kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Төрлет Жаңа Жыл!"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Музыка сүйемелдеуімен төрт бала залға кіреді:

1-бала.Сәлем бердік баршаға,

Құттықтаймыз жар сала.

Бүгін бізде жаңа жыл,

Қош келіпсіз шыршаға.

2-бала.  Жаңа жылда көңілді,

Шырқалады әніміз.

Ата - аналар сіздерді,

Құттықтаймыз бәріміз.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Төрлет Жаңа Жыл!"»

Төрлет, Жаңа жыл төрімізге

Музыка сүйемелдеуімен төрт бала залға кіреді:

1-бала.Сәлем бердік баршаға,

Құттықтаймыз жар сала.

Бүгін бізде жаңа жыл,

Қош келіпсіз шыршаға.

2-бала. Жаңа жылда көңілді,

Шырқалады әніміз.

Ата - аналар сіздерді,

Құттықтаймыз бәріміз.

3-бала.Жасыл шырша қош келіпсін,

Сені аңсап жүрдік біз.

Өзіңменен жаңа жылды,

Қарсы алуға келдік біз.

4-бала.Ақтөбемде гүлдей жайнап,

Қар жауады жапалақтап.

«Інжугүлдің» балалары,

Тойлап жатыр жаңа жыл.

/ Залдың ішіне Аю жүреді./

Ой, қыста келді, енді менің демалатын уақытым болды.

/ Ұйқыға кетуге жатқанда, кенеттен даладан Маша кіріп келеді./

Маша: Қоңыр аю, қоңыр аю қалайсың?

Көптен күткен қыс мезгіліде жетті, далада аппақ қар жапалақтап жауып тұр, жаңа жыл мерекесіде келіп қалды?

Тұршы, тұршы аюжан!

/Ар жағынан, бер жағынан тартып оятады. Маза бермейді./

Қоңыр аю: Маша менің ұйқым келіп тұр. Мазам болмай тұр.

Маша: Аюжан ұйқынды аш, мында бізде керемет мереке күтіп тұр, бірге тамашалайық?

/Көңілді жаңа жылдық безендірілген ортаға әсем әуен ырғағымен балалар залға кіреді./

Маша: Сәлеметсіңдер ме балалар? Жаңа жылдарыңызбен!

Қоңыр аю: Жаңа жыл туралы ештеңе білмеймін! Ешқандай сыйлық та,мерекеде керек емес. Одан да мен көзімді жұмып, Ах Африкаға барып қайтсам, керемет болатын еді.

/Музыка әуенімен негрлер кіреді. Қоңыр аюмен билейді./

Би: «Жабайылар»

Қоңыр аю: Рақмет сендерге, менің ұйқым ашылды.

Жаңа жылдың алдыңда,

Тойды еске алдымда.

Ұйқымды ашып сергідім.

Ұйықтамаймын мен бүгін.

Жылды қарсы алайық,

Би билейін ән салайық.

Ән: «Жаңа жыл»

Маша: Ақ таяғы қолында,

Ойын күлкі жанында.

Күтеді оны бар бала,

Сый дорбасын арқалап,

Жаңа жыл сайын келетін.

Ол кім балалар?

Балалар: Аяз ата мен Ақшақар.

Аяз ата: Естіп жатырмын,

Естіп жатырмын, келе жатырмын.

Жаңа жылдарыңмен!

Амаңсың дар ма ұлдарым,

Аппақ ару қыздарым?

Мен сендерге әкелген,

Құтты болсын жылдарың!!!

Маша: Қош келдіңіздер Аяз ата, Ақшақар! Біздің балалар сіздерді асыға күтуде төрге шығыңыздар!

Аяз ата: Жаңа жылда көптеген сиқырлар болады ғой, сендер сиқырға сенесіңдер ме?

Балалар: Ия, сенеміз!

Хормен: Қуант бізді таңыркат,

Шамдарыңды жарқырат.

/Шырша шамы жанады./

Ақшақар: Қандай сүйкімді балалар. Мен де сендерді қатты сағындым.

Тамаша тамаша

Шыршамыз тұр жараса

Жасыл шырша жанында

Ән саламыз тамаша!

Қане достарым ортаға шығып әннен шашу шашайық!

Ән: «Шырлайды шашамыз»

Маша: Ал келіңдер, келіңдер!

Тақпақ айтып беріңдер.

Жомарт Аяз атадан,

Сыйлық алып келіңдер!

Тақпақтар: 1.2.3.4.5.6.7.

/Дыбыс естіледі./

Балалар: Қой.

/Кенеттен қой келеді, амандасады./

Аяз ата: Ал, айналайын жылқыжан сен міндетінді атқардың, ендігі кезегінді қойға табыстай ғой.

Жылқы:

Ақ момынжанды қой жылы,

Өз кезегінді жақсылап атқар.

Елің тыныш халқың аман болсын.

Сәбилеріңнің жүзінен күлкі кетпесің.

/Қоштасып кетеді./

Қой жылы: Жаңа жыл қайсарлықпен жүректілік.

Баратын болашаққа білек түріп,

Мен келдім қой жылы ортаңызға,

Әлемге жақсылықтар тілеп тұрып.

Ақшақар: Жаңа жылды тойлауға,

Дайындалды қанша қыз.

Ұлпа қар болып ортаға,

Би билейміз шаттанып.

Би: «Ұлпақарлар»

Қоңыр аю: Аяз ата, Ақша қар.

Ортамызда балалар.

Қол ұстасып айналып,

Ән шырқасақ жөн болар.

Би: «Карнавал»

/Маша шыршаны құрастыра алмай жатқанда/

Қоңыр аю: Маша, Маша сен, шыршаны бүлдіріп жатырсың, қазір біздің балалар саған шыршаны құрастырып береді.

Ойын: «Шыршаны құрастыру»

Қоңыр аю: Ал балалар, билейік,

Ойнайық та күлейік.

Аяз ата қуансын.

Домаланып жүрейік.

Би: «Пингвиндер»

Маша: Келіңдер, келіңдер.

Тамашаны көріңдер.

Әсем әуен қосылсын.

Әнде шырқап беріңдер.

Ән: «Аяз ата орманда»

Аяз ата: Рақмет сендерге мен сендерге ризамын.

Қоңыр аю: Аяз ата біздің балалар өте өнерлі екен? Ендігі өнерін тамашалаңыз.

Би: «Мадагаскар»

Ата-аналармен ойын: « Қиындықтан өту»

Ортаға ата ана шығады. Жаңа жыл туралы жол тақпақ айтады.

Ата- ана жол тақпақты операға, рэпке салады.

Аяз ата: Балалар мен де сендерге құр келмедім, кәне барлығымыз тұрып, қошеметпен қол соғып , шашу шашайық.

Ата- аналармен би: «Қыс қызығы»

Аяз ата: Рақмет сендерге балаларым, менің сендер сияқты балалар күтіп жатыр, ал мынау менің сендерге сыйлықтарым. Қош болыңдар, сау болыңдар балалар!

Қоңыр аю: Тоймен бастап жыл басын.

Жыл бойы ел жырласын.

Маша: Бар баланың бойы өссін.

Бойымен бірге ойы өссін.

Береке бірлік ырыс- құт.

Бірге қосылып: Болсын елде тыныштық!!!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Төрлет Жаңа Жыл!"

Автор: Доскеева Гулнур Мустафаевна

Дата: 13.10.2017

Номер свидетельства: 432279

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) "Т?рлет, Жа?а жылым т?ріме"
    ["seo_title"] => string(25) "torlietzhanazhylymtorimie"
    ["file_id"] => string(6) "272845"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1452074244"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) "Төрлет, төрлет жаңа жыл!"
    ["seo_title"] => string(27) "torliet_torliet_zhan_a_zhyl"
    ["file_id"] => string(6) "372103"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1482319508"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) "«?ош келді?, Жа?а жыл» "
    ["seo_title"] => string(25) "k-osh-kieldin-zhan-a-zhyl"
    ["file_id"] => string(6) "150073"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1420391707"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(31) "Жа?а Жыл- Жа?а Жыр "
    ["seo_title"] => string(23) "zhan-a-zhyl-zhan-a-zhyr"
    ["file_id"] => string(6) "201776"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1429114866"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(70) "?ош келді?, Жа?а жыл! (жа?а жылды? мереке) "
    ["seo_title"] => string(50) "k-osh-kieldin-zhan-a-zhyl-zhan-a-zhyldyk-mieriekie"
    ["file_id"] => string(6) "194512"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1427788390"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства