I.Мотивациалы- ынталандыру кезеңі II.Ізденіс-ұйымдастыру III.Рефлексия | 1.Шаттық шеңбері: Алақан мен жылуды, айналаға таратайық, Бір-бірімізге жақындасып, Бақыт, күлкі сыйлайық. Жүректі біз ашайық, Бақыт нұрын шашайық. Барлық жақсы тілекті, Сіздерге біз арнайық. - Балалар, бүгін мен балабақшаға келе жатқанда, хат тасушыны көрдім, хат тасушы маған хат берді. Ол хатты бізге көрші мемлекет Ресейден жіберіпті, кәне қазір мен сендерге оқып берейін. Балалар Бұл хатты Ресейдің балалары орыс тілінде жазыпты, ал сендерге мен аударып беремін. ..........Балалар, мына хатта біздің көрші мемлекеттік балалары бізбен танысып, дос болғылары келетіні жайында жазыпты, және біздің Қазақстан Республикасы жайында не білетініміз туралы айтып бергендерімізді сұрайды. Балалар, сендер Қазақстан Республикасы жайында не білесіңдер? Отан туралы не білесіңдер? Отанымыз деген не? Тақпақ айту. Отан деген- атамекен, Отан деген- туған жер. Отанана, Отан- үлкен, Қазақстан - туған ел. - Балалар, көрдіңдер ме осы әсем тақпақ жолдарында қаншама Отан туралы жақсы сөздер айтылған, Отанды қандай жақсы сөздермен жеткізген.Отан-сенің ата-анаң, Отан-туған жер, Отан- Бұл Қазақстан Республикасы. Сондықтан біз Отанды жоғары бағалап, қадірлей білуіміз керек. - Балалар, енді барлықтарын назарларыңды мына Қазақстан Республикасының картасына аударыңдар. - Айтыңдаршы, балалар, біз қай Республикада тұрамыз? -Дұрыс. Біздің Қазақстан Республикасының елордасы қай қала? - Өте жақсы, дұрыс балалар. Балалар, айтыңдаршы сендер қандай Қазақстан Республикасының рәміздерін білесіңдер? - Өте жақсы. Ал ендеше ән ұранымызды айтайық. - Балалар өз тілек айтылған жүрекшелерін картаға жапсырады. Мысалы: Еліміз аман болсын! Әр қашан күн күлім деп тұрсын! Көк туымыз биік болсын! Аспанымыз ашық болсын! - Міне, балалар, барлық махаббатпен, сезіммен жасалған Қазақстан Республикасының картасын біз көрші мемлекет Ресей балаларына сыйлыққа жібереміз. Осы картадан ақ түсінеді Қазақстан Республикасы қандай бай көрікті, тату мемлекет екенін. Рахмет сендерге балалар, сендер бүгін көп жұмыс жасадыңдар. Сабақты қорытындылау. | Балалар өлең жолдарын бірге айтады. Отан деген еліміз, жеріміз, отбасымыз, Отан деген – Қазақстан Республикасы, Отан дегеніміз-Астанамыз, қаламыз, балабақшамыз, табиғатымыз, көліміз, тауларымыз. Балалар сұрақтарға жауап береді. Балалар: Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз. Балалар: Астана қаласы Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. - Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғанына 24 жыл болды. Балалар: Ән ұран, ту, елтаңба. |