Малаева Улбике Алишеровна– жас маман, 10 б сыныбында физика пәнінен «Қызықты тәжірибелер» тақырыбында тыс сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: өткен курс тақырыптарының теориялық білімдерін практикамен ұштастыру. Шапшаңдыққа, ұқыптылыққа баулу. Ауызша, жазбаша жұмыстарын жүргізе отырып білімдерін бекіту, ойлау қабілеттерін, қиялын дамыту, ой қорытып, нақты шешім жасауға үйрету, бірін – бірі тыңдай білуге үйрету, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Сабақтың түрі: қайталау сабақ. Мұғалім оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру барысында сабақтың әр кезеңінде әр түрлі - әдіс тәсілдер қолданды. Мысалы, өлең шумақтарын оқып, оқушылырадың сабаққа деген ынтасын жоғарылатты. Сабақ ойын, сайыс түрінде топтық, жұптық жұмыстар негізінде балаларға қызықты өтті. Сабақтың әр кезеңдері, бір – бірімен байланысып, жүйелі қорытындыланып өз уақытында өтті. “Ойын арқылы оқыту”, “Дамыта оқыту”, “Оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлау технологияларының элементтерін ұштастыра өткізіп, өткенді қайталауда оқушылардың ойын, қиялын, есте сақтау дағдысын қалыптастыру қарастырылды.
Сабақ жоғары деңгейде өтіп, өз мақсатына жетті.
Асылбекова С.С. - екінші санатты мұғалім, 10 ә сыныбында физика пәнінен «Термодинамикалық параметрлер.Температура және оны өлшеу тәсілдері» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға температура және оны өлшеу тәсілдері жайлы білімін қалыптастыру.Оқушыларды өз бетімен еңбектенуге үйрету, ой өрісін дамыта отырып, кеңейту, пәнге қызығушылығын арттыру. Мұғалім оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру барысында сабақтың әр кезеңінде әр түрлі - әдіс тәсілдер қолданды. Сабақ ойын, сайыс түрінде топтық, жұптық, зертханалық жұмыстар негізінде балаларға қызықты өтті. Пәнаралық байланыстар математика, биология, қазақ тілі пәндерімен болды. Оқыту әдістері: Топтық жұмыс, топтастыру, Венн диаграммасы,ассосация әдісі,диалогтік оқыту, деңгейлік тапсырмалар,
тест,практикалық тапсырмалар. Сабақты эссе жазу арқылы қортындылады.«Адам денесінің қалыптытемпературасы қандай және оны білу қаншалықты маңызды?» Оқушылар толық сабаққа қатысып, елсенділік танытты. Сабақ мақсатына жетті.
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу барысында «Табиғат адамзатқа аманат» бейнематериалын көрсету барысында бейнематериалдың даусы жақсы естілмей қалды.
Мұғалімге Ұсыныс:
Тапсырма берілгенде уақытты дұрыс бөлу.
Оқушылар топпен жұмыс жасау барысында өздері бағалап, мұғалім қадағаласа.
«Мыңбаев ауылындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен»