Ынталандыру оятушы | І Ұйымдастыру кезені Сәлеметсің бе, алтын күн! Сәлететсің бе, көк аспан! Сәлеметсің бе, алтын күз! Сәлеметсіз бе, қонақтар! | Балалар шеңберге тұрады, сәлемдеседі. |
Ұйымдастырушы-ізденуші | ІІ Негізгі бөлім 2.1 Тосым сәт /Хат келеді/ Бұл хат бізге қояннан келіпті ол бізге астық жинасуға көмектесіңдер деп жазыпты. Бір – біріміздің қолымыздан ұстап қоянның бақшасына барайық. Қоян: -Сәлеметсіңдер ме балалар! Балалар қоянның бақшасында қандай көкөністер бар? Қоянның бақшасына көкөністер қайдан келді? Мына көкеністерді бәріміз себетке жинауға көмектесіп, тақпақарымызды айтып берейік. Асханадан шықпаймын, Атым- пияз, бұқпаймын. Көзден жасты шығарып, Тымаудан бірақ сақтаймын. Өсіретін бойыңды, Дамытаттын ойынды, Қоянға да азықпыз- Сәбіздерміз жазықсыз. Ақ түсім бар қан алар, Қызыл түсім қанға -нәр. Зияным жоқ, біліп қой- Қызылшамын пайдам бар. Тал шыбығым бұралып, Бқшаларда қызарып, Тұрған ол мен- қызанақ, Күнге қарап ұялып. Атым қияр, теріп ал, Жиі-жиі суғарып. Бақшаларда тізіліп, Қаперсіз мен жатамын. Қабат-қабат киініп, Қырыққабат атандым. Картоп –біздің атымыз. Жер астында жатырмыз. Бір тамырдан тараған- Ағайынбыз бәріміз Қоян: - Көмектескендеріне рахмет мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр. 2.2Д/О «Ғажайып дорба» Мынау ғажайып дорба бұның ішінде не бар екен казір өздерін көресіңдер. Қоян: - Менің қандай көкөністерді жақсы көретінімді жасырамын ал сендендер табасындар. Жұмбақтар: Бұл не деген көп киім, Тоқсан қабат көк киім. Жаңбыр одан өтпейді, Қабат-қабат тоны бар, Түймелеуге жетпейді. «орамжапырақ» Жер астында басы бар, Жер бетінде шашы бар. «сәбіз» Қоян сәбізбен орамжапырықтарды жақсы көреді екен. Біз қоянға сыйлық ретінде сәбізбен орамжапырақты жасап берейік 2.3/ Тәрбиеші үлгіні керсету/ Сендердің үстелдеріңде қандай пішіндер бар? - Олардың түстері қандай? Тоқсары тіктөртбұрышты алып диогональ бойынша /қарама қарсы бұрыштан бұрышқа екіге бөлеміз/ міне екі үшбұрыш шықты, жоғары жақтын бұрыштарын домалақтап қиып аламыз артқы жағына желімді қылқаламмен жағамыз, ақ қағаздың сол жағына жапсырып бетін сүлгімен бекітеміз. Сендердің алдында екі түсті жасыл қағаз жатыр қара жасыл сопқшаны алып артына желім жағып ақ қағаздың оң жағына жапсырып бетін сүлгімен бекітеміз, ақшыл жасыл төртбұрышты үзу арқылы сопқшаға жапсырамыз бұл орамжапырақтың жапырақтары. Қалған қағаздан сәбіздің жапырағын ұзыншағып жыртып сәбіздің үстіне жапсырамыз. 2.4 Сергіту сәтті «Қояным» Ұзын құлақ сұр қоян, Естіп қалып сыбдырды. Ойлы қырлы жерлемен, Ытқып- ытқып секірді. Қарап еді артына, Көжегі екен өзінің. 2.5.Тәрбиеші балаларға өздігімен жұмысқа кірісулерін сұрайды Тәрбиеші балалардың жұмыстарының көрмесін ұйымдастырады. Қоян: -Рахмет сендерге сыйлықтарына меніңде сендерге сыйлығым бар дәмді көкөністер 2.6Д/О «Дәмін бойынша тап» Қоянның сыйлығына рахмет айтайық көкеністері дәмді болды. | Балалар сұрақтарға жауап береді. Балалар қоянның бақшасына барып,қоянмен амандасады . Балалар көкөністерді атап шығады. Балалар көкөнестерді қалай бақшаға келетіндігін әңгімелеп береді. Балалар көкөністерді себетке жинайды. Балалар көкөністер туралы тақпақтарын айтып береді. Балалар қоянмен «Ғажайып дорба» ойынын ойнайды: дорбаға қолдарын салып, оларды ұстап, сипаттайды. . Балалар жұмбақ шешеді Балалар естеріне сақтап мұқият тындайды. Балалар мәтіннің сөзіне сәйкес қимылдарды орындайды Балалар өз еркімен жұмыс жасайды. Балалар көкөністердін дәмін татып табады. Балалар рахмет айтады. |