Мотивациялық – қозғаушылық | Шаттық шеңбері -Біз далаға шыққанда аяғымызбен нені басамыз, жоғарыға қарағанда нені көреміз? -Аяғымызбен Жер-Ананы басамыз. Жоғарыға қарап, көк аспанды, Күнді көреміз. | Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді. |
| Көркем әдебиет. Балалараға жұмбақ жасыру: Аспанда бір алып құс Ызғып ұшып барады. Қарап тұрсаң, ғажайып, Соңында із қалады. -Зымыран (ракета) не үшін қажет? -Ғарышқа кімдер ұшады? -Бүгін біз ақын Жақан Смақовтың «Мен ғарышкер боламын» деген өлеңімен танысамыз. | Балалардың жауаптары. Шешуі: зымыран. -Ғарышқа ұшу үшін. -Ғарышкерлер ұшады. |
Ұйымдастырушылық-ізденістік | Аспан, аспан арайлым, Саған жиі қараймын. Сені көзбен шоламын. Мен ғарышкер боламын. Сөздік жұмыс Ғарышкер – ғарыш кемесімен ғарышқа ұшатын, аспан әлемін зерттейтін адам. Билингвальді компонент: Ғарыш – космос; Ғарышкер – космонавт; Зымыран – ракета. Сергіту сәті Орнымыздан тұрайық, Қолды белге қояйық. Бір отырып, бір тұрып, Біз тынығып алайық. Біз, екі, үш! Орнымызды табайық. Өлең шумақатарын қайталау. Дәптермен жұмыс Дәптердегі берілген тапсырманы балаларға түсіндіру. Балалармен жеке жұмыс жүргізу. «Ұшақ» ойыны -Балалар, ұшаққа отырып, ұшып көрейікші. Музыка әуені ойнайды. Балалар ұшады, музыка аяқталағанда қонады | Балалар өлеңді мұқият тыңдап, жаттап алады. Ғарыш, ғарышкер сөздерінің мағынасын қайталайды. Қайталайды: Ғарыш – космос; Ғарышкер – космонавт; Зымыран – ракета. Балалар қимылмен көрсетеді. Балалар өлеңді жатқа айтып береді. Балалар жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындайды. Балалар ойынды ықыласпен ойнайды. |