№5,9,10 мектепалды даярлық топтарының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.
Күні :19.02.17 жыл.
Білім беру саласы:шығармашылық.
Бөлімі:Сурет салу.
Тақырыбы:Марстықтар.
Мақсаты:Әсерлі негізде бейнеленген қиял ғажайып кейіпкерін бейнелеуді үйрету.қосымша бөлшектермен толықтыру ,балалардың щығармашылық қабілеттерін дамыту.геометриялық пішіндерді қолдана отырып,жаңа бейненің суретін сала білуге баулу.Түс үйлесімділіктерін сенуге таңдай білуге үйрету.
Педагогқа керекті құралдар :марсиандықтардың немесе өзге ғаламшарлықтардыңсуреттері.акварель бояуы,қылқалам, фломастер, су құйылған ыдыс, қолорамал.
Балаларға керекті құралдар :акварель бояулары, қылқалам, фломастер су құйылған ыдыс,
Қылқаламдар, қолоамалдар.
Оқу қызметінің кезеңдері | Педагогтің қызметі | Балалардың қызметі |
Мотивациялық қозғаушылық | Шаттық шеңбері Қайырлы таң, көгім менің! Қайырлы таң, күнім менің! Қайырлы таң, бақшам менің! Қайырлы таң, досым менің! | Балалар шеңбер бойына тұрып, бір-біріне жылулық, жақсы көңіл күй сыйлайды. |
Ұйымдастырушылық ізденістік | Педагогбалаларға өзге ғаламдықтар туралы мағлұматтар беріп, суреттерден не түсінгендерін, нелерге ұқсастықтарын сұрау,оларға ат қойып ойын ойнауды ұйымдастыру. «марсиандықтар « дидактикалық ойын ойнау барысында балалардың жағымды, жағымсыз көңіл күйлерін анықтайды. Педагог балаларға геометриялық пішіндер арқылы марсиандықтардың суретін салу жолдарын өзі орындап үлгі ретінде көрсетеді. Балаларға жұмыс дәптердегі суретті салу ретімен таныстыру,жұмыс жасауға бағыт беру.Шығармашылық ой-қиялын дамытуға мүкіндік туғызады. Балалармен жеке жұмыс жүргізу. Сергіту сәті: Орнымыздан тұрайық, Қолды белге қояйық, Бір отырып, бір тұрып, Бой сергітіп алайық. | Балалар сұрақтарға жауап береді. Қызығушылықтарын білдіреді. Балалар педаготі тыңдайды. Өлең жолдарына байланысты қимыл қозғалыстар жасайды. |
Релексиялық -түзетушілік | Педагог балалар еңбектерін қарап шығып, жақсы салынған суреттерге лайықты бағасын айтады. | Қуаныштарын білдіреді |
Күтілетін нәтиже:
Біледі:Марстықтар туралы біледі.
Игереді:суретті қағаз бетіне дұрыс орналастыра білуді игереді.
Меңгереді:суретті ұқыпты бояуды меңгереді.
Тексерілді: Балабақша әдіскері Аймағамбетова.С.К.