kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Конспект урока по физике на тему «Сила Архимеда»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Конспект урока по физике на тему «Сила Архимеда»

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Конспект урока по физике на тему «Сила Архимеда»»

Маңғыстау облысы

Жаңаөзен қаласы

17 орта мектеп

физика пәні мұғалімі Жумаева Г.Т.

Сынып: 7 «Б»

Сабақ тақырыбы: §44. Архимед күші.

Сабақ мақсаты:

1.Тәжірибелер арқылы архимед күші туралы ұғым қалыптастыру.

2.Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай алуға жетелеу.

3.Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, көрсетілімдер.

Құрал-жабдықтар: аквариум, суы бар ыдыс, Архимед күші, таразы,физикалық денелер.


Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру Топқа бөлу (Оқушыларға 1,2,3 сандарды айтқызу арқылы топқа бөлу.)

/ 1,2,3 сандарына байланысты 3 топқа бөлінеді/

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Лездеме сұрақтарға жауап берейік.


Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:

1. Атмосфераның негізгі қабаттары қандай?

/Атмосфераның негізгі қабаттары тропосфера,стратосфера,мезосфера, және термосфера деп бөлінеді/

2. Неліктен реактивті ұшақтар атмосфераның жоғарғы қабаттарында үлкен жылдамдықпен ұша алады?

/Ауа қабаты Жер бетінен неғұрлым жоғарлаған сайын нашар сығылады.Сол себепті оның тығыздығы кеми береді. Мысалы, ауа шары Жер бетінен жоғары көтерілген сайын оған түсетін ауа қысымы азаяды.Өйткені , шардың үстіңгі жағындағы ауа бағанының биіктігі кемиді,сонымен бірге ауаның тығыздығы да барған кеми береді. Ауа қысымының биіктікке тәуелді болатыны осыдан./

3. Қалыпты атмосфералық қысым неге тең?

/Қалыпты атмосфералық қысым орта есеппен 00 С температурада 760 мм сынап бағанына тең./

4. Атмосфералық ауа қысымынан жоғарғы немесе төмен болатын қысымды өлшеуге арналған құралдар қалай аталады?

/Атмосфералық ауа қысымынан жоғары немесе төмен болатын қысымды өлшеуге арналған құралдарды манометрлер (грекше манос-сирек,тығыз емес, метрео-өлшеймін) деп атайды./

5. Стаканға жартылай су құйып,бетін бір парақ қағазбен жауып,қағазды алақанмен басып тұрып,төмен төңкеріндер Төңкерілген стақандағы су неге төгілмейді?

Себебі: суды атмосфералық қысым ұстап тұрады.

6. Сұйықтың ішіндегі қысым қандай формула арқылы табылады?

/ Сұйықтың ішіндегі қысым тең сұйықтың тығыздығы көбейтілген g көбейтілген сұйықтың биіктігі/


1. Қызығушылықты ояту 

Күнделікті өмірден көріп жүргеніміздей суда жүзіп жүретін денелерді көптен кездестіреміз. Мысалы: допты батырып, жіберіп қалсақ онда ол доптың сол сәтте қалқап шығатынын көреміз. Тығынмен де, ағаш бөлігімен де осы құбылыс байқалады.

Олардың қалқып шығуына не әсер етіп отыр?




ІІІ. Жаңа білім беру сабағы

Ендеше, біз бүгінгі сабағымыздың бірінші  нәтижесін  алдық . Бұл нәтижелерді тәжірибелік жұмысты орындау кезінде міндетті түрде ескереміз. Енді бүгінгі тақырыбымызға көшейік: экранға назар аударыңыздар.

Бүгін сіздермен  "Архимед күші"- туралы мағлұмат аламыз.

Ал,енді оқушылар мен сіздерге өткен сабақта бүгінгі сабаққа байланысты грек ғалымы Архимед туралы мағлұмат жинауды тапсырдым. Архимед туралы не білесіңдер?   

Оқушылар жауабы тыңдалады

Ұлы ғалым Архимедтің өмір жолын, ғылыми еңбектерін, қалдырған мұрасына қысқаша шолу жасадық . Грек ғалымы Архимед еңбегі сіздерге үлгі болады деп ойлаймын.

Ал енді бүгінгі тақырыпқа байланысты Архимед және Сиракуз патшасы Гиерон ІІ туралы бейне баянды көріп тамашалайық.

Аңызда айтылатындай, Сиракуз патшасы Геронның тапсырмасы бойынша оның тәжін зергер таза алтыннан жасады ма, әлде алтын мен күмістің қоспасынан жасады ма? Деген сұраққа жауап таба алмай, көп күн әуреленген ғалым бір күні толтыра су құйылған ваннаға түскен кезде ойына әлгі сұрақтың шешуі келген дейді.

Өзінің ашқан жаңалығына шаттана қуанған ол «Эврика!» (Таптым!) деп

Сиракуз көшелерінің бойымен айғайлап жүгірген екен.

Осы тақырыпқа қатысты терминдерді орыс тілінде үйренейік


Қазақша

Орысша

Дененің тығыздығы

Плотность тела

Дененің көлемі

Объем тела

Дененің массасы

Масса тела

Архимед күші

Сила Архимеда

Ығысқан сұйық көлемі

Объем вытесненной жидкости

Дененің батырылған көлемі

Объем тела, погруженного в жидкость



Архимед туралы аңыз бойынша Архимед патша тәжінің таза алтыннан немесе қоспа қосылғанын білу үшін қандай тәжірибе жасаған деп ойлайсың ?

Ол өз тәжірибесінде ернеуіне дейін су құйылған ыдыстың ішіне күміс кесегін салып,ығыстырылып шыққан судың мөлшерін анықтайды.Содан соң , күміс кесегін алып тастап , орталанған ыдысқа қайтадан толтыра су құйып, алтын кесегін батырып , ығысып шыққан судың мөлшерін тағы да өлшеп алған.Бұл тәжірибеден, ол күмістің көлемі алтыннан қанша есе артық болса , оның ығыстырып шығарған суының көлемі де сонша есе көп екенін көрген.Демек ,тәж таза алтын болмағаны, оған жеңіл зат қосылған.Сөйтіп , Архимед зергердің қылмысын ашқан.

Біз сұйықтың қысымы туралы білімімізге сүйене отырып, биіктігі Һ, табанының ауданы S болатын параллелепипед тәрізді денеге тығыздығы c сұйық тарапынан әрекет ететін ығыстырушы күштің мәнін анықтайық. Дененің бүйір жақтарына сұйық тарапынан әрекет ететін күштер тең және олар бірін – бірі теңгеріп тұрады.



Дененің үстіңгі бетіне төмен қарай бағытталған F1 күші әрекет етеді, оның модулі F1=p1*S=c g h1 S

Мұндағы дененің үстіңгі бетіне сұйықтың түсіретін қысымы:

p1= c gh1

биіктігі h1 сұйық бағанының қысымы.


Дененің төменгі жағына жоғары қарай бағытталған F2 күші әрекет етеді, және оның модулі F2=p1*S=c g h2 S

Мұндағы дененің төменгі жағына сұйықтың түсіретін қысымы:

p2= c gh2

биіктігі h2 сұйық бағанының қысымы.


Яғни судың ығыстырушы немесе Архимед күші тең болады осы екі күштің айырымына Fығыс = F2 – F1 онда

Fығыс = c g h S немесе Fығыс = c g Vд

Сұйыққа батырылған денеге осы дене ығыстырып шығарған сұйықтың салмағына тең ығыстырушы күш әрекет етеді.

Тұңғыш рет осы күштің бар екенін көрсеткен және оның мәнін анықтаған    грек ғалымы Архимед. Архимедтің құрметіне бұл күш Архимед күші деп аталады.    FA деп белгілейміз.

FA= ρc gVд Мұндағы ,Vд - дененің көлемі, c –  сұйықтың тығыздығы, g - тұрақты шама


IV. Тәжірибелік жұмыс 10 мин

І топ 1-тәжірибе Ығыстырушы күштің дененің көлеміне тәуелді екендігін анықтаңыз.

ІІ топ 2- тәжірибе. Көлемдері бірдей, массалары әр түрлі 3 денені алып, тәжірибені қайталау. қорытынды жасау.

ІІІ топ 3- тәжірибе. Бір денені алдымен таза суға, сонан соң тұзды салып, динамометрдің көрсетуіне назар аудару және қорытынды жасау.

V Есептер шығару

І топ Граниттің сынығы суға толық батқанда көлемі 0,8 м3 су итеріліп шығарылған. Граниттің сынығына қандай кері итеруші күш әсер еткенін есептеңіз. Судың тығыздығы 1000кг/м3

Берілгені: Формуласы Шешуі:

V = 0,8 м3
g =10 Н/кг FА =ρ g V FА =1000кг/мз *10 Н/кг*0,8 м3 = = 8000 H= 8кН
ρс = 1000 кг/м3 Жауабы:8кН.  
 

Табу керек Fа -?
 

ІІ топ Көлемі 4 м3 бетон суға толық батырылғын. Оған су тарапынан әрекет етуші Архимед күшін тап.

Берілгені: Формуласы Шешуі:

V = 4 м3
g =10 Н/кг FА =ρ g V FА =2300кг/мз *10Н/кг*4 м3 = = 92000 H= 92кН

ρб= 2300 кг/м3 Жауабы:92кН.  

Табу крек Fа — ?


ІІІ топ Суға батырылған шыны шарға 2500 Н Архимед күші әсер етеді.Осы шардың көлемі.... (ρсу = 1000 кг/м3;  g = 10 м/с2 ).

Берілгені: Формуласы Шешуі:

FА =2500Н
g =10 Н/кг FА =ρ g V V= 2500 Н /1000 кг/м3 10Н/кг = 0,25 м3. ρсу =1000 кг/м3 V= FА / ρ g Жауабы: 0,25 м3.

Табу крек V — ?



VI Бекіту:     «Білдік» топтау стратегия әдісі


Білдік

Физикалық шама

Белгіленуі

Өлшем бірлігі

формуласы

Басқа шамамен байланысы

Архимед күші

FА

Н

FА с g Vд

ρ V















VIІ.       Бағалау.

VIІІ.       Үйге тапсырмалар: §44.Архимед  заңы. №23-1,2





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Конспект урока по физике на тему «Сила Архимеда»

Автор: Жумаева Гулшат Туркановна

Дата: 15.01.2017

Номер свидетельства: 379455

Похожие файлы

object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(74) "Конспект урока на тему:"Архимедова сила" "
    ["seo_title"] => string(42) "konspiekt-uroka-na-tiemu-arkhimiedova-sila"
    ["file_id"] => string(6) "175030"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424199844"
  }
}
object(ArrayObject)#887 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(70) "Конспект урока физики архимедова сила"
    ["seo_title"] => string(40) "konspiekt_uroka_fiziki_arkhimiedova_sila"
    ["file_id"] => string(6) "398273"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1488858866"
  }
}
object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(91) "Конспект урока по физике на тему: «Сила Архимеда »"
    ["seo_title"] => string(51) "konspiekt_uroka_po_fizikie_na_tiemu_sila_arkhimieda"
    ["file_id"] => string(6) "379453"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1484463393"
  }
}
object(ArrayObject)#887 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(121) "Конспект урока по теме "Технология решения физических задач в EXCEL" "
    ["seo_title"] => string(81) "konspiekt-uroka-po-tiemie-tiekhnologhiia-rieshieniia-fizichieskikh-zadach-v-excel"
    ["file_id"] => string(6) "103245"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1402574278"
  }
}
object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(95) "Конспект урока физики на тему  "Все ли тела плавают?" "
    ["seo_title"] => string(54) "konspiekt-uroka-fiziki-na-tiemu-vsie-li-tiela-plavaiut"
    ["file_id"] => string(6) "241885"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1445339783"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства