Ізденістер. Ұйымдастыру. Сергіту сәті. Дидактикалық ойын. Әліппе-дәптермен жұмыс. | Балаларға сұрақ-жауап және көрнекілік әдістері арқылы Қазақстан Республикасы туралы түсіндіреді, әңгімелейді. -16 Желтоқсан-еліміздің ең үлкен, ең басты мерекесі. 1991 жылы қазақ елі егемендікке қол жеткізіп, өз алдына тәуелсіз мемлекет атанды. 2011 жылы тәуелсіз мемлекет атанғанымызға 20 жыл толды.осы тәуелсіздік Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатайұлы, Ләззат Асанова сынды қазақтың батыр, қаһарман ұл-қыздарының арқасында келді. Олардың тәуелсіздік жолындағы ерлігі, қайсарлығы біз үшін өнеге болмақ. Б. Исаевтың «Тәуелсіз елім бар» өлеңі оқылады. 3. Сөздік жұмысын жүргізу. Тәуелсіз-толық еркі бар, ерікті, бағынышты емес. Егемен-өз билігі, бас бостандығы өзінде, тәуелсіз. Отан туралы мақалдың мағынасын ашып, оны жаттатады. Халықтың ортақ үйі-Отаны. «жаса Қазақстан» әнін тыңдату. «Жылы сөздер» ойынының шарты: Отан туралы пікірлерін білдіру. Әліппе-дәптердегі тапсырмаларды орындатады. | Қазақстан рәміздері суреттері Әліппе дәптер Қазақстн елі туралы суреттер. | Балалар Отан туралы ойларын әңгімелейді. Өлеңді тыңдайды, сұрақтар қояды. Мақалдың мағынасын түсінеді. Әнді қосылып орындайды. «Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбында сурет салады. |
Рефлексивті түзету | Отан деген сөзді қалай түсінесіңдер? Қазақстан Республикасының рәміздерін ата. Біздің елордамыз қай қала? Балаларды мадақтау | | Отан –біздің ортақ үйіміз. Ту, Әнұран, Елтаңба. Астана. |