kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Математика ж?не физика ?лемінде

Нажмите, чтобы узнать подробности

Іс-шараны? ма?саты: о?ушыларды? математика ж?не физика п?ніне деген ?ызы?ушылы?тарын арттырып, іскерлік, ізденгіш, шы?армашылы?, интеллектуалды? ?абілеттерін дамыта отырып жеке т?л?аны ?алыптастыру.

Білімділік: О?ушыларды? математика ж?не физика п?ндерінен ал?ан білімдерін ж?йелеу ж?не к?нделікті ?мірмен байланыстыру.

Дамытушылы?: О?ушыларды? шы?армашылы?, тере? ойлау, тез шешім ?абылдау ?абілеттерін дамыту

Т?рбиелік: О?ушыларды? топпы? ж?мыс жасау кезінде ?згені ты?дап ?зін таныту?а, жан-жа?ты ізденуге, жауапкершілікке т?рбиелеу.

Іс шараны? методикалы? ма?саты: саба?тан тыс іс – шараны ?ткізуді? ойын ?дісін ж?не п?н аралы? байланысты пайдалана отырып математика ж?не физика п?ндеріне деген ?ызы?ушылы?тарын арттыру.

П?наралы? байланыс: математика, физика.

Іс – шараны? т?рі: топты? жарыс.

Іс – шараны? типі: Ойын т?рінде.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Математика ж?не физика ?лемінде»

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі

Теміртау политехникалық колледжі





КЕЛІСІЛДІ

ЦӘК отырысында қабылданды

төрайымы Ибраева Н.Н_________

Хаттама № ____________________

«___» ________________20_____ ж.



БЕКІТЕМІН

Колледж әдіскері

Жанисова Р.Н._____________

«_____»________20__ж.







Сабақтан тыс іс шара

«Математика және физика әлемінде»









Құрастырған:

Төлеутай А.Т.

Жумабекова Э.Б.









Теміртау 2016 ж.

Математика және физика әлемінде

(Сыныптан тыс іс-шара)


«Математика - барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те»

Р.Бэкон

«Физика - тек қана техникаға алғашқы қадам емес, сондай – ақ адамзат ойының түкпіріне жол»

М. Борн


Іс-шараның мақсаты: оқушылардың математика және физика пәніне деген қызығушылықтарын арттырып, іскерлік, ізденгіш, шығармашылық, интеллектуалдық қабілеттерін дамыта отырып жеке тұлғаны қалыптастыру.

Білімділік: Оқушылардың математика және физика пәндерінен алған білімдерін жүйелеу және күнделікті өмірмен байланыстыру.

Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық , терең ойлау , тез шешім қабылдау қабілеттерін дамыту

Тәрбиелік: Оқушылардың топпық жұмыс жасау кезінде өзгені тыңдап өзін танытуға, жан-жақты ізденуге, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Іс шараның методикалық мақсаты: сабақтан тыс іс – шараны өткізудің ойын әдісін және пән аралық байланысты пайдалана отырып математика және физика пәндеріне деген қызығушылықтарын арттыру.

Пәнаралық байланыс: математика, физика.

Іс – шараның түрі: топтық жарыс.

Іс – шараның типі: Ойын түрінде.

Көрнекіліктер: ноутбук, презентация, эмблемалар, карточкалық тапсырмалар, логикалық есептер.

Сайыс кезеңдері: 60 мин.
1 кезең. Таныстыру. 5 мин

2 кезең. Сергіту сәті. 10 мин

3 кезең. Практикалық сайыс. 15 мин
4 кезең. Үйімізге саяхат. 25 мин

А) Физика.

Б) Математика.
5 кезең. Жанкүйерлер сайысы.
6 кезең. Қортындылау.5 мин

(Әр топ үй жұмысы ретінде бір екі эксперимент дайындап, көрсетеді, ал қарсы топ сол эксперименттегі физикалық құбылыстарды түсіндіреді)




Іс – шара барысы:

І жүргізуші «Ая Толеутаевна»: Армысыздар құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар!
Сіздерге “Математика және физика әлемінде” – атты сайысымызды ашық деп жариалауға рұқсат етіңіздер!

ІІ жүргізуші «Эльмира Батырхановна»: Орыс ғалымы М. Ломоносов «Ақыл - ойды тәртіпке келтіретін – математика, сондықтан оны оқу керек», – деген болатын.
Олай болса, бүгін сіздер физика мен математика жұмбақты да, тартымды әлеміне саяхат жасайсыздар. Сіздер бұл әлемнің қаншалықты қызықты, әрі сан алуан екендігіне көз жеткізесіздер.

І жүргізуші: Бүгінгі сайысымыз келесі кезеңдерден тұрады:

  • 1 кезең. Таныстыру. Бұл кезеңде топ жетекшісі өзін және өзінің топ мүшелерін әділ қазы алқасымен, қарсыластармен және көрермендермен таныстырады.

ІІ жүргізуші:

  • 2 кезең. Сергіту сәті. Бұл кезеңде топ мүшелері экранда ұпайлардың артына жасырылған сұрақтарды таңдап оған берілген уақытта жауап беру қажет. 10, 20, 30, ұпайдан 4 сұрақтан беріледі. Топ өзіне қойылған сұраққа жауап бере алмаса, жауап беру құқығы келесі топқа беріледі.

ІІ жүргізуші:

  • 3 кезең. Үй тапсырмасы. Бұл кезеңде әр топ бір немесе бірнеше эксперимент дайындап әкеліп көпшілік назарына ұсынады, ал қарсылас топ осы экспериментте байқаған физикалық құбылыстарды түсіндірулері қажет.

ІІ жүргізуші:

  • 4 кезең. Үйімізге саяхат. Бұл кезеңде әр топ күнделікті тұрмыстық жағдайда кездесетін түйіткіл жағдайларды, математика және физика пәндерінен алған білімдерін пайдалана отырып шешуге тырысады.

ІІ жүргізуші:

  • 5 кезең. Жанкүйерлер сайысы. Бұл сайыс әр топтың жанкүйерлері арасында жүргізіледі. Жанкүйерлердің әр бір дұрыс берген жауабы топтың қазынасына береді.

ІІ жүргізуші:

  • 6 кезең. Қортындылау. Бұл кезеңде сайысымыздың қортындысы шығарылып жеңімпаз топты мараппаттаумен аяқталады.

І жүргізуші: Осы сайысымыздың әділ өтуін қадағалап жеңімпазымызды анықтайтын әділ қазы алқасымен таныстыра кетейік.

  1. ...................................................................................................

  2. ...................................................................................................

  3. .......................................................................................................

І кезең

ІІ жүргізуші: Мейірімді жүрекпен,
Ақ пейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық – деп бірінші кезеңімізді бастап, сайысқа қатысушы топтармен танысайық. Сөз кезегі бірінші топқа беріледі.

1 топ.............................................................................................

2 топ.............................................................................................

ІІ кезің

І жүргізуші:

Уа, халайық, халайық.
Бәріңе жар салайық
Бүгінгі кеш төрінде
Дарындылар елінде
Тапқыштардың тілінде
Есеп шешіп, жарысып,
Жұмбақ шешіп аңдысып,

ІІ жүргізуші:

Есеппен ән салысып,
Көңілді кеш жасайық,
Жұмбақ шеруін шашайық,
Мұнда қызық тағы бар
Жаңылтпаш, жұмбақ тағы бар,
Ат салысып, аянбай
Бар өнерге басайық.


І жүргізуші: Сонымен келесі кезеңіміз «Сергіту сәтін» бастайық. Сұрақты таңдау құқын бірінші топқа берейік.

10 ұпай (қызыл). Бұл санды төңкеретін болсаң, ол үшке азаяды. Бұ қай сан? (9)

10 ұпай (сары). 1 кг судың көлемі нешеге тең? (1 литр)

10 ұпай (көк). Егер сағат 12.00 де жаңбыр жауып тұрған болса, онда 36 сағаттан кейін жаңбырсыз күн болуы мүмкін бе? (Жоқ, себебі 36 сағаттан соң түнгі сағат 12 болады.)

20 ұпай (қызыл). Таңертеңгілік кезде Айманды анасы мектепке көлігімен апара жатқан еді. Айман автокөліктің артқы жағында отырып, анасының сөмкесіндегі әтірін алып өзіне сеуіп алған кезде, оның анасы бірден біліп қойды. Артына бұрылмастан және дыбысын естіместен Айманның анасы қызының іс әрекетін қалайша біліп қойды? Осы құбылысты физикалық заңдылық негізінде түсіндіріңдер. (Диффузия құбылысының негізінде әтірдің иісі автокөлік ішіне таралып кетті.)

20 ұпай (сары). Атасы 56 жаста, ал немересі 14 жаста.Неше жылдан кейін атасының жасы немересінен екі есе үлкен болады (28 жылдан кейін )

20 ұпай (көк). Айнұр өзінің құрбысына бәліш пісіріп шай бермекші еді. Құрбысы келгенше дайын болған бәлішін, суып қалмас үшін алюминийден жасалған ыдысқа салып қойды. Бірақ Айнұрдың құрбысы келген кезде бәліштері суып қалған екен. Айнұр қандай қателік жасады?

30 ұпай (қызыл). Аты әлемге танылған бір ғалым қазанда тұрған 400 г. пісірлген құмық жармасын тауып алып жеп қойғаннан кейін, қанша тонна құмық жармасын жедім деп ойланған екен. Сіздердің ойларыңызша ол ғалым неше тонна құмық жармасын жеді? Жауабы: 0,0004 т.

30 ұпай (сары).

30 ұпай (көк). Алмат озіне көже пісірмекші болып, жарты қазан жасыл түсті ботқа пісіріп алып, жеуге келмейтінін түсінген ол сол ботқаның тығыздығын анықтауға кірісті. Егер ботқаның массасы 1 кг 300 г, ал көлемі 0,001м3 болса Алматтың пісірген ботқасының тығыздығы қандай болмақ? Жауабы: 1,3 кг/м3 .



І жүргізуші:

Келер ұрпақ даналарға ұқсап туса,
Омар Хаям, Әл Фараби жолын қуса
Елімнің болашағы гүлденеді
Ғылымның шамшырағы жанып тұрса – демекші келесі кезеңіміз «Үй тапсырмасына» жол берейік.
І топ___________________________.

ІІ топ__________________________.

І жүргізуші:

Білім деген биік шың
Бақытқа сені жеткізер
Білім деген ақылшы
Қиындықтан өткізер – деп келесі кезеңімізді бастайық. Келесі кезеңіміз «Үйімізге саяхат» - деп аталады.

ІІ жүргізуші:

Жастықтың оты қайдасың

Жүректе түртіп қозғамай

Ғылымның білім пайдасын

Дүниенің көркін болжамай, - дей отырып бірінші топтан бастайық.

Ас үй.

1 сұрақ. Суының деңгейімен температурасы бірдей екі стакан суды алып біріне бір шай қасық тұз салынады, осы стакандарға салынған жұмыртқаның бірі батып кетсе, ал екінші қалқып жүзіп жүреді. Сұрақ: Қай стакандағы жұмыртқа суға батпайды және оның себебі неде? Жауабы: Тұз салынған стакандағы судың тығыздығы көп, сәйкесінше жұмыртқаға әсер ететін Архимед күшінің шамасы да үлкен, сол себепті жұмыртқа тұзды суда батпайды.

2 сұрақ. Арман бір шелек суды көтеріп келе жатып жолдасынан: «Шелектегі су қай кезде ауыр болады, ыстық күйінде ма, әлде сұйық күйінде ма» - деп сұрады. Сол кездегі Арманның жолдасының жауабы қандай болды? Жауабы: Шелектегі суды ысытқан кезде молекулалардың арасындағы кеңістік үлкее түседі де судың тығыздығы азаяды, ал суық судың молекулалары бір біріне тығыз орналасқандықтан тығыздығы көп болады. Ал дененің тығыздығы артқан сайын оның массасы да артады. Сол себепті суық су ыстық сумен салыстырғанда ауырлау болады.

3 сұрақ. Көлемі 50 мм, 9 % сірке қышқылын жасау үшін, су мен сірке қышқылының қандай мөлшерін араластыру қажет?

Қонақ бөлмесі:

1 сұрақ. Қонақ бөлмесіндегі жылыту радиаторының үстінде жайылып тұрған шүперектің температурасы, жылыту радиаторының температурасымен бірдей болады ма? Жауабы: Жылыту радиаторының температурасы шүперектікіне қарағанда үлкен болады, себебі шүперектің жылу өткізу қабілеті төмен болғандықтан шүперетен қолға өтетін жылу аз болады.

2 сұрақ. Үйіне келген қонағы терезеге қарап, үй иесіне: «Үйініз салқые екен» - деп айтты. Келген қонақ терезеден нені аңғарды және оның мұндай шешім қабылдауына не себеп болды? (Келген қонақ терезедегі шықты байқады, ал шықтың пайда болу ауадағы су буының конденсациалануынан пайда болады. Оған себеп бөлме температурасының төмен болуы.

3 сұрақ. Қабырғасының жалпы ауданы 45 м2 болатын бөлмеге қанша орам түсқағаз сатып алу қажет? Бір орамдағы түсқағаз ұзындығы 12 м, ені 50 см.

Жуынатын бөлме.

1 сұрақ. Алма шомылып болғаннан кейін жуынатын бөлмедегі кабырға плитасының және айнаның бетіне су тамшыларының пайда болғанын байқады, ал осы бөлмедегі ағаштан жасалған шкафтың бетінде су тамшысы байқалмады. Бұл құбылыстың себебін түсіндіріңдер. (Айна және қабырға плитасының жылу өткізгіштік қасиеті жоғары, ал ағаштан жасалған шкафтың жылу өткізгіштік қасиеті төмен сол себепті олардың беттерінің температуралары сәйкесінше төмен және жоғары болады. Ал ауадағы су буы суық бетпен әрекеттескенде конденсацияланады).

2 сурақ. Құрметті оқушылар дүкеннен жуынғаннан кейін киетін халат сатып алуға көмек көрсетініздерші. Таңдау өте көп, қандай халат түрін алсам жуынғаннан кейін өзімді жайлы сезінер едім? Халаттардың синтетикадан, мақтадан, нейлоннан және жібектен жасалған түрлері бар екен. (Суға түсіп шыққан кейін мақтадан жасалған халатпен жайлы болары сөзсіз. Себебі мақтадан жасалған халат көптеген каппилярлардан тұрады, ол капиллярлар адам денесіндегі артық ылғалды тез сорып алып, адам денесінің температурасын қалыпты деңгейге келтіреді)

V кезең. Жанкүйерлер сайысы

  1. Шеңбер бойындағы екі нүктені қосатын және центр арқылы өтетін кесінді. (диаметр)

  2. Шөпті басып, жапырып кетіп едіңдер, ол қайта көтеріліп кетіпті, неге? (Серпімділік құбылысы)

  3. Көбейтіндісі 1-ге тең бөлшектер қандай сандар деп аталады? (өзара кері)

  4. Басқан жерде із қалар, Айтқан жерде сөз қалар. Қандай құбылыспен байланысты? (Қысым заңдылығы)

  5. 640 саны 5 –ке бөліне ме? (иә)

  6. Адамның шашын, қасын мұртын қырау шалатыны неліктен? (Тыныс алғанда шыққан бу суық нәрсемен кездескенде конденсаяцияланады).

  7. Балалар, міне орманды аралап келесіңдер, айнала жайқалған гүлдер, гүлден –гүлге қонған көбелек, ызылдаған ара, масалар ұшып жүр. Гүлдердің жұпар иісі аңқып тұр.Бұл не құбылыс?

  8. Алымы бөлімінен кіші бөлшек (дұрыс бөлшек)

  9. Натурал сандар нешеден басталады? (1-ден)

  10. Дәлелденетін тұжырым не деп аталады? (теорема)

  11. Бірлік уақыттағы тербелістің саны қандай шамаға тең? (жиілік)

  12. Жазыңқы бұрыш шамасы нешеге тең? (180 градус)

  13. Шеңбер ұзындығының диаметрге қатынасы нешеге тең не пи – дің мәні нешеге тең? (3,14)

  14. Биссектрисалары өзара перпендикуляр болатын төртбұрыш (шаршы, ромб)

  15. ОУ осі қалай аталады? (ордината)


Сиқырлы квадраттар


4


9


2


3


5


7



8


1


6


19


26


21


24


22


20



23


18


25


11


16


15


18


14


10



13


12


17










І Жүргізуші:

Жас дос! Табиғаттың таңғажайып құбылыстарын ұғынып, білім нәрімен сусындауда физика және математика пәні өздеріңе ақылшы әрі сенімді серік болады деп сенемін.

VІ кезең. Қортындылау

ІІ жүргізуші:

Білім деген биік шың
Бақытқа сені жеткізер
Білім деген ақылшы
Қиындықтан өткізер.


Алдыңызда жайнаған жүздер әні
Сіздермен кездесерміз біздер әлі
Әділ қазы, көрермен сау тұрыңдар
Күтеді бізді жарқын күндер әлі

Қиындықтан сірә да біз қашпаймыз,
Алғырлықпен тапқырлықты ұштаймыз.
Қиялдарға самғап ұшқан құстаймыз,
Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз – дей отырып, жеңімпаз топты анықтай үшін әділқазылар алқасына сөз кезегін берейік.


І жүргізуші:
Көңіл бөліп бұл кешке,
Келгендерге көп рахмет.
Шын сезінген көрерменге,
Мың рахмет, мың рахмет!

Қорытынды парағы

Топтар

І- топ

ІІ- топ

І кезең



ІІ кезең



ІІІ кезең



ІV кезең



V кезең






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физика

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 10 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Математика ж?не физика ?лемінде

Автор: Жумабекова Э.Б, Толеутай А.Т

Дата: 15.06.2016

Номер свидетельства: 334766

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(51) "Ашы? саба? "Ф дыбысы ж?не ?рпі""
    ["seo_title"] => string(25) "ashyksabakfdybysyzhnierpi"
    ["file_id"] => string(6) "298116"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456295261"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства