kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Утренник на восьмое марта

Нажмите, чтобы узнать подробности

утренник для детей дошкольного  возраста на праздник 8 марта

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Утренник на восьмое марта»

Балалар музыкамен залға кіреді.

Жүргізуші: Қош келдіңіздер аяулы аналар, асыл әжелер, қызғалдақ қыздар.

Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып 8-

наурыз Халықаралық Әйелдер Мерекесі де келіп жетті. Осынау

көктем мерекесінің қай кезде де орны бөлек. Өйткені аналарға

ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Себебі,

ана өмірдің гүлі көңілдің жыры. Әр отбасының алтын діңгегі.

Ендеше көктемнің алғашқы күндеріне арналған ертеңгілігімізді

бастауға рұқсат етіңіздер.

Нұрай: Армысың, мейірімді аналарым

Мейірбан ашық көңіл даналарым

Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен

Құттықтайды сіздерді балаларың.

Нұржау: Армысың, ақжаулықты әжелерім!

Ақылы дариядай кемеңгерім.

Ардақты аналардың мейрамында

Арнайды бүлдіршіндер өлеңдерін.
Жүргізуші: Ару ана өмірдің асулары

Жайнаған көңілімнің жасыл бағы

Сендер үшін ән мен би өлең мен күй

Сіздер үшін мереке шашулары

Жүргізуші: Олай, болса асыл аналар, ақжаулықты әжелер мерекелеріңіз

құтты болсын.

Жер әлемді жайнатып,

Әнші құстарды сайратып,

Гүлге бөлеп даланы,

Әнге бөлеп қаланы ,

Көрікті көктем келуі.

(ортаға музыкамен көктем келеді.)


Көктем: Мен көңілді көктеммін

Былтырда келіп жеткенмін

Құшағым гүлге толсын деп

Нөсерімді төгемін.

Жүргізуші: Ару Көктем қош келдің, төрге ашық сенің көктемгі

жаңбырыңның арқасында айналамыз әсемдікке кенелді. Кең

байтақ даламыз гүлге бөленді. Сондықтан ару көктем біз саған

ризамыз.

Нұрай: Біздің халық өнерпазға бай тегі,

Әнші деп те күйші деп те айт оны.

Нұржау: Күлімдеген көктемге ана жайлы

Жақсылап бір ән шырқасақ қайтеді.

Ән: Айнелдің орындауында

Жүргізуші: Ардақты асыл аналар. Мінекей күлімдеген көктем айналамызды

құлпыртып кетті. Көктемнің алғашқы мерекесі аналар күні

қарсаңында бүлдіршіндеріміз сіздерді құттықтап, сазды әлем

бағдарламасында қонақта болған еді. Енді кезекті осы

бағдарламаға берейік.

Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар теле көрермендер! Эфирде

сіздермен бірге «Сазды әлем» бағдарламасы. Бүгін біздің

студиямызда Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Құлан

ауылы «Балауса» бөбекжай бақшасының «Қарлығаш» тобының

бүлдіршіндері қонақта.

Нұрай: Әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақын жанашыры ақ сүтін

беріп, аялаған жанын да аялаған ардақтысы. Ендеше бүгінгі

хабарымыз аналарға арналады.

Нұржау: Олай болса аяулы аналарын құттықтауға келген бүлдіршіндердің

ыстық ықыласын тыңдайық.

Нұрали: Жүрегімізге қараңыз

Бал күлкілі баламыз

Бізге қымбат күншуақ

Бізге қымбат анамыз

Абдулла:Анашым анам

Ризамын саған

Тіліңді алам

Ақылды болам

Айсұлтан: Менің анам ақ анам

Жұмсағанда тіл алам

Ойыншыққа толтырды

Айналайын ақ мамам

Ақбаян: Ана-бақыт

Ана-гүл

Ана-қуаныш

Ана-жыр

Бүлдіршіндеріміздің орындауында «Жұлдыздар» биі (Нұрай, Айша, Айнель, Шұғыла, Айлана, Іңкәр)

Жүргізуші: Ана деген бәйтерегі өмірдің

Ана деген қуанышы көңілдің

Ана деген әрбір үйдің жылуы

Ана деген гүлі туған өмірдің

Кезекті балалардың өлең жолдарына береміз.

Ойын: «Менің әсем анам» (көктем айларымен ойын ойнайды)

Айнель: Наурыздың сегізі

Сұлулықтың негізі

Әдемі сөз баланың

Ана айтар лебізі

Бекнұр: Сыйлайыншы гүлімді

Бал бөбегін баптаған

Теріп алған даладан

Анам гүлін мақтанам.

Айлана: Келеді көктем күнің

Күлімдейді гүлің

Алтын ойлы- анам

Мерекеңіз бүгін.

Нұржау: Ақ анашым, аппағым

Өзің жайлы тақпағым

Арналады сіздерге

Бар баланың тақпағы

Ұлдарымыздың орындауында «Пай-пай қыздар-ай» әні

Орындайтындар: Нұрсәт, Нұрали, Нұржау, Айсұлтан

Жүргізуші: Құрметті көрермендер сіздер біздің хабарымызға қоңырау

шалып, құттықтай аласыздар. Біздің байланыс телефонымыз

2- 24 -17. Жақын жандарыңызға құттықтауға асығыңыздар.

(Қоңырау соғылады) Біздің хабарымызға хабарласып отырған

көрермендеріміз бар екен. Осман қоңырау шалады.

Иә, иә тыңдап тұрмыз.

Осман: Сәлеметсіздер ме! Менің атым Осман. Мен әжемді мерекесімен

құттықтаймын. Әжеңе қандай тілек айтасың?

Осман: Әлпештеген апамыз

Біз бақытты баламыз

Оқып білім аламыз

Жұлдыз болып жанамыз.

Ералы: Менің әжем, ақ әжем

Ұл мен қыздың бағы әжем

Ертегі айтып бер десем

Айтып берер тағы әжем

Нұрсәт: Мәпелейді,әлдилейді, бағады,

«Құлыным» деп құшағына алады.

Өзгеге де, өзіне де жауапты

Барлығына қалай уақыт табады.

Қыздардың орындауында ән: «Әжемнің шайы»

Орындайтындар: Аяла, Назерке, Шұғыла, Жібек, Іңкәр

Жүргізуші: Құтты болсын анашым

Құтты болсын мерекең

Әр кез саған тілеймін

Ұзақ өмір жолдарын- дей келе кезекті балалардың өлең

жолдарына береміз.

Айару: Анам, анам дегізген

Өрік, мейіз жегізген

Айналайын анашым

Осы өмірге әкелген

Аяла: Апам мені «Айым» дейді

Мен мұңайсам уайым жейді

Анам мені «Күнім» дейді.

Мен қуансам күлімдейді

Кәусар: Айналайын анашым

Жұмысыңа барасың

Қайтып мені көргенде

Шын сағынып қаласың

Абзал: Қанаттанса балапан

Қалайынша ұшпайды

Әрбір қыз, әр балақан

Анасына ұқсайды

Би: «А ты меня любишь?»

Нұрсәт-Жібек

Нұрали-Кәусар

Асылхан-Айлана

Абзал-Айару

Нұрай- Нұржау

Кезекті балалардың өлең жолдарына береміз.

Назерке: Ойнаймыз, күлеміз
Жарқылдап жүреміз

Ананы сыйлаймыз

Айтқанын тыңдаймыз.

Нұрай: Аналарды сүйеміз

Сөзін ойға түйеміз

Аналарды ардақтап

Әдеппен бас иеміз.

Іңкәр: Айналайын анашым
Көкте күн боп жанасың

Ет жүрегін елжіреп

Құшағыңа аласың

Айша: Бал бөбегін баптаған

Анам үшін мақтанам

Аялайтын біздерді

Көп жасасын ақ мамам!

Асылхан: Ақ сүтіңді ақтармын

Ізгілікті сақтармын.

Сенен алған өнегем

Ақиқатты жақтармын.

Ұлдардың қыздарға дайындаған «Бабушки-старушки» биін тамашалайық.

Орындайтындар: Айсұлтан, Бекнұр, Нұрсәт, Абдулла, Абзал, Осман, Асылхан, Нұржау.

Ана бірқолымен бесік тербетсе

Бір қолымен әлемді тербетеді.

Ананың көз нұры тастай мұзды да жібітеді екен ендешеасыл аналарды құттықтауға асығыңыздар. Кезекті тақпаққа береміз.

Жібек: Жақсы көрем күлкіңді.

Айналайын,ақ анам

Менің анам сүйкімді,

Бәрінен де жақсы адам.

Айя: Бойға қуат береді,

Әй, жарайсың дегені

Мен анамнан әр кезде

Соны естігім келеді.

Келешекте осындай ел қорғайтын азаматтыр боласыңдар. Қәне, балалар! Сендер үйде аналарыңа қандай көмек беретіндеріңді білейік.

Осман: Қалай көмектесем деп

Ертелі кеш ойладым

Ыдыстар сынып қалар деп

Кір болсада жумадым

Айнель: Балабақша болмаса

Дүкенге өзім барар ем

Ақшам көп болса анама

Сәнді көйлек алар ем

Абдулла: Қолымнан келсе от жағып

Ағашты да жарар ем

Қыз болсам ғой қиналмай

Кірін жуып қояр ем

Ағылшын тілінде аналарға арналған тілек.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Утренник на восьмое марта

Автор: Байгаспакова Жазира Аманжоловна

Дата: 04.03.2019

Номер свидетельства: 502151

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(33) "Утренник - 8  Марта!"
    ["seo_title"] => string(16) "utriennik8marta1"
    ["file_id"] => string(6) "310608"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1459074863"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(78) "сценарий утренника 8 марта "Радуга желаний""
    ["seo_title"] => string(47) "stsienarii-utriennika-8-marta-radugha-zhielanii"
    ["file_id"] => string(6) "289807"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1454861334"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(50) "СЦЕНАРИЙ УТРЕННИКА  8 МАРТА "
    ["seo_title"] => string(29) "stsienarii-utriennika-8-marta"
    ["file_id"] => string(6) "164883"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1422715193"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(115) "Сценарий утренника в мини – центре и КПП «8 Марта праздник мам»"
    ["seo_title"] => string(61) "stsenarii_utrennika_v_mini_tsentre_i_kpp_8_marta_prazdnik_mam"
    ["file_id"] => string(6) "580176"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1620717828"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(107) "Сценарий утренника для средней группы "Здравствуй, осень!" "
    ["seo_title"] => string(61) "stsienarii-utriennika-dlia-sriedniei-ghruppy-zdravstvui-osien"
    ["file_id"] => string(6) "240266"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1444983972"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства