kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тақырыбы: "Су-тіршілік көзі" (кіші орталық)

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білім беру саласы "Таным"

Сабақтың тақырыбы : "Су-тіршілік  көзі"

Мақсаты:Су және оның маңызы туралы білім беру

Тәрбиелік:қоршаған ортаны құрметтеу,ластамау,тазалық туралы мәлімет  бере отырып,үйрету

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы: "Су-тіршілік көзі" (кіші орталық)»

Сабақтың тақырыбы: «Cу – тіршілік көзі»

Кіші орталық

Білім беру саласы: «Таным»

 Мақсаты:  Су және оның маңызы туралы білімдерін тереңдету.

Білімділік: Су –тіршілік көзі екенін, пайдасы, маңызы, қасиеті туралы білімдерін кеңейту.

Дамытушылық: тәжірибе жасау барысында бақылағыштық, дәм сезу дағдыларын жетілдіру.

Тәрбиелік: Қоршаған ортаны қорғау, суды ластамауға, ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:суреттер, су, сүт, қасық, бояу түрлері, шырын, түтікше, жұмыртқа, тұз, стакан, қар, мұз, бу

Қолданылатын әдістер: түсіндіру, сұрақ – жауап, ойын, көрсету, тәжірибелер, суреттерді құрастыру.

Интеграция: Қоршаған орта, тіл дамыту, құрастыру.(2 слайд)

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі:

«Жылулық шеңбер»

Самал жел бізді желдетші,

Күн нұры бізді жарқырат.

Таза ауа дем берші,

Мөлдір су бізді салқындат. (3 слайд)

 Тәрбиешінің кіріспе сөзі: Балалар, «су» деген сөзді естігенде кезде көз алдарына ең алдымен не елестейді?  (балалардың жауаптары тыңдалады)        -Дұрыс айтасыңдар арине. Суды адамдар не үшін пайдаланады? Жануарлар мен өсімдіктерге не үшін қажет? (балалар өз ойларын ортаға салады). Ал судың пішіні болады ма? (тарелкага суды құйып көрсету) Өте дұрыс, жарайсыңдар! Ал енді мен сендерге жұмбақ жасырайын.

Ал сендер суға байланысты қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

Судыңда сұрауы бар.

Су анасы — бұлақ,

Сөз анасы — құлақ.

Судың жолын құм бөгер,

Ердің жолын сұм бөгер.

Сумен ойнама — батарсың,

Отпен ойнама — жанарсың.

Түнгі су — ну, күңдізгі су — бу.

Жұмбақтар: (жауабын тапқан бала сол суреттерді тақтаға іледі)

1 Дәміде жоқ, түсі жоқ,

Пайдаланбас кісі жоқ.  (Су)

2 Моншағым көктің,

Тестім түбін шөптін.  (Тамшы)

3 Көз жасын төгіп елжіреп,

Жүреді көкте көлбіреп,

Жел қуса кетер селдіреп.  (Бұлт) (4 слайд)

Тәрбиеші: — Міне осылардың барлығы сумен байланысты. Балалар  ал сендер білесіңдер ме су қайдан, қалай пайда болатынын?  (балалардың жауаптары тыңдалады) Дұрыс айтасыңдар. Ендеше мен сендерге толығырақ түсіндіре кетейін.

Су өмір бойы айналымда болады. Ол жаңбырмен жерге түседі, арық болып ағып, өзенді құрайды, ал содан кейін қайтадан күн шуағымен бу болып аспанға көтеріліп, жер бетіне жаңбыр болып, қайта оралады. Жаңбырдан аққан кішкентай сулар бірігіп, жылғалар болып, үлкен теңіз құрайды.

Табиғаттағы судың айналымы туралы сызба-нұсқасы (№1 қосымша)

(Балалардан сызбаны қайтадан қайталатқызып сұрау) Ал, енді сендермен бірігіп бірнеше  тәжірибелер жүргізіп көрейік. (5-6 слайд)

I Тәжірибе «Су — мөлдір» (7-8-9 слайд)

● Балалардың алдына екі шыны ыдыс тұрады: біреуіне су, ал екіншісіне сүт құйылған. Екі ыдысқа да қасық салып, қайсысынан көрінетінін, қайсысынан көрінбейтінін бақылайды. Суы бар ыдыстан қасықты көруге болады, ал сүт тұрған ыдыстан қасық көрінбейді. Яғни, «Су – мөлдір, сүт мөлдір емес».

● Балаларға бояу беріп, судыңда түсін өзгертуге болатынын да тәжірибе жүзінде біледі.

II Тәжірибе «Суда дәм жоқ» (10 слайд)

● Балалар түтікше арқылы су ішіп көреді. Онда дәм бар ма? Оларға салыстыру үшін шырынның дәмін көрулерін ұсынады. Суға қант қосып, дәмінде өзгертуге болады. Балалар өз ойларын айтады, неліктен судың дәмі өзгергендігін.

III Тәжірибе «Судың иісі жоқ» (11 слайд)

● Балалар суды иіскеп көреді, судың иісінің жоқ екенін сезінгенше, тағы да қайталап иіскету керек. Ал екінші ыдыста түссіз тәтті суға ванилин араластырған суды құйып, балаларға иіскету керек. Балалар екі ыдыстағы судың айырмашылықтарын айтады.

Сергіту сәті

Ал, балалар тұрайық, мойнымызды бұрайық,

Қолымызды созайық, су ішінде қалықтап,

Қане, жүзіп алайық,

Оңға бір, солға бір қарап, денемізді бұрайық. (12 слайд)

Тәрбиеші: Ал, балалар жаңа ғана біз сендермен жұмбақтардың жауабын шештік, бірнеше тәжірибелер жасадық. Ал енди мен сендерге бир еки сыйқыр көрсетейін….(13 слайд)

I Сыйқыр (фокус) көрсету: (осы сәтте жай ғана музыка ойнап тұрады)

Керек заттар:шикі жұмыртқа, стақан, бірнеше шай қасық тұз. (14 слайд)

 

1.Стақанға таза су құйып, суға шикі       2.Жұмыртқаны стаканнан шығарып

жұмыртқаны саламын.Жұмыртқа           қоя тұрып, стақандағы суға  тұзды

су түбіне батып кетеді(15 слайд).               Жақсылап ерітемін. (16 слайд)


3.Енді жұмыртқаны қайтадан      ♦Тұз судың тұздылығын арттырады. судағы

осы суға саламын. Жұмыртқа       тұздың мөлшері көбейген сайын оның

суға батқан жоқ!(17 слайд)            тығыздылығы күшейіп, ол суға түскен кез

келген зат батып кетпей су бетінде қалқып

жүреді.(18 слайд)


II Сыйқыр (фокус) көрсету: (19-20 слайд)

Керек заттар: стақан, су, бояу (марганцовка)

Бірінші стақанға су құямын. Балаларға айтамын мұқият қарап отырыңдар деп….Еш нәтиже шықпады. Екінші стақанға су құймастан бұрын сыйқырлы сөз айтамын (сим салабим!)  ішіне су құямын, сол сәтте судың түсі қызыл түске боялады. Балалар аң-таң болып қалады…

 

Сабақты қорытындылау:  (24 слайд)

Сонымен балалар, бүгіңгі сабақта не туралы айтылды?

Жер бетінде су қандай күйде кездеседі?

Су қайдан пайда болады екен?

Сендермен бірге қандай тәжірибелер жасадық?

(балалар жауаптары)

Су-түссіз, бояу қосқанда өзгеред і.

Су-дәмсіз, бірақ қант қосқанда дәмі өзгереді.

Судың пішіні болмайды.









Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Тақырыбы: "Су-тіршілік көзі" (кіші орталық)

Автор: Салмағанбет Гүлсезім Нағашыбайқызы

Дата: 09.12.2016

Номер свидетельства: 367825

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(26) "Төрт түлік мал"
    ["seo_title"] => string(16) "tort_tulik_mal_2"
    ["file_id"] => string(6) "417590"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1495441452"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства