Тақырыбы: Жол белгілері еліне саяхат. Мақсаты: 1. Жол белгілері туралы білімдерін бекіту, Жол белгілерін ажырата білуге үйрету. 2. Достық сезімдерін дамыту. 3.Көпшілік орнында, көлік ішінде өзін мәдениетін ұстауға тәрбиелеу. Әдіс - тәсілдер: Түсіндіру, әңгімелесу, жұмбақ жасыру, көрсету, сұрақ - жауап, ойын. Қолданылатын құрал: Суреттер, көлік түрлері, жол белгілері, техникалық құрал - жабдықтар, бағдаршам. Оқу іс - әрекетінің барысы: Ұйымдастыру кезеңі. - Балалар, бүгін бізде ерекше күн. Біздерге бүгін қонақтар келіп отыр. Кәне, енді келген қонақтармен сәлемдесіп, бүгінгі күнімізге сәттілік тілейік. Шаттық шеңбер: Әрқашан күн сөнбесін! . Аспаннан бұлт төнбесін! . Қасымда болсын мамам! . Болайын менде аман!
- Балалар, қазір қыс мезгілі болғасын қар қалың, жер тайғақ болады. Жолда келе жатқанда абай болуымыз керек. Машина жүретін жолдан жан – жағымызға қарап өту керек және жолға жақын жүріп ойнамауымыз керек. Балалар, қараңдаршы біздің поштамызға хат келіп тұр. Хатты ашып оқып көрейікші. Кеудесінде жаны жоқ, Тамырында қаны жоқ. Май жейді, су ішеді. Бұл не екен, балалар? (машина) - Дұрыс па, екен балалар? Қазір қарап көрейік. -(машина суреті шығады.) - Балалар, ненің суреті? - Машинаның. - Қандай машина, білесіңдер ме? - Иә. Жеңіл машина. - Балалар, машинаның адамдарға қандай пайдасы бар? - Машина адамдарды баратын жеріне тез апарады. Ауыр заттарды тасиды. Алысты жақындатады. Көптеген пайдасы бар.
- Машина жүргізетін адамды жүргізуші деп атаймыз. Кез - келген адам машина жүргізуге болмайды, машина жүргізу үшін оқып, арнайы куәлік алады. Машина жүргізу үшін қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз керек. Ол үшін ең алдымен бағдаршамды білуіміз керек . Біздің ауылымызда бағдаршам бар ма? - Жоқ. - Бағдаршам қай қалада бар? - Тараз қаласында. Және сол сияқты үлкен қалаларда бар. Бағдаршам не үшін керек балалар? Қалаға бара жатқан жолдарыңда жол белгілерін кездестіресіңдер.Жол белгілерінің бәрі 7 топқа бөлінеді.Олар формасы жағынанда, болуы жағынан да айырмашылығы бар.
Өлеңді жаттау. Мынау менің жүрегім, . Бәрі осыдан басталған. . Мынау менің басым, . Бәрін өзі басқарған. . Мынау менің оң қолым, . Барлық істі атқарған.
Ойын: Жаңылысқаны ұтылады. Мақсаты: Есте сақтау қабылеттерін дамыту. Зеректілікке, белсенділікке, шапшаңдыққа, әдептілікке және достыққа тәрбиелеу.
Ойын арқылы оқу іс-әрекетін қортындылау.
«Бейсенбек Тайшапұлы атындағы орта мектебі» КММ . жанынан ашылған . «Мейірім» шағын орталығы.