kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Же?іс к?ні мерекесі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты:

Балаларды  9 мамыр  - Же?іс к?ні,  7 мамыр  -?аза?стан Отан ?ор?аушылар к?ндері туралы т?сініктерін ке?ейту. Балаларды т?уелсіз ?аза? елі ?скерлерімен таныстыруды жал?астыру, со?ыс, майдан, же?іс с?здеріні? ма?ыздылы?ын бекіту. М. ?лімбаев «Ел ?ор?ау?а ?зірміз» та?па?ымен таныстыру. Же?іс к?ніне мерекелік ??тты?тау хат жасауды ?йрету. Т?рлі – т?сті ?а?аздан ?скери шеруді жапсыруды, гуашь, акварель бояуларымен отшашуды, т?рлі- т?сті ?уе шарларды салуды ?йрету. Пайдаланатын  бояуларды? атауларын  бекіту. ?ыл?аламны? барлы? ?ылын тигізу т?сілімен сурет салуды ?йрету.

Дамытушылы?: Балаларды танымды? ?ызы?ушылы?ын, ?олды? ?са? ?имылдарын, к?збен м?лшерлеуді, ыр?а?ты сезіну машы?ын, гуашь бояуымен  ж?мыс істеу машы?ын, балаларды? ?ол ?имылдарын ?йлесімін, ?олды? ?са? б?лшы? еттерін, ?а?аз пара?ы бетінде  ба?дарлауды, зейін ?оюды дамыту.

Т?рбиелік: Отан с?юге, Отанды ?ор?ау?а т?рбиелеу. Эстетикалы? тал?ам?а, ыжда?аттылы? пен е?бекс?йгіштікке, ж?не баста?ан істі ая?ына жеткізуге ынталы болу?а  т?рбиелеу. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Же?іс к?ні мерекесі »

«Жеңіс күні» Ұжымдық жұмыс.

Абдикаликова Мейраш Турсыновна

КМҚК «Балақай» «Сылдырмақ» тобының тәрбиешісі

Қарағанды қаласы


Білім беру саласы «Шығармашылық», «Қатынас»

Бөлімі: «Сурет салу», «Жапсыру», «Көркем әдебиет»

Ұйымдастырылған оқу әрекетінің технологиялық картасы.

ІІ кіші сәбилер тобы

Білім беру саласы: Шығармашылық. Қатынас.

Бөлімі: Жапсыру. Сурет салу. Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Жеңіс күні». Ұжымдық жұмыс. М. Әлімбаев «Ел қорғауға әзірміз»

Мақсаты:

Балаларды 9 мамыр - Жеңіс күні, 7 мамыр -Қазақстан Отан қорғаушылар күндері туралы түсініктерін кеңейту. Балаларды тәуелсіз қазақ елі әскерлерімен таныстыруды жалғастыру, соғыс, майдан, жеңіс сөздерінің маңыздылығын бекіту. М. Әлімбаев «Ел қорғауға әзірміз» тақпағымен таныстыру. Жеңіс күніне мерекелік құттықтау хат жасауды үйрету. Түрлі – түсті қағаздан әскери шеруді жапсыруды, гуашь, акварель бояуларымен отшашуды, түрлі- түсті әуе шарларды салуды үйрету. Пайдаланатын бояулардың атауларын бекіту. Қылқаламның барлық қылын тигізу тәсілімен сурет салуды үйрету.

Дамытушылық: Балаларды танымдық қызығушылығын, қолдың ұсақ қимылдарын, көзбен мөлшерлеуді, ырғақты сезіну машығын, гуашь бояуымен жұмыс істеу машығын, балалардың қол қимылдарын үйлесімін, қолдың ұсақ бұлшық еттерін, қағаз парағы бетінде бағдарлауды, зейін қоюды дамыту.

Тәрбиелік: Отан сүюге, Отанды қорғауға тәрбиелеу. Эстетикалық талғамға, ыждағаттылық пен еңбексүйгіштікке, және бастаған істі аяғына жеткізуге ынталы болуға тәрбиелеу.

Қолданылатын әдіс –тәсілдер: әңгімелесу, сұрақ – жауап, суреттерді тамашалау, тақпақты мәнерлеп айтқызу,мадақтау, қорытындылау.

Қостілдік компонент: Жеңіс – победа, Отан қорғаушы - защитник Родины, отшашу–салют, әскери шеру–военный парад.

Сөздік жұмыс: Отан қорғаушы.

Құрал-жабдықтар: Ұлы Отан соғыс батырларының, Қазақстан әскерлерінің, соғыс туралы суреттер топтамасы презентациясы, желім, гуашь, акварель бояуы, ватман қағазы, сулық, қылқалам.

Сабақ барысы:

Тәрбиеші: Балалар, 7 мамырда - Қазақстан Отан қорғаушылар мерекесін тойлаймыз ал 9 мамырда- барлық ел Жеңіс күнінің 70 жылдық мерейтойын тойлайды.

Біз сендермен бүгін соғыс ардагерлеріне сыйға ватман қағазына мерекелік құттықтау хат жасаймыз. Құттықтау хатымызда әскери танктер шеруін жасаймыз, мерекелік отшашулар, түрлі -түсті әуе шарларын саламыз. Мерекеге сыйға мерекелік құттықтау хат салуға дайынсыңдар ма?

Балалар: Ия, әрине дайынбыз!

Балалар шеңберге турып соғыс ардагерлеріне жылы сөздер айтайық:

Шаттық шеңбер:

Бейбітшілік әніміз

Бауырласпыз бәріміз!

Қазақстан даласында

Жарасады сәніміз!

Ұлы Отан аясында

Жадырайды жанымыз»

Қазақстанда Ұлы Отан соғысына қатысқан соғыс ардагерлері өмір сүреді. Мыңдаған Қазақстандықтар қан майданда Жеңіске жету үшін өз үлестерін қосқан. Соғыс кезінде аталар, әжелер, әйелдермен, балалар майдандағы әкелеріне, ағаларына, бауырларына, апаларына өз еңбегімен зауыттарда, егістікте, мал шаруашылығында көмек көрсеткен. Осы мерекеде бар Қазақстан халықтары алаңға шығып қолдарына гүл ұстап, мерекелік жалаушалар, түрлі – түсті әуе шарларын ұстап Жеңіс күнін тойлайды. 2015 жылдың мамыр айының 9 жұлдызында Ұлы Жеңіс Күніне 70 жыл толады, сондықтан мерекелік отшашу 70 рет беріледі.

Балалар, экранға назар аударыңдар Ұлы Отан соғысының, соғыс батырлырының, әскери танк, ұшақ суреттер топтамасын тамашалайық (перзентация):

Қазақстандық Ұлы Отан соғыс батырларының аттарын ұмытуға болмайды. Соның ішінде 500 жауынгер Совет Одағының батыры атағына ие болған, оның ішінде Қарағандылық жерлесіміз әскери ұшқыш Нуркен Абдиров, және Талғат Бигельдинов, Леонид Беда, Иван Павлов, Сергей Луганский, , Алия Молдагулова, Маншук Маметова, Төлеген Тоқтаров кавалерист Бауыржан Момыш Ұлы және генерал Панфилов. Ал генерал Панфиловтың 28 жауынгері Волоколам тас жолыннан неміс әскерін Москваға жібермеді.

Балалар, экранға назар аударыңдар. Презентация: Қазақстан әскертерінің әскери шеруі суреттерін тамашалау.

7 мамырда- Қазақстан Отан қорғаушылар күнін тойлаймыз. Болашақта соғыс болмау үшін біздің Қазақстан жауынгерлері Қазақстан халқының тыныштығын, бейбітшілігін, ынтымақтастықтығын, бірлігін қорғайды.

Балалар біз сендермен сабағымызда қолданған сөздерді екі тілде айтып өтейік: Жеңіс – победа, Отан қорғаушы- защитник Родины, отшашу–салют, әскери шеру–военный парад.

Сергіту сәті:

Сергіту сәтінде мен сендерге «Тамаша » ойынын ойнауды ұсынамын. (балалар шеңберде турады):

Күн шуағы тамаша ма? (күнді көрсетеді)

Тамаша! (шапалақ соғады)

Жел турғаны тамаша ма? (желді көрсетеді)

Тамаша!

Достарыңмен жүрген тамаша ма? (адымдап жүреді)

Тамаша!

Ана құшағы тамаша ма? (өздерін құшақтайды)

Тамаша!

Туған өлке тамаша ма? (қолды жан-жаққа созу)

Тамаша!

Туған үйім тамаша ма? (үйді көрсетеді)

Тамаша !

Би билеген тамаша ма? (айналады)

Тамаша!

Қазақ елі тамаша ма? (бас пармақты көрсетеді)

Тамаша!

Жарайсыңдар балалар, енді біз сендермен мерекелік құттықтау хатты қалай жасайтынымызды қараңдар.

Тәрбиешінің үлгісін қарап көру.

Балалар біз сендермен алдымен ватман қағазымызды дайындап аламыз, ол үшін біз ватман қағазының көлденең ортасынан бөліп қағаздың үстінгі жағын көгілдір түспен бояймыз.

Айтыңдаршы біз қағазымыздың үстінгі жағын неге көгілдір түспен бояймыз?

Балалар: Көгілдір түспен бояймыз.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, өйткені ол аспан.

Ал қағазымыздың төменгі жағын қандай түспен бояймыз?

Балалар: Жасыл түспен бояймыз

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар жасыл түспен бояймыз өйткені ол жер, көктем мезгілі болғандықтан жерді жасыл түспен бояймыз. Сосын жасыл түсті гуашь бояуымен танк боямағын бояймыз, ал танкідегі жұлдызшаны қызыл түспен бояймыз. Енді бояулары кепкенше қоя тұрамыз. Танкіміз кепкенше ватман қағазына танк шеруі өтетін жол жасаймыз, ватман қағазының төмен жағына қара түсті қағаздан жол жасаймыз, ал жолдың ортасына ақ жолақ және зебра жапсырамыз.

Мінеки, біздің танкілерімізде кепті, ондай болса әр бала өз танкін екі қатар бірінің соңынан бірі жүріп келе жатқан әскери шеру етіп жапсырамыз.

Аспанға әсем күн жапсырамыз, күннің түсін қандай қағаздан жасаймыз?

Балалар: сары түсті қағаздан жасаймыз.

Тәрбиеші: Әрине күн сары түсті болады, күншұақтар да сары түсті болады. Және аспанда әдемі ақ түсті мақтадан бұлыттар жапсырамыз. Біз сендермен отшашумен әуе шарларына келіп жеттік.

Айтыңдаршы отшашуларын және әуе шарларын акварель бояуының қандай түстерімен саламыз?

Балалар: Ақ, сары, көк, жасыл, қызыл түсті бояумен.

Тәрбиеші: Әрине ақ, сары, көк, жасыл, қызыл түсті акварель бояуымен саламыз.

Ал әуе шарларының пішіні қандай?

Балалар: Сопақша және домалақ.

Тәрбиеші: Әрине сопақша, домалақ болады.

Балалар тәрбиешінің үлгісін қарап жұмысты жасау жолдарын үйренеді. Тәрбиеші тапсырманы әр балға бөліп береді. Әр бала өз жұмысын жасайды.

Балалардың өз бетінше жұмысы.

Қажет болған жағдайда тәрбиеші балаларға көмектеседі.

Тәрбиеші балаларды ынталанғандыру үшін мадақтайды. Педагог балалардың жұмысын мадақтайды.

Жарайсыңдар балалар! Біз сендермен Соғыс ардагерлерінің мерекесіне құттықтау хатымыз дайын болды.

Балалар мен сендерді М. Әлімбаев ағамыздың «Ел қорғауға әзірміз» тақпағымен таныстырғым келеді:

Аязда да тоңбаймыз, Бұл шақта, бұл шақта,

Аптапқа да төземіз. Кішкентаймыз қазір біз.

Түнде де жол барлаймыз, Кішкентай болсақ та,

Суда еркін жүземіз. Ел қорғауға әзірміз!

Балалармен тақпақты бірнеше рет мәнерлеп қайталап оқу.

Жарайсыңдар балалар, осы тақпақты соғыс ардагерлерінің мерекесіне арнап жаттап алайық.

Рефлексиялық –түзетушілік:

Балалар, біз бүгін сабағымызда не жасадық?

Құттықтау хат жасадық.

Құттықтау хатты қандай мерекеге сыйға жасадық?

Құттықтау хатты соғыс ардагерлерінің мерекесі «Жеңіс күніне» арнап жасадық.

Жақсы, жарайсыңдар балалар!

Күтілетін нәтижелер:

Нені біледі: 9 мамыр - Жеңіс күні, 7 мамыр -Қазақстан Отан қорғаушылар күні – мерекелері туралы біледі.

Қандай түсініктерді игерді: Қазақстанда Совет Одағының Ұлы Отан соғыс батырлары бар екенін түсініп игерді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Сұрақтарға дұрыс толық жауап береді, өз ойларын жеткізе алады.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Же?іс к?ні мерекесі

Автор: Абдикаликова Мейраш Турсыновна

Дата: 05.07.2015

Номер свидетельства: 222285

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) "Т?рбие са?аты "Аналар?а мы? ал?ыс""
    ["seo_title"] => string(28) "trbiiesagatyanalargamynalgys"
    ["file_id"] => string(6) "310951"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459140170"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(28) "«Ана ?мір шуа?ы»"
    ["seo_title"] => string(18) "ana-omir-shuag-y-2"
    ["file_id"] => string(6) "313764"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1459530976"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(98) "Разработка мероприятия "Мерекелі, берекелі Алтын күз""
    ["seo_title"] => string(52) "razrabotka_meropriiatiia_merekeli_berekeli_altyn_kuz"
    ["file_id"] => string(6) "488249"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1543502105"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(24) "Куз кереметі "
    ["seo_title"] => string(17) "kuz-kieriemieti-1"
    ["file_id"] => string(6) "193190"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427609244"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(19) "Куз  келді "
    ["seo_title"] => string(10) "kuz-kieldi"
    ["file_id"] => string(6) "193984"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427716737"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства