Ұйымдастырушылық- ізденістік | Педагог балаларға өнер туралы түсінік береді. - Қазақ халқында өнер көп. Соның бірі – айтыс өнері. Айтыстың түрлері көп, соның бірі – жұмбақ айтыс. Ал бізе бүгін ақын Сара апамыздың жолын қуған Кәмшат атты қыз жұмбақ айтысымен келіп отыр. (Үнтаспада Кәмшаттың дауысы қосылады).
- Сәлеметсіңдерме, балалар. Менің атым – Кәмшат. Менің бүгін сендерге ұлттық киім киіп, қонаққа келгенім тегін емес. Себеі, жақында Наурыз мерекесі болады.
- Мен қазір жұмбақ жасырамын. Егер жұмбақтың жауабын білсеңдер, айтыңдар. Дұрыс жауабы табылған жағдайда мен келесі жұмбаққа көшемін. Егер дұрыс болмаса, жасырылған бұйымды сипаттауды жалғастырамын.
Жұмбақ
1. Бір ауызды бұйым бар, Тіктөртбұрыш рішінде. Затыңды аман сақтайды, Салып қойсаң ішіне. Көлемі болар әртүрлі, Орташа, үлкен, кіші де. Оюлар зерлеп жасалған, Қызығасың түсіне. Айтыңдаршы, бұл не зат, Көрпе жинайтын үстінне?
2. Төрт аяқты қатты зат, Беті тегіс, дөңгелек. Үйімізде қолданар Заттың бірі ең керек. Сол бір заттың үстіне Дәмді тағам толады. Дәм татам деп шетіне, Жайғасады қонағы. Аласа биік түрі бар Бұл қандай зат болады?
3.Мойны ұзын, әдемі, Бар оның қос құлағы. Он тоғыз перне мойнында, Тізіліп қатар тұрады. Екі ішектен естілген Үні қандай ұнамды. Әр қазақтың үйінде, Төрде ілініп тұрады. Кеудесі бар сопақша, Бұл қандай аспап болады?
4. Тобылғыдан жасалған, Алты тұтам сабы бар. Он екі, сегіз, төрт таспа, Өрімдері тағы бар. Екі қатар таспамен, Сабы оралып торланған. Ата-бабам бұл затты Ат үстінде қолданған. Кім табады жауабын, Жұмбағымның жолданған?
- Ой, балалар, жұмбақты жақсы шешеді екеенсіңдер. Сол үшін сендерге Наурыз мерекесі туралы айтып берейін: Наурыз – шығыс күнтізбесінде Жаңа жыл басы деп саналады. Наурыздың 21-інен 22-сіне қараған түні күн мен түн теңеледі. Наурыз – жақсының жаршысы, ынтымақтың белгісі, халық қастрелейтін, бірігіп тойлайтын күн. - Ал енді өздерің отбасыларыңда бұл күнді қалай өткізесіңдер, соны айтып беріңдер. - Сендер мерекеде наурызкөже пісіресіңдер ме?
- Оны кім пісіреді? Оған не қосады?
Педагог қуыршақ Кәмшатты отырғызып, тақтаға Наурыз мерекесіне байланысты суреттер іледі. - Наурыз қай мезгілде келеді?
Педагог балаларға шығармашылық әңгіме құрауды ұсынады.
Билингвальды компонент: көктем – весна, үстел – стол, домбыра – домбра.
Тобылғы – ағаш. Оның бұтағынан қамшыға сап жасайды.
Сергіту сәті: Сергіту жаттығуларын үнтаспадағы ұлттық әуенмен («Қаражорға», «Айгөлек») жасатуға болады.
«Бір сөзбен ата» дидактикалық ойыны. Ойын шарты: сұраққа жедел жауап беру көзделеді. Педагог бірнеше сөз айтады да, қолындағы добын кез келген балаға лақтырады. Допты қағып алған бала сол айтылған көп сөздердің бір сөзбен қалай аталатындығын айтып, допты кері педагогке лақтырады. - Өрік, шие, алмұрт. - Түлкі, қоян, қасқыр. - Шай, май, тұз. - Бет, мұрын, аяқ. - Қауын, қарбыз, сәбіз. - Үйрек, қаз, тауық. - Қызыл, жасыл, сары. - Әке, әже, шеше.
Дәптермен жұмыс. Дәптердегі № 14 тапсырма орындалады. Жеке жұмыс жүргізеді. |
- Сәлеметсің бе, Кәмшат. Қош келдің.
Балалар Кәмшаттың жұмбақтарын мұқият тыңдайды. Жауабын білген бала қолын көтеру арқылы қуыршақ Кәмшатты тоқтатып, жауабын айтады. Балалар домбырамен «Еркем-ай» әуеніне салып, жұмбақтың жауабын айтады.
Еркем, еркем, еркем-ай, Еркелеген еркем-ай. Бұл жұмбақтың жауабы Сандық болады екен-ау.
- Үстел.
- Домбыра.
- Қамшы.
Балалар өз отбасыларыңда бұл мерекенің қалай өтетіні туралы әңгімелеп береді.
- Иә, пісіреміз.
- Әжеміз, анамыз пісіреді. Оған жеті түрлі тағам қосады. (Оларды педагогтің көмегімен айтады)
- Көктем мезгілінде келеді.
Балалар өз ойларынан шығармашылық әңгіме құрайды. - Наурыз мерекесі өтеді. - Адамдардың барлығы өте көңілді жүреді. - Күн жылиды, құстар жылы жақтан ұшып келеді, малдар төлдеп, төлдерімен жайылып жүреді. Адамдар ұлттық киімдер киіп алады. Сөйтіп, Наурыз мерекесін тойлайды.
Қайталайды.
Балалар ұлттық әуенге би қимылдарын жасау арқылы бойларын сергітеді.
- Жемістер. - Аңдар. - Тағамдар. - Дене мүшелері. - Көкөністер. - Үй құстары. - Түстер. - Отбасы мүшелері.
Тапсырманы орындайды. |