Купжасарова Алмагул Калымжановна М.Б.Ықсанов атындағы №36 орта жалпы білім беретін мектебі, Орал қаласы, Батыс Қазақстан облысы Қазіргі таңда әлемнің алпауыт мемлекеттері көп тілді, әсіресе халықаралық тілдерді меңгеруді маңызды міндет деп санайды. Сондықтан біз де өз халқымыздың қарыштап дамып, өркениеттен кемде қалмау үшін көп тілді меңгеруіміз қажет. Бұл заман талабынан туындап отырған қажеттілік. Себебі, бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін маман бәсекеге қабілетті тұлғаға айналатыны сөзсіз. Осы ретте, президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың: «Қазір біз балаларымыз қазақ тілімен қатар орыс және ағылшын тілдерін де белсенді меңгеру үшін жағдай жасауға шаралар қабылдап жатырмыз. Үштілділік мемлекеттік деңгейде ынталандырылуы керек», – деген болатын 2012 жылы 14 желтоқсандағы Жолдауында. Үш тұғырлы тіл саясатын дұрыс түсінбей, тек қана қазақ тілін қолданайық деп даурыға берудің қажеті жоқ. Одан да біз мемлекеттік тілді дамытып, орыс тілі мен ағылшын тілін қажетіне қарай үйренуіміз керек. Бүгінде ағылшын тілі бастауыш сыныптардан бастап оқытыла бастады. Бұл, өте дұрыс нәрсе. Себебі, бала жастайынан тілді базалық деңгейде білсе, болашақта кәсіби деңгейде үйреніп алуына мүмкіндік туады. Қазақ мектебінде оқыған жас қалада тұрғаннан кейін орыс тілін де білетіні айдан анық. Сонымен қатар, ағылшын тілі тереңдетіліп оқытылғаны құптарлық дүние. Қазіргі кезде мектеп бағдарламасынан ағылшын тілін еркін меңгерген көптеген бітірушілер шет елдерде білімін дамытып, тәжірибесін молайтуда. «Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторларының бірі – еліміздің мемлекеттік тілін, барлық қазақтардың ана тілін одан әрі дамытуға бар күш-жігерімізді жұмсауымыз керек»,– деген болатын. Мейлінше, көп тілді меңгеру қажет, дегенмен өз ана тілімізді ешқашан ұмытпағанымыз жөн. Қазақстандықтардың өскелең ұрпағына үш тілді меңгеру: қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде, орыс тілін ұлтаралық қатынас тілі ретінде және ағылшын тілін халықаралық қатынас тілі ретінде білу мүмкіндігін жасауға деген ұмтылысы өте дұрыс деп ойлаймын. Ағылшын тілі ХХІ ғасырдың тілі. Бұл тіл дүниеге танытатын, әлемдік деңгейге шығаратын тіл. Еліміздің шет тіліне қызығуын, білімге құштарлығын ояту, танымдық белсенділігін арттыру әрбір мұғалімінің міндеті. Сондықтан ағылшын тілін білу жас ұрпақтың міндеті. Қазіргі жаңарған заманда үш тілді қатар меңгеру бұл біз үшін, ұрпақ ұшін құнды нәрсе. Егерде біз тек өз ана тіліміз бен шектелсек, онда бәсекеге қабілетті ел бола алмаймыз. Біз білім берген, тәрбиелеген оқушылар өзіне қажетті білімді ала білуге, оны өмірде қолдана алуға және өмір бойы өз білімін жетілдіруге дайын болуы керек. Осы жолда оқытудың Кембридж бағдарламасының маңызы өте зор. Бұл Бағдарламаның басым бөлігі сындарлы оқыту теориясы негіздерін қамтыған. Ұсынылып отырған жеті модульдің әрқайсысы бір-бірімен тығыз байланысты, олардың әрқайсысын жеке бөліп қарастыру тиімсіз. Бір сабақ барысында бұл модульдерді өзара байланыстыра қарастыру оң нәтиже беретіні сөзсіз. Сондықтан өз тәжірибемде ағылшын тілін өз бетіммен оқып, жеке өз білімімді толықтырып отыруды алға мақат қылып осы бағытта жұмыстанудамын. Әріптесім ағылшын тілінің мұғалімі Ж.Ж.Кубаеваның қала көлемінде таратылған хаттама №1, 16.11.2015 жыл «Үш тілділік - заман талабы» әдістемелік құралын сабақта қолданамын.
Сабақтың тақырыбы: Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль-Ленц заңы Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларға тұрақты токтың жұмысы мен қуаты туралы түсінік беру. Дамытушылық: Тұрақты токтың жұмысының және қуатының физикалық мағынасын түсіндіру. Математикалық өрнектермен таныстыру. Физикалық шамалардың өлшем бірлігін меңгерту. Тәрбиелік: Өмірмен байланыстыру, физикалық көзқарас қалыптастыру. Қорытындылай алуға, нақтылыққа, жүйелілікке, реттілікке, ұжымға, еңбекке тәрбиелеу. Сабақтың типі: Жаңабілім қалыптастыру. Әдісі: Түсіндірмелі-мысалды, теориялық-пратикалық, интерактивті . Сабақтың барысы І. Ұйымдастыру кезеңі: А) Амандасу; Б) Түгендеу; ІІ. Үйге берілген тапсырманы сұрау. Сұрақтар: Электр тогы деген не? Электр тогы бар болу үшін қандай шарттар орындалуы керек? Тұрақты ток деген не? Электр тогының қандай әсерлері болады ? Электр тогын сипаттайтын физикалық параметрлерді атаңдар? Электр тогын өткізетін заттар мен денелерді айтыңдар? Ток күші дегеніміз не, анықтамасын бер. Электр қозғаушы күш деген не? Электр кернеуі деген не? Бөгде күш деген қандай күш? Қандай тұрақты ток заңдарын білесіңдер? III. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі Теориялық бөлім: Электр тогының жұмысы, қуаты. Джоуль- Ленц заңына теориялық түсінік беру. Практикалық бөлім Электр тогының жұмысы Сонымен біз электр тогының бар екенін оның жылулық, химиялық, магниттік және биологиялық әсерлері бойынша білуге болады дедік. Осы әсерлер арқылы электр тогы, нақты айтқанда электр тогының көзі жұмыс жасайды. Мысалы ток өткенде өткізгіш қызады, соның салдарынан олардың ішкі энергиясы өседі. Ал өткізгіштің ішкі энергиясының артуы ток жұмысының есебінен жүреді, осы жұмысты есептейік. Сонда электр өрісі A=qU жұмыс өндіреді. Ток күші I=q/t болғандықтан жұмыс мынаған тең: A=IUt Тізбектің бөлігі үшін Ом заңына сүйеніп Токтың жұмысының өрнегін мына түрде жазуға болады.A=I2 Rt . Тізбектің бөлігіндегі жұмысы ток күшінің кернеуге және жұмыс өндіруге кеткен уақытқа көбейтіндісіне тең. Токтың жұмысы Джоульмен (Дж) өлшенеді. 1Дж = 1A*1B*1c Токтың қуаты- Кез келген электр приборы- электр шамы, электр двигателі т.б. уақыт бірлігінде белгілі бір энергия тұтынуға есептелген. Сондықтан токтың қуаты деген ұғымның маңызы, токтың жұмысы ұғымымен қатар жүреді, яғни бірін- бірі толықтыратын физикалық ұғымдар. Токтың қуаты t уақыттағы ток жұмысының сол уақыт аралығына қатынасына тең шама; P=A/t=IU= I2 R=U2 /R Джоуль- Ленц заңы Егер өткізгіш қозғалмаса, токтың барлық жұмысы өткізгішті қыздыруға жұмсалады. Сол кезде бөлінетін жылу мөлшері мынаған тең болады. Q=A=I2 Rt. Бұл формула Джоуль- Ленц заңын сипаттайды. Ток-ток-electrisity Жұмыс-работа-work Қуат-энергия-energy Күш-сила-power Оқушылар өздері ағылшын тілінен білімдерін пайдаланып, немесе АКТ-ны қолдану арқылы ғаламтор беттерін тауып жауабын айтады. Келесі «Элементар заряд. Кулон заңы. Кернеулік. Потенциал» тақырыбындағы сабақта кесте бойынша қазақ тіліндегі нұсқасын бердім, оқушылар екі тілдегі нұсқасын сәйкесінше сәйкестендіреді. Мұнда қазақша нұсқасын ғана бердім оқушылар берілген тапсырманыөз беттерімен топпен орындайды, ізденеді. Қазақ тілінде | Орыс тілінде | Ағылшын тілінде | Электрлік құбылыстар | положительный заряд | positive charge | Заряд | электрическое явление | repulsion | Оң заряд | отталкивание | electrical phenomenon | Теріс заряд- | закон сохранения зарядов | attraction | Тебілу | притяжение | negative charge | тартылу | заряд | The law of conservation of charge | Зарядтың сақталу заңы | отрицательный заряд | charge | Осы сабақта оң және теріс зарядтар бір-бірімен тартылатын және олардың таңбалары әр түрлі екенін өз беттерімін оқып танысады. Оқушылар оқулықтағы мәтіннен қазақша мағынасын табады, өз беттерімен ізденеді, ағылшын тіліндегі нұсқасымен салыстырып, ойларын жинақтап өз ойларын ортаға салады. Сонда S-south pole-оңтүстік поюс, N-north pole-солтүстік полюс екенін ағылшын тілде біледі. Менің сабақта қолданған әдіс-тәсілдерімнің артықшылығы: оқушы білімді өзі жинақтайды; олар бірін-бірі оқытады; топта жұмыс жасайды; өз бетімен жұмыс жасайды; өзара ой бөліседі; бірін-бірі тексереді. Ұстаздар осы жаңа әдіспен сабақ жүргізуді бәріміз бірдей қолға алып кіріссек, елімізді ең алдыңғы қатарлы елдер деңгейінен көрсете алар едік. Бұл әдістермен жұмыс жасаған соң, біздің өмірге деген көзқарасымыз өзгереді, өмірге жаңа көзқараспен қараймыз. Оқушыларымыз болашақта бірнеше тілде еркін сөйлеп, әлемнің алып елдерімен бірлесе жұмыс жасап, техника мен ғылымды жетік меңгерген тұлға қалыптасатынына сенемін. |