Просмотр содержимого документа
«Жабайы жанурлардың қысқы тіршілігі.»
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қалалық №2 орта мектебі мектепалды даярлық Е тобының тәрбиешісі Бұхарбаева Нұргүл Қазенқызы
Сабақ тақырыбы:Жабайы жанурлардың қысқы тіршілігі.
Сабақ мақсаты: Жабайы жануардың қысқы тіршілігін суреттер бойынша әңгімелету,жұмбақтар шешкізу арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Ұйымдастыру бөлімі:
Шаттық шеңбері:
Қуанамын менде,
Қуанасын сенде
Қуанайық бәріміз!
Жарқыраған күнге !
-Қәне, балалар ұқыпты балалар қалай отырады екен?
1,2,3,
Сынып іші тып-тыныш
Жалқаулықты тастаймыз
Сабақты біз бастаймыз.
-Балалар, біз өткен сабақта үй жануарлары туралы өттік.Қандай үй жануарларын білесіңкдер?
-Ия, дұрыс қой, ешкі, түйе, сиыр, жылқы
-Оларды неге үй жануарлары деп атайды?
-Себебі, олар адамның көмегімен өсіріледі.
-Үй жануарлары адамға қандай пайда акеледі?
-Олардың етін жейміз, сүтін ішеміз,жүнінен жылы киімдер жасаймыз.
Ал енді мына тапсырмаларды орындайық. «Үй жануарларының төлдерін ата»
Қойдың төлі-қозы
Ешкі төлі-лақ
Жылқы төлі-құлын
Сиыр төлі-бұзау
Түйе төлі-бота
Сергіті сәті.
-Балалар, бүгінгі өтетін жаңа тақырыбымыз «Жануарлардың қысқы тіршілігі» деп аталады.Мен сендерге жұмбақ жасырамын сендер жауабын табасыңдар,жарайма?
Ең айлакер аң?
Ең қорқақ аң?
Балды жақсы көретін аң?
Мысыққа ұқсайтын аң?
Аң патшасы қандай аң?
Тақтаға жабайы жануарлардың суреті ілінеді.Мына суреттерге қарап әр жануарға сипаттама береміз.
-Жарайсыңдар, балалар бұл аңдарды бір сөзбен жабайы аңдар деп айтамыз,өйткені олар орманда өмір сүреді,елсіз даланы мекен етеді,өз азығын өздері тауып жейді. Сондықтан бұларды жабайы жануарлар деп атаған, олардың бізге пайдасы мол, терісінен тон, жаға ,бас киімдер тігеді.
Орнымыздан тұрып сергіту сәтін жасайық(музыкамен)
-Жарайсыңдар, балалар қазір «»Не бар, не жоқ» деген ойын ойнаймыз
Балалардың алдына жабайы жануарлардың ойыншықтары қойылады, көздерін ашыңдар дегенде қай жануар барын, қай жануар жоғын айтады .Осылай 3-4 рет қайталайды.
-Балалар, біздер жабайы аңдарды 3 тілде айтайықшы.(3 тілде айтқызу)
Жаңа сабағымыздың келесі тапсырмасын орындайық.Қазір 3 қатарға тапсырма беремін.
1-қатар-үй жануарларын қызыл түспен, ал жабайы жануарларды жасыл түспен белгілендер.
2-қатар –жабайы жануарлардың балаларын сызық арқылы қосу
3-қатарға –жабайы жануарды құрастыру керек.
-Балалар, мен сендерге ертегілерден үзінді көрсетемін сендер сол ертегілердің қай ертегі екенін табасыңдар?
-Балалар, жабайы жануарлар туралы кім тақпақ біледі, айта қойыңдаршы?
-Балалар,сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма, жабайы жануарларға нелер жататынын білдік,көп нәрсемен таныстық.Орнымыздан тұрайық
Жануарларды атпаймыз,
Жасыл шөпті баспаймыз
Табиғатты қорғаймыз
Ағаштарды сатпаймыз
Қоршаған орта табиғат
Жануар, өсімдік, адамзат
Сүю,қорғау, парасат,
Білейік мұны жамағат,-дей отырып бүгінгі ашық сабағымызды жабық деп жариялаймын, келгендеріңізге көптен-көп рахмет.