Просмотр содержимого документа
«Электрсыйымдылы? »
Физика пәні
Пән мұғалімі – Қойшығұлов Сапарғали
Сыныбы – 10
Сабақтың мақсаты: Электрсыйымдылық
Білімділік: электрсыйымдылық ұғымын заряд және потенциал
ұғымдарымен байланыстыра түсіндіру;
Дамытушылық: алған білімін практикалық есептер шығаруда, қоршаған
ортада әртүрлі құбылыстарды түсіне білуге және түсіндіре
білуге бағыттау;
Тәрбиелік: ұжымдық және топпен жұмыс орындай білу дағдыларын
қалыптастыру.
Сабақтың типі: жаңа білімді игерту, аралас сабақ жүйесі
(Ю. К. Бабанский бойынша)
Сабақтың түрі: сайыс сабақ (топтық жұмыс)
Сабақтың әдісі: репродуктивті
Сабақ құрылымы:
І. Ұйымдастыру кезеңі – 3 мин.
ІІ. Үй тапсырмаларын тексеру, қажет білімді өзектендіру – 7 мин.
ІІІ. Мұғалім түсіндірмесі арқылы жаңа білімді игерту – 10 мин.
ІҮ. «Ой қозғау»
Ү. Білімді бекіту – есептер шығару, үлестірмелі карточкалармен жұмыс
ҮІ. Білімді жалпылау, белгілі бір жүйеге келтіру – редакциялау тәсілі
ҮІІ. Оқушыларды бағалау
ҮІІІ. Үйге тапсырма, сабақты қорытындылау.
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Сыныпты үш топқа бөлу. Әрбір топтың аты бар. Сол қойылған аттарға сәйкес анықтамалар өткен тақырыпқа айту керек.
І топ «Сыйымдылық»
ІІ топ «Заряд»
ІІІ топ «Потенциал»
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Тақырып бойынша түсінік айту, сұрақтарға жауап беру.
1.Қандай заттар диэлектриктер деп аталады?
2.Диполь дегеніміз не?
3.Электр өрісінде диполь өзін қалай ұстайды?
4.Электр өрісіндегі диэлектрикте не болады?
5.Поляризация деген қандай құбылыс?
6.Полярлы диэлектриктің полярлы емес диэлектриктен
айырмашылығы неде?
7.Ортаның диэлектрлік өтімділігінің физикалық
мағынасы қандай?
ІІІ. Жаңа білімді игерту:
Мұғалімнің сөзі:
Жеке өткізгішті зарядтағанда q заряд потенциалға тура пропорционал өзгереді. q -
енді осыны теңдікке айналдырсақ q = с
С – пропорционалдық коэффициент
потенциалды арттырғанда қажетті заряд мөлшері.
С =
= ; 1 = 1
Фарад өте үлкен шама. Мысалы Жер планетасының аса үлкен өткізгіштік сыйымдылығы 7 . 10 -4 . Сондықтан тәжірибелік мақсатта үлестік бірліктер қолданылады.
1 мкф = 10 -6 ; 1 нФ = 10 -9 ; 1 пФ =10 -12 ;
Шар электрсыйымдылығы Сш =
Яғни оқшауланған шардың электрсыйымдылығы оның радиусына тура пропорционал.
ІҮ.«Ой қозғау»
А = q (1 - 2 )
Заряд бір жерден екінші жерге орын ауыстырғанда жұмыс жасалады немесе энергия өндіріледі.
А = F . S
(механика бойынша)
Демонстрациялық жұмыс – приборлармен жұмыс көрсету
Ү. Білімді бекіту – есептер шығару, үлестірмелі карточкалармен жұмыс
1.Вакуумдегі сыйымдылығы 1 Ф болу үшін өткізгіш шардың радиусы қандай болу керек?
2.Сыйымдылықтары 6,0 және 9,0 пФ болатын шардың потенциалдары сәйкесінше 2,0 . 10 2 В және 8,0 . 10 2 В. Екі шардың қосынды заряды қандай? Шарлардың түйіскеннен кейінгі потенциалын табыңдар.
3.Слюдалы конденсатордың пластинкасының ауданы 36 см2, диэлектрик қабатының қалыңдығы 0,14 см. Егер астарлардағы
потенциалдар айырымы 3,0 . 10 2 В, ал слюданың диэлектрик өтімділігі 6-ға тең болса, онда конденсатордың сыйымдылығын, зарядын және энергиясын есептеңдер.
Үлестірмелі карточкалар:
50 мКл зарядты потенциалдар айырымы 200 В болатын өрістің бір нүктесінен екінші нүктесіне ауыстыру үшін қанша жұмыс жасалады? (10 Дж)
Конденсатор сыйымдылығы 400 мкФ, астарларындағы кернеу 40 В заряд шамасын табу керек? (84 МКл)
Тақырып бойынша сұраққа жауап беру:
1.Өткізгіштің элетрсыйымдылығы деп нені түсінеміз?
2.Фарад электрсыйымдылық деп нені түсінеміз?
3..Диэлектрик денелердің электрсыйымдылығы туралы не айтуға болады?
4.Шардың электрсыйымдылығы ондағы заряд мөлшеріне қалай тәуелді?
5.Жекеленген шардың электрсыйымдылығы оның өлшеміне қалай тәуелді?
6.Шарды ауадан тазартылған суға салғанда, оның электрсыйымдылығы өзгере ме?
«Кім жүйрік?»
1.Егер пластиналар арақашықтығын 4 есе кемітсек, онда жазық
конденсатордың электрсыйымдылы қалай өзгереді? Олардың
арасындағы кеңістік диэлектрик өтімділігі 7-ге тең текстолмен
толтырылады. (28 есе артады)
2.Егер бірінші рет потенциалдар айырмасын 4 есе көбейткенде
және екінші рет потенциалдар айырмасы 8 есе көбейткенде
сыйымдылық қалай өзгереді? (өзгермейді)
3.Шар радиусын 4 есе арттырсақ сыйымдылық қалай өзгереді?
(16 есе артады)
«Ойлан, тап!»
1.Адам, үйдің полимерлі еденінде жүргенде, синтетикалық
кілемді басып өткенде, үстінен көйлекті шешкенде электрдің разрядталу кұбылысы байқалады. Себебі не?
2. Авиация саласында ұшақ әуеде ұшқанда ол қонғанда бірден металл трап қоймайды. Неліктен?
3. Цистернадағы бензинді тасығанда, жермен жанастырылған металл шынжыр не үшін байланады?
Тест сұрақтары:
1. Мыналардың қайсысы сыйымдылықтың өлшем бірлігі?
1. 2. 3.
2. Шамалардың қайсысы потенциалдар айырымының өлшем бірлігі емес?
1. 2. Кл/ 3. Н/Кл
3.Шамалардың қайсысы зарядтың өлшем бірлігі емес?
1. 2. 3.
ҮІ. Білімді жалпылау, белгілі бір жүйеге келтіру
«Редакциялау»
1. Конденсатордың электр зарядын .......................және ......................қасиетін электрсыйымдылық деп аталады.
2. Конденсатордың электрсыйымдылығы деп конденсатор .....................конденсатор пластиналары арасындағы ............... қатынасымен өлшенетін физикалық шама.
3. Конденсатор сыйымдылығы пластинаның пішініне (...........................) өлшеміне (....................) және ............. .......... қасиетіне байланысты шама.
1. Конденсатордың электр зарядын жинайтын және сақтайтын қасиетін электрсыйымдылық деп аталады.
2. Конденсатордың электрсыйымдылығы деп конденсатор зарядын конденсатор пластиналары арасындағы потенциалдар айырмасы қатынасымен өлшенетін физикалық шама.
3. Конденсатор сыйымдылығы пластинаның пішініне (ауданы ) өлшеміне (арақашықтығы) және диэлектрлік өтімділігі қасиетіне байланысты шама.
Сабақты қорытындылау: сұрақ-жауап
ҮІІ. Оқушыларды бағалау
ҮІІІ. Үйге тапсырма,
Сыныптан тыс жұмысы
Тақырыбы: Эрудиттер сайысы
Мақсаты: оқушыларға жан-жақты білім беру, білуге, ізденуге ынтасын арттыру, эрудит атауын лайықтыны таңдау.
І – кезең.
«Таңдап алу»
«Температура»
Тапсырма:
Осы сөзге кіретін әріптерден физикамен байланысты жаңа сөздер құрастыру қажет. Ең көп сөз құрастырған 6 оқушы екінші кезеңге өтеді.
Сұрақтар:
«Бар» сөзінің бірнеше мағынасы бар. Төменде келтірілгендердің қайсысы оның мағынасына жатпайды.
1. Буфет 2. Сыра ішу орны 3. Атмосфералық қысым бірлігі
4. Комбайынның кесуші бөлігі
2. Батометр – қандай аспап?
1. Қан қысымын өлшейтін 2. Мұхит, теңіздің түбімен судың құрамын тексеретін
3. Атмосфералық қысымды өлшейтін.
4. Тұңбаның мөлшерін анықтау
3. Спирометр – нені өлшейді?
1. Кеудеге түсектін ауаның мөлшерін 2. Қозғалыс жылдамдығын
3. Жұлдыздың жарықтылығын 4. Спирттің қатылығын
4. Самолеттің ұшу биіктігін немен өлшейді?
1. Монометр 2. Гигрометр 3. Алтьметр 4. Эхолот
5. Сұйықтың тығыздығын немен өлшейді?
1.Барометр 2. Ареометр 3. Спидометр 4.Гигрометр
6. Фотометр – нені нені өлшейтін құрал?
1. Дыбыс күшін 2. Жарық жылдамдығы 3. Жарықты өткізу дәрежесі 4. Жарықтықты Келесі кезеңге 4 адам қалады.
2-кезең
1 билет
Электр лампасына патронды кім ойлап тапты?
1.Лодыгин 2. Яблочкин 3. Эдисон 4. Якобин
2. билет
Асқын өткізгіштікті кім ашты?
1. Ом 2. Гальвани 3. Эредет 4. Камерлинг-Оннес
3 билет
Техникада кеңінен қолданылатын химиялық элемент?
1.Алюминий 2.Сынап 3. Алтын 4.Азот
4 билет
Тогы бар өткізгіш айналысқанда магнит өрісі бар екенің анықтаған ғалым?
1.Ампер 2.Максвелл 3.Эрстед 4.Кулон
Ұпай саны ең аз қатысушы ойыннан шығады.
3 кезең
Кім бірінші қолын көтерсе сол қатысушы жауап береді. Дұрыс жауапқа 1 ұпай қосылады. Ең аз ұпай жинағандар ойыннан шығады.
1. Туындысы сол санның өзіне тең екі санды ата (1 және 1)
2. Страус құспын деп айта ала ма? (Ол сөйлей алмайды)
3. Ең үлкен ғаламшар? (Юпитер)
4. Мақтаның тығыздығының өлшем бірлігі қандай? (кг/м)
5. Екі қолда 10 саусақ Он қолда неше саусақ? (50 саусақ)
6. Резенкенің көмегімен атылған тас қандай энергияның есебінен ұшады? (потенциалдық)
7. Геликоперді – қазіргі заманғы тікұшақты құрастырудың идеясын ұсынған кім? ( Леонардо да Винчи)
8. Килограмдық кір тасының массасы қай уақытта көп болады: жазда ма, қыста ма? (бірдей)
9. Тартылыс құбылысын ашқан? (Ньютон)
10.. «Ас тұзы» сөзінің синонимі? (натрий хлориді)
Ең аз ұпай жинаған 4 оқушы ойыннан шығады.
Жанкүйерлерге сұрақ:
1. Бір жұмыртқаны пісіруге 4 минут уақыт керек, ал 5 жұмыртқаны пісіруге неше минут уақыт керек? – 4 минут
2. Атмофсералық қысымды қандай аспаппен өлшейді? – барометр
3. Жарықтың соңы қай жерде аяқталады? –көлеңке басталған жерде
4. Зат молекуласының қозғалысын ашқан? –Броун
4 кезең
Көп ұпай жинаған 2 оқушы қалады.
Оларға жұмбақ қойылады. Жұмбақты бірінші шешкен оқушы «Эрудит» деп таңылады.
Жұмбақ
Керемет саяхатшы Ол кім?
Көмекші сөйлемдер
1. Юұл саяхатта 3 мың адам үміткер болды.
2. Ол жұмысшы, студент, агроклуб курса.нты.
3. «Кеттік» деген тарихи сөз соныкі
4. Ол әлемдік саяхатты жалғыз өзі атқарды (Гагарин)
Жұмбақтар
Табиғатта заттар көп. Солардың біреуі туралы. Ол қандай зат?