kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Білімді ұрпақ - ел тірегі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білімді ұрпақ - ел тірегі сыныптан тыс шара. Физика және информатика пәні

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Білімді ұрпақ - ел тірегі»

Тақырыбы: «Білімді ұрпақ – ел тірегі»

Мақсаты:

1.Оқушылардың физика және информатика пәндеріне деген қызығушылықтарын арттыру, физика және информатикадан алған білімдерін нығайту, ойлау қабілеттерін дамыту.

2. Ұйымшылдыққа , топ болып жұмыс жасауға, өздіктерінен іздене

білуге, ой қорытындысын жасай білуге, шапшаңдыққа, жинақылыққа дағдыландыру.

3.Оқушылардың мақсатқа жету барысында жауапкершіліктерін жетілдіру,

күшіне деген сенімін арттырып, үлкен жетістіктеріне жетуге тәрбиелеу.





Ойын түрінде өткізілетін сыныптан тыс жұмысқа 8«а», 8«ә» және 8«б» сынып оқушылары 3 топқа бөлініп қатысады. Өздері топ басшыларын сайлап, топтың атын, ұранын және төсбелгі ойлап табады.

«Білімді ұрпақ – ел тірегі» атты сынптан тыс шараға қош келдіңіздер.

І-жургізуші

-Уа, халайық, халайық!

Бәріңе жыр салайық

Бүгінгі кеш төрінде

Информатика елінде

Физика тілінде



ІІ-жүргізуші

Есеп шешіп жарысып.

Шабыт тасып шалқысып

Есеппен ән салысып

Көңілді кеш жасайық.





І-жүргізуші

Шақырамыз үш топты ортаға

Қол соғады көрермендер таңдана.

Сайыскер өнеріңді ортаға сал,

Осы кеште біліміңді сынап ал.

Білмегеніңді осы бүгін біліп ал.



ІІ-жүргізуші

Әділдікпен баға берер сіздерге,

Әділдікпен қара қылды жаруға,

Әділ қазы алқаларын сайлайық

Жүлделерді таңдап бүгін алуға –дей келе әділқазы алқалары мүшелерімен танысайық.

1._____________________________________________________

2._____________________________________________________

3._____________________________________________________





Турларымызды таныстырып өтейік.

  1. Таныстыру

  2. Білім минуты (сұрақтар)

  3. Домина (формула құрастыру)

  4. Жұмбақ шешу (жауабын тауып, орысша, ағылшынша аудару)

  5. Мақал-мәтел (берілген мақал-мәтелдердің физикалық мағынасын ашу)

  6. Зертханалық жұмыстар (зертханалық жұмысты жасап, физикалық мағынасын ашу)

  7. «Мақал – сөз мәйегі»

  8. Смайликтер сөйлейді


І-жүргізуші

Бас иіп топ алдына шығатын

Сәлемдесу парызы әрбір жастың

Білімдерін паш етер сайыскерлер

Сәті келіп қалғандай танысатын дегендей сайысымыздың бірінші кезеңі "Таныстыруды бастайық"!


ІІ жүргізуші:

Білім деген биік шың
Бақытқа сені жеткізер
Білім деген ақылшы
Қиындықтан өткізер экранда берілген сұрақтарға жауап беру керек. Әр дұрыс жауап үшін 1 ұпай аласыз.


1. Дененің кинетикалық энергиясы тәуелді.

2.Тұрақты көлемімен нақты пішіні болмайтын күй:

3. Сұйықтар мен газдарға толық батырылған денеге әсер ететін ығыстырушы күш тәуелді емес 

4. Суға толық батырылған дене, қалқып шығады, егер …

5. Тұңғыш қазақ ғарышкері

6. Дененің ішкі энергиясы неге тәуелді?

7. Егер идеал газ алған жылу мөлшері есебінен тек жұмыс атқаратын болса, онда газбен қандай процес жүрді?

8.  Су, мұз, бу молекулаларының бір-бірінен айырмашылағы бар ма?

9.  Қандай бөлмеде әтір иісі тез тарайды: жылы ма, әлде суық па?

10. Аттас зарядтар бір-біріне тартыла ма?


Жауаптары:

1. Дененің кинетикалық энергиясы тәуелді. (дененің жылдамдығы мен массасына)

2.Тұрақты көлемімен нақты пішіні болмайтын күй: (тек газ)

3. Сұйықтар мен газдарға толық батырылған денеге әсер ететін ығыстырушы күш тәуелді емес  (батырылған дененің пішініне)

4. Суға толық батырылған дене, қалқып шығады, егер … (дененің ауырлық күші Архимед күшінен кіші болса)

5. Тұңғыш қазақ ғарышкері (Т. Әубәкіров)

6. Дененің ішкі энергиясы неге тәуелді? (бөлшектердің ретсіз қозғалысының энергиясы мен өзара әсерлесу энергиясына)

7. Егер идеал газ алған жылу мөлшері есебінен тек жұмыс атқаратын болса, онда газбен қандай процес жүрді? (изотермиялық процесс)

8.Су, мұз, бу молекулаларының бір-бірінен айырмашылағы бар ма? (Жоқ, олар бірдей).

9.  Қандай бөлмеде әтір иісі тез тарайды: жылы ма, әлде суық па? (жылы бөлмеде, себебі диффузия жылдамдығы жоғары температурада артады, яғни иіс тез тарайды).

10. Аттас зарядтар бір-біріне тартыла ма? (тебіледі)


І жүргізуші:


«Домино» ойыны сіздерге екі парақ беріледі. Екі парақта домино әдісі бойынша 5 минутта формулаларды толықтыру керек. Іске сәт. Әрбір дұрыс құрастырылған доминоға 5 балл.


Бұл кезеңде қатысушылар бос торкөздерге сәйкес шамаларды қойып, өрнектерді толықтыруы тиіс. Бірінші болған қатысушы 5 ұпайға ие болады.

Парақ таратылады.

ІІ жүргізуші:

Келді кезек полиглотты шешуге,

Жауаптарды аударуға үш тілде.

Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз.

15 ұпай шәкірт саған несібе.

Ендігі «Жұмбақ шешу» сіздерге берілген жұмбақты шешіп, жауабын орысша, қазақша, ағылшыншаға аудару.

Бар нәрсеге жетік, Миы күшті тетік. Ол арқылы сөйлесіп, Кетесің шетелге де өтіп. / компьютер, компьютер, computer /

Компьютердің миымын, Ақпаратты сақтаймын. /жүйелік блок,Системный блок, Systemunit. /

Әдетте үнсіз тұрамын Белгі берсең ұғамын Жазуы бар қағаздың Құралы боп шығамын / Басып шығарғыш, принтер, printer. /

Компьютердің айнасы Бағдарыңды таңдашы Сурет, сөзін көрсетіп Тиер саған пайдасы / Монитор, Монитор, Screen. /

Қанша тетік тізілген Саусағыңды сезінген Барлық сенің ойыңды Компьютерге енгізген /Пернетақта, Клавиатура, Keybord. /

Барлық сурет, мәтінді Компьютерге енгізген Керек емес жерін де Компьютерден өшірген /Мәтіналғы, Сканер, Scanner. /

І жүргізуші:

Ал, балалар, балалар

Мақалдарды айтайық.

Талай жерді көрейік

Асулардан өтейік

Түзу жолды жасайық

Білімге біз енейік

Кедергіні жеңейік,-деп қазір экрада пайда болған мақал-мәтелдің қандай физикалық тақырыптарға, құбылыстарға сәйкес келетінін табуға тиіссіздер. Әрбір дұрыс жауапқа 5 балл.

  1. Қазан отпен, адам әрекетпен қызады. (жылулық қозғалыс, ішкі энергияны өзгерту тәсілдері)

  2. Тонның жылуы – терісінен емес, жүнінен. (Жүннің арасында ауа бар. Ауаның жылу өткізгіштігі нашар, сондықтан тон адамның қызуын сыртқа, ал сыртқы суықты адам денесіне тигізбейді.)

  3. Отты үрлеген жағады, шындықты іздеген табады. (Отты үрлеген кезде, отқа жаңадан таза ауа келеді де оттың жақсы жануына себепші болады.)

  4. Жел болмаса, шөптің басы қимылдамайды. (инерция заңы)

  5. Нан піскенше күлше күйеді. (Неғұрлым қыздырылған дененің массасы аз болса, соғұрлым оған аз жылу беру керек.)

  6. Бір құмалақ, бір қарын майды шірітеді. (диффузия құбылысы)

ІІ жүргізуші:

Физика тілдесер табиғаттың тілі екен ғой
Көз тартар сұлулықтың сыры екен ғой
Аттасаң аяғыңды, алдыңды орап,
Артыңнан қалмайды екен тірі де ол
Саған ән, айтылған сөз ішілген ас,
Ғарыштың кемелері, атылған тас
Аққан су, соққан дауыл, айтылған жыр,
Бәрінің бағынары физика ғой!-сіздерге құралдар беріледі. Сол құралдардың көмегімен физикалық зертхана жасап, қандай заңға негізделгенін айтасыздар.

Конверті таңдап алып, берілген тапсырманы алыңыздар.

  1. Стакан, су, қағаз. Стакандағы суды қағазбен жауып тұрып төңкергенде, су ақпайды. Неге? (Атмосфералық қысым төменнен жоғары қарай да әсер етеді)

  2. Бір шарды газетпен үйкелеп, ал екіншісін жүнмен үйкеп оларды бір - біріне жақындатайық. Олар бірін - бірі тебеді. Неліктен? (әр аттас зарядтар бір - бірін тартады)

  3. Тарелкенің ішіне тиынды салып, су құямыз.

Сұрақ: тарелкедегі тиынды қолды суламай қалай алуға болады?

Керекті заттар: май шам, шырпы, банка, тиын.

І жүргізуші:

«Мақал – сөз мәйегі» әрбір дұрыс жауап үшін 5 балл. Мақал-мәтелдер оқылады. Сол мақалды табуыңыз керек.

1.Жігітті компьютеріне қарап, бағала

Жігітті досына қарап, бағала

2. Байт биттен құралады

Теңге тиыннан құралады

3.Вирустан қорыққан, Интернетке шықпас

Шегірткеден қорыққан, егін екпес

4.Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім

Аттың сыры, иесіне мәлім.

5.Веб-дизайншының өз еркі, сайтты қалай жасаса

Қазаншының өз еркі, құлағын қайдан шығарса

6.Бір ядролы процессор жақсы, ал екі ядролы одан да жақсы

Бір ақылдан, екі ақыл артық

7.Антивирусы күштіні – вирус ала алмайды

Досы күштіні – жау алмайды

8.Күлсең ескірген компьютерге күл

Күлсең кәріге күл

9.Компьютерде екі колонка, дауысы жер жарады

Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады

ІІ жүргізуші: Смайликтер сөйлейді турына да келіп жеттік.



Сіздерге магнит тақтада смайликтер берілген. Сол смайликтерді таңдау арқылы жауап береміз.

Топтың мүшелері бір сан таңдап алады, әр санға сәйкес тапсырма беріледі.

  1. «От».

  2. Лотерея билеті.

  3. «Қамал».

  4. «Өрмекші торы».

  5. «Алтын сандық»

  6. «Қара мысық ».

  7. Қызыл конверт- «Информатика».

  8. Жасыл конверт- «Физика».

  9. Көк конверт- «Логика».

Ойын шарты:

«Қара мысық» түссе жолыңыздың болмағаны, ойын кезегі келесі топқа беріледі.

« От» келсе, жинаған ұпайларыңыздың 10 ұпайы күйіп кетеді.

«Лотерея билеті»- керісінше 10 ұпай сыйлыққа беріледі.

«Қамалға» келсеңіз, қиын есепке ие боласыз.

«Алтын сандық» -олжаға кенелеміз. Сыйлық аламыз, ойынды жалғастырамыз.

«Өрмекші торына» түссеңіз, көрермендер сұрағына ие боласыз. Сұрақтың дұрыс жауабын таппаса, тордан шыға алмайды.

  1. Қызыл конверт- «Информатика» -

Компьютермен енеді,

     Қағазға басып береді.

                               (Принтер)

  1. Жасыл конверт- «Физика» - Балалар, міне орманды аралап келесіңдер, айнала жайқалған гүлдер, гүлден –гүлге қонған көбелек, ызылдаған ара, масалар ұшып жүр. Гүлдердің жұпар иісі аңқып тұр.Бұл не құбылыс?
    Жауап: Диффузия.

  2. Көк конверт- «Логика» - Аспанда бір қатар үйректер ұшып барады. Біреуі алдында, екеуі артында,

біреуі артында, екеуі алдында, біреуі екеуінің арасында. Барлығы неше

үйрек ұшып барады? (3).

  1. Қамалға есеп

Бөлмеде 2 ит , 3 құс , 1 шыбын бар.Осы жануарлардың бәрінің аяқтарын қосып есептегенде қанша болады? (20)

Ойын толқын жатқандай асып, тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар.

Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып дей отырып бүгінгі сайысымыз аяқталды, ендігі сөз кезегін әділ қазы алқаларымызды ортаға шақырамыз.















Логикалық сұрақтар жауаптарымен

1. Менің атым Медет Менің тәтемнің бір ғана інісі бар. Менің тәтемнің інісінің аты кім? 

Жауабы: Медет

2. Термометр аяз болғасын – үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді?

Жауабы: үш

3. Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан және оған қарама-қарсы үш мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық бар?

Жауабы: 4 мысық

4. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды?

Жауабы: үш стакан

5. Жүгіру жарысынан Асет, Марат, Талғат үш орынды алды, егер: Марат екінші орын алмаса, ал Талғат –үшінші орын алмаса, кім қандай орын алды? 

Жауабы: 1-Марат, 2-Асет, 3-Талғат

6 Көшеде екі әкесі, екі баласы, және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр?

Жауабы: үшеу

7.. Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз? 

Жауабы: шырпы

8. Суға қай кезде қолды кесіп алуға болады? 

Жауабы: егер оны мұз етіп қатырса

9. Мотоцикл жүргізушісі ауылға келе жатқанда жолдан өзіне қарсы ұш жеңіл машина және бір камазды кездестірді. Ауылға неше машина бара жатыр?

Жауабы: Бір ғана мотоцикл

10. 30 марғұлан үш күнде жүз конверт сатып алды. Осы үш күннің бірінде ол кем дегенде отыз төрт конверт алғанын дәләлдеңдер. Шешімі: 100=33*3+1

11. Мектепте төрт жүз оқушы бар. Олардың ең болмағанда екеуі бір күнде туғанын дәлелдеңіз. Шешімі: (Дирихле принципі) 1 жылда 365, 366 күн бар. Демек, олардың ең болмағанда екеуі бір күнде туған.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физика

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Білімді ұрпақ - ел тірегі

Автор: Кожахметова Майя Мурадымовна

Дата: 28.02.2017

Номер свидетельства: 396540

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) "Ел тірегі білімді ?рпа? "
    ["seo_title"] => string(27) "iel-tirieghi-bilimdi-u-rpak"
    ["file_id"] => string(6) "157688"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1421638930"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "Поэзиялық кеш "Абай - ұрпақ жүрегінде""
    ["seo_title"] => string(37) "poeziialyk_kesh_abai_urpak_zhureginde"
    ["file_id"] => string(6) "530432"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1575559600"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(59) "Т?уелсіз ел тілегі, білімді ?рпа? "
    ["seo_title"] => string(37) "t-uielsiz-iel-tilieghi-bilimdi-u-rpak"
    ["file_id"] => string(6) "183512"
    ["category_seo"] => string(16) "obschestvoznanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1425895154"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(123) ""Т?уелсіз ел тірегі- білімді ?рпа? " атты сыныптан тыс шара. 4-сыныптар"
    ["seo_title"] => string(60) "tuielsizieltirieghibilimdiurpakattysynyptantysshara4synyptar"
    ["file_id"] => string(6) "315741"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1459947638"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "«Білімді ұрпақ-ел тірегі»"
    ["seo_title"] => string(27) "bilimdi_u_rpak_iel_tirieghi"
    ["file_id"] => string(6) "388516"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1486386734"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства