kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Жас физиктер”

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы:“Жас физиктер”
Ма?саты: О?ушыларды тап?ырлы??а баулу,?йымшылды??а т?рбиелеу.

 О?ушыларды? а?ыл ойыны?,шы?армашылы?ыны?  дамуына жа?дай жасау.

Ойын барысында о?ушыларды? физикалы?   терминдерді ?олдану м?дениетін,

сауаттылы?ын   ?алыптастыру,оларды? п?нге деген  ?ызы?ушылы?ын арттыру.

Ж?ру барысы:

І.?йымдастыру.

ІІ.Физика жайлы лирика.

ІІІ.Физика за?дарын ?ле?ге ?осса? ...

ІV.“Жас физиктер” сайысыны? турлары:

*“Кім білгір”(с?ра?тар ?ойылады)

*С?зж?мба?тар шешейік!

*Жанк?йерлермен сайыс

*?ажайып ?аламшар.

*Формула сыры.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Жас физиктер” »



Тақырыбы:“Жас физиктер”
Мақсаты: Оқушыларды тапқырлыққа баулу,ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Оқушылардың ақыл ойының,шығармашылығының дамуына жағдай жасау.

Ойын барысында оқушылардың физикалық терминдерді қолдану мәдениетін,

сауаттылығын қалыптастыру,олардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Жүру барысы:

І.Ұйымдастыру.

ІІ.Физика жайлы лирика.

ІІІ.Физика заңдарын өлеңге қоссақ ...

ІV.“Жас физиктер” сайысының турлары:

*“Кім білгір”(сұрақтар қойылады)

*Сөзжұмбақтар шешейік!

*Жанкүйерлермен сайыс

*Ғажайып ғаламшар.

*Формула сыры.

Жүргізуші:

Физика бұл өмірдің,

Асыл бір үлкен саласы.

Жаңарды сол физикамен,

Елімнің өзен даласы.

Физика-табиғаттың тілі екен ғой,

Көз тартар табиғаттың сыры екен ғой,

Салған ән,айтылған сөз,ішілген ас,

Бәрінің бағынары физика барлық жерде,

Құрылыста,техникада,өндірісте.

Сырларын бұл ғылымның меңгеріңдер,

Шәкірттер ынта қойып үйреніңдер!

Жүргізуші:

Физиканың елінде

Физиканың тілінде,

Есеп шешіп жарысып,

Жұмбақ шешіп атысып,

Шабыт тасып шалқысып,

Көңілді кеш жасайық.(Қазір сіздерге жұмбақтар қойылады.Сол жұмбақтардың шешімін тапқан оқушылар сайысымызға қатысады.)

Жұмбақтар

1.Жердің жүзін шарлайсың,

Онсыз еш жерге бармайсың.

Көлікпен де,жаяу да,

Саралайсың,таңдайсың.(Жол)


2.Көп болса,асықпайсың,

Мезеттен қашықтайсың.

Асықсаң аз болады,

Табасың мұны қайсың? (уақыт)


3.Қозғалыста сипаттар шапшаңдықты,

Тағы да бір белгісіз шама шықты.

Ол болмаса денелер қозғалмайды,

Шешеді бұл жұмбақты қандай мықты? (жылдамдық)



4.Қозғалысқа келтіріп,

Жылдамдығын береді.

Өлшемдерін қарасаң,

Ньютонға ол келеді. (күш)


5.Бірдей көлемдегі масса кейде көп,

Аз болса да кейде дөп.

Делінеді бұл шама,

Аталуын тапшы тек. (тығыздық)


6.Барлық денелерге тән,

Онсыз болмайды сән.

Әр затта болады әр түрлі,

Өлшеуге болады дәл. (масса)


7.Тереземе ақ моншақ ұрып жатыр,

Тиген бетте түк қалмай сынып жатыр. (жаңбыр)


8.Айнымайды шыныдан,

қорқады тек жылыдан. (Мұз)


9.Дарияның ортасында екі жайын,

бірі кетсе,бірі дайын. (Күн мен Ай)


10.Жерде туып,көкте өледі. (түтін )


11.Көтерілсе жоғары,

Ерітер мұхит мұздарды.

Төмен түссе шамалы,

Сездірер суық ызғарды.(температура)


12.Жүйрік өзі тұлпардан,

Ұшқыр өзі сұңқардан.

Күні-түні жүйткиді,

Кең далада бір тарлан.(Жел)


Жүргізуші:

Физика-тілдесер табиғат тілі екен ғой,

Көз тартар сұлулықтың сыры екен, ғой

Аттсаң аяғыңды,алдыңа орап

Алдыңнан қалмайды екен тіріде ол.


Жанайық мәңгі,сөнбейік,

Мынаған көңіл бөлейік.

Ойлан,тап ойынын ойнайық,

Сұраққа жауап берейік.

Сайысымыздың алғашқы бөлімі“Кім білгір?” сайысы, сұрақтар беріледі.

Сұрақтар.

1.“Физика” грекше фюзис нені білдіреді ...

2.“Физика” сөзі ең бірінші рет қай ұлы ойшыл ғалымның еңбектерінде пайда болды ...

3.“Физика” сөзін орыс тіліне енгізген ғалым ...

4.Барлығы,әлемдегі біздің санамызға тәуелсіз өмір сүреді,ол ...

5.Траектория ұзындығы,уақыт өтуіне қарай дене қозғалысы .... деп аталады.

6.Денелердің Жерге тартылу күші ...

7.Дененің жылулық тепе-теңдік күйін сипаттайтын шама

8.Күшті өлшейтін құрал.

9.Күштің өлшем бірілігі.

10.Бір дене екінші дененің бетімен қозғалған кезде пайда болатын күш.

11.Табиғатты зерттеудің негізгі әдістері?
12.массасының өлшем бірлігіне не алынған?
13.Дене пішінінің немесе өлшемдерінің өзгеруі?
14. Дененің тірекке немесе аспаға түсіретін күші?
15. Табиғаттағы ең қатты зат?

16. Уран мен Шолпанның басқа планеталардан ерекшелігі қандай?

17. Су неше градуста қайнайды?
18. Табиғаттағы ең жұмсақ зат.

19. Қандай планеталар алып планеталарға жатады?

20. Денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын шама .


Жүргізуші:Сайысымыздың келесі бөлімі “Сөзжұмбақтар шешейік”( екі топқа сөзжұмбақтар беріледі)

Жанкүйерлерге сұрақ.“Әзіл-шыны аралас сұрақтар”

  1. Сандыққа нені тығып қоюға болмайды?(жарық)

  2. Күн көзі жылына неше рет шығады?(365 рет)

  3. Қандай жолмен ешуақытта адамдар жүрмейді?(құс жолымен)

  4. Елеуішпен су әкелуге бола ма?(болады,мұз күйінде)

  5. Көзіңмен көресің,бірақ ұстай алмайсың.(көлеңке)

  6. Егер стакандағы суды түгел ішіп қойса стаканда не қалады?(су буы)

  7. Қандай жолмен ешуақытта адам жүрмейді? ( Құс жолы)

  8. Егер стакандағы судың бәрін ішіп қойса не қалады? ( ауа)

  9. Ньютонның заңын ашуына себеп болған не? ( алма)

  10. Көзіңмен көресің бірақ қолмен ұстай алмайсың. Ол не? ( көлеңке)

Жүргізуші:

Түйемен ақсақал келеді,

Сендерге ұрпағым деп сенеді.

Ғажайып ғаламшар тартуын,

Екі топқа үлестіріп береді.

Сайысымыздың келесі бөлімі “Ғажайып ғаламшар”(Астрономиялық тапсырмалар)

1.Астрономияның негізгі құралын атаңыз?

2.Төменгі планеталар.

3.Жоғарғы планеталар.

4.Қазақша баламасын тап:

А)Меркурий-Болпан немесе Кіші Шолпан

Б)Марс-Аңырақай немесе Қызыл жұлдыз

В)Юпитер-Есекқырған

Г)Сатурн-Қоңырқай

Сайысымыздың келесі бөлімі “ Формула сыры. ”

Сайысымыздың бұл сатысында берілген физикалық шаманың белгілену әріпін және өлшем бірлігін жазу керек.





Шама

Белгіленуі

Өлшем бірлігі

Күш



Жылдамдық



Тығыздық



Уақыт



Жол



Серпімділік күші



масса



Еркін түсу үдеуі





Жүргізуші:

Ғылым дами берсін ғаламдағы,

Білімді үйренейік жаңа замандағы.

Аман-сау тұрыңыздар,осыменен,

Физикалық сайысымыз тәмамдалды.

Қорытындылау сөзін әділ-қазылар алқасына береміз.































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физика

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
"Жас физиктер”

Автор: Карсакова Гаухара Ибрайевна

Дата: 14.02.2015

Номер свидетельства: 172878

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) "Физикаклық КТК ойыны"
    ["seo_title"] => string(20) "fizikaklyk_ktk_oiyny"
    ["file_id"] => string(6) "501872"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1551435324"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "внеклассный урок на тему "Кім білгір?""
    ["seo_title"] => string(33) "vnieklassnyiuroknatiemukimbilghir"
    ["file_id"] => string(6) "297469"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456206239"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(101) ""Жас физиктер" физикадан сыныптан тыс ісшара ?зірлемесі"
    ["seo_title"] => string(51) "zhasfiziktierfizikadansynyptantysissharazirliemiesi"
    ["file_id"] => string(6) "278614"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1453115434"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) "Білімді жас физиктер"
    ["seo_title"] => string(22) "bilimdi_zhas_fiziktier"
    ["file_id"] => string(6) "402017"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1490076155"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(99) "Математика мен физика п?ндерінен  сыныптан тыс іс-шара"
    ["seo_title"] => string(50) "matiematikamienfizikapndieriniensynyptantysisshara"
    ["file_id"] => string(6) "307453"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1458329425"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства