kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Ұмтыламын білімге!»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты: Балаларға  өткен  оқу  қызметтерін  естеріне  түсіріп,одан  ары  қарай  білімге  ұмтылдыру. Есте  сақтау  қабілеттерін  артыру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Ұмтыламын білімге!»»

Білім беру саласы: Коммуникация, Таным.

Оқу қызметі: Сауат ашу,Сөйлеуді дамыту, ҚМҰҚ

Тақырыбы: «Ұмтылам білімге»

Мақсаты: Балаларға өткен оқу қызметтерін естеріне түсіріп,одан ары қарай білімге ұмтылдыру. Есте сақтау қабілеттерін артыру.

Қажетті құрал жабдықтар мен көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар, флипчард.

Оқу -қызметінің кезеңдері.

Педагогтың іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Педагог:

Қыс құнарын береді,

Көктем дәнін себеді

Жаз бастап өсірсе.

Күз жинап береді.


Жазда гүлдер тереміз,

Қыста шаңғы тебеміз.

Күзде еккен егіндей,

Көктемде өсіп өнеміз



Бір жылда 4 жыл мезгіл бар. Қане 4жыл мезгілін шақырайық.

1.Көктем

Көктемде көңілді,

Құстар кеп жатқанда.

Құлпыртып өңірді,

Гүл ектік бақтарға.


2.Жаз.

Жайқалып жапырақ,

Құлпырып қызғалдақ.

Тұратын көз тартып,

Жаз келді күн шуақ.


3.Күз.

Күз айы басталды,

Құстар қайта бастады.

Жапырақтар сарғайып,

Жерге түсе бастады.

4.Қыс.

Жапалақтап ала қар,

Жауады күнде қайталап.

Қырға шықты балалар,

Шаңғыларын арқалап.


Көктем-весна, жаз- лето,күз-осень,қыс-зима.


-Ал балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс мезгілінде неше ай бар?

-Қане атайықшы.


-Қыс мезгілінің 3 айын шақырайық.

Желтоқсан айы - жылдың аяғы, қыстың басы ол суық,ызғарлы.

Қаңтар айы - жыл басы, қыстың ортасы, ол ең қарл ы ай,Бұл айда қатты суық, үскірік аяз болады.

Ақпан айы - жел мен боранның айы,бұл айда ең ауыр,әрі суық,дүлей боранды.


Желтоқсан-декабрь, қаңтар-январь,

ақпан- февраль.


-Жарайсыңдар отырыңдар.-Ал енді, бір аптада неше күн бар?

-Оларды ортаға шақырайық.

1.Дүйсенбіде – сандарды санайтын күн.

2.Сейсенбіде – сандарды жазатын күн.

3.Сәрсенбіде- қалам алып қолыма,сурет салам қағазға.

4.Бейсенбіде – ән мен биді шырқайтын күн.

5.Жұмада- орыс тілі мен ағылшын тілін үйренетін күн.

6.Сенбіде- ата-анамызға көмектесетін күн.

7.Жексенбіде- доп қуалап ойнайтын күн.


Балалар біз 10 санына дейін өттік.

Оларды да ортаға шақырайық.


1-саны. 6-саны.

Мені білгің келсе,

Мен таяқша бірмін, Ұқсас өзі құлыпқа.

Барлық санға жол бастап, Бестен кейін келеді,

Ең басында тұрамын. Тапқыр бірден біледі.




2-саны

Бірден кейін тұрамын.

Сандар іші тұрағым,

Бірге бірді қосқанда.

Иіліп мен шығамын.


3-саны 8-саны.

Екіден соң әрқашан,

Үш саны боп қаламын. Сегіздікте – қос жүзік.

Қос мүйізі майысқан, Бас –аяғы жоқ оның,

Ұлттық ою құрамын. «8»санын ал біліп.


4-саны.

Достар мені төрт дейді,

Беске бірім жетпейді.

Бірақ үшке ағамын,

Жақсысымын бағаның.


5-саны

Әр қолда саусақ бес-бестен,

Шықпас тегін ол естен

Біліп санның шамасын,

Мысал ойлап табасың.


6-саны

Алты саны – ұлық па,

Ұқсас өзі құлыпқа,

Бестен кейін келеді

Тапқыр бірден біледі.

7-саны

Жалғыз аяқ көсеу де,

Ұқсас екен жетеуге.

Бір аптаны бөлгенде,

Жеті күн бар білгенге


8-саны Жеті күн бар білгенге.

Қараңдаршы көз тігіп:

Сегіздікте қос жүзік,

Бас -аяғы жоқ оның

«8»санын ал біліп


9-саны.

Рет-ретімен санасақ,

Тоғыз саны домалап.

Сегізден кейін келеді

Жіңішке таяқ тірегі

10-саны.

Тоғызға бірді қосамыз,

Он санын енді тосамыз.

Қос таңбаны кім білмек,

Олар- бір мен дөңгелек.



Амандасу үлкенге,

Тәрбиенің басы ғой.

Ал кәнекей бәріміз,

Сәлем дейік үлкенге.

Сәлеметсиздерме!


Енді тақтадағы суретке назар аударайық.

Мына есептердің жауаптарын мына жануарлар алып келе жатыр екен.Дұрыс жауаптарын сызықпен қосайық.

Бұл жауаптарды қандай жануарлар алып келе жатыр екен? Атайықшы.

Бұларды қандай жануарлар дейміз?

Алдыларыңа таратып беремін, сендер сызық арқылы қосыңдар. Сендердің есептеріңді үй жануарлары емес басқа да жануарлар алып келе жатыр.

Тақтаға бір бала шығады.Қалғандарымыз орнымызда отырып орындаймыз.


Қазір біз сендермен «Құлыпты аш» деген ойын ойнаймыз.

Ойынның шартын түсіндірейін.

Келесі оқу қызметімізге өту үшін мына жерде тұрған құлыптарды ашуымыз керек.

Ол үшін біз мына партадағы геометриялық пішіндерді бір-бірден таңдап аламыз да, осы құлыптарды әуенмен билеп айналамыз,әуен тоқтағанда әркім өз пішінінің қасына отырып қалу керек.


Балалар біз сергіп алдық.

Енді мына әріптерді қайталап айтайық.

Әліппеде неше әріп бар екен?

Дыбыстар нешеге бөлінеді?

Дауысты дыбыстар қандай түспен белгіленеді?

Дауыссыз дыбыстар қандай түспен белгіленеді?

Енді тақтада әріптер берілген осы әріптердің қасына «А»әрпін қойсақ бірнеше сөздер шығады.

Қане, қойып көрейік.


-Жарайсыңдар балалар.

Енді мен сендерге конверт таратып берем,оның ішінде түрлі әріптер бар солардан сөз құрастырыңдар.


Жарайсыңдар,кімде қандай сөз шықты.

Енді тақтадағы суретке қарап әңгіме құрастырайық.


Келесі тапсырмамыз «Мен айтамын сендер орындайсыңдар»

Мен сендерге бір өлең жолдарын оқимын сендер мұхият тыңдап, өлеңдегі көріністі мына тақтаға құрастырып, жапсырасыңдар.


Жоғарыда ақша бұлт күлімдеген,

Арасынан күн нұрын шашса.

Ал төменде айдын көл мөлдіреген,

Жағасында қос аққу орын тапса.




-Жарайсыңдар.

Бүгінгі оқу қызметімізде не өттік?

Бір жылда неше мезгіл бар екен?

Қыс мезгілінде неше ай бар екен?

Бір аптада неше күн бар екен?

1ден 10ға дейін тура және кері санап шығайық.Орысша және ағылшынша санайық.

Бүгінгі оқу қызметімізге белсенді қатысқандарың үшін мына тәтті бауырсақтарды сендерге таратып беремін. Бұл бауырсақтар әр түрлі қимылдар жасап тұр қане бізде солай қайталайық.






Бағжан




С.Інжу






Амирхан







Сұлуай




Қыс.


3 ай бар

Желтоқсан,қаңтар, ақпан.



С.Іңкәр


Қазына


Амина







7 күн бар.


















Айдар





Ильяс





Айару





Ержан






Диас





Жәния






Нұржігіт





М.Інжу





Арнұр





Айжана







Барлығы қайталайды.









Сиыр,түйе,ешкі,қой,жылқы.


Үй жануарлары дейміз.




Тапсырманы орындайды.










Балалар қызыға ойнайды.



Балалар әліппені түгел қайталап шығады.

42 әріп бар

2ге

Қызыл


Көк








Балалар сөз құрастырады.






Балалар әңгіме құрайды.




Балалар көріністі ретімен орналастырып жапсырады.








4мезгіл

3ай


7күн


Балалар санап шығады.








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
«Ұмтыламын білімге!»

Автор: Бижанова Ширинкул Рахманбердіқызы

Дата: 07.02.2018

Номер свидетельства: 455430

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) "Ш?к?рім шы?армашылы?ы "
    ["seo_title"] => string(26) "sh-k-rim-shyg-armashylyg-y"
    ["file_id"] => string(6) "236367"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1444049164"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства