Іздену – ұйымдастырушы | - Балалар бізге топқа бағбан сияпатқа толы себет әкелепті. Барлығымыз көріп ішінде не бар екенін айтайық. - Ойын «Көкөністер мен жемістер жинау». Ойынның шарты: әр топ өзіне тән заттарды тез арада жинап алу, шапшаңдығы мен жылдамдығын дамыту. - Балаларға екі топқа бөлінуді ұсыну. -Бір себетке бақта өсетін заттарды, ал екінші себетке бақшада өсетін заттарды салу қажет. Мына себетке нелерді жинап салдық көрейікші. Қалай аталады, орысша қалай аталады, ағылшынша қалай болады? Барлығын бірге айтқанда қалай аталады? Дұрыс. Өте жақсы. -Ал екінші себетте нелер жиналған. Осы заттар орысша, ағылшынша қалай аталады айтайық. Қалай ойласыз бұл заттарды қалай атауға болады? Өте жақсы. Ойынды қорытындылау: Ек топта шатаспай тез жинап алды, атауларында дұрыс айты, жарайсындар. - Кім осы жемістер мен көкіністер туралы тақпақтар біледі? Балаларға білетін тақпақтарын айтуды ұсыну. - Балалар жанағы бағбан әкелген себетін ішінде сізге тапсырма бар екен. Ойын:«Дұрыс орналастыр» Балаларға суреттер ұсынылады. Суреттерде өсіп тұрған көкініс, көкіністі жинау мезгілі, тазартып, топтауы және оларды өндеу немесе дүкенге әкеліп сатлуы көрсетілген. Ойынның шарты: Суреттерді ретімен орналастыу қажет - Бірінші көкініс қайда өседі? - Содан соң не істеу керек? - Жинап алған соң не істейміз? Бірнеше баладан жауап алу қалай дұрыс орналастырғаны туралы. Дұрыс. Барлығың өте жақсы жұмыстандыңыз. - Сергіту сәті. Әне, аюдың апаны, Жатыр онда дәу аю. Жайлап басып барайық, Саңырауқұлақ, бұлдіргенді, Білдіртпей біз алайық. Ұйықтап жатқан аюды, Оятып біз алмайық. - Балалар бағбан әкелген себетін ішінде тілхат бар екен. Мұнда күз туралы әңгіме берілген, ендеше оқимын, сендер мұқият тынданыз. Жеміс бағында Ерте, ерте ертеде ме......., әлде қазіргі заманда ма, белгісіз, Әділхан қарияның немересі қаладан қонаққа келеді. Қария немересін қасынан қалдырмай ертіп жүреді екен. Бір күні қария: - Дәулетжан, бүгін баққа барамыз тұра ғой,- дейді ақырын дауыспен немересін ұйқыдан оятады. Бұрын – соңды «бақ» деген сөзді естімеген Дәулет таңырқап, «Ол не екен?»- деп ойлайды. Олар баққа келеді. Бақ іші сондай әдемі, бұтақтарын жемістен көтере алмай өсіп тұрған әртүрлі ағаштарды көріп , «бақ» деген сөзге бірден түсінеді. Анасының базардан әкеліп жүрген жемістері де бар екен. Дәулет жеміс ағаштарын қызықтап, бақ ішін аралап жүрді. Бір ағаштың қасына келіп тоқтады. Ол ағаш: - Мен өрікпін,өрікпін, Табиғатқа көрікпін-деп, өзін таныстырып, жемісінен үзіп береді. Келесі ағашқа кездесті. Ол қандай ағаш екен? - Мен шиемін, шиемін, Күннің көзін сүйемін, - деп таныстырады. Шие жемісінен үзіп береді. Биік өсіп тұрған ағаш та жемісінен дәм таттырып, өзін былай таныстырады: - Мен алмұртпын, алмұртпын, Аузындамын бар жұрттың. Жеміс ағаштарына дән риза болып келе жатқан Дәулетке жүзім тап болды. - Мен жүзіммін, жүзіммін, Моншақ болып тізілдім, - деп өзіне таныстырып, жемісінен сыйлайды. Дәулет атасына біраз көмектеседі. Жемістер жинады, бақшаны тазартты. Әділхан қария немересіне риза болып, «Кішкентай бағбаным» деп басынан сипап, арқасынан қақты. Осы әңгіме аяқталмай қалған сияқты, қалай ойлайсыз қалай аяқтауға болады. Кім өзі әңгімені аяқтағысы келеді. 2-3 бала әңгімелейді. Әңгімеде не туралы жазылған? Күз туралы не білдік. - Балалар қыста жемістер мен көкіністерді қалай сақтап, жеуге болады? Ондай болса біз қазір компьютер арқылы ойын ойнаймыз. Тақырыбы: «Анамызға көкініс тұздауға «көмектесейік. Шарты: Мониторда салынған банкаларға тышқанды пайдаланып, рет-ретімен, қатарлап көкіністерді орналастыру қажет. - Балалардың бір тобына дайын салынған банка суретіне көкөністерді салып тұздауды, ал екінші тобына жемістердің суреттерін пайдаланып компот жабуды ұсыну. - Сурет әдемі болып шығу үшін заттарды дұрыс орналастыру қажет. Көкөністерді банкаға толтырып салып, араларында аздап орын қалдырған дұрыс. Жұмыс барысында дұрыс орналастыруларын қадағалаймын. Сіз салған қиярлар мен қызанақтардан және алма мен алмұрттан, алхордан дәмді ассорти шығады. - Тұздауға қандай көкіністер пайдалануға болады екен? Кім айтады? - Олардың пішіндері мен түстерінде айырмашылық бар ма? - Тандалған жемістердің көлемдері бірдей ме? Олар туралы не айтуға болады? Кім біледі көкіністер мен жемістердің адам деңсаулығына тиір пайдасы туралы. - Балалар біз бүгін аналарымызға көп көмек тигіздік, олар жұмыстарынды көріп, қатты қуанады деп ойламын. Өте жақсы. | Балалар ішінен бір-бірден көкіністер мен жемістерді шығарып көрсетіп атауларын атайды: -мынау алма, алмұрт -мынау қияр, қызанақ, т.б. Екі себетке жемістер мен көкіністерді бөліп салады. Мына себетке бақта өсетін жемістерді салдық. Мынау алма-яблоко- apple, алмұрт-груша -pear, Жемістер-фрукты- fruit. Ал мына себетке бақшада өсетін заттарды жинадық олар қияр-огурец-cucmber, қызанақ-помидор-tomato. Ал мына себетке жиналған барлық заттар көкіністер-овощи- vegeyables деп аталады. Балалар жеміс-жидектер туралы тақпақтарын айтады. Балалар ойынның шартың зейін қойып тындап, суреттерді ретімен орналастыруды бастайды: алдымен көкініс өсіп жатқан суретті, жинау мезгілін, топырағынан тазартуын, топтауын, өндеп немесе дүкенде сатылуын орналастырады. Алдымен көкініс бақшада өседі, пісіп шыққан соң оны жинап алады, жинап алған соң тазартып, топтайды. Дайын көкіністерді қысқыға банкаларға салып тұздауға болады, немесе дүкенде сатады. Балалар әңгімені мұқият тыңдайды. Әр бала өз қиялы бойынша әңгіме құрастырады. Жемістерден компот, варенья жасап, ал көкіністерді банкаға тұздап жеуге болады. Ойынның шартың мұқият тындап, жұмыстануға керіседі. Балалардың бір тобы банкаға көкөністерді салып тұздайды, ал екінші тобы жемістердің суреттерін пайдаланып компот жабады. Сурет әдемі болып шығу үшін заттарды дұрыс орналастырады. Көкөністерді банкаға толтырып салып, араларында аздап орын қалдырады. Өз суреттеріне қарап салған қиярлар мен қызанақтардан және алма мен алмұрттан, алхордан дәмді ассорти шыққанын көреді, қуанышқа бөленеді. Әр бала алдындағы компьютерде суреттерді орналастырып компот, варенье жасап, көкіністерді тұздайды. -Тұздауға қияр, қызанақтарды пайдалануға болады. -Тұздауға алынған қиярлар сопақша пішінді, ал қызанақтар дөңгелек болып келеді. -Түстерін айтатын болсақ қиярлар жасыл, ал қызанақтар қызыл түсті болады. Жемістердің көлемдері бірдей емес, алма мен алмұрт үлкен, сондықтан банкаға аз алма мен алмұрт салынады. Ал жүзім кішкентай көлемді, оларды көбірек салуға болады. |