды. Ойын жария етеді.





Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? деген сұрақтар бойынша алған білімдерін (теорияда), біліктілігін (практикада) өмірдегі жағдаяттарға бағытталып қойылады












Дарындылық



«Кубизм» стратегиясын негізге ала отырып оптикалық аспаптар туралы бар білімдерін, ақпараттарын жан-жақты ояту:

І деңгей. (Бірінші деңгейде қалыптасқан құзіреттілік (білім, біліктілік) деңгейінің сапалық өлшемі (бірінші аралық өлшемі):- «дұрыс», «толық» деген білім сапасының түрлерімен сипатталады (Ю.К.Бабанский):

  1. Зерттеу. Бұл қандай құрылғы? Ол қандай бөліктерден тұрады?


  1. Суреттеу. Линзада кескін алу. (түрлері)


ІІ деңгей (Екінші деңгейде қалыптасқан құзіреттілік деңгейінің сапалық өлшемі (екінші аралық өлшемі):- «дұрыстылық», «толықтылық» деген білім сапасының түрлеріне «тереңділік» пен «әрекеттілік» сияқты түрлері қосылады. Білім, біліктілік сапасының сандық өлшемі- алғашқы жинаған 6 ұпайға + 3 ұпай = 9 ұпай = «4», «жақсы» бағаланады (егер оқушы келесі деңгейді меңгере алмаса) (Ю.К.Бабанский):

  1. Салыстыру. Құрылысы басқа аспаптармен бірдей ме? Қандай аспаптармен салыстыруға болады? Олардың айырмашылығы неде, ұқсастығы неде?


  1. Қарсы шық. Әлсіз жақтарына (кемшіліктеріне) дәлелді пікір айтады


ІІІ деңгей (Үшінші деңгейдің нәтижесі (түбегейлі көзделген нәтиже) алғашқы екі деңгейде жинаған 9 ұпайға+3ұпай=12ұпай= «5», «өте жақсы» бағаланады Оқушының білім сапасы білім стандарты көлеміне «дұрыс», «толық», «әрекеттілік» пен «тереңділікке» «жүйелілік» пен «саналылық» қосылып, барлығының жиынтығы «берік» білім болып саналады.) (Ю.К.Бабанский):

  1. Оймен байланыстыру. Бұл аспаппен қандай жұмыстар атқарылады? Пайдасы бар ма? Сол жөнінде ой бөліседі.

  2. Қолдану. Аспаптың қолдану аймаға қаншалықты? Ол тек мектепте, оқу орындарында ғана қолданыла ма?


Шығармашылық жұмыс.

Тұрмыстық жағдайда, қолда бар заттардан линзадан (айнадан) тұратын дүрбі, телескоп макетін қолдан жасау, сызбасын сызу.


Блумның мақсат қою технологиясы




«Білу»



«түсіну»













«талдау»




«жинақ тау»












«қолдану»






«бағалау»




Ү кезең. ОЙ ТОЛҒАУ СЫТЫСЫ. Оқушылар «INSERT- түртіп алу» әдісін негізге ала отырып ой толғайды.

Кері байланыс

Білетін ақпараттарын жаңғырта отырып,

жаңа ойларын білдіреді


«v»

Бұрыннан білемін


«+»

Жаңа ақпарат

«-»

Мен ойлаған

дай емес

«?»

Білгім келеді






ҮІ кезең. Үйге тапсырма.


Үйге: 74. Көз- оптикалық жүйе.

4 термин (ассоциация) (Қасаң қабықша, белок, қарашық, көз бұршағы)

Шығармашылық тапсырма: Көзде нәрсенің кескінін қалай аламыз?

ҮІІ кезең. Оқушының білімін бағалау:


Өзін-өзі бағалау, топты бағалау: Топ басшысы өзін, топ мүшелерін бағалайды. Мұғалім топ басшылары қойған бағамен келісе немесе түзету енгізе отырып, топтардың белсенділігіне, біліміне баға беріп, мадақтайды (Багалау_1.xlsx)

Рефлексия:

«жемістер» әдісі

Рефлексия: Оқушылар, сабағымыз да аяқталып қалды Осы сабақ сендерге ұнады ма? Бүгінгі өткен сабағымыз болашақта қаншалықты жемісін береді?

Барлық оқушылар алдындағы компьютерде көрсетілген 3 түрлі (жалқы, қос және топ) жемістерді мұғалімнің компьютеріне жолдайды. Ол интерактивті тақтада көрсетіліп, әр оқушының көңіл күйін, сабаққа деген қызығушылығын айқындап береді.


Пайдаланыл-ған әдебиеттер:

1.Физика және астрономия, 8-сынып оқулық (224-бет §73)

Б.М.Дүйсембаев, Г.Байжасарова, А.Медетбекова

2. Физика және астрономия, 8-сынып әдістемелік нұсқаулық (91-бет)

3.Дидактикалық материал, 8-сынып

4. интернет ресурстары.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Оптикалық аспаптар

Автор: Шажабаева Күлжан Сауытовна

Дата: 21.05.2018

Номер свидетельства: 470397

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(65) "Саба? та?ырыбы:" Оптикалы? аспаптар." "
    ["seo_title"] => string(34) "sabak-tak-yryby-optikalyk-aspaptar"
    ["file_id"] => string(6) "216724"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1433131367"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(104) "Саба? жоспары "Ж??а линзаны? формуласы. Оптикалы? аспаптар""
    ["seo_title"] => string(60) "sabak-zhospary-zhu-k-a-linzanyn-formulasy-optikalyk-aspaptar"
    ["file_id"] => string(6) "306535"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1458144142"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(71) "Оптикалық аспаптар. Көз-оптикалық жүйе"
    ["seo_title"] => string(39) "optikalyk_aspaptar_koz_optikalyk_zhuiie"
    ["file_id"] => string(6) "386772"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1486013710"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "Оптикалық аспаптар"
    ["seo_title"] => string(18) "optikalyk_aspaptar"
    ["file_id"] => string(6) "372804"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1482509499"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) "Оптикалық аспаптар (ашық сабақ)"
    ["seo_title"] => string(30) "optikalyk_aspaptar_ashyk_sabak"
    ["file_id"] => string(6) "520006"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1568735877"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства