kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ынтымақ мерекесі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балаларға 1-ші мамыр ынтымақ пен бірлік мерекесі туралы түсінік беру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ынтымақ мерекесі»



Ашық сабақ

Білім саласы: Коммуникация

Оқу қызметінің түрі: Сөйлеуді дамыту

Оқу қызметінің тақырыбы: Ынтымақ мерекесі

Мақсаты: Балаларға 1-мамыр ынтымақ пен бірлік мерекесі туралы түсінік беру. Қазақстан көп ұлтты мемлекет екендігі жайында түсініктерін кеңейту.

Мамыр мерекесі туралы өлеңдер оқыту арқылы есте сақтау қаблеттерін дамыту.

Елімізде тұратын ұлттарды сыйлауға, олармен достық қарым- қатынаста болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: мерекеге арналған сюжетті суреттер

Оқу қызметінің барысы:

Шаттық шеңберін құру. Дөңгелене тұрып,бір -біріне мерекелік көңіл күй сыйлау, тілектерін білдіру.

Кіріспе бөлім.Тақтадағы ұлттар достығы бейнеленген сурет арқылы жұмыс жүргізу.Қазақстан мемлекетінде тұрып жатқан халықтардың тұрмысы және мәдениеті жайлы қысқаша түсіндіру.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен 1995 жылы наурызда құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл толып отыр. Биылғы жыл сол Ассамблея жылы болып жарияланып отыр. Ассамблеяның 20 жылдығына орай 6-ақпанда Астанада үлкен сьезд болды.Аталған Ассамблея сол уақыттан бері үздіксіз жұмыс істеп келеді.Оның даму барысында Президент Н.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі қалыптасты.Бұл бірыңғай тұтастық пен тұрақтылықтың,ынтымақ пен ымыралы өмірдің негізі.

«Біздің байлығымыз- әр ұлттан болғандығымыз болса, күшіміз- бірлігімізде»деген Елбасы – өз сөзінде.

1-Мамыр-Қазақстан Халқының бірлігі мен достығын паш ететін айтулы мереке.Еліміздегі ұлттар мен ұлыстардың достығы мен бірлігі, татулығы мен ынтымағы өзге елдерге өнеге боларлықтай. Заманында қазақтың дархан даласы көптеген ұлттарға пана, қамқор болды. Соның нәтижесінде қазақ жері бауырластар мекені, достықтың құтты ұясы атанды. Жүректері жомарт, алақандары ашық қазақтар өзге ұлт өкілдерімен бір ананың баласындай ғұмыр кешуде.

«Бірлік бар жерде- тірлік бар», «Ырыс алды- ынтымақ» дейді халық даналығы.

Сөздік жұмысы.

Ынтымақ- адамдар арсындағы бірлік.

Мереке- салтанатты той, мейрам.

Тақпақтар.

Тілегіміз бейбіт күн,

Ақпыз, сары, қарамыз,

Бәрімізде баламыз.

Бір қалада тұрамыз,

Туысқанбыз татумыз.

Ағайынбыз бәріміз.

Біз әр түсті баламыз, Тату тәтті тұрамыз,

Қол ұстасып барамыз. Бірге сайран құрамыз.

Күн сөнбесін ешқашан, Бір үйде біз тұрамыз,

Деп, шырқап ән саламыз.Бірлік асыл мұрамыз!


Ортақ мекен жер шары, Ынтымағы келіскен,

Төбемізде бір аспан. Үзім нанды бөліскен.

Барлық ұлттың баласы, Достық аулақ тұрады,

Достығымыз жарасқан. Ұрлық, ұрыс керістен.

Жапсыру:- Ал, балалар күніміз ашық болсын деп елімізге тыныштық тілеп, ортадағы күннің шеңберіне тілек шоғымызды қойып, күннің шуағын жинайық.

Ойын: «Кім епті?».

Біз не білдік?-Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Елімізде көптеген ұлт өкілдері тату -тәтті өмір сүруде.Олар бақытты, себебі біздің Отанымызда тыныштық, бейбітшілік.

Қорытынды. «Әрқашан күн сөнбесін»әнімен аяқтау











































Мектепке дейінгі ұйымдарда білім сапасын арттыру аса маңызды мәселе, ол үшін жалпы және негізгі жағдайларды жақсарту басты міндет болып табылады.

Біріншіден, білім мен тәрбие беруге арналған дамытушы ортаны жабдықтау қажет десек, ол мектепке дейінгі кезеңнің өзіндік ерекшелігі мен құндылықтарын сақтайтын, баланың балалығына бағытталуы шарт.

Екіншіден, тәрбие мекемесінің басшысы мен тәрбиеші кәсіби шеберлігін үнемі шыңдап, білімін жетілдіріп,шығармашылық бағыт- бағдарын айқындап, оны жүзеге асыруда белсенділікпен атсалысуы қажет. Сондай- ақ отбасының сұранысы мен талап- тілектерін қанағаттандыру және білім мен тәрбиенің балаға берілген үрдісі жайында ата- анамен үнемі бірлескен ынтымақты негізде жұмыс істеу де өте маңызды.

Үшіншіден, топта еңбек етуге толық жағдай жасалып, тәрбиелеу мен білім берудің технологияларын сауатты меңгеріп, жаңа педагогикалық әдіс- тәсілдер жүйесін кәсіби шеберлікпен игеріп, оны тәжірибеде пайдалануға шығармашылықпен үлес қосып отырса.

Баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беру мәселелерінде отбасы мен ұжымның бірлескен өзара тығыз байланыста болуы.

Білім беру жүйесінің негізгі мақсаты- тұлғаны оқыту, тәрбиелеу, дамыту. Бұл мақсаттар өзара тығыз байланыста болғанда ғана нәтижелі болады. Баланы өмірге дайындау үшін дамытудың маңызы ерекше.

Даму барысы:

1.Зердесін дамыту

2.Эмоциясы мен сезімдерін дамыту

3.Қиыншылықтарға төтеп бере алуын дамыту

4.Өзіне- өзінің сенімділігін, өзін- өзі қабылдау, жақсы көруді дамыту

5.Танымдық үрдісін дамыту

6.Өзін- өзі алып жүре алуын, дербестігін дамыту

7.Өзін- өзі көрсете алуына, өзін- өзі жетілдіруге ынтасын дамыту

Баланың бүкіл өмір бойында оның даму үрдісі жүреді. Даму үрдісінде баланың таным белсенділігі арта түседі. 6 жастағы балалар заттарды түсіне, түріне, көлеміне қарап ажырата бастап, олардың құрылысың, пайдалану тәсілдерін білгісі келеді. Күнделікті өмір барысында бала шындық дүниенің құбылыстары мен заттарын анықтай білуге, адам баласының жинақтаған бай тәжірибесін үйренуге талаптанады. Балалардың бір нәрсені құмартып білуге талаптануын «Таным ынтасы» дейді.

Атақты психолог Л.С.Выготский «Баланың қиялы біртіндеп өмір тәжірибесінің молаюына байланысты қалыптасады» деген қортындыға келеді.

Қазіргі кездегі психологтар мен педагогтер, баланың жеке басының дамуындағы қиялдың маңыздылығының ең тиімді жолы шығармашылық жұмыста көрсету, үйрету, көркем әдебиетте нақтылау, өз бетінше жұмысына жағдай жасау, яғни еркіндік беру керектігін айтады. Сонымен қиялдың дамуы төмендегідей үш компоненттен тұрады.

Бірінші дәрежеде қиял қоршаған болмыспен байланысты, дайын нәтижені ойластыруға мүмкіндік береді.

Екінші дәрежеде баланың өткен тәжірибесімен байланысты, бірақ сонда да заттық байланыстың ролі бар.

Үшінші дәрежеде қиялдың дамуы балаға ақиқаттан қиялдың қозғалысының жоғарғы формасы- ой пікірден оның іске асуының байланысты.

Біздің тәжірибемізге негіз болған 5-6 жастағы балалардың құрастырған ертегілер мен қызықты әңгімелері ұйымдасқан түрде мағыналы, жүйелі, өз бетінше еркін жүргізілген жұмыс, қиялдың дұрыс дамуына апаратын көп жолдың бірі болды деп есептейміз. 6 жасар бала өз қиялында алуан түрлі жағдайлар құра алады және баланың өзі сонда әртүрлі жағынан көрінеді. Ойын барысында қалыптаса отырып қиял басқа да іс әрекет түрінде өте алады. Тілі және қиялы жақсы дамыған бала қызықты сюжетті тез арада жанынан ойлап шығара алады. Қиялдың үздіксіз жұмысы -баланың айналадағы әлемді танып білуінің және игеруінің маңыздылығы, бұл жеке тәжірибе аумағынан шығудың әдісі.

Баланың қиялдауы ойын үстінде қалыптасады. Алғашқы кезде қиял заттарды қабылдаудан және ойын іс- әрекеттерін орындауынан ажыратылмайтындай. Ойын үстінде қалыптасқан қиял мектепке дейінгі бала іс- әрекетерінің түрлеріне де ауысады. Бала сурет салғанда, ертегілер мен тақпақтарды ойлап шығарғанда қиял неғұрлым айқын байқалады.

К.Д.Ушинский баланы табиғатпен жастай таныстыра дамыту оның өзіндік логикалық ойын, сөз қоының, саханасының жетілуіне әсері мол екенін көрсеткен. Логикалық ойдың, пікірдің дамуы баланың келешекте рухының жоғары болуына, батыл пікір, нақты шешім айтуына және оны дәлелдеп беруге жетелейді. Сондай-ақ кімде- кім баланың тіл қаблетін дамытқысы келсе, ең алдымен оның ой қаблетін дамытуы тиіс екенін көрсетеді.

Мектепке дейінгі балалар әдетте ойынды, сурет салғанды жақсы көреді, ересектермен және өзі қатарлы балалармен лезде тіл табысып кетеді.

Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады.Л.С.Выготский пікірінше: ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына ықпал ететін жетекші, басты құбылыстың бірі деуге болады. Бала ойын арқылы өзінің күш -жігерін жаттықтырып, қоршаған орта мен құбылыстардың ақиқат сырын ұғынып үйрене бастайды. Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойнайды, эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі артады, ерік қасиеті, қиял елестері мен таным үрдістері дамиды, мұның бәрі баланың шығармашылық қаблеті мен дарынын ұштайды.















Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мен тәрбиелеу.

Тәрбие кең мағанасымен алғанда қандай да болса

бір жан иесіне тиісті азық беріп, сол жан иесінің

дұрыс өсуіне көмек көрсету деген сөз.

Мағжан Жұмабаев

Халқымыз « Ағаш түзу өсу үшін көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың »деп бекер айтпаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз- өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен тәрбиешілер шешуші роль атқарады.

Адамгершілік тәрбиесі -тәрбие саласының құрамдас бөлігі. Жеке тұлғаны жан -жақты жетілдіру үдерісінде ақыл- ой тәрбиесінен кейін маңыздыорын алады. Жас ұрпақты адамгершілік рухында тәрбиелеу дегеніміз- мінез- құлықтың дағдылы ережелеріне үйрету. Адамгершілік сезім балалардың іс- әрекетімен, мінез- құлқымен, тәртібімен көрініс табады.Адамгершілік тәрбиесінің міндетін жүзеге асыру барысында баланың бойында енді дами бастаған адамгершілік сезімдерін пайдалана отырып үлкенді сыйлауға, мәдени мінез- құлықтың қарапайым ережелерін, әдеті мен дағдыларын, моральдық саналарын, мінез- құлықтарын, өзін және өзгелерді әділ бағалай білуге қаблеттерін дамытып, сезімдер мен қарым -қатынастар қалыптастыруға ықпал ете білуге үйрету көзделеді.

Балаларды адамгершілікке тәрбиелеуде ұлттық педагогика қашанда халық тәрбиесін үлгі тұтады. Ал адамгершілікке тәрбиелеудің бірден- бір жолы- көзін жеткізу,сенімін арттыру. Осы қасиеттерді балаға жасынан бойына сіңіре білсек- адамгершілік қасиеттердің берік іргетасын қалағанымыз.Адамгершілік - адамның рухани арқауы, өйткені адам баласы қоғамда өзінің жақсы адамгершілік қасиетімен, адамдығымен, қарапайымдылығымен ардақталады.

Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі- мектеп жасына дейінгі балаларға адамгершілік тәрбие беру.Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның нәресте кезінен басталуы керек.

Бір жағынан ол үлкендердің, ата- аналардың, педагогтардың балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан тәрбиешілердің белсенділігін қамтитыын қылықтарынан, сезімдері мен қарым- қатынастарынан көрінеді.

Адамгершілік- адамның бет бейнесін, талабы мен мақсатын,зердесін, кісілігін танытатын қасиеттер.Ал патриоттық, ұлтжандылық,Отанды, туған жерді сүю, қадірлеу, қорғау өз елінің ұланы екеніне мақтаныш сезімдерін тудыратын асыл қасиеттер екені баршамызға мәлім. Олай болса әрқайсымыздың ісіміз адамгершілік, патриоттық сезімдерін дамыту мақсатында, балаларды сол бағытта тәрбиелеуге зор үлес қосады.

Атақты педагог В.Сухомлинский «Бала үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады.

Тәрбиенің негізгі мақсаты- дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар- ожданы мол, еңбекқор, іскер,бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу.Ертегінің рухани тәрбиелік мәні зор. Ол балаға рухани ләззат беріп, қиялға қанат бітіретін, рухының өсіп жетілуіне қажетті нәрсенің мол қоры бар рухани азық» деп атап көрсеткен.

В.Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек,ол бала солай бола алады» дейді.Демек, шәкіртке жан- жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз.

Ұрпақ тәрбиесі- келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан- жақты жетілген, ақыл- парасаты мол, мәдени-ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу- біздің де қоғам алдындағы борышымыз.

Тәрбиешінің алға қойған мақсаты- бойына ұлттық саналық қалыптасқан, халқының әдет- ғұрпын, салт- дәстүрлерін көңіліне тоқыған, дені сау, шымыр да шыныққан, сымбатты, халықтың тілін білетін, рухани байлығы мол, жан- жақты азамат тәрбиелеп өсіру.

« Балапан ұядан не көрсе, ұшқанда соны іледі» дегендей, ата- ананың күн сайын атқарып жүрген жұмысы балаға үлкен сабақ.Жас балалардың үлкендер айтса, соны айтатынын, не істесе соны істегісі келетінін бәріміз де білеміз. Баланың үйден көргені, етене жақындарынан естігені- ол үшін адамгершілік тәрбиенің ең үлкені, демек жақсылыққа ұмтылып, жағымды істермен айналысатын адамның айналасындағыларға көрсетер, берер тәлімі мол болмақ.

Адамгершілік тәрбиесінің негізгі бір саласы- еңбек тәрбиесі. Адам еңбекпен көркейіп, еңбек арқылы байлыққа кенеледі. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деп бекерге айтылмаған.

Тәрбиенің нәтижелі болуы ата- ананың бала алдындағы беделіне байланысты. Беделді қолдан жасауға, сатып алуға немесе біреуді қорқытып күшпен тартып алуына да болмайды.

Еңбек тәрбиесі- үй ішінің ұсақ жұмысынан басталып, жыл сайын күрделеніп отыру керек.Ал үй ішінде еңбек тәрбиесін дұрыс алмаған жұмысқа жалқау, еш нәрсеге икемі жоқ, керенау, сотқар, орашолақ болып, ертелі- кеш көшенің кезбесі болып өседі. Демек, тәрбиенің нәтижелі болуы ата- ананың бала алдындағы беделіне байланысты.

Адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіріп жетілген тұлғаның бойындағы әдептілік сипаттар мынадай болуы тиіс.

Өзгелердің мүддесін өз мүддесінен жоғары қойып кеңпейіл болу, тәкәпарлыққа жол бермеу.

Достарының, отбасының сенімін ақтау.

Жанашырлық таныту, өзгелердің мұң- мұқтаждығына ортақтаса білу, оларға көмек көрсету.

Кешірімді болу, ренішке, өкпешілікке жол бермеу, кек алудан аулақ болу.

Рақымды, мейірімді болу, адамның көңіл күйін алдын ала сезе білу.

Жауапкершілік таныту, адал болу, жалғандық пен алдап- арбаудан аулақ болу.

Өзін- өзі бір қалыпта ұстай білу: өз ойын, сезімін, тілегін, іс -қылықтарын ұстай білу.

Ұқыптылық: қандай іс атқарса да ұқыптылық таныту, еңбек ете білу.

Халықтық педагогикадан бастау алып дәлелденген нәтижелерге сүйенсек, тәрбие құралдары мен әдістері дұрыс таңдалып жүргізілсе, ізгілікті тәрбиенің негізі қаланбақ.

Баланы адамгершілікке тәрбиелеу.

Егер педагогика адамды жан-жақты тәрбиелеуді мақсат тұтса,

онда ол, алдымен, адамды жан- жақты тануға ұмтылу керек.

К.Д.ушинский

Баланың психологиялықжәне дербес ерекшеліктерін ескеріп ұғынбай оны дұрыс тәрбиелеу мүмкін емес.Бірақ өкінішке орай барлық ата- аналардың педагогикалық білімі бұған жеткілікті емес.Тәрбиешінің міндеті- ата- аналарға мектеп жасына дейінгі балалық шақтың әрбір даму сатысында олардың психикалық дамуының маңызды жақтарынан мағұлмат беру.Балалық шақтың әрбір кезеңіне тән балалардың танып білуі және көре білу ерекшеліктері өз баласы бойынан нені бақылау қажеттілігін ескере отырып, тәрбиенің тиісті әдістерін ұсыну.Бала бір- біріне ұқсас болып дүниеге келгенмен кейін олардың қандай қасиетке ие болатының тек тәрбие шешеді.Ал тәрбиенің өзі тек мектепте, үйде болсын әрбір қоғамдәуіріндегі өндіріс қатынастарына байланысты.Балалар психологиясының ерекшелігі жағынан алып қарағанда әрқайсының өзіндік өзгешелігі бар.Әр баланың өзіндік ерекшелігі бірдей болуы міндетті емес.Балаларды зерттеп бақылағанда олардың жас ерекшеліктеріне сәйкес психикалық қасиеттері бір қалыпта болмай, үздіксіз дамып отыратындығын ескерген жөн.Сондықтан әр баланың түрлі қасиеттерін жете біліп, соған сәйкес тиісті әдіс қолдану, арнайы тапсырмалар беріп,белгілі бір мерзім ішінде бақылап білу қажет болады.Ата- аналармен әңгімеде сәбидің мүмкіндігі зор, бірақ шексіз еместігі ескеріледі. Мектеп жасына дейінгі баланың мүмкіндіктерін ескермей дамуды жеделдетуге болмайды және даму барысында тоқтап қалуға жол берілмейді.Сондықтан ата- аналардың ерте және мектепке дейінгі жастағы балалардың дамуының психофизиологиялық көрсеткішін білуі маңызды.

Мектеп жасына дейінгі балаға еліктеушілік, албырттық, сенімділік, жігерлілік, жаңаны ашуға ұмтылу, өзімшілдік сияқты қасиеттер тән, мұның бәрі балалық шақтың табиғи серіктері.Бұл жаста бұлшық ет, ақыл- ой , рухани күш жігер жинақталып, баланың тұла бойының жедел өсуі, мидың дамуы және жоғарғы жүйке жүйесінің күрделену процестері жүреді.Айналадағы заттар мен адамдардың әрекеті қоғам өміріндегі оқиғалар оның зейінін аударады, анықтап қарауға, түсінуге ұмтылады, баланың ойын, елестету қаблетін оятады. Бұл кезеңде балалардың іс -әрекетінің мазмұны бай, әртүрлі бола бастайды.Мазмұнды тақырыптық ойындарда олар өмірдегі түрлі оқиғалар мен еңбекті, адамдардың қарым-қатынасын бейнелейді. Әсіресе ,баланың дербес психофизиологиялық ерекшеліктерімен түсінік қаблеті, жанұядағы көңіл- күй, ата- ана талабы мен тілегі және де басқа жағдайлар аса маңызды. Бала есейген сайын оның жүріс- тұрысы түзеле бастайды. Егер сәбидің мінез- құлқы оның сезіміне байланысты болса, ересек баланың мінез -құлқы көпшілік жағдайда ақыл -еске бағынышты. Жігерлі талпыну қаблеті дами келе ол өз талап тілегін шамалай алады. Оларға адамгершілік әліппесі белгілі: ненің жақсы, ненің жаман екенін ажырата алады. Уәдеде тұруға, көмекке келуге, орын беруге, жақсы атануға ұмтылады. Әрбір баланың өзіне тән, жеке қасиеттері бар. Біреуі жігерлі, тез еліктейтін болса, екіншісі сабырлы, салмақты, үшіншісі енжар мен сезімтал.Мұны қалай түсінуге болады? Туғаннан әрбір бала жоғарғы жүйке жүйесінің белгілі бір түрін иеленеді. Жүйке процестерінің күштілігі, қозғалғыштығы немесе байсалдылығы жүйке жүйесінің типологиялық ерекшеліктеріне байланысты болмақ.Жоғарғы жүйке әрекетінің типі жалпы ептілікке, сөйлеу шашаңдығында, басқаша айтқанда олардың сезімдері жылдам әрі оңай пайда болып, эмоционалдық тұрғыда жарқын бейнелеуінен көрінеді. Балаларды тәрбиелеуде психологтар темпераменттің төрт типін дәстүрлі түсініктерге сүйеніп ұсынады. Сангвинник, холерик, флегматик,меланхолик. Үлкендерге қарағанда балаларда айқын көрінетініне қарамастан, темпераменттің әрбір типі- «таза күйінде» сирек кездеседі. Өйткені тиісті уәдеде тұру, байсалдылық, жылдамдық, өзін- өзі бақылау, жігер күші, қоғамдық борыш т.б. қасиеттер тәрбиенің ықпалымен жетілген. Балалардың мінез- құлқы көп жағдайда үлкендерге қарағанда қандай темпераменттен жаралғанына көбірек байланысты. Оны қалай анықтауға болады?

Сангвиндіктемпераментке ие бала қызба көңілшек, жайдары және жарқын, белсенді келеді. Мұндай балалар қимылға бай, жайбарақат ойындарды бірдей ықыласпен ойнай бермейді.Бір нәрсемен көңілді шұғылданады және берілген тапсырманы ұқыпты орындай алады.

Холериктік темпераментті бала өзін- өзі ұстай алмайды. Оған жоғары жүйке жүйесінің белсенділігі тән. Ол тым жігерлі, шапшаң, қызба. Тыныштықты, аса көңіл аударуды керек ететін істерге қарағанда оған шулы -дулы ойындар, у -шу тән. Ол кімге болса да үйірсек, үлкендерге өткір, алғыр,шапшаң жауап береді. Мұндай балаларды тәрбиелеуде табандылықты, ұстамдылықты, үлкендермен және құрбы -құрдастармен дұрыс қарым- қатынаста болуды, шыдамдылық пен ынталықты қажет ететін ойындар мен оқуға қызығушылықты қалыптастыру міндеті алға қойылады. Холерик балаларды қимылды, шулы ойындардан тыныш ойындарға жұмылдыру аса пайдалы. Олардың әркез бір нәрсемен айналысуын қадағалап отыру керек. Сонымен бірге қимылды ойындарда күш қуатты бәсеңдетуге мүмкіндік беру керек. Қозғалыссыздықтан олар тез жалығады.

Флегматик балалар салмақты, байсалды, баяу қимылдайтын болып келеді. Әдетте олар ата- аналарына қиындық туғызбайды. Мұндай бала еш асықпайды, бәрін баяу, тыңғылықты орындайды, үлкендердің ұсынысын, бұйрығын бірден қабылдап қана қоймайды, олардың наразылығына себеп болады. Мұндай балаларды тәрбиелеуде мынадай ережелерді сақтау қажет.

Баланың баялығына ашуланбау;

Оның қаблеті, шамасы жетпейтін іске тартып, зорықтырмау;

Ептілікке, тапқырлыққа, психологиялық реакция шапшаңдығына, тез жол таба алуға үйрететін ойындар мен жаттығуларға баулу;

Еңбекке тарту;

Оның дербестікке үйренуін, ынтасының қалыптасуын қамтамасыз ету аса қажет;

Меланхолик темпераментіндегі бала эмоцианалды тұрақсыз. Жылауық, қыңырлыққа бейім. Кішкене ренішті өте күйзеліспен қабылдайды. Сезімдерін ашық білдірмейді. Жаңа жағдайға балалар ұзақ уақыт үйрене алмайды. Олар мейіріммен сергітуді, көңіл көтеруді керек етеді. Тек амалсыз жағдайда ғана қатты үн қатуға жол беріледі. Бірақта шамадан тыс әлпештеуге де болмайды. Баланы тым нәзіктендіріп жібереді. Болмашыға жәбірленгіш, өкпешіл етіп қалыптастырады. Педагогикалық ықпалға көнгіш бұл балаларды, дұрыс тәрбиелеген жағдайда әдептілік, байсалдылық сияқты бағалы қасиеттерге бейімдеуге болады. Мінез- құлықтың белгілері туа пайда болмайды, олар жүре қалыптасады.Кез келген балада мінез- құлықтың жақсы жақтарын қалыптастыруға болды. Бірақ балалар үлкендермен мейірімді қарым- қатынас жасай отырып, оқуда, еңбекте табысқа жете алады. Ал бұл тәрбиеге оның мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін ескере отырып, бал тілін таба білуге байланысты. Баланың сеніміне ене білгенде ғана оның жүрегінің төрінен орын алуға болады. Тәрбие осыны талап етеді.

Баланы мектепке дайындығының кейбір психологиялық аспектілері

Төменгі сыныптарда сабақты нашар меңгеретін балалар кездеседі. Олардың арасында кейде жалпы дамуында ешбір кемістігі жоқ балалар да болады. Баланың материалды қабылдауыының бір себебі тікелей ата -анаға,отбасындағы ересектерге байланысты. Өйткені керенаулық, жалқаулық, ұқыпсыздық, ынжықтық, жауапсыздық, бұзақылық мінез іштен туа пайда болмайды.Кейбір ата-ана баласын орынсыз жақсы көріп,шектен тыс өбектейді.Соншалық әлпештеген бала ерке, өкпешіл,қияңқы болып өсумен қатар, кісі сөзін тыңдамайтын, басқаның еңбегін құрметтеуді білмейтін өр кеуде, эгоист болып өседі. Ондай бала ата- ананың ықпалына емес, қайта оларды өз ықпалына көндіреді. Өз бетімен кетіп, кісі сөзін тыңдамаған бала мұғалім түсіндірген сабақты да ықылас қойып тыңдамайды. Айында жылында бір рет ата-- аналардың жиналысына бас көрсетіп келсе болғаны балаға бар ашу ызаны үйіп төгіп ұрса бастайды. Мұндайда бала жекеленіп, ызалана түседі. Ал ыза бар жерде дұрыс ұғыну,ықыласты ілтипат болмайтыны белгілі.

Кейбір ата- ана баланың өзіне жұмыс істетіп үйретудің орнына барлық жұмысты өзі атқарады. Бала тек дайын жұмыстың басын ұстайды. Бұл өте зиянды. Ондайға иек сүйеген, әдеттенген бала, бара- бара жалқаулыққа салынып, тыңғылықты білімнен құр алақан қалады. Тәжірибелі ата- ана баланы отбасында қадағалаумен қатар уақыт тауып, оның сыныптағы сабағына да қатысады, мұғаліммен ақылдасып мектепке де баласына да шын қамқорлық жасайды.Бала да шын қамқорлықты сезініп, оны құрметтеуге, ақтауға тырысады.Баланың дұрыс сезінуі оны саналы талапқа жетелейді.Өнегелі өсу мен сабақты жақсы үлгерудің, өнер- білім жинақтаудың ойдағыдай болуы үшін уақыт режимінің де маңызы бар.

Уақыт режимін бұзып алған бала сол күнгі бағытын жоғалтып алып,күйгелектене түседі. Осы арада ұлы педагог К.Д.Ушинскийдің «Балаларда кездесетін еркелік, қияңқылық, жалқаулық, оғаштық, тентектік сияқты көптеген ұнамсыз қылықтардың бәрі зерігуден басталады.Зерігу болмаса олардың барлығы өзінен- өзі жоғалып бітеді »-,дейтін тамаша қағидасын да еске түсірген жөн.

Міне, сондықтан әрбір ата- ана баласын шектен тыс еркелетуден гөрі оның уақыт режимін қалтқысыз орындалуын қадағалап, қиын тапсырмаларын орындауға көмектесіп,ұрмай,зекімей, баланың күш қаблетіне деген сенімін арттыру керек. Сонда ғана балаларымыз үшін қызармай, қайта олардың алдындағы ата- аналық борышымызды абыроймен өтей аламыз.

Кейбір ата- ана баласының міне- құлқы, жүріс -тұрысынан жағымсыз әрекеттерді көргенде «Өзі кімге тартып өсіп келеді, қайдан таптың мұндай мінезді?» деп таңданып ашу шақыратынын білеміз. Әрине, ол мұны баласын жағымсыз мінез -құлықтан жиіркендіру, мұндайды алдағы уақытта қайталатпау ниетімен айтылатыны белгілі. Кім баласының жаман болып өсуін қалайды? Біз жағымсыз мінез-құлық баламен бірге іштен туатын нәрсе емес, оны өзімізден, ересектерден үйренетінін білеміз.

Бала өзінің барлық әрекеттерін ата- анасына, үлкендерге еліктеп жасайды. Ал үлкендер үлгісі барлық жағдайда жағымды бола бермейді. Кейде дөрекі мінез де көрсетіп қалатынымыз бар. Ал жас талдай иілгіш, жақсы мен жаманды салыстыруға әлі өресі жете қоймаған бала үшін әрекеттің бәрі бір. Әйтеуір көргеніне еліктеуі керек. Сондықтан баланың көзінше жағымсыз қылық көрсетуден аулақ болу керек.

Тәрбиеде баланы дербестікке үйретудің зор маңызы бар. Дербестік дегенді не істесе, өзі біледі деп, баланы бетімен жіберу деп түсінбеу керек.Баланың барлық әрекетіне бағыт сілтеп, ненің жаман, ненің жақсы екенін ақылмен, байыппен түсіндіру жөн.

Сөз жоқ, әрбір ата ана- балалары алдында борышты. Алайда борыш баланың бәтеңкесін сүртіп, шашын жуып берумен өтелмейді. Әрине балалары шиеттей жас кезінде бұндай шаруалар ата- ананың тікелей міндеті. Ал оңы мен солын тани бастаған, есейіп мектеп есігін ашқан балалардың барлық жағдайда ата- аналарға иек артуы мүлдем дұрыс емес.

Егер сіз баланызды өзіне -өзі қызмет көрсетуге, өздігімен дербес әрекеттенуге үйретпесеңіз, онда оның алдындағы борышыңызды дұрыс өтей алмағаныңыз. Өз бетімен еңбек етуге, дербестікке баулынбаған бала есейгенде осы әдетінен арыла алмай, өмірден көп опық жеп, айналасындағылардан ұялып қысылады. Өз ағымына қабыса ілесіп кете алмаған жастан жасампаз еңбеккер шығуы екі талай.

Сондықтан есі кіре бастаған балаға қолынан келетін шаруаның барлық түрлерінен уйрету ата- аналардың абзал борышы.

Ата -аналардың балаға көмегі және оларға кеңес. Тақырып

Мектептегі оқудың басталуы бала өміріндегі әлеуметтік психологиялық жағынан да, физиологиялық жағынан да қиын әрі жауапкершілігі мол кезең. Бұл адам өміріндегі және іс- әрекетіндегі жаңа жағдай болып табылады.Сонымен қатар жаңа қарым- қатынастар жаңа міндеттердің тоғысуы болып табылады. Баланың бұл кезде бар өмірі өзгеріске түседі. Бұл қауырт кезеңде мектеп бірінші күннен бастап талаптар қоятыны белгілі.

Тәрбиеші мейірбан болып, балаларды сол қалпында сүюге тиісті. Тентегін де, тіл алғышын да, жалқауын да, ыждахаттысын да бірдей жақсы көру қажет. Біз балаларды әртүрлі ғылымдарға үйрету үшін ұлы бабамыз Әл- Фарабидің «Жақсы мінез- құлық пен ақыл күші болып екеуі біріккенде ғана адам бақытқа жетіп, адамшылық қасиеттерге ие болмақ» деген ой түйсігін ескергеніміз жөн.

Физиологтардың зерттеуі бойынша 5 жасар балалар еңбекқор келеді. Адам миының кң жақсы дамитын кезі де осы уақыт. Олар бәрін білгісі келіп, түрлі сұрақтар қоюдан жалықпайды.

Баланың мектепке бейімделуі бірден болмайды. Мектеп ережелерін игеру үшін көп уақыт керек. Бұл ағзаның барлық жүйенің қатты жұмыс істеуін қажет ететін ұзақ үрдіс. Баланың ағзасында жаңа тәртіптер мен іс- әрекеттерге үйрену өзгерістер туғызады. Бала мектепке бірден төселіп кете алмайды. Мүғалім әр баланың денсаулығына жауапты. Негізінен көптеген балалар мектепке дайын түрде келеді. Оқушы болғаннан кейін оған көптеген міндеттер жүктеледі. Оқушы мұғалімнің талаптарын орындауы қажет, тәртіпті болуы керек, құрдастарымен қарым- қатынас жасай алуы керек. Жаңа күн режиміне, сабақтар ретінде үйренуі тиіс. Мұғалім мен ата -ана балаға ережелерді, тәртіптілік нормасын тек көңіл түскенде не анда- санда орындамай үнемі сақтап жүру керектігін түсіндіру тиіс. Баланың мектепке дейінгі кезеңдеріне қарағанда міндеттерінің өзгергендігін, қандай құқықтары бар екендігін айтады.

Егер бала әр нәрсені бүлдіріп қойса, не жат қылық жасаса, мұғалім үндемесе, ол қылықты істей беруге болады екен деп келесі жолы да қайталайды. Ал ескерту алса, ендігәрі қайталамайды. Бала кінәсін мойындай алады. Балаларға тәртіп ережелерін түсіндіріп қана қоймауы керек. Бұл процесс балада адамгершілік нормаларының пайда болуы мен дамуын да қамтуы керек. Оқу әрекеті ұжымдық сипат алады. Яғни бала құрдастарымен қарым- қатынас жасай алуға, бірге жұмыс істеуге дағдылануы керек. Көптеген балалар бір -бірімен тез танысып кетеді, жаңа ұжымды тез игеріп алады, бірігіп істер атқарады.Ал кейбіреулер көпке дейін құрбыларымен жақын сөйлей алмай, өзін жалғыз сезініп, үзілісте жалғыз ойнап жүреді. Балалардың бір бірімен қарым қатынасының қалыптасуына мұғалім себепші ретінде болуы керек. Бала құрбылары арасында өзіне тиісті орын алуы да, оның қарым- қатынасына әсер етеді. Бұл жерде мұғалім үлкен роль атқарады.

Мектепке барар алдында баланың сөздік қоры үлкен кісілермен кәдімгі өмірдің өзіне қатысты кез келген мәселесі бойынша түсінісе алатындай дәрежеге жетеді.

Зейін тікелей қызығушылықпен байланысты , өйткені қызықты іске бала көңілі тез ауады. Балаға зейінін тәрбиелеуде көмектесу қажет. Үлкендер сөз нұсқаулары арқылы баланың зейінін ұйымдастыра алады. 5-6 жасар баланың шығармашылық іс- әрекеті күшейеді және оның басты бағыттары көріне бастайды. Жоғары жүйке іс -әрекетінң типі- ойлау, көркем өнер, т.б. түрлері анықталады.Сонымен бала тұлғасының ақыл- ой және адамгершілік баюына, тілінің дұрыс дамуының ерекше маңызы бар екендігі еш күмән келтірмейді.

Қорыта келгенде, жүйелі оқу басталғаннан баланың дұрыс дамып, өсуіне себебін тигізеді. Сабақта сергіту сәттерін өткізіп, үзілісте қозғалыс ойындарын ұйымдастырып отыру қажет. Уақтылы жаттығулар жасап тұру баланың денсаулығына оң әсерін береді, нерв жүйесі мен бұлшық еттің физиологиялық күш қуатын жақсартады. Сабақты тез игеруіне көмектеседі.

Баланы мектепке дайындауда алға қойылатын міндеттер:

*Баланың психологиялық және арнайы дайындығының ерекшеліктерін ескеріп, дүниетанымын, ой өрісін, зейінін, қиялын, еске сақтау, қабылдау т.б. психикалық процестерін дамыту;

*Баланың денсаулығын нығайту, өмірін қорғау, сауықтыру, шынықтыру шараларын жүзеге асыру;

*Баланы жеке тұлға ретінде қалыптастыру үшін адамгершілік, эстетикалық, экологиялық, дене, еңбек, ақыл- ой тәрбиесі негіздерін қалау:

*Мектепалды топтарында бағдарламалық материалдарды меңгерту үшін тәулік режимін, сабақ, ойын, еңбек, серуен, демалысты өзара сабақтастыра ұйымдастыра отырып, мектептегі оқу ісіне дайындау.

*Баланың қоршаған орта турлы түсініктерін кеңейтіп, сабақта алған білімін күнделікті өмірде қолдана білуге баулу;

*Баланың мектептегі оқу әрекетін еркін игеру үшін, мектепалды бағдарламасының білім мазмұнына сай, қарапайым білім негіздерін меңгеру;

*Баланы ұлттық салт- дәстүр негізінде тәрбиелеуде халық педагогикасын басшылыққа алу;





Баланы мектепке дайындау





























Оқу іс- әрекетінің тақырыбы: Ынтымақ мерекесі

Мақсаты: Балаларға 1-мамыр ынтымақ пен бірлік мерекесі туралы түсінік беру. Қазақстан көп ұлтты мемлекет екендігі жайында түсініктерін кеңейту.

Мамыр мерекесі туралы өлеңдер оқыту арқылы есте сақтау қаблеттерін дамыту.

Елімізде тұратын ұлттарды сыйлауға, олармен достық қарым- қатынаста болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: мерекеге арналған сюжетті суреттер

Оқу іс- әрекетінің барысы:

Шаттық шеңберін құру. Дөңгелене тұрып,бір -біріне мерекелік көңіл күй сыйлау, тілектерін білдіру.

Кіріспе бөлім. Тақтадағы ұлттар достығы бейнеленген сурет арқылы жұмыс жүргізу.Қазақстан мемлекетінде тұрып жатқан халықтардың тұрмысы және мәдениеті жайлы қысқаша түсіндіру.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен 1995 жылы наурызда құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл толып отыр. Биылғы жыл сол Ассамблея жылы болып жарияланып отыр. Ассамблеяның 20 жылдығына орай 6-ақпанда Астанада үлкен сьезд болды.Аталған Ассамблея сол уақыттан бері үздіксіз жұмыс істеп келеді.Оның даму барысында Президент Н.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі қалыптасты.Бұл бірыңғай тұтастық пен тұрақтылықтың, ынтымақ пен ымыралы өмірдің негізі.

«Біздің байлығымыз- әр ұлттан болғандығымыз болса, күшіміз- бірлігімізде» деген Елбасы – өз сөзінде.

1-Мамыр- Қазақстан Халқының бірлігі мен достығын паш ететін айтулы мереке.Еліміздегі ұлттар мен ұлыстардың достығы мен бірлігі, татулығы мен ынтымағы өзге елдерге өнеге боларлықтай. Заманында қазақтың дархан даласы көптеген ұлттарға пана, қамқор болды. Соның нәтижесінде қазақ жері бауырластар мекені, достықтың құтты ұясы атанды. Жүректері жомарт, алақандары ашық қазақтар өзге ұлт өкілдерімен бір ананың баласындай ғұмыр кешуде.

«Бірлік бар жерде- тірлік бар», «Ырыс алды- ынтымақ» дейді халық даналығы.

Сөздік жұмысы.

Ынтымақ- адамдар арсындағы бірлік.

Мереке- салтанатты той, мейрам.

Тақпақтар.

Тілегіміз бейбіт күн,

Ақпыз, сары, қарамыз,

Бәрімізде баламыз.

Бір қалада тұрамыз,

Туысқанбыз татумыз.

Ағайынбыз бәріміз.

Біз әр түсті баламыз, Тату тәтті тұрамыз,

Қол ұстасып барамыз. Бірге сайран құрамыз.

Күн сөнбесін ешқашан, Бір үйде біз тұрамыз,

Деп, шырқап ән саламыз. Бірлік асыл мұрамыз!



Ортақ мекен жер шары, Ынтымағы келіскен,

Төбемізде бір аспан. Үзім нанды бөліскен.

Барлық ұлттың баласы, Достық аулақ тұрады,

Достығымыз жарасқан. Ұрлық, ұрыс керістен.

Жапсыру:- Ал, балалар күніміз ашық болсын деп елімізге тыныштық тілеп, ортадағы күннің шеңберіне тілек шоғымызды қойып, күннің шуағын жинайық.

Ойын: «Кім епті?».

Біз не білдік?-Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Елімізде көптеген ұлт өкілдері тату -тәтті өмір сүруде.Олар бақытты, себебі біздің Отанымызда тыныштық, бейбітшілік.











































Мектепке дейінгі ұйымдарда білім сапасын арттыру аса маңызды мәселе, ол үшін жалпы және негізгі жағдайларды жақсарту басты міндет болып табылады.

Біріншіден, білім мен тәрбие беруге арналған дамытушы ортаны жабдықтау қажет десек, ол мектепке дейінгі кезеңнің өзіндік ерекшелігі мен құндылықтарын сақтайтын, баланың балалығына бағытталуы шарт.

Екіншіден, тәрбие мекемесінің басшысы мен тәрбиеші кәсіби шеберлігін үнемі шыңдап, білімін жетілдіріп,шығармашылық бағыт- бағдарын айқындап, оны жүзеге асыруда белсенділікпен атсалысуы қажет. Сондай- ақ отбасының сұранысы мен талап- тілектерін қанағаттандыру және білім мен тәрбиенің балаға берілген үрдісі жайында ата- анамен үнемі бірлескен ынтымақты негізде жұмыс істеу де өте маңызды.

Үшіншіден, топта еңбек етуге толық жағдай жасалып, тәрбиелеу мен білім берудің технологияларын сауатты меңгеріп, жаңа педагогикалық әдіс- тәсілдер жүйесін кәсіби шеберлікпен игеріп, оны тәжірибеде пайдалануға шығармашылықпен үлес қосып отырса.

Баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беру мәселелерінде отбасы мен ұжымның бірлескен өзара тығыз байланыста болуы.

Білім беру жүйесінің негізгі мақсаты- тұлғаны оқыту, тәрбиелеу, дамыту. Бұл мақсаттар өзара тығыз байланыста болғанда ғана нәтижелі болады. Баланы өмірге дайындау үшін дамытудың маңызы ерекше.

Даму барысы:

1.Зердесін дамыту

2.Эмоциясы мен сезімдерін дамыту

3.Қиыншылықтарға төтеп бере алуын дамыту

4.Өзіне- өзінің сенімділігін, өзін- өзі қабылдау, жақсы көруді дамыту

5.Танымдық үрдісін дамыту

6.Өзін- өзі алып жүре алуын, дербестігін дамыту

7.Өзін- өзі көрсете алуына, өзін- өзі жетілдіруге ынтасын дамыту

Баланың бүкіл өмір бойында оның даму үрдісі жүреді. Даму үрдісінде баланың таным белсенділігі арта түседі. 6 жастағы балалар заттарды түсіне, түріне, көлеміне қарап ажырата бастап, олардың құрылысың, пайдалану тәсілдерін білгісі келеді. Күнделікті өмір барысында бала шындық дүниенің құбылыстары мен заттарын анықтай білуге, адам баласының жинақтаған бай тәжірибесін үйренуге талаптанады. Балалардың бір нәрсені құмартып білуге талаптануын «Таным ынтасы» дейді.

Атақты психолог Л.С.Выготский «Баланың қиялы біртіндеп өмір тәжірибесінің молаюына байланысты қалыптасады» деген қортындыға келеді.

Қазіргі кездегі психологтар мен педагогтер, баланың жеке басының дамуындағы қиялдың маңыздылығының ең тиімді жолы шығармашылық жұмыста көрсету, үйрету, көркем әдебиетте нақтылау, өз бетінше жұмысына жағдай жасау, яғни еркіндік беру керектігін айтады. Сонымен қиялдың дамуы төмендегідей үш компоненттен тұрады.

Бірінші дәрежеде қиял қоршаған болмыспен байланысты, дайын нәтижені ойластыруға мүмкіндік береді.

Екінші дәрежеде баланың өткен тәжірибесімен байланысты, бірақ сонда да заттық байланыстың ролі бар.

Үшінші дәрежеде қиялдың дамуы балаға ақиқаттан қиялдың қозғалысының жоғарғы формасы- ой пікірден оның іске асуының байланысты.

Біздің тәжірибемізге негіз болған 5-6 жастағы балалардың құрастырған ертегілер мен қызықты әңгімелері ұйымдасқан түрде мағыналы, жүйелі, өз бетінше еркін жүргізілген жұмыс, қиялдың дұрыс дамуына апаратын көп жолдың бірі болды деп есептейміз. 6 жасар бала өз қиялында алуан түрлі жағдайлар құра алады және баланың өзі сонда әртүрлі жағынан көрінеді. Ойын барысында қалыптаса отырып қиял басқа да іс әрекет түрінде өте алады. Тілі және қиялы жақсы дамыған бала қызықты сюжетті тез арада жанынан ойлап шығара алады. Қиялдың үздіксіз жұмысы -баланың айналадағы әлемді танып білуінің және игеруінің маңыздылығы, бұл жеке тәжірибе аумағынан шығудың әдісі.

Баланың қиялдауы ойын үстінде қалыптасады. Алғашқы кезде қиял заттарды қабылдаудан және ойын іс- әрекеттерін орындауынан ажыратылмайтындай. Ойын үстінде қалыптасқан қиял мектепке дейінгі бала іс- әрекетерінің түрлеріне де ауысады. Бала сурет салғанда, ертегілер мен тақпақтарды ойлап шығарғанда қиял неғұрлым айқын байқалады.

К.Д.Ушинский баланы табиғатпен жастай таныстыра дамыту оның өзіндік логикалық ойын, сөз қоының, саханасының жетілуіне әсері мол екенін көрсеткен. Логикалық ойдың, пікірдің дамуы баланың келешекте рухының жоғары болуына, батыл пікір, нақты шешім айтуына және оны дәлелдеп беруге жетелейді. Сондай-ақ кімде- кім баланың тіл қаблетін дамытқысы келсе, ең алдымен оның ой қаблетін дамытуы тиіс екенін көрсетеді.

Мектепке дейінгі балалар әдетте ойынды, сурет салғанды жақсы көреді, ересектермен және өзі қатарлы балалармен лезде тіл табысып кетеді.

Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады.Л.С.Выготский пікірінше: ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына ықпал ететін жетекші, басты құбылыстың бірі деуге болады. Бала ойын арқылы өзінің күш -жігерін жаттықтырып, қоршаған орта мен құбылыстардың ақиқат сырын ұғынып үйрене бастайды. Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойнайды, эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі артады, ерік қасиеті, қиял елестері мен таным үрдістері дамиды, мұның бәрі баланың шығармашылық қаблеті мен дарынын ұштайды.













Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мен тәрбиелеу.

Тәрбие кең мағанасымен алғанда қандай да болса

бір жан иесіне тиісті азық беріп, сол жан иесінің

дұрыс өсуіне көмек көрсету деген сөз.

Мағжан Жұмабаев

Халқымыз « Ағаш түзу өсу үшін көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың »деп бекер айтпаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз- өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен тәрбиешілер шешуші роль атқарады.

Адамгершілік тәрбиесі -тәрбие саласының құрамдас бөлігі. Жеке тұлғаны жан -жақты жетілдіру үдерісінде ақыл- ой тәрбиесінен кейін маңызды орын алады. Жас ұрпақты адамгершілік рухында тәрбиелеу дегеніміз- мінез- құлықтың дағдылы ережелеріне үйрету. Адамгершілік сезім балалардың іс- әрекетімен, мінез- құлқымен, тәртібімен көрініс табады.Адамгершілік тәрбиесінің міндетін жүзеге асыру барысында баланың бойында енді дами бастаған адамгершілік сезімдерін пайдалана отырып үлкенді сыйлауға, мәдени мінез- құлықтың қарапайым ережелерін, әдеті мен дағдыларын, моральдық саналарын, мінез- құлықтарын, өзін және өзгелерді әділ бағалай білуге қаблеттерін дамытып, сезімдер мен қарым -қатынастар қалыптастыруға ықпал ете білуге үйрету көзделеді .

Балаларды адамгершілікке тәрбиелеуде ұлттық педагогика қашанда халық тәрбиесін үлгі тұтады. Ал адамгершілікке тәрбиелеудің бірден- бір жолы- көзін жеткізу,сенімін арттыру. Осы қасиеттерді балаға жасынан бойына сіңіре білсек- адамгершілік қасиеттердің берік іргетасын қалағанымыз. Адамгершілік - адамның рухани арқауы, өйткені адам баласы қоғамда өзінің жақсы адамгершілік қасиетімен, адамдығымен, қарапайымдылығымен ардақталады.

Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі- мектеп жасына дейінгі балаларға адамгершілік тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның нәресте кезінен басталуы керек.

Бір жағынан ол үлкендердің, ата- аналардың, педагогтардың балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан тәрбиешілердің белсенділігін қамтитыын қылықтарынан, сезімдері мен қарым- қатынастарынан көрінеді.

Адамгершілік- адамның бет бейнесін, талабы мен мақсатын,зердесін, кісілігін танытатын қасиеттер.Ал патриоттық, ұлтжандылық,Отанды, туған жерді сүю, қадірлеу, қорғау өз елінің ұланы екеніне мақтаныш сезімдерін тудыратын асыл қасиеттер екені баршамызға мәлім. Олай болса әрқайсымыздың ісіміз адамгершілік, патриоттық сезімдерін дамыту мақсатында, балаларды сол бағытта тәрбиелеуге зор үлес қосады.

Атақты педагог В.Сухомлинский «Бала үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады.

Тәрбиенің негізгі мақсаты- дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар- ожданы мол, еңбекқор, іскер,бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу.Ертегінің рухани тәрбиелік мәні зор. Ол балаға рухани ләззат беріп, қиялға қанат бітіретін, рухының өсіп жетілуіне қажетті нәрсенің мол қоры бар рухани азық» деп атап көрсеткен.

В.Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек,ол бала солай бола алады» дейді. Демек, шәкіртке жан- жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз.

Ұрпақ тәрбиесі- келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан- жақты жетілген, ақыл- парасаты мол, мәдени-ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу- біздің де қоғам алдындағы борышымыз.

Тәрбиешінің алға қойған мақсаты- бойына ұлттық саналық қалыптасқан, халқының әдет- ғұрпын, салт- дәстүрлерін көңіліне тоқыған, дені сау, шымыр да шыныққан, сымбатты, халықтың тілін білетін, рухани байлығы мол, жан- жақты азамат тәрбиелеп өсіру.

« Балапан ұядан не көрсе, ұшқанда соны іледі» дегендей, ата- ананың күн сайын атқарып жүрген жұмысы балаға үлкен сабақ.Жас балалардың үлкендер айтса, соны айтатынын, не істесе соны істегісі келетінін бәріміз де білеміз. Баланың үйден көргені, етене жақындарынан естігені- ол үшін адамгершілік тәрбиенің ең үлкені, демек жақсылыққа ұмтылып, жағымды істермен айналысатын адамның айналасындағыларға көрсетер, берер тәлімі мол болмақ.

Адамгершілік тәрбиесінің негізгі бір саласы- еңбек тәрбиесі. Адам еңбекпен көркейіп, еңбек арқылы байлыққа кенеледі. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деп бекерге айтылмаған.

Тәрбиенің нәтижелі болуы ата- ананың бала алдындағы беделіне байланысты. Беделді қолдан жасауға, сатып алуға немесе біреуді қорқытып күшпен тартып алуына да болмайды.

Еңбек тәрбиесі- үй ішінің ұсақ жұмысынан басталып, жыл сайын күрделеніп отыру керек.Ал үй ішінде еңбек тәрбиесін дұрыс алмаған жұмысқа жалқау, еш нәрсеге икемі жоқ, керенау, сотқар, орашолақ болып, ертелі- кеш көшенің кезбесі болып өседі. Демек, тәрбиенің нәтижелі болуы ата- ананың бала алдындағы беделіне байланысты.

Адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіріп жетілген тұлғаның бойындағы әдептілік сипаттар мынадай болуы тиіс.

Өзгелердің мүддесін өз мүддесінен жоғары қойып кеңпейіл болу, тәкәпарлыққа жол бермеу.

Достарының, отбасының сенімін ақтау.

Жанашырлық таныту, өзгелердің мұң- мұқтаждығына ортақтаса білу, оларға көмек көрсету.

Кешірімді болу, ренішке, өкпешілікке жол бермеу, кек алудан аулақ болу.

Рақымды, мейірімді болу, адамның көңіл күйін алдын ала сезе білу.

Жауапкершілік таныту, адал болу, жалғандық пен алдап- арбаудан аулақ болу.

Өзін- өзі бір қалыпта ұстай білу: өз ойын, сезімін, тілегін, іс -қылықтарын ұстай білу.

Ұқыптылық: қандай іс атқарса да ұқыптылық таныту, еңбек ете білу.

Халықтық педагогикадан бастау алып дәлелденген нәтижелерге сүйенсек, тәрбие құралдары мен әдістері дұрыс таңдалып жүргізілсе, ізгілікті тәрбиенің негізі қаланбақ.

Баланы адамгершілікке тәрбиелеу.

Егер педагогика адамды жан- жақты тәрбиелеуді мақсат тұтса,

онда ол, алдымен, адамды жан- жақты тануға ұмтылу керек.

К.Д.ушинский

Баланың психологиялық және дербес ерекшеліктерін ескеріп ұғынбай оны дұрыс тәрбиелеу мүмкін емес.Бірақ өкінішке орай барлық ата- аналардың педагогикалық білімі бұған жеткілікті емес.Тәрбиешінің міндеті- ата- аналарға мектеп жасына дейінгі балалық шақтың әрбір даму сатысында олардың психикалық дамуының маңызды жақтарынан мағұлмат беру.Балалық шақтың әрбір кезеңіне тән балалардың танып білуі және көре білу ерекшеліктері өз баласы бойынан нені бақылау қажеттілігін ескере отырып, тәрбиенің тиісті әдістерін ұсыну.Бала бір- біріне ұқсас болып дүниеге келгенмен кейін олардың қандай қасиетке ие болатының тек тәрбие шешеді.Ал тәрбиенің өзі тек мектепте, үйде болсын әрбір қоғам дәуіріндегі өндіріс қатынастарына байланысты.Балалар психологиясының ерекшелігі жағынан алып қарағанда әрқайсының өзіндік өзгешелігі бар.Әр баланың өзіндік ерекшелігі бірдей болуы міндетті емес.Балаларды зерттеп бақылағанда олардың жас ерекшеліктеріне сәйкес психикалық қасиеттері бір қалыпта болмай, үздіксіз дамып отыратындығын ескерген жөн.Сондықтан әр баланың түрлі қасиеттерін жете біліп, соған сәйкес тиісті әдіс қолдану, арнайы тапсырмалар беріп,белгілі бір мерзім ішінде бақылап білу қажет болады.Ата- аналармен әңгімеде сәбидің мүмкіндігі зор, бірақ шексіз еместігі ескеріледі. Мектеп жасына дейінгі баланың мүмкіндіктерін ескермей дамуды жеделдетуге болмайды және даму барысында тоқтап қалуға жол берілмейді.Сондықтан ата- аналардың ерте және мектепке дейінгі жастағы балалардың дамуының психофизиологиялық көрсеткішін білуі маңызды.

Мектеп жасына дейінгі балаға еліктеушілік, албырттық, сенімділік, жігерлілік, жаңаны ашуға ұмтылу, өзімшілдік сияқты қасиеттер тән, мұның бәрі балалық шақтың табиғи серіктері.Бұл жаста бұлшық ет, ақыл- ой , рухани күш жігер жинақталып, баланың тұла бойының жедел өсуі, мидың дамуы және жоғарғы жүйке жүйесінің күрделену процестері жүреді.Айналадағы заттар мен адамдардың әрекеті қоғам өміріндегі оқиғалар оның зейінін аударады, анықтап қарауға, түсінуге ұмтылады, баланың ойын, елестету қаблетін оятады. Бұл кезеңде балалардың іс -әрекетінің мазмұны бай, әртүрлі бола бастайды.Мазмұнды тақырыптық ойындарда олар өмірдегі түрлі оқиғалар мен еңбекті, адамдардың қарым- қатынасын бейнелейді. Әсіресе ,баланың дербес психофизиологиялық ерекшеліктерімен түсінік қаблеті, жанұядағы көңіл- күй, ата- ана талабы мен тілегі және де басқа жағдайлар аса маңызды. Бала есейген сайын оның жүріс- тұрысы түзеле бастайды. Егер сәбидің мінез- құлқы оның сезіміне байланысты болса, ересек баланың мінез -құлқы көпшілік жағдайда ақыл -еске бағынышты. Жігерлі талпыну қаблеті дами келе ол өз талап тілегін шамалай алады. Оларға адамгершілік әліппесі белгілі: ненің жақсы, ненің жаман екенін ажырата алады. Уәдеде тұруға, көмекке келуге, орын беруге, жақсы атануға ұмтылады. Әрбір баланың өзіне тән, жеке қасиеттері бар. Біреуі жігерлі, тез еліктейтін болса, екіншісі сабырлы, салмақты, үшіншісі енжар мен сезімтал.Мұны қалай түсінуге болады? Туғаннан әрбір бала жоғарғы жүйке жүйесінің белгілі бір түрін иеленеді. Жүйке процестерінің күштілігі, қозғалғыштығы немесе байсалдылығы жүйке жүйесінің типологиялық ерекшеліктеріне байланысты болмақ.Жоғарғы жүйке әрекетінің типі жалпы ептілікке, сөйлеу шашаңдығында, басқаша айтқанда олардың сезімдері жылдам әрі оңай пайда болып, эмоционалдық тұрғыда жарқын бейнелеуінен көрінеді. Балаларды тәрбиелеуде психологтар темпераменттің төрт типін дәстүрлі түсініктерге сүйеніп ұсынады. Сангвинник, холерик, флегматик,меланхолик. Үлкендерге қарағанда балаларда айқын көрінетініне қарамастан, темпераменттің әрбір типі- «таза күйінде» сирек кездеседі. Өйткені тиісті уәдеде тұру, байсалдылық, жылдамдық, өзін- өзі бақылау, жігер күші, қоғамдық борыш т.б. қасиеттер тәрбиенің ықпалымен жетілген. Балалардың мінез- құлқы көп жағдайда үлкендерге қарағанда қандай темпераменттен жаралғанына көбірек байланысты. Оны қалай анықтауға болады?

Сангвиндік темпераментке ие бала қызба көңілшек, жайдары және жарқын, белсенді келеді. Мұндай балалар қимылға бай, жайбарақат ойындарды бірдей ықыласпен ойнай бермейді.Бір нәрсемен көңілді шұғылданады және берілген тапсырманы ұқыпты орындай алады.

Холериктік темпераментті бала өзін- өзі ұстай алмайды. Оған жоғары жүйке жүйесінің белсенділігі тән. Ол тым жігерлі, шапшаң, қызба. Тыныштықты, аса көңіл аударуды керек ететін істерге қарағанда оған шулы -дулы ойындар, у -шу тән. Ол кімге болса да үйірсек, үлкендерге өткір, алғыр,шапшаң жауап береді. Мұндай балаларды тәрбиелеуде табандылықты, ұстамдылықты, үлкендермен және құрбы -құрдастармен дұрыс қарым- қатынаста болуды, шыдамдылық пен ынталықты қажет ететін ойындар мен оқуға қызығушылықты қалыптастыру міндеті алға қойылады. Холерик балаларды қимылды, шулы ойындардан тыныш ойындарға жұмылдыру аса пайдалы. Олардың әркез бір нәрсемен айналысуын қадағалап отыру керек. Сонымен бірге қимылды ойындарда күш қуатты бәсеңдетуге мүмкіндік беру керек. Қозғалыссыздықтан олар тез жалығады.

Флегматик балалар салмақты, байсалды, баяу қимылдайтын болып келеді. Әдетте олар ата- аналарына қиындық туғызбайды. Мұндай бала еш асықпайды, бәрін баяу, тыңғылықты орындайды, үлкендердің ұсынысын, бұйрығын бірден қабылдап қана қоймайды, олардың наразылығына себеп болады. Мұндай балаларды тәрбиелеуде мынадай ережелерді сақтау қажет.

Баланың баялығына ашуланбау;

Оның қаблеті, шамасы жетпейтін іске тартып, зорықтырмау;

Ептілікке, тапқырлыққа, психологиялық реакция шапшаңдығына, тез жол таба алуға үйрететін ойындар мен жаттығуларға баулу;

Еңбекке тарту;

Оның дербестікке үйренуін, ынтасының қалыптасуын қамтамасыз ету аса қажет;

Меланхолик темпераментіндегі бала эмоцианалды тұрақсыз. Жылауық, қыңырлыққа бейім. Кішкене ренішті өте күйзеліспен қабылдайды. Сезімдерін ашық білдірмейді. Жаңа жағдайға балалар ұзақ уақыт үйрене алмайды. Олар мейіріммен сергітуді, көңіл көтеруді керек етеді. Тек амалсыз жағдайда ғана қатты үн қатуға жол беріледі. Бірақта шамадан тыс әлпештеуге де болмайды. Баланы тым нәзіктендіріп жібереді. Болмашыға жәбірленгіш, өкпешіл етіп қалыптастырады. Педагогикалық ықпалға көнгіш бұл балаларды, дұрыс тәрбиелеген жағдайда әдептілік, байсалдылық сияқты бағалы қасиеттерге бейімдеуге болады. Мінез- құлықтың белгілері туа пайда болмайды, олар жүре қалыптасады.Кез келген балада мінез- құлықтың жақсы жақтарын қалыптастыруға болды. Бірақ балалар үлкендермен мейірімді қарым- қатынас жасай отырып, оқуда, еңбекте табысқа жете алады. Ал бұл тәрбиеге оның мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін ескере отырып, бал тілін таба білуге байланысты. Баланың сеніміне ене білгенде ғана оның жүрегінің төрінен орын алуға болады. Тәрбие осыны талап етеді.

Баланы мектепке дайындығының кейбір психологиялық аспектілері






















































































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Ынтымақ мерекесі

Автор: Турганбаева Жамал Слямовна

Дата: 02.10.2017

Номер свидетельства: 430536

Похожие файлы

object(ArrayObject)#864 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(28) "Досты? мерекесі"
    ["seo_title"] => string(17) "dostykmieriekiesi"
    ["file_id"] => string(6) "291345"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1455105435"
  }
}
object(ArrayObject)#886 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(94) "Ойын - сауы? "Ынтыма?ы жарас?ан, ту?ан ?лкем - ?аза?стан""
    ["seo_title"] => string(57) "oiyn_sauyk_yntymag_y_zharask_an_tug_an_olkiem_k_azak_stan"
    ["file_id"] => string(6) "346700"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1475162288"
  }
}
object(ArrayObject)#864 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) "8 Наурыз мерекесімен"
    ["seo_title"] => string(22) "8nauryzmieriekiesimien"
    ["file_id"] => string(6) "319310"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1460799129"
  }
}
object(ArrayObject)#886 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "1 мамыр- Ынтыма? к?ні"
    ["seo_title"] => string(20) "1-mamyr-yntymak-kuni"
    ["file_id"] => string(6) "326785"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1463308528"
  }
}
object(ArrayObject)#864 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) "Ынтыма?ы жарас?ан елміз "
    ["seo_title"] => string(27) "yntymag-y-zharask-an-ielmiz"
    ["file_id"] => string(6) "172183"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1423763466"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства