Балалар, сендерге бағдаршам ұнады ма және түсіндіңдер ме? Олай болса маған кім түсіндіріп береді?
Жандос: өз бағытымыздағы қызыл түсте тоқтаймыз, сары түсте жүруге дайындалып тұрамыз, ал жасыл түсте жүреміз.
Өте жақсы балалар, сендердің бағдаршам туралы түсінгендеріңізге өте қуаныштымын. Қош сау болыңдар, жолда аман – есен жүріңдер
Сау болыңыз, жолыңыз болсын!
Балалар, жол полициясының бағдаршам жайлы айтқан әңгімесінен кейін бүгінгі жаңа тақырыбымызды жалғастырамыз.
Ертеде адамдар көлік ретінде жануарларды пайдаланған. Егер біздің қазақ халқын алса ат, түйе мінген, үндістер пілді, кейбір шығыс халықтары есек, бұқа – сиырларды көлік қылған. Суық аймақтарда иттерді шанаға жеккен, бұғыларды көлік қылған (жануарлар дыбысы)
Қазіргі танда бұл көліктердің маңызы төмендеді. Қазір көліктің түрлері өте көп, оларды бірнеше топқа бөлуге болады: жерде жүретін, ауада ұшатын, суда жүзетін көліктер.
Әуе көліктеріне ұшақ, тік ұшақ, зымыран, ал су көліктеріне кеме, қайық, жер көліктеріне машина, автобус, велосипед, мотоцикл т.б жатады. Жер көліктерінің өзі бірнеше түрге бөлінеді. Олар жүк тасымалдаушы, жолаушы тасымалдаушы, ауыр және жеңіл машиналар. Бұл көліктердің бәрін арнайы маман иелері жүргізеді. Ұшақты – ұшқыш, машинаны – жүргізуші, кемелерді – кеме капитаны басқарады.
Бұл көліктердің пайдасы – адамның еңбегін жеңілдетеді, алысты жақындатады.
Балалар, бүгінгі жаңа тақырыпқа сендер түсіндіндер ма?
Балалардың жауабы.
Олай болса мен сендерге жұмбақ жасырайын:
Арқасында ауыл жур,
Ала тайым шауып жүр.
(автобус)
Екі аяқты «шайтан»
Маймаңдар қайқаң – қайқаң.
(велосипед)
Қыл кеңірдек батыр,
Тау көтеріп жатыр.
(көтергіш кран)
Оңға да бұрады,
Солға да бұрады.
Тәртіп сақтап әрқашан,
Жолды нұсқап тұрады.
(бағдаршам)
ІV. Сергіту сәтті «Көлік»
Көлік кетіп барады,
Жан – жағына қарады.
Бағдаршамда қызыл жанғанда,
Көлік тоқтап қалады.
Пойыз кетіп барады,
Жан – жағына қарады.
Бағдаршамда қызыл жанғанда,
Пойыз тоқтап қалады.
V. Дидактикалық ойыны «Бұл қандай көліктер»
Мақсаты: ойыншық көліктердің ішінен суда, әуеде және жерде жүретін көліктерді ажырату. Балалар көліктерді үшке бөліп көрсетеді.
Балалар, көліктердің қандай пайдасы бар?
Балалар өз пікірлерін айтады.
Ал зиянды жағын кім айтады?
Балалар пікірі.
Қоршаған ортаны қорғау үшін көшелерге не отырғызылады?
Балалар жауабы.
Көліктерде мәдениеттілікті, әдептілікті қалай жасаймыз?
Балалар жауабы.
VІ. Қорытынды
Балалар біз бүгін не үйрендік?
Балалардың жауабы.
Үйде аға – әкеміз көлікпен жол жүруші болса не дейміз?
«Жолың болсын» дейміз
Балалар бүгінгі оқу іс-әрекеті сендерге ұнады ма?
Балалардың жауабы.
Бізге қонаққа кім келді?
Балалардың жауабы.
Балалар сендер бүгінгі оқу іс-әрекетіне өте жақсы қатыстыңыздар.
Жарайсыңдар, балалар. Барлығыңыз жол ережесін сақтап, көліктермен аман – есен жүрейік. Осымен бүгінгі оқу іс-әрекетіміз аяқталды. Келген қонақтармен қоштасамыз. Қош сау болыңыздар!