Просмотр содержимого документа
«" Жігіт с?лтаны "»
Жігіт сұлтаны
Мақсаты: 1. Ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерімен таныстыру. 2. Әр баланың бойындағы қабілеттерін: ойлау, әр түрлі жағдайлардан шыға білу, өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту. 3. Ата салтын ардақтайтын, өз елін сүйер нағыз қазақ жігітінің қасиеттерін бойына сіңіре білер ұрпақты тәрбиелеу.
Армысыздар ағайын, құрбы-құрдас! Бармысыздар, жан күйер әз-қауымдас! Бүгінгі кеш сайысты біз бастайық Сайыста көңілменен қол соғалық. Біздерде ойын-сауық басталады, Тамаша күй тартылып ән салады. Қошеметтеп қол соғып отыралық, Ұмытарсыз күні бойғы шаршағанды. Бағына бақытты елдің туған ұлан, Бойына бар асылды жиған ұлан. Қазақтың қасиетті Жігіттері, Жанына нұр дарыған, жыр дарыған. Дария ой, даналардан бата алғандар, Айнымас алмас қылыш атанғандар. Қазақтың қасиетті Жігіттері, Халқына қалқан болған қаһармандар - деп, Махмұтбай Әмірұлы ағамыз жырлағандай халқымыздың әдет-ғұрпында отбасына ұл баланың келуі «Ұл туғанға күн туған» - деп ерекше оны бақыт санаған. Оның себебі қазақта отбасының жалғасы, шаңырақтың иесі ұл бала болып есептелген. Халқымыз ұл бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Ер баланы адамгершілікке, батылдыққа, ептілікке, имандылыққа баулыған. «Ұлға отыз үйден тыйым, он сан үйден сын»- демекші ер Жігітке айтылар сын көп, қойылар талап та жоғары болған.
Олай болса Жігіттеріміздің батырлығын, ептілігін, білімдерін, ақылдығын тамашалайық. Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Бүгін біз «Жігіт сұлтаны» байқауына жиналып отырмыз. Байқауымызды ашық деп жариялап, Жігіттерімізді ортаға шақырамыз.
Сөз тауып күн қылатын көңіл күйді, Сыныпта өнерімен болған сыйлы. О «А» сыныптың ер Жігіті, Шақырайық ортамызға Дархан ұлды -
Ойынменен білім жағын бір қосқан Кем қалмаған талантпенен табысқан Қараңыздар Жарқын ортада Тауды бұзар шын кіріссе намыстан.
Біледі ол жақсы менен жаманды Өнерменен тамсандырған адамды Қошеметтеп шақырайық ортаға Жансұлтан атты Жігіт болған сабазды.
Еңбексүйгіш, таудай талап бойында, Барлық істі тыңдау бар ойында. Ұланұлы Сұлтандай Жігітті, Шақыралық қошеметпен ортаға.
Жақсы адам кімге болсын болар пана Мол оның тал бойында ақыл сана Көркіне ақылыда сай келетін Шақырайық Болатбекті ортаға
Қуантады білімімен Медияр Қол соғып, қарсы алайық оны біз Білімің берік болсын талабыңа Бүгінгі қабыл болып тілегіміз
«Ән ұран» орындалады
Енді сайыстың бағдарламасымен таныстырып өтсем: «Таныстырсам өзімді» - таныстыру «Сегіз қырлы бір сырлы» - өз өнерін көрсету «Күш атасын танымас» - қол күрес «Мерген» - шелекке көздеп доп лақтыру «Шебердің қолы ортақ»- қолөнер бұйымдарының шеберлігі «Ескірмейтін есті сөз» - танымдық сұрақтар
Бүгінгі байқауға қазылық ететін әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтейік: 1Тәрбие ісінің меңгерушісі Әлия Мейрамгалиевна 2Бірлестік жетекшісі Сайра Тоқтағановна 3Ата-аналар комитетінен Ракашева Қарлығаш
Енді сайыскерлеріміз әділ қазы алқасынан жеребе алсын. Сәттілік тілейміз.
«Өзбек» биі
І.Ей, тәкәппар дүние, Маған да бір қарашы Танимысың сен мені Мен қазақтың баласы - деп ақын ағаларымыз жырлағандай сайысымыздың І-ші кезеңі «Таныстырсам өзімді» - деп аталады. Сонымен 1-ші талапкерімізді шақырамыз. 2-ші, 3-ші, 4-ші, 5-ші,6-шы.
ІІ. «Еңбек ердің – санаты, білім елдің қанаты» демекші адам ақыл - парасатымен сұлу, ақылды Жігіт ата-анасының жанып тұрған шырағы емес пе? Қазақта Жігіттерді былай деп атаған! «Көсем Жігіт» - ел басқаратын Жігіт, «Шешен Жігіт» - дау шешетін Жігіт, «Батыр Жігіт» - еліне қамқор Жігіт, «Сері Жігіт» - аттың жүйрігін мініп, иттің алғырын ертіп, мың құбылтып ән салып, күмбірлете күй тартатын өнерлі Жігіт. Олай болса сері Жігіттеріміздің өнерін тамашаласақ.
ІІ. Келесі шартымыз «Сегіз қырлы, бір сырлы» деп аталады. Бұл шартта Жігіттеріміз өз өнерлерін көрсетеді. Ортаға 1-ші талапкерімізді шақырамыз. 2-ші, 3-ші, 4-ші, 5-ші, 6-шы. Әділ қазылар алқасы «Таныстырсам өзімді» шартының бағасын берсеңіздер.
ІІІ. Ер өнері білінбес, Қоян қолтық алыспай. Күш өнері білінбес, Бәйгеге түсіп жарыспай - дегендей сайысымыздың келесі шарты «Күш атасын танымас» деп аталады. Бұл кезеңде Жігіттеріміз қол күрестіреді Ортаға 1-ші номерлі Жігітімізді шақырамыз. 2-ші, 3-ші, 4-ші, 5-ші, 6-шы. Әділ қазы алқасы «Сегіз қырлы, бір сырлы» шартының бағасын берсеңіздер.
«Шай хана» биі
ІҮ.Би болатын Жігіттің, Төбеде болар жұмысы. Мерген болар Жігіттің, Мергендік болар жұмысы – дегендей ендігі кезекті Жігіттеріміздің мергендігін сынау мақсатында «Мерген» шелекке допты көздеп лақтыру шартына береміз. Ортаға 1-ші номерлі Жігітімізді шақырамыз. 2-ші, 3-ші, 4-ші, 5-ші, 6-шы. Әділ қазы алқасы «Күш атасын танымас» шартының бағасын берсеңіздер.
Ү.Жігіттің көркі өнері, Талап – кісі мұраты. Өнер қалмақ артында, Дүниенің өшпес шырағы.
Өнердің қадірін білген, бабаларымыздан қалған бұл сөздердің қасиеті бүгінгі күнге дейін жалған емес. Соның айғағы ретінде сайыскерлерімізге берілетін келесі шарт «Шебердің қолы ортақ» деп аталады. Ортаға қатысушы талапкерлерімізді шақырамыз. Әділ қазы алқасы уақытты белгілесе. Әділқазылар алқасы «Мерген» шартының бағасын берсеңіздер.
ҮІ. Ей, Жігіттер! Сендерге биік ата - салтын құрметтеп, Ақтай білсең ата-баба үмітін, Әрбір сөзі – тәлімі мол бір мектеп.
Жігіттеріміздің өнерлерін, мергендіктерін тамашаладық. Енді ақыл-ой тереңдігін, ой ұшқырлығын сарапқа салатын да кез келген сияқты. Олай болса келесі шартымыз «Ескірмейтін есті сөз» деп аталады. Бұл шартта Жігіттеріміз сұраққа жауап береді.
Ойларыңда от бар екен байқадым Жүректерде шоқ бар екен байқадым Әрқашанда осы шоқты өшірмей Жалындатып, шарықтаңдар әрдайым Келесі сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз.
«Ертегілер» қыздардың орындауында
Әр номинация бойынша қатысушылар атақтармен марапатталады.Марапаттау: 1.Бас жүлде – «Жігіт сұлтаны» 2. «Дарынды жігіт» 3. «Сегіз қырлы, бір сырлы». 4. «Парасатты жігіт» 5. «Алғыр жігіт». 6. «Шымыр жігіт».
Қорытындылау.
Қаралды: Келісемін:
Методикалық пән Мектеп директорының
Бірлестігінің жетекшісі тәрбие жөніндегі орынбасары