Мотивациялық- қозғаушылық | Шаттық шеңбері: Қане, қане тұрайық, Үлкен шеңбер құрайық Тұрсақ, егер шеңберге Алақанды ұрайық. Сол жақтағы балаға. Шапалақта, шапалақ, Шапалақта шапалақ. | Шаттық шеңберін құрады. Қимыл қозғалыспен көрсетеді. |
Ұйымдастыру-іздестіру | Топқа суреттер жапсырылған екі текшені әкелу. Балаларға текшелердің сиқырлы екендігін айту. Бірінші текшені айналдырып айту: Айналдырып текшені Біз атаймыз бейнені, - Балаларға бірінші текшенің қырларына жапсырылған суреттерді көрсету. (алма, қуыршақ Әйгерім, әже, аю). − Мынау кім? − Әйгерім қандай ? − Әйгерім ән айтқанды жақсы көреді. Кәне, Әйгерімнің әнін естеріңе түсіріңдер. − Мынау кім? − Бұл Әйгерімнің әжесі ме? − Мынау не? − Сендер алманы жақсы көресіңдер ме? − Мынау не? − Балалар, аю- Әйгерімнің сүйікті ойыншығы. Кәне, аюдың әнін есімізге түсірейік. − Кәне, барлығымыз Әйгеріммен аюдың әндерін қайталайықшы. Екінші сиқырлы текшені балаларға көрсетіп оны айналдырып: Айналдырып текшені Біз атаймыз бейнені,- деп айтады. Балаларға екінші текшенің қырларына жапсырылған суреттерді көрсете отырып, не бейнеленгендігін сұрау. (өрік, Өркен, ою, орындық). − Мынау кім? − Өркен қандай бала? Жақсы бала ма? − Мынау не? − Өріктің дәмі қандай? − Өркен өрік жегенді жақсы көреді. Мынау не? − Өркен әжесінен көрген оюларының суреттерін салады. − Мынау не? Өркенге орындықты көкесі жасап берді. Әйгерім Өркеннің оюларын көргенде «о-о-о-о»,- деп таңқалады. Ал Өркен өрікті жегенде «ө-ө-ө-ө»,- деп тамсанады. Кәне, бәріміз Әйгерім сияқты таңқалып, Өркен сияқты тамсанайық. Сергіту жаттығуы: Өркен өсіп келеді, Өрікті жақсы көреді. Өрік жеген балалар, Көрікті боп өседі. Тақпақтағы «ө» дыбысының айтылуын нақтылау және бекіту. Жаттығудан кейін «Бұл қай дыбыс?» дидактикалық ойынын ұйымдастыру. | -Айналдырып текшені Біз атаймыз бейнені, - деп қайталайды. − Бұл - Әйгерім. − Әйгерім әдемі. − «Ә-ә-ә-ә». − Мынау әже. − Иә, бұл Әйгерімнің әжесі. − Бұл алма. − Бұл аю. − «А-а-а-а-а»,- деп ән айтады. − Балалар «а» және «ә» дыбыстарын қайталайды. Балалар да қайталайды. − Бұл - Өркен. − Өркен жақсы бала. − Бұл - өрік. − Өрік тәтті. − Бұл - ою. − Бұл орындық. Балалар «о» және «ө» дыбыстарын қайталайды. Сергіту сәтін орындайды. Қимылмен көрсетеді. Ойын ойнайды. |