kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жігіт с?лтаны-2014

Нажмите, чтобы узнать подробности

1. Ата салтын насихаттай отырып, на?ыз ?аза? жігітіні? бойында?ы ?асиеттерімен таныстыру.
2. ?р баланы? бойында?ы ?абілеттерін: ойлау, ?р т?рлі жа?дайлардан шы?а білу, ?нерін к?рсету, тап?ырлы?, сахна м?дениетін ?алыптастыру, дамыту.
3. Ата салтын арда?тайтын, ?з елін с?йер на?ыз ?аза? жігітіні? ?асиеттерін бойына сі?іре білер ?рпа?ты т?рбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жігіт с?лтаны-2014»

«Жігіт сұлтаны»Өткізген:Куразбекова Айгүл
Мақсаты:
1. Ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерімен таныстыру.
2. Әр баланың бойындағы қабілеттерін: ойлау, әр түрлі жағдайлардан шыға білу, өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту.
3. Ата салтын ардақтайтын, өз елін сүйер нағыз қазақ жігітінің қасиеттерін бойына сіңіре білер ұрпақты тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Слайдтар, шарлар.
Байқауға қатысатындар: мектепалды оқушылары
Байқаудың қонақтары: ата-аналар, оқушылар, мектеп әкімшілігі,мектепалды класс оқушылары.

Байқау барысы.
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Ұлттық музыка әуені ойналып тұрады, қонақтарды орналастыру.
Жүргізуші:
Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Қадірлі қонақтар! Бүгін бізде «Жігіт сұлтаны-2013» атты бойына өршіл рухы бар, парасатты жігіттер сайысы өтпекші.
Жүргізуші:
Нағыз кәусар жігітті,
Нағыз қайсар жігітті,
Нағыз бұлбұл жігітті,
Нағыз дүлдүл жігітті,
Анықтайтын кез келді!


Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық!
Ата жолын жалғамақ
Ел дәстүрін қолдамақ
Ел намысын қорғамақ.
Ұлдар шықсын ортаға,
Бүгін сұлтан атанбақ! – дей отырып, ортаға «Жігіт сұлтаны-2013» байқауына қатысушы сайыпқырандарымызды шақырайық! Қарсы алыңыздар! (Байқауға қатысушылар кезекпен ортаға шығады)Мектепалды «А» тобы
1.Ақтан Ағжан Төреханұлы- батыр
2.Елеусіз Әди Хамзатұлы - батыр
3.Еламан Ислам Есенгелдіұлы-әскери
4.Қасқырбай Ислам Дарханұлы-спорт

Мектепалды «Б» тобы

1.Абдулзалиев Руслан Рустамұлы -

2.Кеншіліков Құдырет Болатұлы -ғалым

3. Іздібаев Ерболат Тимурұлы-әскери

4.Утегенов Нұрдос Алпамысұлы-мамандық (машинист)
2 – жүргізуші:
«Жігіт сұлтаны-2013» байқауына қатысушы сайыпқырандардың ақыл-парасаты мен өнеріне, қайраты мен күшіне баға беруші қазылар алқасымен таныс болыңыздар!
1. Бастауыш сынып оқу-ісінің орынбасары:Агленкина Ақмарал Жұмағұлқызы
2.Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Құдайберген Ерболат Нұрадинұлы
3.Мектеп директорының оқу - ісінің әдіскері: Көптлеуова Светлана Кенжеғалиқызы

1 – жүргізуші:
Қайсысы әнші, кім биші,
Талабына қарайық.
Кімдер зерек, кім жылдам,
Таланттарын табайық! – деп, өнер сүйер қауым бүгінгі сайыстың барысымен таныстырып өтейін.

Байқау бағдарламасы:
1.«Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер». (таныстыру,киімі,партфолиосы)
2.Тіл қаруы-сөз (мәнерлеп оқу,патриоттық,батырлар жырынан үзінді).
3. «Шебер қолдар»(Үй тапсырмасы,қол өнер(ұлттық нақышта) 4. .«Ел іші, өнер кенші»Өз өнері (би,ән,пародия т.б).
Бағалауда қатысушылардың өз – өзін ұстауы, әртістік өнері, киім үлгілері, құттықтаудың ерекшелігі мен маңызы ескеріледі.

Жүргізуші:
Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат,
Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат.
Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік,
Ер табылса, жарайды қылса сұхбат, - дей отырып «Жігіт сұлтаны-2013» байқауын бастаймыз. Сайыскерлерімізге сәттілік тілейміз.

Жүргізуші:
Ақыл – көрік бойларында жетеді,
Әлі талай сынақтардан өтеді.
Мына отырған баршыңызды өзімен
Тез арада таныстырып өтеді – деп, Сайысымыздың бірінші бөлімі
«Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер...». деп аталады. Сайысқа қатысушы жігіт сұлтандары өздерін таныстырып өтеді.
Өнер қуып жігіттер өтер деймін,
Бір басына өнері жетер деймін.
Бәскеге түскен сегіз жігіт кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтер деймін.

Сайыскерлер өздерін таныстырып өтеді
Жүргізуші:
Таныс болдық жігіттер тегіменен
Туып өскен мекені, еліменен.
Бәрі де ақын көрінеді,
Таныстырып кетті ғой төгіп өлең.
Қол өнері:
Сайысымыздың келесі бөлімі «Үй тапсырмасы...»
(Оқушылар үйден өз қолдарымен жасаған бұйымдарын көрсетеді)
Парасатты ер жігіт,
Ақылымен әр іс біледі.
Өнерің барда жігіттер,
Тоқталып сірә, іркілме.
Жұрт қарасын қызығып,
«Бәрекелді!» деп шіркінге, - дей отырып, сайысымыздың «Ел іші, өнер кенші...» бөлімін бастаймыз.
Ал кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп, ал біреуі ән салыпты.
Сұлтандар жарысынан бәйге алуға,
Жігіттер аянбай – ақ жан салыпты.


Жүргізуші:
Осымен, «Жігіт сұлтаны» атты бойына өршіл рухы бар,парасатты жігіттер сайысы мәреге жетті.

Жүргізуші:
Құрметті өнер сүйер қауым, қадірлі қонақтар, ата-аналар!
Өздеріңізбен бірге қызықтап, өнерлерін тамашалаған сұлтандар сайысы да аяқталды. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні тірелер болсақ «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, бүгінгі сайысымыздың жеңімпазын анықтау үшін сарапшылар алқасына сөз береміз.
Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,
Сұлтаны деп мектептің жүрейікші.
Қазыларға тек қана әділдікті,
Ал жігіттерге сәттілік тілейікші.

Жүргізуші:
«Жүзден – жүйрік» күшімен,
«Мыңнан – тұлпар» шықты шың
Жігіттердің ішінен шыққан Сұлтан мықтысын!
Құттықтайық ал енді
Сұлтан болған баланы
Өрге жүзіп өнері,
Тауға өрлесін талабы.
Қуанышты жанары,
Шоқтай болып жанады.
Әр номинация бойынша қатысушылар атақтармен марапатталады.Марапаттау:
1.Бас жүлде – «Жігіт сұлтаны-2013»
2. І орын
3. ІІ орын 4. ІІІ орын
5. «Намысты жігіт»
6. «Өнерлі жігіт».
7. «Қайсар жігіт».
8. «Шебер жігіт»
1– жүргізуші:
Бүгінгі сұлтандарымыздың, нағыз қазақ жігіттерінің бәрі де тамаша өнер көрсетті. Бұл олардың ертеңгі үлкен сынға қадам басқан бастауы ғана. Әрқашан сыналған шақта сүрінбей, қадамдарыңа нұр жаусын дейміз!
Өркендерің өссін, мерейлерің үстем болсын! Келесі кездескенше, күн нұрлы болсын!





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Жігіт с?лтаны-2014

Автор: Куразбекова Айгуль Конысбаевна

Дата: 12.01.2016

Номер свидетельства: 275683

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(51) "Та?ырыбы:«Ел тірегі -елбасы»"
    ["seo_title"] => string(26) "takyrybyieltirieghiielbasy"
    ["file_id"] => string(6) "272365"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1451970377"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства