7 «а» сыныбына физика пәнінен «Манометрлер. Сорғылар» тақырыбына жеті модульді кірістіре отырып сабақ өткіздім. Мақсатым: - сұйықтардың қысым айырымын өлшейтін құралмен және сорғы қондырғысының құрылысын, жұмыс істеу принципін меңгерту. Манометрдің құрылысын, қандай мақсатта қолданылатынын, сорғы қондырғысының құрылысын, неге пайдаланатынын, жұмыс істеу принципін толық ұғындыру; «Ыстық орындық», суретпен жұмыс, «Балықшы» әдісі жуан және жіңішке сұрақтар, жарнамалау, постер қорғау жұмыстары арқылы сыни ойлауға дағдыландыру; Оқушылардың жауаптарына теріс пікір айтпай, керісінше мадақтауларды жиі қолдану арқылы өздеріне сенімділіктерін арттыру Ұйымдастыру кезеңінде оқушылар шаттық шеңберіне шығып «Альтиметр. Барометр.Қатынас ыдыс. Сорғы» сөздері арқылы топқа бөлінді. Оқушылар бұл сөздерді алдыңғы сабақтарда өткендіктен, мағынасын ашып, үш топқа бөлінді. Үй тапсырмасын оқушылардан «Ыстық орындық» әдісі арқыла сұрап өттім. Оқушылар бір –біріне үй тапсырмасы бойынша сұрақтар қойып, жауап береді. Үй тапсырмасы бойынша сұраққа берілген жауап нақты әрі жинақы айтылуы қажет болды. Осы әдіс арқылы оқушылар орындыққа отырған оқушыларға жуан да жіңішкеде сұрақтар қоя білді. Александер (2004) оқытудағы әңгімелесу–қарым- қатынас жасаудың бірсарынды үдерісі емес, керісінше, идеялар екі жақты бағытта жүреді және осының негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжиды деп тұжырымдағандай, оқушыларды ойлантуға мүмкіндік бере отырып, пікірлерін айтқызып, Мерсер сипаттаған диалогтік әдістің түрткі болу сұрақтары арқылы балалардың жаңа сабаққа қызығушылығын тудырдым. Мысалы: - Мына құралдар сізге таныс па? Қайдан кездестіреміз? Көрсетілген құрал суреттеріне қарап жауап береді, танометр деп аталатын адамның қан қысымын өлшейтін құралды, су сорғыш насаостарды табу керек болды. Оқушылар құралдарды дұрыс таба білді, әсіресе ұлдар жағы құралдарды қай жерде не үшін олданатындығы туралы толық бір бірімен жарыса айта білді. Балалар бқл құралдардың қолданылуын жақсы біледі екенсіздер енді осы құралдардың құрлысымен жұмыс істеу принціме танысу үшін тақырыбымызды осы құрылғыларға арнаймыз. Жаңа тақырып «Манометр. Сорғылар» электронды оқулық арқылы жұмыс істеу принціпі тыңдалып, көрсетілді. Негізгі бөлімде тақырыбын ашу, салыстыру, талдау мақсатында сын тұрғысынан ойлау әдістерін пайдаланып үш топқа үш түрлі тапсырмалар бердім. 1 топ: Манометрлердің құрылысымен, қызметімен, жұмыс істеу принцпімен, түрлерімен таныстыру. (жарнамалау) 2 топ: Сорғының құрылысымен, қызметімен, жұмыс істеу принцпімен, түрлерімен таныстыру (постер қорғау) 3 топ: Манометрлер мен сорғылар тақырыбы бойынша 10 ашық және жабық сұрақтар құрастыру. Өз белсенділіктерін толық таныта білді, топтық жұмыста критерий арқылы бағалауға сай жұмыстанды. Әр топ өз жұмыстарын қорғағаннан кейін бір-бірін формативті бағалап, пікірлерін білдірді. Бірінші топта манометрлердің құрлысымен, қызметімен, жұмыс істеу принципімен, түрлерімен жарнамалау арқылы түсіндіру болды. Топ басшысы Шынар тобына ТехнаДом идеасын ұсынды. Тобындағы оқушылар бірі сатушының рөлін сомдаса , бірі сатып алушының рөлін сомдады. Дияс сатушы болып манометрдің толық ішкі құрлысымен таныстырып өтті. Қызыментімен Дэльназ, жұмыс істеу принципімен Жанерке, түрлерімен Шынар толықтай ашп түсіндіріп, жарнамалап өтті. Оқушылардың өздеріне сауда үйі ретінде сомдағандары қызықт болды. Оқушылар сонымен қатар манометрдің пішініндегі газет жасап шығарып тапсырмалар орындатты. Екінші топқа Сорғының құрылысымен, қызметімен, жұмыс істеу принцпімен, түрлерімен таныстыру (постер қорғау) арқылы таныстыру ұсынылған болатын. Топ басшысы Аяна оқушыларға өз міндеттерін бөліп берді. Сорғының құрлысымен Аяна өзі, қызметін Елдос, жұмыс істеу принціпімен Асылжан, түрлерін Әділ есімді оқушылар таныстыруға дайындалды. Ал оқуға деген ынтасы төмен топ мүшесі Арна плакат жасауға көмектесіп, сорғылардң суретін салып, безендіріп отырды. Топ болып қалған екі топқа, сұрақтар, ребус, сөзжұмба дайындаған. Арнаның сурет салуға деген қабілеті жақсы болғандықтан ребус құрастырды. Үшінші топқа манометрлер мен сорғылар тақырыбы бойынша 10 ашық және жабық сұрақтар құрастыру берілген болатын. Топ басшысы Анел топ мүшелеріне екі сұрақтан құрастыруға бөліп берді. Топ мүшесі Нұрайым сөзжұмбақ құрастырды. Мирлан ребус құрастырды. Белсенділігі төмен оқушылар Нұрдаулет пен Расул Мирланға көмектесіп отырды. «Сыни ойлау» түсінігіне анықтама бере отырып белгілі ғалым Дайана Халперн – ол ойлаған нәтижеге жету үшін танымдық техникаларды пайдалану арқылы шығармашылықпен әрі қарай бағыттай ойлан деген пікір білдіреді. Сыни ойлау –белгілі бір мәселе туралы бар идеяларды жинақтап, оларды қайта ой елегінен өткізу және шешім қабылдаумен аяқталатын күрделі психологиялық үрдіс екенін атап өте отырып, авторлар сыни ойлауға қай жаста да үйренуге болатындығына, ол үшін арнайы жинақталып жүйеге келтірілген жаттығуларды тұрақты және мақсатты түрде жүргізу қажеттігіне тоқталады. Оқушылардың сыни түрде ойлануын дамыту мақсатында осы сабағымда - «Ыстық орындық», суретпен жұмыс, «Балықшы» әдісі жуан және жіңішке сұрақтар, жарнамалау, постер қорғау әдістерінің рөлі ерекше болды. Василий Александрович Сухомлинскийдің пайымдауынша «Сыныптағы ақыл-ой жұмысын шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдердің білімге деген құштарлық, биік мақсатқа жетуге деген құлшынысы оятатынын айтады. Жаңашыл мұғалімдердің сабағында әр оқушы өзін жеке тұлғамын деп сезінеді, мұғалімнің өзіне деген адал ниетін көреді». Сабақтың қорытынды бөлімінде жаңа тақырып бойынша жұмыстандыру мақсатында 21- жаттығуды ойланып, суретке қарап жазуға тапсырма бердім. Тақырыпты жан-жақты талқылап, талдап алған соң, оқушыларға тапсырманы жазу қиынға түспеді. Сабақ соңында оқушылар бір бірін берген жауаптары бойынша, түсіндірулері бойынша бірін-бірі тыңдап формативті түрде бағалады. (бағдаршам, қол белгілері, екі жұлдыз, бір ұсыныс) және өздерінің дайындаған кішкене дипломдамен марапаттады. Сабақтың соңында оқушыларға рефлексивтік парақ үйлестірдім. Бүгінгі сабақта маған бәрінен де ұнағаны деген сұраққа оқушылардың көбі топпен жұмыс жасау ұнады деп жауап берсе, Аяна есімді оқушыға балық аулау әдісі ұнаған екен, бүгінгі сабақта мен үшін не қиын болды деген сауалға Әділ деген оқушы «ойымды жеткізіп айтуға қиналдым», -деп жауап беруі маған үлкен ой тастады. Болашақта менің жасағым келетіні деген сұраққа әр оқушы өз арманын ашып жазғаны сабағымның бір жетістігі деп ойладым. Бұл оқушылардың осы сабақта нені үйренгенін және нені білу қажет екенін түсініп, өзін-өзі реттеуіне көмектесті деп ойлаймын. Мен осы сабағымды курстың жеті модулін ықпалдастыра отырып, мақсатқа жетуге тырыстым. Оқушылар ұйымшыл болуды, бірін-бірі әділ бағалауды, өздерінің білім деңгейін анықтауды, өзін-өзі реттеуді үйренді.Сыный тұрғысынан ойлап кез келген нәрседен бір керемет дүние шығаруға болатындығын үйренді. Менің осы сабақтағы жетістігім әдістерімнің әр кезеңге сай тиімді алынып, оқушыларымның тапсырмаларымды үлкен белсенділікпен орындап, өз ойларын әрі қарай жүзеге асыра білгендігі. Мен өз тарапымнан сабақты түрлендіріп өткізу үшін ізденуді, әріптестеріммен кеңесуді, оқушылардың барлығының да қабілетін ашуды, оларды әрі қарай білім алуға деген қызығушылығын арттыруды, өздеріне деген сенімділігін арттыруды, өзін-өзі реттей отырып өздерін ары қарай жетілдіруге үйретуді, оқушыларға сенім білдіруді, өз іс-әрекеттеріме рефлексия жасауды үйрендім. Осы сабақта оқушылардың жоғары мәртебелі сұрақтардың бұрын жиі қойылмауы және сөздік қорының аздығынан жауап беруге қиналыңқырағаны және топтық жұмыстарда кейбір оқушылардың ұйымшылдыққа бейімделмегенін (мысалы Әділ топтық тапсырманы жеке орындауға тырысты) байқадым. Осыны ескере отырып алдағы сабақтарымда мәртебелі сұрақтарды жиірек қою және топтық, жұптық тапсырмаларды орындауға жиі тапсырма беру қажеттілігін айқындадым. |