Б?л саба? ар?ылы ?зге ?лт ?кілдері балаларыны? ?аза? тіліне деген ?ызы?ушылы?ы мен білімдерін арттыу. Жыл мезгілдеріні? ?аза?ша атауларымен танысу, ерекшеліктері мен айырмашылы?тарын таныту. Б?л саба? барысында балалар жыл мезгілдеріне арнал?ан ?ле? жолдарын м?нерлеп о?у?а ?йренді. Логикалы? ж?не дидактикалы? ойындарды ойнай отыра мезгілге байланысты ой - ?рісі дамыды. Сонымен ?атар саба?ты ?ткізу барысында сын т?р?ысынан ойлау технологиясын, ВЕННдиаграммалыры да ке?інен ?олданды.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Жыл мезгілдері" »
Балабақша қабырғасында тәрбиеленіп жатқан даярлық топтың балаларына арналған қазақ тілі пәні бойынша сабақ жоспары.
Тақырыбы: Жыл мезгілдері
Мақсаты:
1. Жыл мезгілдері туралы білімдерін толықтыру.
2.Қоршаған ортаға қызығушылығын арттыру.
3. Достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу
Көрнекіліктер:
Слайд, тірек сызба, суреттер, карточкалар, бояу, ақ қағаздар.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, сурет
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Амандасу: - Сәлеметсіздер ме, балалар!
- Сәлеметсіз бе, мұғалім!
ә) Шаттық шеңбері:
Қуан, шаттан!
Қуан, шаттан!
Қуанатын күн келді!
Қайырлы күн! Қайырлы таң!
Күліп шықты күн бүгін!
Ауадан қуат алайық,
Алақанға салайық.
Жерден нәр алайық,
Алақанға салайық.
Күннен шуақ алайық,
Алақанға салайық,
Күн шуағын қонақтарға сыйлайық.
Рахмет балалар, орындарыңа отыруға рұқсат! Балалар, бүгінгі сабақты мына сөзжұмбақты шешуден бастайық.
Елтаңбаның түсі (көк)
Тiл үйiрген дәмi бар,
Сары алтын түс – сәнi бар.
Шақсаң егер кептiрiп,
Сүйегiнiң дәнi бар,
Баққа тұрар сән берiп,
(өрiк)
Тудың түсі (көгілдір)
Бұзау, қозы, лақ (төл)
Ти десем тимейді,
Тиме десем тиеді (ерін)
Ана сөзін орыс тіліне аударғанда қалай аталады? (мама).
Тамаша, ал енді сөзжұмбақта тізілген сөздердің бірінші әріптерін қосып яғни жоғарыдан төмен қарай оқимыз. Қандай сөз шықты?
Көктем
Көктем дегеніміз не?
Көктем жыл мезгілі.
Дұрыс, көктем жыл мезгілдерінің бірі. Ендеше, бүгінгі қорытынды сабақтың тақырыбы «Жыл мезгілдері».
Кім айтады бір жылда неше жыл мезгілі бар?
Бір жылда төрт мезгіл бар.
Жыл мезгілдерін атайық.
Көктем, жаз, күз, қыс.
- Тамаша, жауаптарың дұрыс.
Балалар, үстел үстінде бірнеше суреттер жатыр. Сол суреттер қай жыл мезгілдеріне қатысты екенін анықтап және іріктеп алып орынды-орнына жайғастырыңдар.
(шырша, шана, коньки,қар, аққала, гүл, көбелек, қармақ, құлпынай, көлде шомылып жатқан бала, кемпірқосақ, сары жапырақ, жаңбыр, себет толы жеміс, мектепке бара жатқан бала, егін орып жүрген трактор, бәйшешек, бүршік жарған ағаш, құстың ұясы, күннің көзі, жер жыртып жүрген трактор).
Қыста жаңа жыл болады, қыста балалар коньки тебеді, қыста балалар шана тебеді, қыста қардан аққала соғады.
Көктемде күн жылы болады. Көктемде бәйшешек гүлдейді, көктемде ағаштар бүршік жарады, көктемде құстар ұя салады.
Жазда күннің көзі шуағын жерге мол төгеді, жазда көбелек ұшады, жазда жидектер піседі, жазда әдемі гүлдер гүлдейді.
Жарайсыңдар балалар!
Келесі тапсырманы тыңдаңдар, сендердің үстелдеріңде бірнеше карточкалар бар. Олай болса №1-ші карточкаларды аламыз. Келесі тапсырма: мына суретте берілген жыл мезгілдерінің атауына дыбыстық талдау жасаңдар. (Балалар қызыл және көк текшелерді алып дыбыстық талдау жасайды).
Күз деген сөзде үш әріп, үш дыбыс бар. К- дауыссыз дыбыс, ү – дауысты дыбыс, з-дауыссыз дыбыс.
Қыс деген сөзде үш әріп, үш дыбыс бар. Қ –дауыссыз дыбыс, ы-дауысты дыбыс, с- дауыссыз дыбыс.
Көктем деген сөзде алты әріп, алты дыбыс бар. К – дауыссыз дыбыс...
Жаз деген сөзде үш әріп, үш дыбыс бар. Ж- дауыссыз дыбыс, а – дауысты дыбыс,з – дауыссыз дыбыс.
Тамаша! Тапсырманы жақсы орындап шықтыңдар, ендеше келесі тапсырмаға көшейік.
Менің қолымда түрлі-түсті гүлдер бар. Қалай ойлайсыңдар, бұл гүлдер қалай аталады?
Жауқазындар!
Иә, бұл гүлдер жауқазындар! Олай болса жауқазындар ерекше гүлдер, олардың жапырақшаларында тапсырмалар жасырын тұр. Тапсырмаларды шешіп көрейік.Тақтаға кім шығады? Жауқазындарды кім таңдайды?
Мен сары жауқазынды таңдаймын.
Тамаша, ендеше сары жауқазынның тапсырмасын тыңда. Сурет бойынша күз мезгілі туралы әңгіме құра.
Слайд бойынша жұмыс
Бұл күз мезгілі. Күн суық болады. Жел соғады. Аспанды сұр бұлт торлайды. Жаңбыр жауады. Адамдар жылы киінеді. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Жапырақтар сарғаяды. Айнала
сап-сары болады. Көкеністер, жемістер піседі. Күзде үш ай бар. Олар: қыркүйек, қазан, қараша.
Жарайсың ... , орныңа отыра қой.
Келесі жауқазынды кім таңдайды?
Тамаша, ..... , тақтаның алдына шық.
Мен ақ жауқазынды таңдаймын.
Жақсы, ақ жауқазынның тапсырмасын тыңда. Қыс мезгілін сипаттап бер.
Бұл қыс мезгілі. Күн суық болады. Аяз болады. Боран соғады. Қар жауады. Айнала аппақ болады. Балалар шана, коньки тебеді. Қардан аққала соғады. Қыста үш ай бар. Олар: желтоқсан, қаңтар, ақпан.
Жарайсың... , орныңа отыруға рұқсат.
Ал, келесі жауқазынды кім таңдайды?
Тамаша, .... тақтаға шық.
Мен көк жауқазынды таңдаймын.
Көк жауқазынның тапсырмасын тыңда. Көктем мезгілі туралы сурет бойынша әңгіме құрастыр.
Бұл - көктем мезгілі. Күн жылы болады. Қар ериді. Күн ұзарады, түн қысқарады. Ағаштар бүршік жарады. Бәйшешек гүлдейді. Құстар жылы жаққа ұшып келеді. Айнала жасыл түске бөленеді. Балалар қуанады, ойнайды. Көктемде үш ай бар. Олар: наурыз, сәуір, мамыр.
Тамаша, орныңа барып отыруыңа рұқсат.
Соңғы жауқазынның тапсырмасын кім орындайды?
Гүлдің түсі қандай?
Гүлдің түсі қызыл.
Жарайсың, ... сен жаз мезгіліне әңгіме құрастыр.
Бұл жаз мезгілі. Күн ыстық болады. Аспан ашық болады. Күннің көзі шуағын жерге мол төгеді. Әдемі гүлдер өседі.Жемістер, жидектер, көкөністер пісе бастайды. Айнала алуан түске бөленеді. Балалар көлде шомылады. Жазда үш ай бар. Олар: маусым, шілде, тамыз.
Жарайсың ... орныңа отыра ғой.
Жақсы! Келесі тапсырма мынадай: Венн диаграммасымен жұмыс. Балалар күз бен көктем мезгілдерінің ұқсас және ұқсас емес жақтарын тауып алыңдар.
- Күз және көктем жыл мезгілдері
- Күзде үш ай бар: қыркүйек, қазан, қараша.Көктемде үш ай бар: наурыз, сәуір, мамыр.
- Күзде күн суық болады, көктемде күн жылы болады.
- Күзде жаңбыр жауады, көктемде қар ериді.
- Күзде жемістер, көкөністер піседі. Көктемде қар ериді.
- Күзде жапырақтар сарғаяды. Көктемде ағаштар бүршік жарады.
- Күзде құстар жылы жаққа ұшып кетеді, көктемде құстар жылы жақтан ұшып келеді.
Жарайсыңдар! Келесі №2 карточканы алыңдар. Бұл қарточкаларда тірек сызба арқылы
мақал-мәтелдер берілген. Сол мақал-мәтелдерді шешіңдер және оқып беріңдер.
Жауынмен жер көгереді, батамен ел көгереді.
Қыстың көзі қырау
Қыстағы қар-жерге ырыс.
Жердегі ылғал-елге ырыс.
Қар көп болса-дән көп болады.
Жаз келсе-қаз келер
Тау мен тасты су бұзар,
Ел арасын қу бұзар
Нөсер алдында найзағай ойнайды
Боранды күні ит пен бала құтырады
Қыстағы суық-жаздағы ыстық
Жел дауылды шақырады
Бұлт жауынды шақырады
Күркіреген бұлттың жаңбыры аз
Табиғат елдің панасы
Керемет, бұл тапсырманы да сәтті орындап шықтыңдар. Ендеше, осы жыл мезгілдері туралы кім өлең жолдарын мәнерлеп оқып береді? Тамаша, бәрің де дайын екенсіңдер.
Даша бастай қой.
Жасыл емес жайнаған,
Ақ мамық қар айналаң
Сырғанақта ойнайсың,
Қызыққа енді томайсың,
Алақай-ау, алақай
Қыс келіп тұр балақай!
Жақсы, Даша сен № 2 үстелге барып жайғас.
Көкке бояп өңірді,
Көктем келді көңілді.
Бау-бақшада, орманда,
Құстар әні төгілді.
Жаңбыр жауып, басылды,
Күлімдейді көкте күн.
Кемпірқосақ асылды,
Өрмегіндей көктемнің.
Жақсы, Лиза сен №3 үстелге барып жайғас.
Бар әлем сүйіп ұнатқан,
Шапағат нұрын шұбатқан,
Қаймықпай шыққан жайраңдап,
Қыстағы суық-сынақтан,
Көктем таңы бұл атқан.
Әуені кетпес құлақтан,
Бұлбұлдың әнін жырлатқан,
Көктем таңы бұл атқан.
Амина сен де №3 үстелге барып жайғас.
Жапырақ жайған бұтақтан,
Қауызын жарып бүр атқан.
Өргізіп құстар балапан,
Бөктерге күнгей шұбатқан.
Көктем таңы бұл атқан.,
Көкорай ғажап бар аймақ,
Бүл жарған гүлдер арайлап.
Нөсерлеп жаңбыр жауатын,
Күркіреп аспан жай ойнап.
Көктем таңы арайлы-ақ
Жақсы, Катя сен де №3 үстелге барып, жайғас.
Көктем келді бүгін,
Күнім төкті нұрын.
Сайрап барлық құстар,
Ән салуға құштар.
Түрлі түсті әйбәт,
Гүлдер шықты жайнап,
Қызыл-жасыл аймақ,
Қырға шықтық ойнап.
Тамаша, Саша, сен де №3 үстелге бар да жайғас.
Самал қозғап қалғанда,
Үзілді сары алма.
Шолып едім бақшаны,
Қауын біткен сап-сары.
Көрінеді шалғайдан,
Бел-белестер сарғайған.
Сары жапырақ төгілген,
Торғайды да көрдім мен.
Жарайсың, Амир сен №1 үстелге барып жайғас.
Кыс келді, қыс келді.
Ақтарып ақ қарды.
Жон аппақ түске енді.
Аралап қайтайық,
Ақ күміс бақтарды.
Шыңдарды, құздарды,
Шаңғымен сызалық.
Жарайсың, .... сен №1 үстелге барып жайғас.
Қарашы күз келді, күз келді.
Сары алтын жауыпты іздерді.
Құс біткен керуен түзеді,
Көңілсіз неліктен күз еді.
Қара бұлт қабағын түйеді,
Бұлттар боз қырау киеді,
Осы ма, осы ма күз деген,
Мектепке баратын бізбенен.
Жақсы, Юля сен №1 үстелге бар да жайғас.
Күзім –ау, күзім-ау,
Мінезің бұзық –ау,
Күркіреп, сарқырап,
Келгенің қызық-ау.
Жақсы, Максим сен де №1 үстелге бар да жайғас.
Қонақтайды бақтарға,
Ақ көбелек, ақ мамық,
Аунап таза ақ қарға,
Балалар жүр мақтанып.
Тазартып бар кір, шаңнан,
Қыс өнерін бастады.
Терезеге қыраудан,
Сурет сала бастады.
Жарайсың, ... саған да №2 үстелге отыруыңа болады
Күзде жауын,бұлт,тұман, Сары жапырақ жауады! Сары құйын ұйытқан, Сапырады ауаны.
Тапталады табанға, Судыр-судыр жапырақ. Өрттей сары бояуға, Малынғандай атырап.
Жақсы, Рома сен №1 үстелге барып отыр.
Қар жауып тұр себелеп,
Қалтыраған бауларға...
Бейне құйттай көбелек
Қонып жатыр талдарға.
Қонып алып құлаққа,
Қытықтайды керемет.
Көбелегім бірақ та
Ұстатпайды, не керек?!
Тамаша, Максим сен №2 үстелге барып отыр.
Балалар, әрі қарай сабақты сурет пәні мұғалімі Күлкен Жақсылыққызы жалғастырады.
Мұғалім: – Сәлеметсіздер ме балалар!
- Сәлеметсіз бе, мұғалім!
- Балалар, жұмысты бастамақ бұрын бойымызды сергітіп алайық.
Сергіту сәті:
Жаңбыр жауды тық-тық,
Сен далаға шық-шық.
Соғады жел гу-гу,
Құстар ұшты ду-ду.
Тамаша, сендер үш топқа бөлініп отырсыңдар және де алдарыңда ақ қағаздың беттері, акварель, қыл қалам, майшам, салфетка т/б заттар бар. Сол заттарды пайдалана отырып №1 үстелдегі балалар күзге арналған сурет салады, №2 –ші үстелде отырған балалар қыс мезгіліне арналған сурет салады, ал, №3 үстелде отырған балалар күз мезгіліне арналған сурет салады. Тапсырма түсінікті болса, сендерге сәттілік тілеймін.
(Топта музыка жүреді, балалар сурет салады. Жұмыстарын тақтаға іледі).
Тамаша, балалар! Бүгінгі біздің ашық сабақтарымыз осымен аяқталды. Сабаққа баршаң белсене қатыстыңдар, көп рахмет! Ендеше, алдарыңда жатқан соңғы карточканы алып өздерің бүгінгі сабаққа бағаларыңды беріңдер.
(Балалар смайликтарды көтеріп сабаққа баға береді).