Мотивациялық қозғаушы | І. Қызығушылықты ояту. Жылулық шеңбері. Бір - біріне деген жылы сөздер арнау. Жұмбақ шешу. Ұзын мұртты сарылар, қойнында наны бар. \Бидай\
| Балалар назарын сабаққа аударды. Жылулық шеңберіне тұрып, бір-біріне жылы сөздер айтады. |
Іздену – ұйымдастырушылық | ІІ. Мағынаны тану. Желілі сурет бойынша жұмыс. - Балалар тақтадағы суретті мұқият зер сала қарай отырып, бидай дәнінен нанның қалай жасалатындығын анықтайық. - Міне, балалар күнделікті жеп жүрген нанымыз осындай ұзақ та қиын жолдан өтіп, біздің диқаншыларға, наубайшыларға, біздің дастарханымызға келеді екен. Олай болса нанды өсіретін адамдарға деген құрметімізді көрсетейік. Нанға деген құрмет. Орындарынан тұрып, қолдарын жүрек тұсына қойып, нанға, диқаншыларға, наубайшыларға деген құрмет сезімдерін білдіреді. Сергіту сәті. Нан қиқымын шашпаңдар, Жерде жатса баспаңдар. Теріп алып қастерлеп, Торғайларға тастаңдар. - Балалар, сендер ертегі тыңдағанды жақсы көресіңдер ме? - Ертегідегі кейіпкерлерді көзбен көргілерің келе ме? - Бүгін біздер ертегілер еліне саяхатқа шығамыз. Ертегілер еліне саяхат. \Бауырсақ ертегісі\. Кейіпкерлер: Атай, әжей, бауырсақ, қоян, аю, қасқыр, түлкі. - Балалар, ертегі ұнады ма сендерге? Бүгінгі күнмен байланыс. - Балалар бүгін аптаның қай күні? - Жұма күні аналарымыз, әжелеріміз не пісіруші еді?\ - Шелпек пен бауырсақты неден пісіреді? - Ұннан тағы қандай тағамдар пісіріледі?
| Суреттерге назар аударады. Суреттерге мұқият зер салып сурет бойынша ретімен айтады. 1. Жерді жыртады. 2. Дәндер өсе бастайды. 3. Бидайдың сабақтары пайда болады. 4. Оны сушылар не диқандар суғарады. 5. Бидайды орады, бастырады. 6. Машинамен элеваторға тасиды. 7. Диірменге апарып тартады. 8. Машиналар қап - қап ұнды тасиды. 9. Нан илейді. Нан пісіреді. 10. Нан таситын машинамен дайын нанды дүкенге әкеледі. 11. Дүкеншілер мен сатып алушылар дүкенде 12. Нан дастарханда. Сергіту сәтін орындайды. Бауырсақ ертегісін тыңдайды. Сұрақтарға жауап береді. |