Просмотр содержимого документа
«Сыныптан тыс іс шара "Футбол ойыны"»
Тараз химия технологиялық колледжі
Қызықты физика «ФУТБОЛ ОЙЫНЫ»
Ұйымдастырушы: Алтаева Г.А
Тараз 2016ж
Ерінбей еңбек етсен, шыдап егер,
Тікен де гүлге айналып шыға келер.
Сабақтың мақсаты: «Заттың құрылысы туралы алғашқы мәліметтер және жылу» тақырыбында алған білімдерін сайыс арқылы терендету, физика заңдылықтарын пайдалана алу, пәнге деген қызығушылықтарын дамыту.
Оқушыларды ойлануға, өз бетінше жұмыс жасай білуге, жауапкершілікке, шапшандылыққа тәрбиелеу.
Ойынға1 курс білімгерлерінен құралған екі команда қатысады. Құрамында 3 ойыншы: капитан, қақпашы, қорғаушы.
Сонымен қатар ойынның қалыпты өтуін қадағалайтын төреші.Төрешінің міндетіне соғылған доптарды санау және қақпаға ұпай санын жазу жатады.
Әр команданың өз жанкүйерлері болады.
І. Командалардың амандасуы.
Командалар бір-бірімен амандасып,өздерінің ұрандарын орындайды.
Мұғалім ойын шартын түсіндіреді. Сұрақтарды кезекпен команда-командаға оқылады. (Сұрақтар қысқа болу керек, өйткені футбол бұл жылдамдықты талап ететін ойын). Сұраққа қақпашы мен қорғаушы бірігіп ойланып жауап береді.Ойлану уақыты-30секунд. Ал, егер дұрыс жауап бере алмаса, қарсы команда жауп беру мүмкіндігіне ие болады.
«Уақытты тиімді пайдалана білсең,
Оның бағасы да арта түседі»
(Ж.Ж.Руссо)
ІІ.«Белес» кезеңі
«Белес» кезеңінде әр топқа 8 сұрақтан қойылады. Дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі.
«Галилей» тобына:
1. Молекулалары бей-берекет үлкен қозғалыста болатын заттың агрегаттық күйі.(Газ)
2. «Физика» гректің қандай сөзінен шыққан? (Табиғат)
3. Астрономиядағы ең негізгі зерттеу құралы. (Телескоп)
4. Тығыздықтың өлшем бірлігі. (кг/м3)
5. Сандық мәнімен бірге бағыты да көрсетілген физикалық шаманы ата? (Күш)
6. Ғылыми деректермен негізделген жорамал қалай аталады? (Болжам)
8. Денеде туындайтын үдеу оған әрекет етуші күшке тура пропорционал, ал
массасына кері пропорционал. Бұл қандай заң? (Ньютонның екінші заңы)
«Ньютон» тобына
1. Дене молекулалары бір-біріне жанасқан кезде өз-өзінен бір-біріне ену
құбылысы қалай аталады? (Диффузия)
2. Жұлдыздар жүйелері шоғырларын не деп атайды? (Галактика)
3. Массасы 1кг отын түгел жанғанда қандай жылу мөлшері бөлініп шығатынын
көрсететін физикалық шаманы ата. (Отынның меншікті жану жылуы)
6. Атом қандай бөлшектерден тұрады? (Электрон, протон, нейтрон)
7. Қысым тұрақты, температура мен көлем өзгеретін термодинамикалық процесс қалай аталады? (Изобаралық)
8. Денелердің бір-біріне әрекет етуші күштері модулі бойынша өзара тең және
бағыттары бойынша қарама-қарсы. Бұл қандай заң?
(Ньютонның үшінші заңы)
ІІІ.«Шабуыл» кезеңі
«Шабуыл» кезеңінде сұрақтар топқа қойылады. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі. Қосымша көмек алса ұпай саны кемиді. Сұрақты қарсыластары жауап беруге ынта танытса, жауап беру кезегін қарсыластар кезегіне беруге құқығы бар. Бұл жағдайда ұпай қарсыластарына жазылады. Егер топ кезегін бермей өздері жауап беріп, олары дұрыс болмай шықса, тиесілі ұпайлары жинаған ұпайларынан алынып тасталады.
«Шерлок Холмс» жайлы сұрақ қойылады. Шерлок Холмс өте білімді, байқағыш және ойшыл адам болған. Сонымен бірге, осы сайыс кезеңінде ол кісінің «физик» болғанына көздеріңіз жетеді.
1-сұрақ:
Қыс мезгілі болатын. Шерлок Холмс даладан бір үйге кіреді. Қырау басқан терезенің саңылауынан жолдың бір шеті ғана көрінеді. «Мына үйдің қызы жалқау екен» - деп ойлапты. Неліктен ол мұндай ойға келді?
Жауап. Ол үйдің терезесін қырау басып тұр. Онда терезе жақтауларының аралығына тесіктер арқылы бөлмеден жылы дымқыл ауа кіріп, суық ауамен жанасқанда терезеге қатып қалады. Бұдан шығатын қорытынды терезе дұрыстап жылыланбаған.
2-сұрақ:
Бір үйге келген Шерлок Холмс, үй иелерімен әңгімелесіп отырып, бірер минуттан кейін: «Сіздің ас үйіңізде шәйнек қайнап жатыр» - деген екен. Оның отырған бөлмесінен ас үй көрінбеген, онда ол мұны қайдан білді?
Жауап. Әдетте шәйнек қайнағанда қақпағы бүлкілдеп тұрады, оның қозғалуы ішіндегі су қайнап бу түзілген кезде қысымы артады да, ол қақпақты көтеріп жібереді, қақпақ ашылғанда бу сыртқа шығып, іштегі қысым азаяды, қақпақ орнына түседі, сол кезде дыбыс шығарады. Процесс осылай жалғаса береді.
3-сұрақ:
«Құймақ ыстық кезінде ғана тәтті» - дейді Шерлок Холмсты ас ішуге шақырған аспазшы, - «Олар көпке дейін ыстық болып тұруы үшін, мен құймақ салынған табақты металл подносқа салып қоямын» - депті сөзін жалғастырған аспазшы. «Одан да құймақты ағаш подносқа салған дұрыс болар», - деп Шерлок Холмс кеңес беріпті. Бұл кеңесінің астарында не жатыр?
Жауап. Ағаштың жылу өткізгіштігі металға қарағанда аз болады. Сондықтан ағаш подноста табақ баяу суиды.
4-сұрақ:
Шерлок Холмс түскен үйдің иесі есікке барып, ішке мысықты кіргізеді. Мысықты көрген Шерлок Холмс «Сыртта ауа райы суық екен», - дейді. Ол мұны үйде отырып қалай білді?
Жауап. Мысықтың жүніне қарап анықтаған. Суық күнде мысықтың жүні әдеттегіден де қобырайып үлпілдеп тұрады, оның әр талының аралығында көбірек ауа болады, ол жылуды нашар өткізеді.
ІV«Қорғаныс» кезеңі
Бұл кезеңде әр топқа есеп беріледі. Топпен біріге отырып шешеді және шешу жолдарын түсіндіріп өтеді. Есеп дұрыс болған жағдайда 10 ұпай беріледі.
«Галилей» тобы:Есеп. t=270Стемпературада бір атомды идеал газдың ішкі энергиясы U=15кДж. Осы газдың зат мөлшерін анықтаңдар.
Бер: Формуласы: Шешуі:
t=270С
U=15кДж
ν - ?
«Ньютон » тобы
Есеп. Ішкі энергиясы 300Дж-ге тең болатын 270С температурадағы, сыйымдылығы 2л ыдыстағы идеал газ молекулаларының концентрациясын табыңдар.
Бер: Формуласы: Шешуі:
U=15кДж
t=270С =
V=2л
n - ?
« Жанкүйерлермен ойын»
1. Мұз суда неліктен жүзеді? (Өйткені мұздың тығыздығы судың
тығыздығынан аз)
2. Неліктен су отты сөндіреді? (Су ауа жібермейді, от ауасыз жанбайды)
3. Қандай жолмен еш уақытта адам жүрмейді? (Құс жолы)
4. Көзіңмен көресің, бірақ ұстай алмайсың? (Көлеңке)
5. Маса мен шыбынның қайсысы қанатын көбірек қағады? (Маса)
6. Теңіз не себептен көк болып көрінеді? (Көк аспанды шағылдырады)
7. Жүрегінің қуаты 2,2Вт
Ғұмырында 40тонна тамақ жейді
Жердегі ең ақылды тіршілік иесі? (Адам)
Төрешілер ұпай сандарын есептеп,жеңімпаз команданы атайды.