kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Физика пәнінен сайыс сабақ

Нажмите, чтобы узнать подробности

физика пәнінен 8 сыныпқа өткізілген сайыс сабақтың жоспары

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Физика пәнінен сайыс сабақ»

Күні: 23.02.2017 ж

Уақыты:

Сыныбы: 8"А", 8"Б".

Пәні:Физика Тақырыбы: «Қызықты физика» атты интеллектуалды сайыс

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Физикаға деген қызығушылығын арттыру; логикалық ойлау қабілетін және ораторлық шеберлігін ойын арқылы дамыту;

  2. Дамытушылық: Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ұжымшылдық қабілеттін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Окушыларды ұжымшылдыққа, жолдастыққа, алғырлыққа, белсенділікке және жеке тұлға етіп қалыптастыру, жауапкершілікті сезіну және өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Қатысушылар: 8"А", 8"Б" сынып оқушылары. Көрнекілігі:, карточкалық тапсырмалар, интерактивті тақта, тәжірибелік құралдар Түрі: Физикадан интеллектуалды сайыс Типі: Сайыс түрінде

Барысы:

«Қызықты физика» атты интеллектуалды сайыс

Физика - табиғаттың тілі екен ғой, Көз тартар табиғаттың сыры екен ғой. Салған ән, айтылған сөз, ішілген ас, Бәрінің бағынары физика ғой.

Бүгін де физика барлық жерде, Құрылыста, техникада, өндірісте. Сырларын бұл ғылымның меңгеріңдер, Шәкірттер ынта қойып үйреніңдер!

Армысыздар, қадірлі ұстаздар мен білім мен өнерге құштар оқушылар! Адам баласы тек білім, ғылым арқылы өз орнын табады. “Білігі күшті бірді жығады, білімі күшті мыңды жығады”, “Көптің күші бірлікте” деген дана халық. Болашақ ғасырда білім теңізінен жүзіп өткендер ғана еліміздің тірегі, сүйініші болады деп ойлаймыз. Сондықтан бүгінгі Қызықты физика ” атты сайысымызға қош келдіңіздер

Физиканың еліне Батыл қадам жасайық, Осылайша шабытпен, Сайысымызды бастайық! Сайысқа қатысушы оқушыларға сәттілік тілей отырып, ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер! Ойынға 2 топ қатысады.

  1. «Атомдар» тобы - 8а

  2. «Тапқырлар» тобы – 8б

Армысыздар, қымбатты төрешілер, Сайысын әрбір топтың көрерсіздер. Таразының екі басын тең қойып, Сіздерде әділ баға берерсіздер-дей келіп сайыскерлердің білімі мен өнеріне баға беретін әділ қазылар алқасымен танысып өтейік: 1. 2. 3.

Сайыстың шарттары:

  1. «ТАНЫСТЫРУ» (әр топ тобын, ұранын айту, төс белгі);

  2. «ОЙҒА ШАБУЫЛ» (викториналық сұрақтар);

  3. «ОЙЛАНАЙЫҚ, ОЙЛАЙЫҚ!» (логикалық есеп);

  4. «КІМ ТАПҚЫР!»

  5. «БҰЛ ФОКУС ЕМЕС, БҰЛ ФИЗИКА (берілген тапсырма бойынша физикалық тәжірибе жасау);

  6. «Бәйге»

  7. «ТІЛ - ӨНЕР» (жұмбақтың шешімін тауып, орыс, ағылшын тіліне аудару);

1-тур Командалардың таныстыру рәсімі Мұнда әрбір команда өздерін таныстырып, командасының атын, ұранын, эмблемасын қорғайды. Ал енді сөз кезегін ойыншыларымызға берейік. 2-тур. «ОЙҒА ШАБУЫЛ» Әр командаға 10 сұрақ беріледі, әрбір дұрыс жауап үшін 1-ұпайдан беріледі. «Атомдар» тобына 1. Заттың үш күйін ата? (Газ, сұйық және қатты)
2. Еркін түсу үдеуінің мәні нешеге тең? (9.8м\с2)
3. Тоқ күшінің өлшем бірлігі (Ампер)
4. Жерді қоршап тұрған ауа қабаты? (атмосфера)
5. Өткізгіштерді параллель жалғағанда қай шама тұрақты болады? (кернеу)
6. Қай физикалық шама массаның көлемге қатынасына тең? (тығыздық)
7. Қандай екі физикалық шаманың өлшем бірліктері бірдей? (Жұмыс және энергия)
8. Динамометр нені өлшейтін құрал? (күшті)
9. Заттың қатты күйден сұйыққа өтуі. (балқу) 10. Электр кедергісінің өлшем бірлігі?(Ом) «Тапқырлар» тобына 1.Физика қандай мағына білдіреді? (табиғат)
2Энергияның екі түрі. (потенциялдық,кинетикалық)
3.Қуаттың өлшем бірлігі? (ватт) 4.Өткізгіштерді тізбектей жалғағанда қай шама тұрақты болады? (Тоқ күші) 5.Заттың сұйық күйден қатты күйге ауысуы – (Қатаю, кристалдану) 6.Жылдамдық қандай прибормен өлшенеді ?- (Спидометр) 7.Жылу мөлшерінің халықаралық жүйедегі өлшем бірлігі? (Джоуль) 8.Кернеуді өлшейтін құрал (Вольтметр) 9.Су неше градуста қайнайды? (Нөл) 10.Жұмыс қандай бірлікпен өлшенеді? (Джоул)





3- тур. «ОЙЛАНАЙЫҚ, ОЙЛАЙЫҚ!»

«Атомдар» тобына 1.Елеуішпен су әкелуге бола ма? ( болады егер қар немесе мұз болса) 2. Егер стакандағы судың бәрін ішіп қойса не қалады? ( ауа) 3. Жазуға болатын химиялық элемент? ( Бор)

4. дайындауға болады бірақ жеуге болмайды? ( сабақ) 5. Ньютонның заңын ашуына себеп болған не? ( алма) 6. Кім барлық тілде сөйлейді? ( жаңғырық) 7. қандай ыдыстарға су құйылмайды? ( су толы ыдысқа) 8. жерден көтеру оңай бірақ лақтыру қиын. Ол не? ( мамық) 9. Теңізде қандай тастар болмайды ? ( құрғақ) 10. Македонский заманындағы уақыт көрсеткіші немесе өлшеуіші болған не? ( тауық)

«Тапқырлар» тобына

1.Жел десе желі бар, тоқ десе тоғы бар, сан десе саны бар. Ол не?

2.Аққу аттым қарға түсті. Неліктен?

3.Сиыр неге жатады?

4.Ахметтің анасының 3 баласы бар олар Наурыз, Сәуір. 3-нші баласы кім?

5.Допты тепкенде өзіне қайтып келу үшін қайда тебу керек?

6.Үйдің ең суық жері?

7.2 үйде өрт болып жатыр, біреуі кедейдің үйі,біреуі байдың үйі. Полиция қай үйді өшіреді

8.Есікті ашу үшін не керек?

9.Аяқ киім жөндеушілерінің ең жақсы көретін клиенті

10.Бірінші төрт аяқты, кейін екі аяқты, одан кейін үш аяқты.Ол не? 4-тур. «КІМ ТАПҚЫР!»

Бұл бөлімде әрбір топ өздеріне ұнайтын тақырыпты таңдап,соған сәйкесті сұрақтарды аша алады. 10 санында – жеңіл, 20 санында – орташа, 30 санында – қиын сұрақтар жасырылған. Қай санды таңдаса, сонша ұпай қосылады.

Ғалымдар

10

20

30

1) 2) 3)


Формула

20

30

10


1) 2) 3)


Аспап

20

30

10


1) 2) 3)

1. 10 Ғалымдар - Орыс тіліне «физика» деген сөзді алғаш енгізген үлы ғалым. ( М.В.Ломоносов) 2.20 Ғ ҒалымдарАтомның құрылысын ашудағы шешуші рөл атқарған физик? ( Э.Резерфорд) 3.30 Ғ ҒалымдарАлғаш рет электр тоғы түсінігін енгізген француз ғалымы? ( Андре Ампер)



1. 10 Формула – Бұл қандай формула. (жылдамдықтың формуласы) 2. 20 формула - қай формула. (дененің тығыздығы)

3. 30 формула - бұл қай өрнек. ( меншікті жану жылуы)

1.10 Аспаптар – күшті өлшейтін аспап. (динамометр) 2.20 Аспаптар – Сұйықтың көлемін өлшеуге арналған аспап. (мензурка). 3.30 Аспаптар –Электр тізбегіндегі тоқты немесе кернеуді реттеуге шектеуге арналған аспап. (Реостат) 5-тур.«БҰЛ ФОКУС ЕМЕС, БҰЛ ФИЗИКА (берілген тапсырма бойынша физикалық тәжірибе жасау); Бұл бөлімде топ мүшелеріне 5 мин уақыт беріледі, сол уақыт ішінде берілген тәжірибені жасап, физикалық мағынасын ашу. 2 топтың ойыншысы 2 конвертті таңдайды. Дұрыс жасалған тәжірибеге - 10 ұпай. «А» конвертінің тапсырмасы: Қажетті заттар: шикі жұмыртқа, суы бар стақан, бірнеше қасық ас тұзы Тапсырма: 1. Суы бар стақанға жұмыртқаны ептеп, қасықпен сал. Не байқалады? Жұмыртқа стақан түбіне дейін түседі, яғни батады. Себебі: Жұмыртқаның тығызыдығы судың тығыздығынан артық. Тапсырма: 2. Стаканға су құйып бетін парақпен жабамыз. Су неліктен төгілмеді Қажетті құралдар: стакан, су, парақ «В» конвертінің тапсырмасы:  Тапсырма: 1. «Суы бар тарелкадағы тиынды қолды суламай қалай алуға болады?» Қажетті құралдар: тарелка, су, тиын, сіріңке, қағаз. Жауабы: Қағазды жағып стакан ішіне саламыз Стаканды тезірек тиынның жанына тарелка ішіне төңкеріп қоямыз. Сонда қағаз сөніп, стакан ақ түтінге толады да, тарелкадағы су оның ішіне жиналып,тиын бұрынғы орнында құрғақшылықта қалады. Мұның себебі, жану кезіндегі стакандағы ауа қысымы артып, оның бірқатар бөлігі сыртқа шығады, ішіндегі ауа қысымы атмосфералық қысымнан азаяды. Нәтижесінде тарелкадағы су ауа қысымы аз стакан ішіне қарай бағытталады. Тапсырма: 2.Піскен жұмыртқа мен шикі жұмыртқаны қалай ажыратамыз Қажетті құралдар:таралке, жұмыртқа

Тапсырма: Сіздің қолыңызда – 500 теңге ақша бар, оған 100 бас мал сатып алуыңыз керек. Жылқы – 50 теңге, сиыр – 10 теңге, қой – 1 теңге. Ойынға барлық көрермендер де қатысуға болады. Есептің шешуі ойынның соңында сұралады.

6-тур.«Бәйге!» Әр команда берілген қағазға бір минут ішінде білетін барлық физикалық шамаларды жазады.Жауаптары қазылар алқасына беріледі, әрбір физикалық шама үшін бір ұпайдан беріледі.

7-тур.«ТІЛ - ӨНЕР» (жұмбақтың шешімін тауып, орыс, ағылшын тіліне аудару); Дұрыс жауапқа қазақ тілінде10 ұпай, орыс тілінде10 ұпай, ағылшын тілінде10 ұпай.





Жұмбақтар: «Атомдар» тобына 1.Аса қажет өмірге халық үшін, Пайдаланады күн сайын жарық үшін. (ток, ток, energy)

2.Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да. Ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыш, линейка, ruler)

3. Суға салсаң батпайды, Отқа салсаң жанбайды. (мұз, лед, ice)

4. Көп болса, асықпайсың, Мезеттен қашықтайсың. Асықсаң аз болады, Табасың мұны қайсың? (уақыт,время,time)


«Тапқырлар» тобына 1. Қабат-қабат қаптама, Ақылың болса аттама. (кітап, книга, book)

2.Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. (ауа, воздух, air)

3. Жұрттың бәрі соны сүйеді, Бірақ қарағысы келмейді. (күн, солнце, sonne)

4.Қозғалысқа келтіріп, Жылдамдығын береді. Өлшемдерін қарасаң, Ньютонға ол келеді. (күш,сила,jackpot)

Сонымен, біздің сайысымыз өз мәресіне жетті, әділ қазылар алқасынан топтардың бағасын сұраймыз. Ендігі сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз."Ғажайып физика" атты интеллектуалды сайысымызда жеңіске жеткен жеңімпаз топты құттықтаймын! Сайысқа өз білімдерін көрсетіп белсене қатысқан барлық оқушыларға үлкен алғысымды айтамын. Келесі кездескенше сау болыңыздар!

Қорытынды. Әділқазылар алқасы екі топты бағалайды.













21 орта мектеп



Сайыс сабақ:



(8 «А,Б» сыныптар)

Қызықты физика


Пәні:Физика Пән мұғалімі: Махамбетов Н.







2016-2017 оқу жылы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Физика пәнінен сайыс сабақ

Автор: Маханбетов Нұрбол

Дата: 31.03.2017

Номер свидетельства: 405340

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) "Физика п?нінен ашы? саба?   "?уат""
    ["seo_title"] => string(33) "fizika-p-ninien-ashyk-sabak-k-uat"
    ["file_id"] => string(6) "254593"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1447778779"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) ""Жас математиктер" сайыс сабағы"
    ["seo_title"] => string(33) "zhas_matiematiktier_saiys_sabag_y"
    ["file_id"] => string(6) "384227"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1485450887"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) "Сыныптан тыс сабақ: Физика әлеміне саяхат"
    ["seo_title"] => string(43) "synyptan_tys_sabak_fizika_lieminie_saiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "356599"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1478602805"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(30) "Физикалы?  сайыс "
    ["seo_title"] => string(17) "fizikalyk-saiys-1"
    ["file_id"] => string(6) "200552"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1428854614"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(77) "Интелектуаллды сайыс"?ызы?ты физика ?лемі" "
    ["seo_title"] => string(45) "intieliektualldy-saiys-k-yzyk-ty-fizika-liemi"
    ["file_id"] => string(6) "161980"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1422291474"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства