kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тақырыбы: "Менің отбасым"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Отбасы туралы түсінік беру. Ата-әже, әке-шеше, аға-апа, сөздерін айта білуге үйрету.Отбасылық тақпақтарды жаттата отырып  балалардың тілдерін дамыту, отбасылық сурет бойынша әңгіме құрастыра отырып сөздік қорын молайту.Үлкендерді құрметтеуге тәрбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы: "Менің отбасым"»

Білім беру саласы: Коммуникация


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Сөйлеуді дамыту


Тақырыбы: «Менің отбасым»


Мақсаты: Отбасы туралы түсінік беру. Ата-әже, әке-шеше, аға-апа, сөздерін айта білуге үйрету.Отбасылық тақпақтарды жаттата отырып балалардың тілдерін дамыту, отбасылық сурет бойынша әңгіме құрастыра отырып сөздік қорын молайту.Үлкендерді құрметтеуге тәрбиелеу.


Көрнекілігі: Отбасы мүшелерінің суреттері,жұмбақтар.


Әдіс-тәсілдер: Сұрақ жауап, әңгімелесу, ойын жаттығулары.

Шаттық шеңбер:

Үлкен шеңбер құрайық,

Алақанды ұрайық.

Күлімдесін күн де,

Күлімдейік біз де.

Алақанды ашайық,

Таза ауаны салайық,

Жүрек жылуын салайық,

Енді бәрін қонақтарға сыйлайық.


Балалар бір жылда неше мезгіл бар?

Төрт мезгіл бар.

Қазір қандай мезгіл?

Қыс мезгілі.

Қыс мезгілінде неше ай бар?

Үш ай.

Қазір қандай айдамыз?

Ақпан.

Біз қандай қалада тұрамыз?

Ақтау қаласында тұрамыз.


Біздің бала – бақшамыз қалай аталады?

Қыран.

Тобымыздың аты қалай аталады?

Кіші топ.

-Балалар әр адамның өз отбасы болады. Отбасы бірнеше адамдардан тұрады. Ата-әже, әке-шеше, аға-апа, іні-қарындас т.б. Олар кез-келген істі бірге атқарады, отбасылық мерекелерді бірге қарсалады, бір-біріне көмектеседі. Отбасында үлкенді сыйлау кішілерге қамқор болуға үйретеді.

-Балалар мына суретте кімдерді көріп тұрсыңдар?

-Ата-әже, әке-шеше, аға-апа, бала-қыз.

-Оларды қалай атауға болады?(Отбасы)

-Бір үйге тұратын туыс адамдарды яғни ата-әже,әке-шеше, апа, аға, іні,сіңілі бір сөзбен отбасы деп атаймыз.

Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы бізге біреу келе жатқан сияқты?

Ой бауырсақ кімнен қашып келе жатсың?

Бауырсақ:

Атадан Әжеден қашып келе жатырмын.

Балалар атамен әжеден қашуға болама?

Балалар: Қашуға болмайды.

Балалар бауырсақ көп нәрсе білмейтін сияқты.

Олай болса мен жұмбақ жасырып көрейін.

Жұмбақтар:

Өзі мейірімді, шашы ағарған, дәмді етіп тағамдар дайындайды,немерелеріне ән айтып, ертегі оқып береді.(Әже)


Әкемнің ол әкесі

Білер оны сұраған

Айтары мол ақылы

Көп жасасын бұл адам (Ата)


Бауырсақ енді балаларымыздың тақпақын тамашалаңыз.


Балалар сіздер ата-әже, әке-аналарыңды жақсы көресіңдерме?

Ендеше балалар отбасы мүшелеріне арнап тақпақтарымызды айтайық.


Тарлан:

Әже-біздің күніміз,

Әже біздің гүліміз.

Балаларды қуантып,

Ұзақ өмір сүріңіз.


Жанайым:

Ата келе жатқанда.

Жүгіремін алдынан.

Кең құшағын жаяды,

Қуанады ол бұған.


Аяжан:

Өмірге бізді келтіріп,

Жарық дүние сыйлаған

Жамандыққа баласын

Ешқашанда қимаған

Көрмесін қайғы балалар,

Аман болсын аналар.


Мадина:

Анаң-күнің, жүрегің,

Әкең-өмір тірегің.

Сен-бақытты ұлансың,

Бәрі саған қуансын!


«Менің жанұям» саусақ жаттығуы.

Бір үйде біз нешеуміз? Кел санайық екеуміз.

Бас бармағым-атам, үйдің данасы,

Балам үйрек-әжем, ошақ анасы.

Ортан терек-әкем, отау панасы,

Шылдыр шүмек-шешем, шаңырақ ажары.

Титей бөбек-мен, бәрінің базары.

Бәріміз татаумыз деп жұдырығын жабады.


Дидактикалық ойын: «Кім жоқ?»

Тәрбиеші отбасы мүшелерінің суреттерін іліп қояды.Балалар көздерін жұмады.Тәрбиеші бір отбасы мүшесінің суретін алып тастайды.Балалар көздерін ашып мұқият қарайды кімнің жоқ екенін табады.

Балалар сіздер ата-әже, әке-аналарыңды жақсы көресіңдерме?

Ендеше балалар отбасы мүшелеріне арнап тақпақтарымызды айтайық.

Бауырсақ ата-әжесінің керек екендігін түсініп, балалармен қоштасып шығып кетеді.

Қорытынды

Тәрбиеші: Балалар біздер бүгін отбасы мүшелерімен таныстық.

Отбасы мүшелерінекімдер жатады?

Балалар бізге қонаққа кім келді?

Бауырсақ кімнен қашып жүр екен?

Бауырсақ ата-әжеден қашуға болама?

Біздер бір отбасы болып бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүру керек.












Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Тақырыбы: "Менің отбасым"

Автор: Кожакова Жемисгул Инаматовна

Дата: 06.03.2019

Номер свидетельства: 502285

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(122) "ДҮНИЕТАНУ, 1- сынып, Сабақ тақырыбы: Менің отбасым. Отбасылық дәстүр"
    ["seo_title"] => string(66) "duniietanu_1_synyp_sabak_tak_yryby_mienin_otbasym_otbasylyk_d_stur"
    ["file_id"] => string(6) "375136"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1483457482"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(118) "ll с?билер тобына арнал?ан о?у - іс ?рекеті. Та?ырыбы: "Бізді? отбасы" "
    ["seo_title"] => string(69) "ll-s-bilier-tobyna-arnalg-an-ok-u-is-riekieti-tak-yryby-bizdin-otbasy"
    ["file_id"] => string(6) "199172"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1428519116"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) "Та?ырыбы:  Мені?  отбасым"
    ["seo_title"] => string(26) "tak-yryby-mienin-otbasym-1"
    ["file_id"] => string(6) "276280"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1452698387"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "Тақырыбы : " Менің отбасым""
    ["seo_title"] => string(24) "tak_yryby_mienin_otbasym"
    ["file_id"] => string(6) "388876"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1486454776"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(150) "Білім беру саласы: ?атынас          Сала б?лігі: Тіл дамыту          Та?ырыбы: Мені? отбасым."
    ["seo_title"] => string(64) "bilimbierusalasykatynassalabolighitildamytutakyrybymieninotbasym"
    ["file_id"] => string(6) "298964"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456419412"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства