kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Технологиялық карта Тәуелсіздік тақырыбында берілген.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз"»

Тақырыбы: «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз»

Мақсаты:

1.Еліміздің Тәуелсіздігі үшін күрескен, бойында ұлттық рухы, Отанға, еліне деген патриоттық сезімі қалыптасқан жастардың өмірін болашақ ұрпаққа үлгі ету, тарихымызды таныту.

2. 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні екені туралы түсінік беру.  

3.Тәуелсіздік , егемен  деген сияқты  сөздердің мағыналарын ұғындыру арқылы сөздік қорларын толтырып, есте сақтау қаблеттерін дамыту.  

4. Бүлдіршіндердің Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру

Қолданылатын көрнекі құралдар: Слайд, суреттер.


Оқу іс әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Балалар ортаға әуен арқылы кіреді патриоттық би билейді.



Балалар биледі

Іздену-ұйымдастырушы

Әнұран


Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 25 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.

Балалар осы тәуелсіздігіміз қандай қыйындықпен келгенін оның жолында қандай қиындықтардан өткендерін бір көріп өтейік.

Слайд

1986 жылы желтоқсанда отты оқиға болды.Елдің егемендігін аңсаған жастар алаңға шықты. Желтоқсан желі дауылға айналды. Өрттей заулаған өжет жастар ұлттық намыс құдіретін әлемге паш етті.17 желтоқсанда таңертең Алматыда жаппай толқу басталды, кейінірек ол Республиканың басқа да қалаларына тарады. Тәуелсіздік жолына Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сабира сияқты қазақ жастары желтоқсан оқиғасы кезінде ерлік көрсетіп, құрбан болды.

«Желтоқсан құрбандары туралы слайд»

Ел орнында, жер орнында, жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүние жүзіне танылды. 120 - дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.

Ал ендеше егемен елімізге бір көзімізді жүгіртейік.

Слайд

Тәуелсіздігімізді алғалы туымыз, ел таңбамыз,ән ұранымыз бар біз әрине бақытты ұрпақпыз.









































Ән орындау: «Желтоқсан желі»


Балалардың ұжыммыен жұмысы.

Жапсырма қағаздармен «Тәуелсіздік деп соғады жүрегім», тақырыбында сурет жапсыру жұмысы.




Балалар орындарынан тұрып әнұран орындады.
























Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!


Барлық қазақ осындай, бар қанында,
Сол ерлікпен ұстаған, сар даламды,
Кіргізбеген жауларын, бір сүйем де,
Ұрпағы үшін жан берген, өр бабам да!!!...

Сол атаның ұрпағы мына менмін,
Есте ұста ей жендет, көрмегенің,
Мен қазақпын қорықпан, өлімнен де,
Табан асты, ол туған жерім менің.

Бір тамшы жас, алмай қара көзіне,
Халқы үшін жауаптығын сезіне,
Жас қазағым, қиындықтан тайсалмай,
Әркездері, жұптап тұрды сөзін де;




































Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе - тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы - құт, жері - дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.

Қасиетті Қазақстан мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, жерім, Отаным – бақ - дәулетім,
Болашағым, өнер - білім, өркенім.

Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма
Туған тілім шұбарланба жарқыра
Тарихымызда таланттылар көбейсін
Бас иемін ата баба рухына.

Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап
Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап
Тілейтінім барша жұртқа бір ғана
Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ.

Рефлексті коррекциялаушы

Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты тақырыптық оқу қызыметіміз
Қазақ елім! Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын.





Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: Өз елінің, өз жерінің, туын, елтаңбасын,әнұранын,Елбасын,әнұранды,рәміздерді білуі керек.

Болуы керек: Оқу іс – әрекетіне деген қызығушылығы мен ынтасының болуы.

Баланың қолынан келуі керек: Балалар тәуелсіздік күніне тақпақтар айта білуі.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
"Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз"

Автор: Айтбаева Карлыгаш Керикбаевна

Дата: 26.04.2017

Номер свидетельства: 411795

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(97) ""Т?уелсіздік деп со?ады ж?регіміз"Т?рбие са?аты.3-сынып "
    ["seo_title"] => string(62) "t-uielsizdik-diep-sog-ady-zhurieghimiz-t-rbiie-sag-aty-3-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "165889"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1422887577"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "Т?уелсіздік деп со?ады ж?регім!"
    ["seo_title"] => string(36) "t-uielsizdik-diep-sog-ady-zhurieghim"
    ["file_id"] => string(6) "274613"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1452427186"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(59) "Т?уелсіздік деп со?ады ж?регіміз!"
    ["seo_title"] => string(40) "t-uielsizdik-diep-sog-ady-zhurieghimiz-1"
    ["file_id"] => string(6) "289833"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454864204"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(65) "«Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз»"
    ["seo_title"] => string(33) "t_uelsizdik_dep_sogady_zhuregimiz"
    ["file_id"] => string(6) "499615"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1550059539"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(60) "Т?еуелсіздік деп со?ады ж?регіміз"
    ["seo_title"] => string(35) "tieuielsizdikdiepsogadyzhurieghimiz"
    ["file_id"] => string(6) "272742"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1452059101"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства