Просмотр содержимого документа
«Сөйлеуді дамыту "Сәлем жаз"»
«Төрлет ,төрлет Науырыз»
Мақсаты:Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесін тойлау .Ұлттық салт-дәстүр,әдет-ғұрып жайында қарапайым түсінік беру.
Ұлттық дәстүріміздің ерекшеліктерімен таныстыру.
Салт-дәстүрді балалардың бойына сіңіру.
Ұлттық санамызды бағалау арқылы,шығармашылыққа тәрбиелеу.
Кейіпкерлер:Қыдыр ата,әже.
Керек жабдықтар:Үн таспа,қамшы ,аспаптар,арқан,ағаш аттар.
Музыка залы мерекеге сай безендірілген.
Балалар ұлттық киімде көрпе төселген отырады.
Жүргізуші:Тыңдаңыздар,тыңдаңыздар!
Қызықтан тыс қалмаңыздар.
Наурыз тойы басталды.
Көргендер де армандар,
Көрмегендерде армандар,
Қызықтан тыс қалмаңдар!
Армысыздар,қонақтар,балалар!
Наурыз тойымызда келіп жетті
Тойларымыз құтты болсын!Ұлыстың ұлы күні деп аталған.Наурыз мерекесінде ырысымыз мол болып,қадамымыз оң болғай! Наурыз айы-Шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы болып есептеледі.
Самарқанның көк тасы жібіп,күн мен түн теңеледі.Сол себептен наурыз жыл басы болып саналады.
Күн мен түн теңелуін көрсету.
Жүргізуші:Күн мен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді.
Қуанышты ел енді.
(Ұл бала мен қыз бала би қимылымен көрсетеді.)
Музыка ойналады көктем кіреді.
Көктем : Мен шуақты көктеммін,
Шуағымды төккенмін.
Мерекемен құттықтап,
Асығып мен жеткенмін.
Жүргізуші:Қош келдің нұрлы көктем! Төрлет !
Ән: Көктем
Балалар Көктем сондай шуақты,мерекелі,берекелі өзімен Ұлыстың ұлы күні наурыз мейрамын да ала келді.
Ұлыстың ұлы күнінде ақ бата алу үшін Қыдыр атамызды,наурыз шашуын ала келген әжемізді шақырайық!
(Күй ойнайды ата кіреді)
Қыдыр ата бата береді:
Сұрасаң бата берейін,
Үстем болсын мерейің,
Ықыласпен қол жайсаң,
Ақ тілекті төгейін
Ұлыс оң болсын
Ақ мол болсын
Қайда барсаң жлд болсын!
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын! Әумин!
Әже: «Наурыз келсе құт келгені халайық!»
Есік ашып,шашу шашып ,
Ел боп қарсы алайық!
(Шашуын шашады)
Жүргізуші:Қыдыр ата,әже төрлетіңіздер бүгін «Алтын дән»ауылында той болғалы жатыр бізбен бірге болыңыздар. Зере әжеміз немересін бескке салса, Жамал жеңгеміз немересін қырқынан шығарғалы отыр,Байсан атамыз немересінің тұсауын кестірмек сол тойдың куәсі болыңыздар!