-Ауа - райында кандай ?згерістер бар, к??іл-к?йлері?із жа?сы ма? (балалар ?здеріні? к??іл-к?йлерін смайликпен к?рсетеді)
Ал енді осындай к??іл-к?ймен саба?ымызды бастайы?. Балалар біз б?гінгі к?нге дейін бірнеше дыбыстармен танысты?. Ендеше,дыбыстар нешеге б?лінеді екен ж?не ?андай?
-Екіге, дауысты ж?не дауыссыз. Олай болса, «Кім тап?ыр?» ойынын ойнауды бастайы?. Ойынны? шарты; ?тілген ?ріптерді интер та?тадан к?рсету. А,Т,П,Н,?,Р,Л,У,Ш,О,Й,Д,М,Б,С,Ы Балалар дыбыстын дауысты,дауыссыз екенін ажыратып,?ажетті текшені к?рсетеді.(?ызыл ж?не к?к.) Жарайсы?дар балалар!Ал енді тапсырмалар орындайы?.
«Т?сін тап!» логикалы? тапсырма орындату
Балалардын іс-?рекеті; жапыра?, жалау т?стерін тауып ??ыпты бояу. Тапсырманы лезде орында?ан о?ушы пара?тын келесі бетіндегі «Буыннан с?з ??ра!» ойын-тапсырмасын жал?астыра береді. ?тілген дыбыстармен буындардан с?з к?рау;. Та?та?а схемамен с?з, с?йлем жаздырту. ТА,ТУ,ТО,ТЫ,ПА,ПЫ,НА,НО,НЫ,?А,?Ы,РА,РО,РЫ,РУ,ЛА,ЛЫ,ЛУ,ША,ШУ,ШЫ,ШО,АЙ,ДА,ДУ,ДО,ДЫ,МА,МО,МЫ,БА,БУ,БО,БЫ,СА,СУ,
СО,СЫ.
(Ойын,тапсырмаларды орындауда белсенділік к?рсеткен о?ушыларды ?олпаштап ж?лдызша беріп отыру.)
Просмотр содержимого документа
«"Жж" дыбысы ж?не ?рпі.»
Сабактыңтақырыбы: «Жж»дыбысы мен әрпі
Сабақтың білімділік мақсаты: 1) Балаларға Ж дыбысы мен әрпін таныстыру,айтылу артикуляциясын уйрету.Сөздерге дыбыстық талдау жасауга жаттықтыру.Буыннан сөз,сөздерден сөйлем құратуды үйретуді жалғастыру.
2)Дамытушылық мақсаты: Ж дыбысына қатысты жаңа сөздермен таныстыру,сөздік қорын молайту.
3)Тәрбиелік мақсаты:Ұқыптылыққа,шапшаңдыққа,ұйымшылдыққа және жаман қасиеттен аулақ болып,жақсы қасиетке үйір болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:Кіріктірілген сабақ (Сауат ашу,Тіл дамыту,Мәнерлеп оқу)
Сабақтың әдісі: Логикалық ойын тапсырмалар орындату,жұмбақтар шешкізу.«Жақсы деген немене,жаман деген немене?» өлең желісімен тіл дамыту, мәнерлеп оқуды байланыстыра өткізу.
Көрнекілігі:Интерактивті тақта, видео сабақ,суретті плакаттар, үлестірмелі материалдар,Ж дыбысының баспа түрі, слайдтар,смайликтер.
Сергіту сәті: (интертактамен бірге)
Уйымдастыру кезеңі: Сабаққа психологиялық дайындық
Шырылдады қоңырау,
Біз сабақты бастаймыз
Партамызға отырып,
Жаңа білім алуға
Алға қадам аттаймыз!
Сабақтың барысы: -Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілі.
-Қыс мезгілінің қай айы?
-Қаңтар айы.
-Ауа -райында кандай өзгерістер бар,көңіл-күйлеріңіз жақсы ма? (балалар өздерінің көңіл-күйлерін смайликпен көрсетеді)
Ал енді осындай көңіл-күймен сабағымызды бастайық.Балалар біз бүгінгі күнге дейін бірнеше дыбыстармен таныстық. Ендеше,дыбыстар нешеге бөлінеді екен және қандай?
-Екіге,дауысты және дауыссыз. Олай болса, «Кім тапқыр?» ойынын ойнауды бастайық. Ойынның шарты; Өтілген әріптерді интер тақтадан көрсету. А,Т,П,Н,Ғ,Р,Л,У,Ш,О,Й,Д,М,Б,С,Ы Балалар дыбыстын дауысты,дауыссыз екенін ажыратып,қажетті текшені көрсетеді.(қызыл және көк.) Жарайсыңдар балалар!Ал енді тапсырмалар орындайық.
«Түсін тап!» логикалық тапсырма орындату
Балалардын іс-әрекеті; жапырақ,жалау түстерін тауып ұқыпты бояу.Тапсырманы лезде орындаған оқушы парақтын келесі бетіндегі «Буыннан сөз құра!» ойын-тапсырмасын жалғастыра береді. Өтілген дыбыстармен буындардан сөз кұрау;.Тақтаға схемамен сөз,сөйлем жаздырту. ТА,ТУ,ТО,ТЫ,ПА,ПЫ,НА,НО,НЫ,ҒА,ҒЫ,РА,РО,РЫ,РУ,ЛА,ЛЫ,ЛУ,ША,ШУ,ШЫ,ШО,АЙ,ДА,ДУ,ДО,ДЫ,МА,МО,МЫ,БА,БУ,БО,БЫ,СА,СУ,
СО,СЫ.
(Ойын,тапсырмаларды орындауда белсенділік көрсеткен оқушыларды қолпаштап жұлдызша беріп отыру.)
Сергіту сәті: Топ-топ,топ-топ басайық,
Жалаудан күн жасайық.
Жаса,жаса алтын кун,
Жаса, жаса жарқын күн!
Жаңа сабақ. «Ойлан, тап!» жұмбақтар жасыру.
1.Ағайынды бәрі – шықса жасыл,түссе сары. (Жапырақ)
2.Күндіз бәрі қашады, түнде аспанды басады.(Жұлдыз)
3.Ішіне тамақ салынған,
Есігі тастай жабылған. (Жұмыртқа)
Балалардың жауабынан кейін Жапырақ, Жұлдыз,Жұмыртқа сөздеріне дыбыстық талдау жасату.Жұмбақтың жауабы қай дыбыстан басталып тұрғанын сұрау.
-.Бүгінгі танысатын жаңа дыбысымыз Жж дыбысы видео сабақты көрсету.
Оқулықпен жұмыс : Оқулықтағы Әже,Жолбарыс,Морж сөздерінде Ж дыбысы сөздің қай жерінде кездесетінін сұрау,айтқызу. Тіл ұстарту жаттығуы:ЖА-ЖА-ЖА Менің атым Қожа
Ж дыбысын айтқызу,дауыссыз екенін ажырату.Ж дыбысынан басталатын буындарды,сөздерді оқыту.
Ж әрпін корсету.Ауада жаздыру. .Жж әрпінің баспа түрін оқулық-дәптерге жаздырту.
Сергіту сәті;
Жалғыз саусақ тіпті де,ұстай алмай жіпті де.
Екі саусақ бірікті,ине қолға ілікті.
Үш саусағым орамды,жүргізеді қаламды.
Өнерлі екен он саусақ - қала салсақ,жол салсақ.
Балалар бізге келіп отырған конақтарымызға құрмет көрсетіп,өлең-тақпактарынды айтып берініздерші.
Жалғас;Ж-дегенім Жалғас,
Жалғас деген мен болам.
Жақсы оқысам сабақты,
Одан артық жоқ шарам
Али; Бөбек келіп әкеге, қойды алдына мәселе
-Жақсы деген немене,жаман деген немене?
-Айналайын бөбегім,мәнін айтып берейін
Осы берген жауапты кітапша етіп көрейін.
Міне, тағы бір жаман -- көйлегі лас боялып ,аузы-басы ластанып.