kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«А?ша. Несие. Банктер.» п?ніні? О?У-?ДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

Нажмите, чтобы узнать подробности

I П?ННІ? О?У БА?ДАРЛАМАСЫ

(Syllabus)

1.Жалпы м?ліметтер:

1.1 П?нні? атауы: А?ша. Несие. Банктер

1.2  «Экономикалы? ж?не жалпы к?сіптік» п?н бірлестігі

1.3 о?ытушы Н.Р. Ахназарова

 Курсты? бастап?ы талаптары

«А?ша. Несие. Банктер.» Курсына ?атысу?а ?ажеті бастап?ы талаптар: экономикалы? ілім, ?аржы п?ндерін білу. ?дебиеттермен ж?мыс істей білу: картотекамен ж?мыс, іріктеу, конспектілеу, талдау ж?не бастап?ы к?здерге конспект жасай білу.

Курсты? со??ы талаптары

Курсты о?ып шы??аннан кейін сіздер а?ша ?оз?аласын бас?аруды? объектілерін, п?нін, ?дістерін, банк ?ызметтері нары?ыны? т?сінік-категориялы? аппаратын; жа?дайлары талдай білу ж?не т?уекелдерді бас?ару шараларын ?олдану да?дыларын біліп шы?асыздар.

2. Курсты? ?ыс?аша шолуы:

2.1 Курсты? ма?саты

«А?ша. Несие. Банктер.» П?ні жо?ар?ы о?у орындарыны? экономикалы? маманды?тары ?шін негізі болып табылады. П?нді о?ытуды? ма?саты-несие капиталы нары?ыны? ??рамдас б?лігі болып табылатын а?ша ж?не несие ж?йелеріні? ?ызмет ету м?селелерін, а?ша ж?не несие теориясын ашып к?рсету. Б?л п?н т?мендегі о?ылатын курстармен ты?ыз байланысты: «экономикалы? ілім»,  «?аржы», «Корпоративтік ?аржы», «?аржы менеджменті» ж?не бас?алары.

2.2 Курсты? міндеттері:

Біліктілік д?режесінде аны?тал?ан мамандарды дайындау?а ?ойылатын талаптар?а с?йкес, осы п?нді о?у барысында экономист-студент т?мендегі м?селелерді игеруі керек:

Мемлекетті? несие ж?йесіні? ?ызмет етуін, оны? ??рамдас субъектілерін, ?рт?рлі де?гейлері мен б?ліктеріні? ?зара байланысын;

Шетелдік ж?не халы?аралы? несиелік ж?йелерді? ?ызмет ету т?жірибесін;

?лтты? ?аржы нары?ыны? ?ызмет етуіні? за? негізін.

2.3 Курсты? мазм?ны

1. Жалпы м?ліметтер

2. Курсты? ?ыс?аша шолуы

3. Тапсырмаларды орындау кестесі

4. Курсты? саясаты

3. Тапсырмаларды орындау ж?не тапсыру кестесі

Ж?мыс т?рлері

Тапсырманы? ма?саты ж?не мазм?ны

?сынылатын ?дебиеттер

Орындау ?за?тылы?ы

Рейтинг-шкала?а с?йкес балдар

Ба?ылау формасы

Тапсыру мерзімдері

1

2

3

4

5

6

7

8

1

Тесттік ба?ылау

1-модуль бойынша студенттерді? білімдерін ж?йелеу (1-5 та?ырыптар).

Тізімдері №№ 1-10

1 апта

5

жазбаша

4-апта

2

колоквиум

Колоквиумны? мазм?ны –алдын ала дайындал?ан с?ра?тар бойынша о?ытушы мен студенттерді? арасында?ы ??гіме

№№1-14

2 апта

5

Ауызша

8-апта

3

Ба?ылау тестісі

Та?ырыптар блогы бойынша студенттерді? білімін тексеру ж?не тияна?ты№

№№1-18

1 апта

5

жазбаша

12-я 12-апта

3.6 ?дебиеттер тізімі:

  1. «?аза?стан Республикасында ?лтты? валюта е?гізу туралы» ?Р Президентіні? 1993 жылды? 12-?арашасында?ы Жарлы?ы.
  2. 1995 жылды? 30 наурызында?ы «?Р ?лтты? банкі туралы» ж?не 1995 жылжы? 31-тамызында?ы «Банктер ж?не банк ?ызметі туралы» ?Р Президентіні? за? к?ші бар жарлы?тары.
  3. 1993 жылды? 13 желто?санында?ы «?Р а?ша ж?йесі туралы» ?Р За?ы.
  4. 1996 жылды? 14 к?кегіндегі «Валюталы? реттеу туралы» ?Р за?ы.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««А?ша. Несие. Банктер.» п?ніні? О?У-?ДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ »

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасы

Гуманитарлық-педагогикалық колледжі










Мамандығы: 0518000 – «Есеп және аудит (салалар бойынша)»

«Ақша. Несие. Банктер.» пәнінің


ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ














2015 оқу жылы




Колледждің әдістемелік кеңес отырысында қаралды және бекітуге ұсынылды. Хаттама №____ «____» ____________2015ж.

Директордың оқу-әдістеме ісі жөніндегі

орынбасары _________ А.Қ.Мамбетова

Колледж әдіскері_____________ Г.Қ. Жунусбекова


«Экономикалық және жалпы кәсіптік » пән бірлестігінің отырысында қаралып, бекітілді.

Хаттама № ___ « __ »______________ 2015 ж.


Пән бірлестігінің төрағасы ____________ А.А.Мадаев


Құрастырған оқытушы ___________ Н.Р. Ахназарова









Түйіндеме

«Ақша. Несие. Банктер.» Курсының ОӘК экономикалық мамандық студенттеріне арналған. Бұл кешенде аталған пән бойынша дәріс тезистері, бақылау және өзін-өзі бақылау сұрақтары, рефереттары тақырыпарының мазмұны және әртүрлі дербес жұмыстарды орындау жөніндегі әдістемелік нұсқаулар түрінде негізгі ғылыми-теориялық ережелер бар.

«Ақша. Несие. Банктер.» пәні бойынша экономикалық мамандық студенттеріне арналған оқу-әдістемелік кешені.I ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

(Syllabus)


1.Жалпы мәліметтер:

1.1 Пәннің атауы: Ақша. Несие. Банктер

1.2 «Экономикалық және жалпы кәсіптік» пән бірлестігі

1.3 оқытушы Н.Р. Ахназарова

Курстың бастапқы талаптары

«Ақша. Несие. Банктер.» Курсына қатысуға қажеті бастапқы талаптар: экономикалық ілім, қаржы пәндерін білу. Әдебиеттермен жұмыс істей білу: картотекамен жұмыс, іріктеу, конспектілеу, талдау және бастапқы көздерге конспект жасай білу.


Курстың соңғы талаптары

Курсты оқып шыққаннан кейін сіздер ақша қозғаласын басқарудың объектілерін, пәнін, әдістерін, банк қызметтері нарығының түсінік-категориялық аппаратын; жағдайлары талдай білу және тәуекелдерді басқару шараларын қолдану дағдыларын біліп шығасыздар.



2. Курстың қысқаша шолуы:


2.1 Курстың мақсаты

«Ақша. Несие. Банктер.» Пәні жоғарғы оқу орындарының экономикалық мамандықтары үшін негізі болып табылады. Пәнді оқытудың мақсаты-несие капиталы нарығының құрамдас бөлігі болып табылатын ақша және несие жүйелерінің қызмет ету мәселелерін, ақша және несие теориясын ашып көрсету. Бұл пән төмендегі оқылатын курстармен тығыз байланысты: «экономикалық ілім», «Қаржы», «Корпоративтік қаржы», «Қаржы менеджменті» және басқалары.

2.2 Курстың міндеттері:

Біліктілік дәрежесінде анықталған мамандарды дайындауға қойылатын талаптарға сәйкес, осы пәнді оқу барысында экономист-студент төмендегі мәселелерді игеруі керек:

Мемлекеттің несие жүйесінің қызмет етуін, оның құрамдас субъектілерін, әртүрлі деңгейлері мен бөліктерінің өзара байланысын;

Шетелдік және халықаралық несиелік жүйелердің қызмет ету тәжірибесін;

Ұлттық қаржы нарығының қызмет етуінің заң негізін.

2.3 Курстың мазмұны

1. Жалпы мәліметтер

2. Курстың қысқаша шолуы

3. Тапсырмаларды орындау кестесі

4. Курстың саясаты







3. Тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі

Жұмыс түрлері

Тапсырманың мақсаты және мазмұны

Ұсынылатын әдебиеттер

Орындау ұзақтылығы

Рейтинг-шкалаға сәйкес балдар

Бақылау формасы

Тапсыру мерзімдері

1

2

3

4

5

6

7

8

1

Тесттік бақылау

1-модуль бойынша студенттердің білімдерін жүйелеу (1-5 тақырыптар).

Тізімдері №№ 1-10

1 апта

5

жазбаша

4-апта

2

колоквиум

Колоквиумның мазмұны –алдын ала дайындалған сұрақтар бойынша оқытушы мен студенттердің арасындағы әңгіме

№№1-14

2 апта

5

Ауызша

8-апта

3

Бақылау тестісі

Тақырыптар блогы бойынша студенттердің білімін тексеру және тиянақты№


№№1-18

1 апта

5

жазбаша

12-я 12-апта





3.6 Әдебиеттер тізімі:

  1. «Қазақстан Республикасында ұлттық валюта еңгізу туралы» ҚР Президентінің 1993 жылдың 12-қарашасындағы Жарлығы.

  2. 1995 жылдың 30 наурызындағы «ҚР Ұлттық банкі туралы» және 1995 жылжың 31-тамызындағы «Банктер және банк қызметі туралы» ҚР Президентінің заң күші бар жарлықтары.

  3. 1993 жылдың 13 желтоқсанындағы «ҚР ақша жүйесі туралы» ҚР Заңы.

  4. 1996 жылдың 14 көкегіндегі «Валюталық реттеу туралы» ҚР заңы.

  5. ҚР экономикасын қысқа мерзімді несиелеу туралы ережелер. 1994ж. 11 ақпанында ҚРҰБ Басқармасы бекіткен.

  6. 1996 ж. 31 наурызындағы №234 экономикалық нормативтер және оларды ҚР банктері тарапына қолдану туралы ереже.

  7. Ақша. Несие. Банктер. Проф. Г.С. Сейітқасымов жетекшілігімен шығарылған оқулық; Алматы, ҚазМБА «Экономика», 1999ж.

  8. Жуков Е.Ф. Ақша. Несие. Банктер. Оқулық. М., «Юнити», 1999ж.

  9. Ақша. Несие. Банктер. О.И. Лаврушиннің жетекшілігімен шығарылған оқулық. М., 1998ж.

  10. Долан Э.Дж. Ақша, банк ісі және ақша-несие саясаты. Ағылшын тілінен аударылған. Л. 1991ж.

  11. Макарова О.М. және басқалар. Коммерциялық банктер және олардың операциялары.- М: банктер және биржалар. ЮНИТИ, 1995ж.

  12. Носкова И.Я. Максимова Л.М. Международные экономические отношения.- М.: ЮНИТИ, 1995г.

  13. Нуреев Р.М. Деньги, банки и денежно-кредитная политика.- М.; Финстатинформ, 1995г.Усоскин В.М. Современные коммерческие банки. Управление и операции. М.; 1994г.

  14. Ширинская Е.Б. Операции коммерческих банков: российский и зарубежный опыт.- М.; Финансы и статистика, 1995г.

  15. Финансы. Учебник под ред. Мельникова, Ильясова Алматы, 2000 г.

  16. Экономикс. Макконнелл, Э. Брю. М.: - 2000.

  17. Ценные бумаги и фондовый рынок. Миркин Я.М. М.: Перспектива – 1995.

  18. Акчасов А.Н. Активные операции коммерческих банков. – М.: Консалтбанкир, 1994


3.7 Рейтинг-шкала

Бақылау формасы

Баллы

Ағымдағы (сабаққа қатысушы, семинарлардағы жұмысы, СОДЖ)

20

Шекаралық (тесттер: 5х2 реттен, колоквиум: 5)

30

Үй жұмысы (реферат және СДЖ)

25

Қортынды (емтихан)

40

Балығы:

100


3.8 Шкала және әртүрлі жұмыстарды бағалаудың критерийлері:

1. дәріс. Жұмыс түрлері:

-қатысу – 1 балл;

-белсенді қатысуы – 1 балл;

-конспект жасау – 1 балл.

Барлығы: 3 балл.


2. семинар сабақ. Жұмыс түрлері:

-сұрақтарды талқылауға белсенді қатысу – 2 балл;

-тапсырмаларды орындау (уақытында тапсыру – 2 балл; дұрыс орындалуы – 3 балл) – 5 балл;

-бақылау жұмысы – 20 тест сұрақтары (дұрыс жауаптары 0,25 балл) – 5 балл.

Барлығы: 12 балл.


3. СОДЖ. Жұмыс түрлері:

қатысу – 1 балл, белсенді жұмысы– 1 балл, тапсырмаларды орындау– 3 балл.

Барлығы: 5 балл.


4. СДЖ. Жұмыс түрлері:

-реферат (рәсімдеуі – 2 балл; мазмұны – 3 балл; қорғау – 5 балл) – 10 балл;

-СДЖ тақырыптары бойынша әңгімелесу (қаржы нарығының терминдерін білу – 4 балл; материяалды білу – 11 балл) – 15 балл.

Барлығы: 25 балл.


5.Шекаралық бақылаулар:

-тақырыптық тестілеу – 5 х 2 реттен = 10 балл,

-коллоквиум (жауаптардың толықтығы – 5 балл, талдай білуі – 5 балл).

Барлығы: 15 балл.


Қортынды емтихан: 40 балл.

Курс бойынша қорытынды: 100 балл.


4. Курс саясаты

- міндетті түрде қатысу 1-сабақты босату-минус 0,1 балл; сабақ босатудың құрметті себебі болса (құжат болған жағдайда) ол сабақ жеңілдетілген жолмен қайта өтіледі.

-үй жұмысы көрсетілген уақытта өткізілуі керек. Мерзіммінен бір аптаға кешіксе-минус 0,5 балл, екі аптаға кешіксе-1 балл және т.с.с.

  • сабаққа кешікпеу, көшірмеу, ұялы телефондарды өшіру, сағыз шайнамау, басқа мәселелерге айланбау қажет.


2. ПӘН БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР


2.1 Курстың тақырыптық жоспары

Барлығы 3 кредит


Тақырыптың атауы

часы

Дәрістер

Семинарлар

СОДЖ

СДЖ


1- модуль

1

Ақшаның мәні және қызметтері

1


2

2

2

Ақша айалымы және ақша жүйесі

2

1

3

3

3

Қолма-қол және қолма-қолсыз ақша айналыстары және оларды ұйымдастыру

2

1

2

2

4

Несие, оныңмәні және қажеттілігі

1


1

1

5

Несие пайызы, оның экономикалық ролі

2

4

4

4


2- модуль

6

Несие жүйесі, оның құрылымы

2


2

2

7

ЕДБ қызметін ұйымдастырудың негіздері

4

2

4

4

8

Коммерциялық банктердің активті және пассивті операциялары

4

2

4

4

9

Банк тәжірибесіндегі тәуекелдер

1


1

1

10

Орталық банк, оның қызметтері және операциялары

1

1

4

4


3-модуль

11

Бағалы қағаздар нарығы, оның құрылымы

2


4

4

12

Бағалы қағаздармен жүзеге асырылатын эмиссиялық және инвестициялық операциялар

3


4

4

13

Валюта нарығы және оның делдалдары

1

1

4

4

14

Халықаралық валюта-несие институттары

2

1

4

4

15

Халықаралық аралық несиелік-есептесу қатынастары

2

2

2

2


Итого

30

15

45

45


2.2 Дәріс сабақтарының тезистері


№1 тақырып. Ақшаның мәні және қызметтері

1.Ақша эволюциясы

2.Ақша формалары

3. Ақшаның қызметтері

Құн белгісінің эволюциясы. Алғашқы ақшалардың пайда болу тарихы. Биметализм және мономентализм. Алтынның ақша жүйесінен бөліну процессі. Бреттон-Вудс жүйесінің дағдарысы. Ақшалардың қызметтік формалары: толыққанды қағаз және несиелік ақшалар. Ақшалардың экономикалық мәні және олардың мәнін ашатын қызметтері. Ақшаның құн өлшем, айналым, төлем және жинақтау құралы, дүниежүзілік ақшалар.

Ақшаның бағаны өлшеу және оның көлемін көрсету құралы. Құн заңы және оның жүзеге асыу. Бағаның құнды ақшалай өлшеу құралы. Нарықтық экономика жағдайындағы бағаның қалыптасуы.



Негізгі әдебиеттер

[1. 7. 8. 10]

Қосымша әдебиеттер

[15. 9]



№2 тақырып. Ақша айналымы және ақша жүйесі

1.Ақша айналымының мәні

2. Төлем жүйесі

3.Қазақстанның ақша жүйесі

Ақша айналымы, ақша айналысы және төлем айналысы түсініктері. Қазақстандағы қазіргі кездегі ақша массасының құрамы. Ақша массасынық пара-пар құрамының өзгеруіндегі тенденциялар.

Мемлекеттің орталық банкінің ақша-несие саясатын жүзеге асыруының негізгі болып табылатын ақша жүйесі. Қазақстанның ақша жүйесінің қалыптасуы, оның негізгі элементтері. Қазақстан экономикасының долларизациялану проблемасы және ұлттық валюта «тенге» деген сенімді күшейтудің өзектілігі..


Негізгі әдебиеттер

[7. 9. 3]

Қосымша әдебиеттер

[10]


№3 тақырып. Қолма-қол және қолма-қолсыз ақша айналыстары және оларды ұйымдастыру

1.Қолма-қол ақша айналысы

2. Қолма-қолсыз ақша айналысы

Қолма-қол ақша айналысын ұйымдастырудың ерекшеліктері. Ақша айналымының заңы, оның құрамдас бөліктерінің интеграциясы. Экономиканың шаруашылық субъектілеріне қажетті ақша.

Қолма-қолсыз есептесу формасы. Өткелі экономика жағдайындағы қолма-қолсыз есептесу формаларының дамуы.



Негізгі әдебиеттер

[7. 8. 9]

Қосымша әдебиеттер

[10]



№4 тақырып. Несие, оның мәні және қажеттілігі

1. Несиенің анықтамасы және қызметтері

2.Несиенің қажеттілігі

3.Несиенің қозғалысының құрылымы

Қазақстанның әлемдік несие капиталы нарықтарына шығуы. Несие капиталы нарығы мен несие қорының құрылымы. Несие жүйесі және бағалы қағаздар нарығы.

Қаржы нарығының мемлекет экономикасының дамуына ықпалы. Халық шаруашылығының негізгі бөліктерін несиелеудің қажеттілігі. Несие анықтамасы, оның экономикалық мәні. Несиелік қатынастардың пайда болуы және дамуы, бұл қатынастардың субъектілері.

Несие қозғалысының құрылымы. Несиенің ақшадан ерекше белгісі. Несиенің негізгі қызметтері мен қағидалары.


Негізгі әдебиеттер

[7. 8. 9]

Қосымша әдебиеттер

[18]


№5 тақырып. Несие пайызы, оның экономикалық ролі.

1.Несие пайызының қалыптасуы

2.Пайыз нормасын анықтайтын факторлар

3.Пайыздық ставкалар дифференцияциясы

Несие пайызының экономикалық мәні. Несие пайызының дамуының негізі болып табылатын тауар өндірісі мен несиелік қатынастар. Несие пайызына қатынасы қатынастардың субъетілері. Пайыз нормасы анықтайтын факторлар. Пайыздың ставкалар, олардың батыс елдердегі және Қазақстандағы дамуы мен дифференцияциясының ерекшеліктері. Несие берушілер мен алушыларға байланысты пайыздарды төлеудің көздері.


Негізгі әдебиеттер

[18. 7]

Қосымша әдебиеттер

[10]



№6 тақырып. Несиелік жүйе, оның құрылымы

1.Мемлекеттік несие жүйесі

2.Несиелік мекемелердің қалыптасуы мен қызмет етуінің заң негізі

3. Банк жүйесі

4. Арнайы несиелік-қаржылық институттар

Несие жүйесінің түсінігі, оның қызмет ету шарттары, негізгі құрылымдық элементтері. Несиелік мекеменің түрлері. Эмиссиялық және емес банктер, оларды ұйымдастырудың модельдері мен құқықтық формалары. Қазіргі кездегі банк жүйесі. Арнайы маманданған несиелік-қаржылық мекемелер, факторингтік, лизингтік, брокерлік, қаржы компаниялары, ломбарттар, клирингтік палаталар және басқалары. Оларды ұйымдастыру мен қызмет етуінің ерекшеліктері. Әртүрлі мемлекеттердегі арнаулы несиелік-қаржы мекемелерінің түрлері. Экономиканы дербес саласы болып табылатын банк жүйесі, оның құрамдас элементтері, қызметтері, экономикадағы ролі. Банк жүйелерінің типтері. Екі деңгейлі банк жүйесінің құрылымы мен қызмет ету механизмі, оның негізгі құрамдас бөліктері. Бірінші және екінші деңгейлі банктердің қызметін ұйымдастырудың ерекшеліктері. Банк заңдылықтары. Батыстағы орталық және коммерциялық банктердің қызмет етуінің ерекшеліктері.


Негізгі әдебиеттер

[10. 3. 7]

Қосымша әдебиеттер

[16]


№7 тақырып. ЕДБ қызметін ұйымдастырудың ерекшеліктері

1.Қазақстанның коммерциялық банктері, олардың қызметтері

2. Банктердің қызмет етуінің заң негізі

3. Банк қызметінің түсінігі және құрамы

4. Банктердің ұйымдық құрылымы

Қазақстандағы коммерциялық банктердің қалыптасуы. Мекеме формаларын реттеу. Банктерді құрудың, қайта ұйымдастырудың және қызметін тоқтаудың тәртібі.

Банктердің банкроттыққа ұшыраған кезіндегі әрекетердің механизмі мен әрекет ету тәртібі. Банк лицензиясы туралы түсінік. ҚР Президентінің «Банктер және ҚР банк қызметі туралы» заң күші бар жарлығы, оған еңгізілген өзгерістер мен толықтырулар. Коммерциялық банктердің ұйымдық құрылымы. Қазақстандағы ЕДБ түрлері. Коммерциялық банктердің негізі қызметтері.


Негізгі әдебиеттер

[3. 7]

Қосымша әдебиеттер

[18]


№8 тақырып. Коммерциялық банктердің активтік және пассивтік операциялары

1.Банк капиталы түсінігі және оның құрылымы

2. Банктердің сырттан тартылған қаражаттары

3. Банктердің активтік операциялары

4. Банктік пайдасы

Банк капиталы түсінігі. Банктердің меншікті қаражаттарын қалыптастыру көздері. Акционерлік капитал. Резервтік капитал. Меншікті капиталдың жетекшілігін өлщеу. Банк капиталының құнын бағалау. Қаражаттарды сырттан тарту және оларды қалыптастырудың шығындары. Банк пассивтерінің құрылымын оңтайландыру. Банктердің активтік операциялары. Несиелік операциялар, вексельдермен және басқа бағалы қағаздармен жүзеге асырылатын банк операциялары.

Инвестициялар, факторинг, лизинг, косорциалдық операциялар. Делдалдық-комиссиялық және сенім операциялары. Банк пайдасының көздері, оның қалыптасуының әдістері және құрылымы. Коммерциялық банктің табыстары мен шығындарының деңгейіне ықпал ететін факторлар. Банктердің өтімділік көрсеткіштері, оларды анықтайтын факторлар.


Негізгі әдебиеттер

[3. 7]

Қосымша әдебиеттер

[18. 11]


№9 тақырып. Банк тәжірибесіндегі тәуекелдер

1.Қаржы нарығындағы тәуекелдер

2. Банк тәуекелдерінің классификациясы

3. Тәуекелдерді хеджирлеу (азайту) әдістерә


Банк дисбалансын басқару. Банк тәжирибесіндегі тәуекелдің классификациясы. Несиелік, валюталық, пайыздық тәуекелдер, баланстармаған өтімділік тәуекелі, төлемеу тәуекелі, нарықтық, экономикалық және саяси тәуекелдер. Әртүрлі тәуекелдерді азайту әдістері, олардың қысқаша мәні және жүзеге асырысу тәртібі.


Негізгі әдебиеттер

[14. 11]

Қосымша әдебиеттер

[15]



№10 тақырып. Орталық банк, оның қызметтері және операциялары

1. Орталық банктер

2. ҚР Ұлттық банкінің

3. Орталық банктердің қызметтері

4. Орталық банктердің операциялары

Орталық банктердің қалыптасуы, оның алғышарттары. ҚР Ұлттық банкі. Құрылымы және басқару органдары. Қазақстаннның орталық банкінің қалыптасуының тарихи алғышарттары. «ҚР Ұлттық банкі туралы» заң ҚР ҰБ Басқармасының ерекшеліктері. Орталық банктердің қызметтері мен операциялары. ҚР ҰБ активтік және пассивтік операцияларының мінездемесі. Орталық банктің табыстары мен шығындарының классификациясы мен құрылымы. Ақша айналысын басқарудың қызметтері, мәні, құралдары. Ақша-несие саясатының типтері: рестрикциялық, экспонсиондық, дефляциялық, селективтік және олардың қолданылуының тиімділігі. Ақша-несие саясатының теориялық негіздері. Мүмкіндіктері мен шектері, стратегиялық мақсаттарды негіздеу және міндеттерді қою. Индикаторларды саясаты (дисконттық саясат), екінші деңгейлі банктердің өтімділігі және қайта қаржыландыру жөніндегі операциялар. Орталық банк тарапынан бағалы қағаздарды сату-сатып алу жөніндегі операциялар (ашық нарықтағы операциялар), міндетті резервтер саясаты.


Негізгі әдебиеттер

[3. 7]

Қосымша әдебиеттер

[10]



№11 тақырып. Бағалы қағаздар нарығы, оның құрылымы

1. Бағалы қағаздардың түрлері

2. Бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымы

3. БҚН реттеу

Бағалы қағаздар нарығы түсінігі. БҚН нақты және несие капиталынан айырмашылығы. Жалған капитал болып табылатын бағалы қағаздар.


Негігі әдебиеттер

[7. 17]

Қосымша әдебиеттер

[15]


№12 тақырып. Бағалы түрлері: акцялар, облигациялар, мемлекеттік қазыналық міндеттемелер, банктік сертификаттар, вексельдер және басқалары.

1997 ж. 5-науырызындағы «Бағалы қағаздар нарығы туралы», «ҚР бағалы қағаздармен жүзеге асырылатын келісім-шарттарды тіркеу туралы» ҚР Заңы.

Қазақстан бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы.


Негізгі әдебиеттер

[7. 17]

Қосымша әдебиеттер

[15]


№12 тақырып. Бағалы қағаздармен жүзеге асырылатын эмиссиялық және инвестициялық операциялар

1.Акционерлік қоғамдар, акционерлік капитал

2. Бағалы қағаздармен жүзеге асыратын эмссиялық операциялар

3. Қор нарығындағы инвестициялық операциялар.

Акционерлік қоғамдардың шығуы мен мәні. Акционерлердің құқықтары мен міндеттері. Акционерлік қоғамдардың пайдасын болу. Акциялардың эмиссиясы. Облигациялардың эмиссиясы. Қысқа мерзімді қор құралдарының эмиссиясы: вексельдер, депозиттік сертификаттар, чектер және басқалары.

Инвестициялық операциялардың мінездемесі. Мемлекеттік қазынашылық міндеттемелер нарығындағы инвестициялық операциялар. Мемлекеттік сақтық қарыз облигацияларымен жүргізілетін операциялар. Корпоративтік бағалы қағаздар нарығындағы инвестициялық қызмет. Қаржы инвестициялары. Бағалы қағаздармен жүзеге асырылатын кепілдік операциялары.


Негізгі әдебиеттер

[7. 17]

Қосымша әдебиеттер

[15]


№13 тақырып. Валюта нарығы және оның делдалдары

1.Валюта нарығы және оның делдалдары

2. Валюта котировкасы

3. Валюта нарығының қатысушылары

Қаржы нарығы мен қаржы делдалдары туралы түсінік. Халықаралық қаржы ағымдары және қаржы орталықтары. Мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастарды ұлғайтудың ажырымас элементтері болып табылатын валюта нарығы және валюталық реттеу. Валюталық бағам түсінігі, оның экономикалық категориясы ретіндегі мәні. Шетел валютасымен халықаралық есептесулерді жүзеге асырудың тәртібі. Валюталық саясат және банктің валюталық – қаржылық қаржының басқару.


Негізгі әдебиеттер

[4. 12]

Қосымша әдебиеттер

[15]


№14 тақырып. Халықаралық валюталық-несие институттары

1.Халықаралық валюта қоры, оның міндеттері мен қызметтері

2. Дүниежүзілік банк тобы

3. Еуропалық Қайта құру және даму банкі

4. Қазақстанның халықаралық қаржы-несие институттарына қатысуы

Халықаралық Валюта Қоры, оның міндеттері мен қызметтері. Дүниежүзілік банк тобы. Халықаралық қайта құру және даму банкінің мақсаттары мен міндеттері, оның ұйымдық құрылымы мен басқарылуы.

Халықаралық қаржы Компаниясы, Халықаралық есептеу банкі. Еуропалық қайта құру және даму банкі, оның мақсаттары мен қызметтері. Азиялық Даму Банкі. Ислам даму банкі. Қазақстаннның халықаралық қаржы-несие институттарына қатысуы.

Қазақстанның қаржы институттарына кіруі және мүшелігі.


Негізгі әдебиеттер

[12. 10]


Қосымша әдебиеттер

[16]


№15 тақырып. Халықаралық несиелік-есептесу қатынастары

1.АҚШ банк жүйесіндегі ұйымдық құрылымы

2. Дамығын мемлекеттердің банк жүйелерінің ұйымдық құрылымдары

АҚШ банк жүйесінің ұйымдық құрылымы. Федералдық резерв жүйесі және оның қызметтері. Чартер түрлері бойынша американ банктерінің классификациясы. Германияның банк жүйесінің ұйымдық құрылымы және оның қызметтері. Ұлыбританияның , Жопонияның, Италияның, Австрияның, Францияның , Рейсейдің, Қытайдың банк жүйелерінің ұйымдық құрылымдары, қызметтері.


Негізгі әдебиеттер

[12. 10]

Қосымша әдебиеттер

[16]



2.3 Семинар сабақтарының жоспарлары


1-семинар. Ақша айналымы және ақша жүйесі

1.Ақша айналымының мәні

2. Төлем жүйесі

3.Қазақстанның ақша жүйесі


Рефераттар:

1.Ақша жүйесі

2.Үшінші дүние мемлекеттерінің экономикаларының долларизациялануы.


Тапсырмалар:

1.ҚР ақша агрегаттарының соңғы 2-3 жылдағы динамикасын бақылау

Негізгі әдебиеттер

[7. 9. 3]

Қосымша әдебиеттер

[10]


2-семинар. Қолма-қол және қолма-қолсыз ақша айналысы және оларды ұйымдастыру

1.Қолма-қол ақша айналысы

2. Қолма-қолсыз ақша айналысы


Рефераттар:

1.Қолма-қолсыз есептесудің формалары


Тапсырмалар:

1.Банк карталары

2. «Ақша» категориясы бойынша глоссарий жасау (15-терминнен кем емес)


Негізгі әдебиеттер

[7. 8. 9]

Қосымша әдебиеттер

[10]


3-семинар. 5 тақырып. Несие пайызы, оның экономикалық ролі.

1.Несие пайызының қалыптасуы

2.Пайыз нормасын анықтайтын факторлар

3.Пайыз ставкаларының дифференцияциясы


Рефераттар:

1.Банктік несиелік пайыз

Тапсырмалар:

1.Пайыздарды есептеу техникасы


Негізгі әдебиеттер

[18. 7]

Қосымша әдебиеттер

[10]



4-семинар. 7 тақырып Екінщі деңгейлі банктер қызметін ұйымдастыру негіздері

1.Қазақстанның коммерциялық банктері, олардың қызметтері

2. Банктердің қызмет етуінің заң негізі

3. Банк қызметінің түсінігі және құрамы

4. Банктердің ұйымдық құрылымы


Рефераттар:

1.ҚР алғашқы коммерциялық банктердің қалыптасуы

2.Банктердің ұйымдық құрылымы


Тапсырмалар:

1.Банк қызметінің түрлері

2. «Банктер және банк қызметі туралы» ҚР заңы.


Негізгі әдебиеттер

[3. 7]

Қосымша әдебиеттер

[18]


5-семинар. 8 тақырып. Коммерциялық банктің меншікті капиталын, активтері мен пассивтерін басқару

1.Банк капиталы түсінігі және оның құрылымы

2. Банк капиталының қажеті деңгейін бағалау

3. Банктің активтері мен пассивтері басқару


Рефераттар:

1.Банктердің активтік операциялары

2. Банктердің пассивтік операциялары


Тапсырмалар:

1.Банктік несиелеудің өсу динамикасы негізгі әдебиеттер


Негізгі әдебиеттер

[3. 7]

Қосымша әдебиеттер

[18]


6-семинар. 10 тақырып. Орталық банк, оның қызметтері мен операциялары

1. ҚР Ұлттық ьанкінің құрылымымен бақару органдары

2.Орталық банктер қызметтері

3. Орталық банктердің операциялары


Рефераттар:

1.ҚР Ұлттық банкі

2. Ақша-несие саясаты


Тапсырмалар:

1.Ресми қайта қаржыландыру ставкасы

2.РЕПО операциялары

Негізгі әдебиеттер

[3. 7]

Қосымша әдебиеттер

[10]



7-семинар. 13 тақырып. Валюта нарығы және оның делдалдары

1.Валюта нарығы және валюталық реттеу

2. Валюта котировакалары

3. Валюта нарығының қатысушылары


Рефераттар:

1.Келісімдердің түрлері

2. Валюта бағамы


Тапсырмалар:

1.СПОК режимі (тәртібі)

2.Валюталық бағалылар


Негізгі әдебиеттер

[4. 12]

Қосымша әдебиеттер

[15]



8-семинар. 14 тақырып. Халықаралық валюта-несие институттары

1.Халықаралық валюта қоры, оның міндеттері мен қызметтері

2. Дүниежүзілік банк тобы

3. Еуропалық Қайта құру және даму банкі

4. Халықаралық қаржы және несие институттарына қатысу


Рефераттар:

1.ЕҚҚ ж/е ДБ Қазақстандағы қызметі


Тапсырмалар:

1. Ислам даму банкі


Негізгі әдебиеттер

[12. 10]

Қосымша әдебиеттер

[16]



9-семинар. 15 тақырып. Халықаралық несиелік есептесу қатынастары

1.АҚШ банк жүйесінің ұйымдық құрылымы

2. Дамыған мемлекеттердің банк жүйелерінің ұйымдық құрылымдары


Рефераттар:

1. Федералдық Резерв жүйесі


Тапсырмалар:

1. Жапония Банкі

2.Еуропалық Орталық банк


Негізгі әдебиеттер

[12. 10]

Қосымша әдебиеттер

[16]


Әдістемеулік нұсқалар: Қазақстандық қаржы әдебиеттерін көбірек оқу. Қазақстанның банк жүйесінің халықаралық қаржы нарығына интеграциялануына көбірек мән беру. Нашар дамыған экономика жағдайындағы ақша айналымының ерекшеліктерін, орталық банктің қаржы секторын (саласын) жақсартудағы мүмкіндіктерін, төлем тәртібін күшейтудегі ролін зерттеу.


2.4 Оқытушының жетекшілігімен студенттердің дербес жұмыс жүргізуінің (СОДЖ) жоспарлары. Жұмыс формалары: диспуттар, әңгімелер, баяндамалар, колоквиум.


Тапсырмалар

1 тақырып. Ақшаның мәні мен түрлері

1.Ақша эволюциясы

2.Ақша формалары

3. Ақша қызметтері


Әдебиеттер

[3. 10. 8. 10. 15. 9]


2 тақырып. Ақша айналымы және ақша жүйесі

1.Ақша айналымының мәні

2. Төлем жүесі

3.Қазақстанның ақша жүйесі



Әдебиеттер

[7. 9. 3]


3 тақырып. Қолма-қол және қолма-қолсыз ақша айналыстары және олардың ұйымдастыру

1.Қолма-қол ақша айналысы

2. Қолма-қолсыз ақша айналысы


Негізгі әдебиеттер

[7. 8. 9. 10]



4 тақырып. Несие, оның мәні және қажеттілігі

1.Несиенің анықтамасы және қызметтері

2.Несиенің қажеттілігі. Несиелік қатынастар

3.Несие қозғалысының құрылымы


Әдебиеттер

[7. 8. 9. 18]


5 тақырып. Несие пайызы, оның экономикалық ролі

1.Несие пайызының қалыптасуы

2.Пайыз нормасын анықтайтын факторлар

3.Пайыздық ставкалар дифферецияциясы


Әдебиеттер

[18. 7. 10. 9]


6 тақырып. Несие жүйесі, оның құрылымы

1.Мемлекеттің несие жүйесі

2.Несиелік мемлекеттердің пайда болуы мен қызмет етуінің заң негізі

3. Банк жүйесі

4. Арнайы маманданған несиелік-қаржылық институтар


Әдебиеттер

[10. 3. 7]


7 тақырып. ЕДБ қызметін ұйымдастырудың негізжері

1.Қазақстанның коммерциялық банктері, олардың қызметтері

2. Банктердің қызметінің заң негізі

3. Банк қызметінің түсінігі және құрамы

4. Банктердің ұйымдық құрылымы


Әдебиеттер

[3. 7]


8 тақырып. Коммерциялық банктердің активтік және пассивтік операциялары

1.Банк капиталы түсінігі және оның құрылымы

2. Банктердің сырттан тартылған қаражаттары

3. Банктердің активтік операциялары

4. Банк пайдасы


Әдебиеттер

[3. 7. 18. 11]


9 тақырып. Банк тәжірибесіндегі тәукелдер

1.Қаржы нарығындағы тәукелдер

2. Банк тәуекелдерінің классификациясы

3. Тәуекелдерді азайту әдістері


Әдебиеттер

[14. 11. 15]



10 тақырып . Орталық банк, оның қызметтері мен операциялары

1. Орталық банктер

2. ҚР Ұлттық банкінің құрылымы және басқару органдары

3.Орталық банктердің қызметтері

4. Орталық банктредің операциялары


Әдебиеттер

[3. 7. 10]


11 тақырып. Бағалы қағаздар нарығы, оның құрылымы

1. Бағалы қағаздардың түрлері

2. Бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымы

3.БҚН реттеу


Әдебиеттер

[17. 7. 15]


12 тақырып. Бағалы қағаздармен жүргізілетін эмиссиялық және инвестициялық операциялар

1.Акционерлік қоғамдар, акционерлік капитал

2. Бағалы қағаздармен инвестициялық операциялар

3. Қор нарығындағы инвестициялық операциялар


Әдебиеттер

[7. 15]


13 тақырып. Валюта нарығы және оның делдалдары

1.Валюта нарығы және оның делдалдары

2. Валюта котировкалары

3. Валюта нарығына қатысушылар


Әдебиеттер

[4. 12. 15]



14 тақырып. Халықаралық валюта-несие институттары

1.Халықаралық валюта қоры , оның міндеттері мен қызметтері

2. Дүниежүзілік банк тобы

3.Еуропалық қайта құру және даму банкі

4. Халықаралық қажы-несие институттарына қатысу


Әдебиеттер

[12. 10. 16]



15 тақырып. Халықаралық несие-есептесу қатынастары

1.АҚШ банк жүйесінің ұйымдық құрылымы

2. Дамыған мемлекеттердің банк жүйелерінің ұйымдық құрылымдары


Әдебиеттер

[12. 10. 16]


Әдістемелік нұсқаулар: Қазақстандық қаржы әдебиеттерін көбірек оқу қажет. Қазақстаннның банк жүйесінің әлемдік қаржы нарығына интеграциялауына көбірек мән беру керек.

Төмендегідей интернет-сайттарды пайдалану қажет: nationalbank.kz; kazpravda.kz және бақалары.


2.5 Студенттердің дербес жұмысының сабақ жоспарлары (СДЖ)

Тақырып

Сұрақтар мен тапсырмалар

Әдебиеттер

Мерзімі

1

Ақшаның мәні мен қызметтері

1.Ақшаның эволюциясы

2.Ақшаның формалары

3. Ақшаның қызметтері


3. 7. 8. 9. 10.

1-апта

2

Ақша айналымы және ақша жүйесі

1.Ақша айналымының мәні

2. Төлем жүйесі

3.Қазақстанның ақша жүйесі


7,9,3

2-апта

3

Қолма-қол және қолма-қолсыз ақша айналыстары, оларды ұйымдастыру

1.Қолма-қол ақша айналысы

2. Қолма-қолсыз ақша айналымы


7,8,9,10

3-апта

4

Несие, оның мәні және қажеттілігі

1.Несиенің анықтамасы және қызметтері

2.Несиенің қажеттілігі. Несиелік қатынастар

3.Несие қозғалысының құрылымы


7,8,9

4-апта

5

Несие пайызы, оның экономикалық ролі

1.Несие пайызының қалыптасуы

2.Пайыз нормасын анықтайтын факторлар

3.Пайыз ставкаларының дифференцияциясы


18,7

4-апта

6

Несие жүйесі, оның құрылымы

1.Мемлекеттің несие жүйесі

2. Несиелік мемлекеттердің құрылуы мен қызметінің заң негізі

3. Банк жүйесі

4. Арнаулы несие-қаржы институттары


10. 3. 7.

5-апта

7

ЕДБ қызметін ұйымдастырудың негіздері

1.Қазақстанның коммерциялық банктері, олардың қызметтері

2. Банкте қызметінің заң негізі

3. Банк қызметінің түсінігі және құрамы

4. Банктердің ұйымдық құрылымы



3,7

6-апта

8

Коммерциялық банктердің активтік және пассивттік операциялары


1. Банк капиталы түсінігі және оның құрылымы

2. Банктердің сырттан тартылған қаражаттары

3. Банктердің активтік операциялары

4. Банк пайда


3,7

8-апта

9

Банк тәжірибесіндегі тәуекелдер

1.Қаржы нарығындағы тәукелдер

2. Банк тәукелдерінің классификациясы

3.Тәуекелдерді азайту әдістері


14,11

9-апта

10

Орталық ьанк, оның қызметтері мен

1. Орталық банктер

2. ҚР Ұлттық банкінің құрылымдары мен басқару органдары

3. Орталық банктердің қызметтері

4. Орталық банктердің операциялары


3,7

10-

11

Бағалы қағаздар нарығы, оның құрылымы

1. Бағалы қағаздардың түрлері

2. Бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымы

3.БҚИ реттеу


7,17

12-апта

12

Бағалы қағаздармен жүзеге асырылатын эмиссиялық және инвестициялық операциялар

1.Акционерлік қоғамдар, акционерлік капитал

2. Бағалы қағаздармен жүргізілетін эмиссиялар

3. Қор нарығындағы инвестициялық операциялар


7,17

13-апта

13

Валюта нарығы және оның делдалдары

1.Валюта нарығы және валюталық реттеу

2. Валюталар котировкасы

3. Валюта нарығының қатысушылары


4,12

15-апта

14

Халықаралық валюта-несие институттары

1.Халықаралық валюта қоры, оның міндеттері мен қызметтері

2. Дүниежүзілік банк тобы

3. Еуропалық қайта құру және даму банкі

4. Халықаралық қаржы-несие институттарына қатысу

12,10

16-апта

15

Халықаралық несиелік-есептесу қатынастары

1.АҚШ банк жүйесінің ұйымдық құрылымы

2. Дамыған мемлекеттерінің банк жүйелерінің ұйымдық құрылымдары


12,10

17-апта

Әдістемелік нұсқаулар: Қазақстанның қаржы әдебиеттерін көбірек оқу. Қазақстанның банк жүйесінің әлемдік қаржы нарығына интеграциялауына мән беру. Төмендегі интернет-сайттарыды пайдалану: nationalbank.kz; kazpravda.kz және басқалары.


2.6 Курс бойынша жазбаша жұмыстардың тақырыптары


Рефераттар тақырыптары:

1. Қаржылық –несие институттары

2.Қазіргі заманғы ақшалар

3.Инфляция және пайыздық ставкалар теориясы

4.Депозиттік сертификаттар

5.Соло-вексель

6 Тратта-вексель

7. Есептесу формасы болып табылатын инкассо

8. Чек айналымы

9. Дисконттық саясат

10.Банктің төлем қызметтері

11. Банктің қаржылық қызметтері

12.Банктердің қосылуы және бірін-бірі жұрты

13.Банктер банкроттығы

14.Банктің өтімділігі және көлемі

15. Несиелердің формалары мен түрлері

16. Несиенің негізгі қағидалары

17. Коммерциялық несиелеу

18.Банктің меншікті капиталы

19.Пайыздық тәуекел

20. Сақтық жинақтары мен займдары

21.Несиелік серіктестерді ұйымдастыру

22.Шетелдік банк капиталы

23.ҚР сақтандыру ұйымдары

24.Сақтандыру коммерциялары сақтандыратын тәуекелдің трлері

25.Жекеменшік зейнетақы қорлары

26.Зейнетақы қорларының қызметін реттеу

27.Қаржы коммерцияларының несиелере

28.Халықаралық банк операциялары



Әдебиеттер:

[3.4.5.6.7.8.9.10.11.12.13.18]


2.7 Студенттің өзін-өзі текстеруіне арналған тест тапсырмалары

  1. Рейсейде тапсырмалары ассигнациялар түрінде алғашқы қағаз ақшалар қашан пайда болды?

  1. XII ғ.

  2. 1895 ж.

  3. 1769 ж.

  4. VII ғ.

  5. 1913 ж.

  1. Алғашқы қағаз ақшалар Қытайда қашан пайда болды?

  1. XII ғ.

  2. 1895 ж.

  3. 1769 ж.

  4. VII ғ.

  5. XVII ғ.

  1. Тарих алғашқы қағаз ақшалар қайда болы?

  1. Египт

  2. Рим

  3. Қытай

  4. Англия

  5. Греция

  1. Қағаз ақшалар түрде шығарылады?

  1. Банкнота

  2. Вексель және чек

  3. Банкнота және чек

  4. Қазынашылық билетер

  5. Банкнота, Қазынашылық билетер

  1. Төмендегі белгілердің қайсысы Ақшаның белгісіне жатпайды?

  1. Эластикалық (икемділік)

  2. Біртектілік

  3. Бөлінушілік

  4. Сақтаушылық

  5. Айналымдағы қолайлылығы

  1. Ақшаның шығуына төмендегі жағдай әсер етті:

  1. Жеке меншіктің пайда болуы

  2. Тауарлы өндіріс

  3. Металлдарды өндіру және өңдеу

  4. Мемлекеттік пайда болуы

  5. Жер өңдеу

  1. Мемлекеттік шығындарды өтеу мақсатында шығаратын ақшалар:

  1. чектер

  2. вексельдер

  3. қағаз ақша

  4. банкноттар

  5. несиелік ақшалар

  1. Ақшаның осы қызметінде ол тауарлар мен қызметтерді сатудағы мезеттік делдал болып табылатын:

  1. Төлем құралы

  2. Жинақтау құралы

  3. Дүниежүлік ақша ролі

  4. Айналым құралы

  5. Құн өлшемі құралы

  1. Ақшаның қай қызметі өлшемдік қызмет болып табылады?

  1. Дүниежүзілік ақша ролі

  2. Айналым құралы

  3. Төлем құралы

  4. Жинақтау және сақтау құралы

  5. Құн өлшемі құралы

  1. Ақшаның төлем құралы ретіндегі қызметінің алдында ақша төмендегі қызметті алдымен атқарады:

  1. Айналым құралы

  2. Жинақтау құралы

  3. Дүниежүзілік ақша ролі

  4. Құн өлшемі құралы

  5. Еркін айырбасталатын валюта

  1. Ақша өзінің қай қызметін неғұрым жақсы атқарады?

  1. Құн өлшемі құралы

  2. Төлем құралы

  3. Жинақтау құралы

  4. Дүниежүзілік ақша құралы

  5. Айналым құралы

  1. Ақшаның экономикалық категория ретінде қалыптасуының соңғы сатысы:

  1. Тауар айналымының пайда болуы

  2. Қымбат бағалы металдарды пайдалану

  3. Түрлі-түсті металдарды пайдалану

  4. Монеталардың пайда болуы

  5. Банктноттардың пайда болуы

  1. Дәстүрлі түрде монеталардың негізгі бетінде көрсетіледі:

  1. реверс

  2. аверс

  3. герб

  4. номинал (атаулы құны)

  5. гурт

  1. Несиелік ақшалардың негізгі түрлері:

  1. Баннота. Несиелік карта. Чек. Вексель

  2. Вексель. Төлем тапсырмасы. Төлем талабы

  3. Алтын . Резервтік валюталар

  4. Қазынашылық билеттер

  5. SDR, EUR, USD.

  1. 1993 ж. шығарылған біздің КҒТ қамтамасыз етулі әдісіне байланысты қалай аталады?

  1. Қағаз ақшалар

  2. Несиелік ақшалар

  3. Фидуциорлық ақшалар

  4. банкноталар

  5. қазынашылық билеттер

  1. ҚР Ұлттық банкінің ең жоғаржы басқару органы:

  1. Директорлар кеңесі

  2. Акционерлер жиналысы

  3. Ревизиялық комиссия

  4. Басқарма

  5. Қараушы (бақылаушы) кеңес

  1. Активтердің жылдам және дереу түрде ақшаға айналу қабілеті қалай аталады?

  1. айналымдық

  2. бәсекеге қабілеті

  3. дефлолт

  4. демпинг

  5. өтімділік

    1. Белгілі бір мемлекеттің территориясындағы банктік мекемелердің жиынтығы бір-бірімен өзара байланысқа түскенде қалай аталады?

      1. Несие жүйесі

      2. Банк жүйесі

      3. Қаржы нарығы

      4. Екінші деңгейлі банк

      5. Қор нарығы

  1. Қазақстандық мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық міндеттемелер:

    1. МҚМ

    2. ҰЖО

    3. МЕОКАМ

    4. МЕАКАМ

    5. МЕККАМ

  2. Өсімақының ресми ставкасын кім тағайындайды?

    1. Коммерциялық банктер

    2. Кредиторлар (қарыз берушілер)

    3. Қаржы министрлігі

    4. Орталық банк

    5. Халықаралық банктер


Тест жауаптарының кілті:

1

c

8

d

15

c

2

a

9

e

16

D

3

c

10

b

17

e

4

d

11

a

18

b

5

a

12

d

19

C

6

b

13

c

20

D

7

e

14

a





2.8 Курс бойынша емтихан сұрақтары:

  1. Қолма-қол және қолма-қолсыз ақшалар

  2. Ақшаның айналым құралы

  3. ҚР ақша массасының аграгеттық құрамы

  4. ҚР ақша жүесі

  5. Дәстүрлі және қазіргі заманғы банкноталар

  6. Ақша айналамының заңы, оны құраушылардың тәуелділігі

  7. Халықаралық шот бірліктері

  8. Қағаз ақша-несиелік ақшалар, олардың дамуы

  9. Қолма-қолсыз есептесу формалары (схемалары, есептесу тәртібі және басқа)

  10. Ақшаның төлем құралы

  11. Резервтік валюта статусы

  12. Есептесу формасы болып табылатын төлем тапсырмасы

  13. Ақшаның жинақтау құралы

  14. Банктоннық және депозиттік эмиссия

  15. Несие бағасы болып табылатын несие пайызы

  16. Ақша-несие саясатының құралдары

  17. Банаралық ақша нарығы

  18. Несиелік желілер

  19. Қағаз ақшалар

  20. Металлдық ақша айналымы

  21. Ақша базасы, оның қолданылуы

  22. 1993 жылғы ақша реформасы

  23. мемлекеттің несие жүйесі

  24. қарапайым пайыздары есептеу техникасы

  25. ЕДБ активтік операциялары

  26. Тұтыну несиесінің формалары

  27. Мемлекеттік арнаулы маманданған банктер

  28. Құрылу түріне байланысты орталық банктер

  29. ҚР қатысы бар аймақтық қаржы институттары

  30. Ұлттық банк тарапынан берілетін несиелер

  31. Қолма-қол ақшалар және олардың эволюциясы

  32. Қазақстанның банкаралық есептесу орталығы, міндеттері мен орны

  33. ЕДБ корреспонденттік қатынастары

  34. ҚР ЕДБ құрылу формалары

  35. Несиенің формалары

  36. әртүрлі белгілері бойынша несиелердің классификациясы (4 – белгісі)

  37. ҚР ЕДБ түлері

  38. Банктің несиелік қоржынының классификациясы

  39. Халықаралық қайта құру және даму банкі

  40. Міндетті резервтер саясаты, әрекет ету механизмі

  41. Халықаралық есеп айырысуларбанкі

  42. Қайта қаржыландырудың ресми ставкасы

  43. Несиелеу қағидалары

  44. Есеп саясаты, әрекет ету механизмі

  45. ЕДБ пассивтік операциялары

  46. Несиелерді қамтамасыз етудің түрлері

  47. Банк активтері мен пассивтерінің өзара байланысының әдістері

  48. Несиелік ресурстардың көздері

  49. Несиенің қызметтері

  50. Металлдық ақша айналымы





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Презентации

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«А?ша. Несие. Банктер.» п?ніні? О?У-?ДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

Автор: Ахназарова Нигора Раушанбековна

Дата: 17.05.2015

Номер свидетельства: 212632


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства