kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Төрле,төрле Жаңа жыл!" (Ертеңгілік сценарий)

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балабақша тәрбиешілеріне көмекші құрал.Ұйымдастырылған оқу қызметі.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Төрле,төрле Жаңа жыл!" (Ертеңгілік сценарий)»

Тақырыбы: «Төрле, төрле жаңа жыл!»

Мақсаты: Балалардың жаңа жыл мерекесі туралы түсініктерін қалыптастыру. Мерекелік көңіл-күй ортасын ұйымдастыру. Кейіпкерлермен жақын танысып, ертегі бойынша білімдерін бекіту. Хормен ән айту шеберліктерін арттыру. Би қимылдарын қызығушылықпен, ырғақты сақтай орындауға төселдіру. Эстетикалық тәрбие беру.

Кейіпкерлер: Әже мен ата, қоян, қасқыр, аю, түлкі, перизат, бауырсақ, тауық, Аяз ата мен Ақшақар.

Қажетті құралдар: Теледидар, кейіпкерлер костюмдері, ойын атрибуттары, ұялы телефон /ойыншық/, бауырсақ, биге жаңғақтар /орындық/


Әуенмен балалар залға кіреді, дөңгелене жүріп келіп, билейді, орындарына отырады.

Тәрбиеші: Құрметті ұстаздар,ата-аналар! Сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақыт, еңбектеріңізге табыстар тілейміз! Жаңа жыл қарсаңына орай өткізгелі отырған бүгінгі тобымыздың «Төрле, төрле Жаңа жыл!» атты мерекелік ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

–Балалар, бүгін бізде қандай мейрам?

Балалар: Жаңа жыл мерекесі

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар! Ендеше жаңа жылға сыйлық ретінде мен сендерге қызықты ертегі айтып берейін, тыңдаймыз ба?!

Балалар: Иә

Тәрбиеші: Жарайды, ендеше мұқият тыңдаймыз.

- Ерте,ерте ертеде, бір кемпір мен шал болыпты....

Теледидар артында кемпір мен шал әңгімелесіп отырады.

Шал: Кемпір, бүгін маған дәмді етіп, бауырсақ пісіріп берші?

Кемпір: Үйде бауырсақ пісіретін ұн жоқ, бауырсақты неден жасаймын?

Шал: Каптың түбін қағып, орнын сыпырсаң, біраз ұн да жиналып қалар.!

Тәрбиеші: Кемпір бауырсақты пісіріп, терезенің алдына суытып қойып қояды,

терезе алдында тұрған бауырсақ бір уақытта жерге домалап, түсіп кетеді.

Бауырсақ домалап әуенмен залға кіреді

Бауырсақ: Сәлеметсіздер ме, балалар?! Мені таныдыңдар ма? Мен бауырсақпын. Мұнда не болып жатыр?!

Балалар: Жаңа жыл мерекесі

Бауырсақ: Қандай тамаша!!!

Залға әуенмен қоян келеді.

Қоян: Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін.

Бауырсақ: Жеме, мен саған өлең айтып беремін.

Мен атамнан қаштым,

Мен әжемнен қаштым

Енді сенен қашамын.

Қоян: жо жоқ, бұл аз, сенің тағы қандай өнерің бар?

Тәрбиеші: Балалар, кәне бауырсаққа көмектесеміз бе? Олай болса біздің балалар көп тақпақтар біледі. Тақпақтарын айтып берсін.

Мерей:

Армысыңдар, халайық!

Бармысыңдар, халайық!

Жаңа жылды жұп жазбай,

Бірге қарсы алайық!

Анель:

Жаңа жылым мол болсын

Басқан қадам оң болсын

Төрле, төрле жаңа жыл

Бізге құтты жыл болсын.

Мунира:

Тілеймін мен бар әлемге

Дос көп болсын жаңа-жыл

Ата-әже, ата-әже

Құтты болсын жаңа жыл

А. Айлин:

Новый год! Новый год!

Всех на праздник соберет!

Добрый дедушка Мороз

Нам подарки принесет!

Кеңес:

Аспан жерге төгеді,

Ақ күмісін уыстап,

Жаңа жылда келеді

Бізге қарай жылыстап.

Дамир:

Жаңа жылмен, жаңа жылмен,

Құттықтаймыз әрине.

Әкемізді, анамызды

Қонақтардың бәрін де!


Байжан:
Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.

Еркебұлан:

Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.



Ахмет:
Тілеймін мен бар әлемге
Дос көп болсын жаңа-жыл
Ата-әже, ата-әже
Құтты болсын жаңа жыл

Қоян: Жарайсыңдар! Мен ендеше өз жолыммен кетейін.

Бауырсақ: Алақай, кетіп қалды. Рахмет сендерге балалар! Балалар ендеше менімен бірге би билегілеріңіз келе ме?

Би : «Бауырсақтар»

Әуенмен залға қасқыр келеді.

Қасқыр: Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін.

Бауырсақ: Жеме, мен саған өлең айтып беремін.

Мен атамнан қаштым,

Мен әжемнен қаштым;

Мен қояннан қаштым,

Енді сенен қашамын.

Қасқыр: Жоқ, жоқ, бұның жарамайды. Мен сені жеймін.

Тәрбиеші: Қасқыр тұра тұр бізде бүгін мереке, жаңа жылды тойлаудамыз. Сен біздің балаларды қарашы барлығы әдемі боп кеткен. Біздің әдемі балалармен сен ойын ойнағың келе ме?

Қасқыр: Жарайды.

Ойын: "Аяз атаны құрастыр"

Қасқыр: Маған ойындарыңыз да, әдемі балалар да ұнады. Мен өз жолыммен кетейін.

Бауырсақ: Балалар сендерге тағы да көп рахмет, мені бұл жолы да аман алып қалдыңыздар!

Тәрбиеші: Балалардың тақпақтарына кезек берейік:

Інжу:

Жылдың әнін бастайын,
Аяз- Ата кеп қалды.
Майысады жас қайың,
Көтере алмай көп қарды.
Нурсая:
Бақша іші мереке,
Ойын күлкі асқақ ән.
Жақсы әпкелер жаңа кеп,
Мерекені бастаған.
Ясмина:

Новый год — кричим ура,
Праздник этот ждали.
Елку шариками мы
С мамой украшали.


Нұрпейіс:

Оралдың өлкеме,
Жаңа жыл армысың.
Оранды ақ көрпеге,
Асқар тау, қарлы шың.

Фатима:
Ақ қырауға малынған
Сақалы да мұрты да.
Аяз ата сағынған,
Сәлем бepді жұртына.
Аманат:
Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны.
Той-маскарад басталды,
Аяз оны басқарды.

Әділет:
Аяз Ата ойды қырды
Аралап жүр түгел шолып.
Қарсы алғалы жаңа жылды,
Ол да көптің бірі болып.

Абдиррахман:
Қайда қызық болса думан, 
Аяз Ата сонда болды. 
Күндіз үйде ойнап бізбен, 
Балалармен бірге болды.

Аманали:
Жаңа жылым мол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрле, төрле жаңа жыл
Бізге құтты жол болсын.

Тәрбиеші: Олай болса балалар кәне бәріміз орнымыздан тұрып бірге ән айтайық.

Ән: "Құтты болсын, Жаңа жыл!"

Әуенмен залға аю келеді.

Аю: Ой, Бауырсақ, сен мұнда жүрмісің, бауырсақ мен сені жеймін.

Бауырсақ: Жеме, мен саған өлең айтып беремін.

Мен атамнан қаштым,

Мен әжемнен қаштым

Мен қояннан қаштым

Мен қасқырдан қаштым

Енді сенен қашамын.

Аю: Жоқ, жоқ, бұның жарамайды. Мен сені жеймін.

Бауырсақ: Сәл тұра тұр (қалтасынан ұялы телефонын шығарып аяз атаға телефон шалады, телефонның арғы жағынан дауыс: «Аяз ата абоненті өшірулі немесе желіні қамту аясынан тыс жерде.... )

Бауырсақ: Қазір ендеше (телефонды қайта тереді, телефонның арғы жағынан дауыс: «ақшақар абоненті желіде тіркелмеген..)

Бауырсақ: Е-е-е ендеше тағы да-а-а тұра тұ-ұ-р (даусы дірілдеп тағы да телефонын тереді, байланыс барып тұрады, телефонның арғы жағынан әуен естіледі. Әуен дауысы біртіндеп қатты естіліп, ортаға перизат өз қыздарымен шығып би билейді)

Би: «Перизаттар»

Тәрбиеші: Сәлеметсізбе, Перизат! Сіз мұнда қайдан жүрсіз?

Перизат: Ұялы телефоныма осы жақтан қоңырау келді. Қыздарымды алып ұшып келдім.

Тәрбиеші: Иә, сізге қоңырау шалған бауырсақ болар, бауырсаққа көмек қажет, оны аю жемекші болған.

Перизат: Солай ма, олай болса мен сиқырлы таяғыммен аюды бұл жерден алыстатып жіберейін.

Сиқыр әуенімен аю ұшып кетеді.

Бауырсақ: Ой, рахмет, Перизат!

Перизат: Оқасы жоқ, бауырсақ, олай болса сау болыңыздар!

Әуенмен залға түлкі келеді

Түлкі: Ой, Бауырсақ, сен мұнда жүрмісің, бауырсақ мен сені жеймін.

Бауырсақ: Жеме, мен саған өлең айтып беремін.

Мен атамнан қаштым,

Мен әжемнен қаштым

Мен қояннан қаштым

Мен қасқырдан қаштым

Мен аюдан қаштым

Енді сенен қашамын.

Түлкі: жоқ, жоқ, бұның жарамайды. Менің құлағым естімейді, сен менің тұмсығыма отырып айтшы.

Бауырсақ жақындап айтпақшы еді алыстан шана мен қоңырау даусы естіліп, қатты салқын боп кетеді.

Тәрбиеші: Ой, балалар, бізге күткен қонағымыз Аяз ата мен ақшақар кеп қалған сияқты. Кәне, біз дауысымды шығарып атын атап шақырайықшы.

Балалар: Аяз ата, ақшақар!

Залға аяз ата мен ақшақар келеді

Аяз ата: Сәлеметсіздер ме балалар! Жаңа жыл мерекесі құтты болсын! Неге барлықтарың көңілсіздер? Мұнда не болған?

Тәрбиеші: Түлкі келіп бауырсақты жемекші болды.

Аяз ата: Бүгін үлкен мереке. Жаңа жыл келе жатыр. Бауырсақта тойламақ болған екен. Сен қу түлкі неге мерекенің шырқын бұзып жүрсің? Мұндай өзімшіл болуға бола ма екен? Арамдық пен қулық жақсылыққа апармайды. Сен жаман қасиеттеріңді жойып, жақсы қасиеттерді үйреніп жаңа жылда жаңа өмір баста. Және біз саған достық ұсынамыз. Барлығымыз дос болып жаңа жылды тойлайық.

Түлкі: Кешіріңіз, аяз ата, енді жақсы болуға тырысамын. Ендеше ормандағы достарымды да шақырсақ рұқсат па?

Аяз ата: Әрине, шақыр, шақыр барлығын.

Залға әуенмен аңдар (қоян, қасқыр, аю) шығады. Олармен бірге тиіндер шығады.

Би: «Тиіндер»

Аяз ата: Жарайсыңдар балалар. Бұл жерде бір нәрсе жетіспей тұрған сияқты. Мен сиқырлы таяғыммен шырша шамдарын жақпаппын. Кәне бәріміз бірге шырша шамдарын жағайық!

Қуант бізді таңырқат,

Шамдарыңды жарқырат! (Шыршаның шамын жағу).

Ән: « Жаңа жыл »

Тәрбиеші: Аяз ата ақшақар ендеше біздің балалардың өзіңізге арнап жаттаған тақпақтарын қабыл алыңыздар!

Т.Аяулым:

Жасыл желек жамылған,

Асыл моншақ тағылған,

Miнe, сұлу шыршамыз.

Көптен күтіп, сағынған,


Бидаулет:

Тамаша.тамаша!

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса.

У.Айлин.

Ну-ка, елочка, светлей

Заблести огнями!

Пригласили мы гостей

Веселиться с нами.

Айсауле:

Тақпақтарды жаттадық

Биде үйрендік көрсін деп,

Аяз ата шаттанып,

Бізге риза болсын деп.

Айзере:

Келді,келді жаңа жыл,

Қуанып қарсы ала біл.

Аяз ата сыйлығын

Алайық айтып жаңа жыр.

Есет:

Жаңа жылды қарсы алдың,

Мініп алып күймеге.

Мен де бүгін ән салдым,

Араластым биге де.

Әсел:

Аппақ тонға оранып,

Базарлықты мол алып.

Келді алыс сапардан,

Аяз ата оралып.

Қ.Аяулым:

Ақ қырауға малынған

Сақалы да мұрты да.

Аяз ата сағынған,

Сәлем бepді жұртына.

Аяз ата: Жарайсыңдар!!! Олай болса балалар ескі жыл есіркеп, жаңа жыл жарылқады. Мен ортаға ертіп келе жатқан жаңа жылым тауықты шақырамын.

Әуенмен залға тауық келеді.

Тауық: Сәлеметсіздер ме, балалар! Қандай өнерлі, жақсы балаларсыңдар. Сіздерді көріп, сіздермен бір жыл бойы ойнап күлуге, барлық жақсы күндерде бірге болуға ұзаққа келдім. Аяз атаның өздеріңе дайындаған сыйлықтарын ала келдім.

Аяз ата: Бәрекелді!Келе жатқан Жаңа жылдарың құтты болсын! Әрқашан осылай жүздеріңнен күлкі кетпесін!

(Балаларға сыйлықтарды тарату.)

Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, ата-аналар, балалар! 2017 жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет! Келе жатқан Жаңа жыл отбасыларыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!!











































































Ақтау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің «№35 «Балдырған» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны





«Бекітемін»

№ 35 «Балдырған» бөбекжайы директоры:

________________ Кабдрахманова М.М.

«__» __________2016 жыл








«Төрле, төрле Жаңа жыл!»

Жаңа жылдық ертеңгілігіне арналған сценарий

(№ 2 ІІ кіші тобы)







Дайындаған: №3 ІІ кіші тобының тәрбиешісі: Қарабасова А.

Өткізген: №2 ІІ кіші тобының тәрбиешісі: Дюсенова С.О.























Ақтау қаласы

2016-2017 оқу жылы









Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
"Төрле,төрле Жаңа жыл!" (Ертеңгілік сценарий)

Автор: Айтбаева Карлыгаш Кирикбаевна

Дата: 07.12.2017

Номер свидетельства: 442727

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(66) ""Қар ханшайымы" жаңа жылдық сценарий"
    ["seo_title"] => string(39) "kar_khanshaiymy_zhana_zhyldyk_stsenarii"
    ["file_id"] => string(6) "493678"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1546538272"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства