kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Си?ырлы суреттер!

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Айналайын»То?мансай балаба?шасы

                                   ?йымдастырыл?ан о?у іс-?рекетіне арнал?ан

                                                                                   техникалы? карта

Мерзімі:                                                                Тобы орта??ы  

Білім беру саласы  Шы?армашылы?Білім беру саласыны? б?лімі : «Си?ырлы суреттер» вар.б?лім

Та?ырыбы: К?згі жапыра?тар.

Ма?саты: Балаларды к?згі жапыра?тар т?рлерімен таныстыра отырып, негізгі т?сін тауып бастыра білу, ??ыпты таза жасай білуге ?йрету. Эстетикалы? тал?амын ?алыптастыру,д?ст?рден  тыс сурет салу ?дістерін ме?герту.

?ОІ? кезе?дері

Т?рбиешіні? іс-?рекеті

Балаларды? іс-?рекеті

Мотивациялы? ?оз?аушылы?

Арайлап та? атты,

Алтын с?уле таратты.

Жадырайды ж?здері?,

Жар?ырайды тобымыз.

?айырлы та? балалар!

?айырлы к?н балалар!

Балалар барлы?ы шатты? ше?берді к??ілді к?ймен айтады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Си?ырлы суреттер!»

«Айналайын»Тоқмансай балабақшасы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне арналған

техникалық карта

Мерзімі: Тобы ортаңғы

Білім беру саласы ШығармашылықБілім беру саласының бөлімі : «Сиқырлы суреттер» вар.бөлім

Тақырыбы: Күзгі жапырақтар.

Мақсаты: Балаларды күзгі жапырақтар түрлерімен таныстыра отырып, негізгі түсін тауып бастыра білу, ұқыпты таза жасай білуге үйрету. Эстетикалық талғамын қалыптастыру,дәстүрден тыс сурет салу әдістерін меңгерту.

ҰОІӘ кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті



Мотивациялық қозғаушылық

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жадырайды жүздерің,

Жарқырайды тобымыз.

Қайырлы таң балалар!

Қайырлы күн балалар!

Балалар барлығы шаттық шеңберді көңілді күймен айтады.



Ізденуші-ұйымдастыру-

Шылық





















Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын, сендер шешуін табыңдаршы.

Жұмбақ: Сарғайып піседі,

Үзіліп түседі,

Ешкімде жемейді,

Тәтті екенін білмейді. (Жапырақ)

Балалар қазір біздер осы жапырақтардың суреттерін

салуды үйренеміз. Оларды қалай жасаймыз, қазір мен түсіндіріп беремін.

Түсіндіру жолдары:

Ақ парақ бетіне үйеңкі, емен, қайың жапырақтарын палитрада езілген бояуға батыру, түрлі жапырақтар бейнесін жасай білу.

Парақ бетіне жапырақтарды шашыраңқы етіп бастыру, семмитрияны сақтау.


Сергіту жаттығуы:

Қылқаламды қояйық,

Орнымыздан тұрайық!

Қолымызды созайық,

Оңға қарай иіліп,

Солға қарай иіліп,

Белімізді жазайық.

Дидактикалық ойын: «Жапырағынан таны».

Көрме ұйымдастыру. « Ең әдемі жапырақтар»


Балалар тәрбиешінің көмегімен жұмбақ шешеді.




Балалар түсіндіру жолдарын тындайды. Жұмысқа қызыға кірісіп кетті.



Сергіту жаттығуын орындайды.

Дидактикалық ойынды қызыға ойнайды.




Балалар өздерінің жасаған жұмыстарынан көрме жасады.



Рефлексивті

Түзетушілік

Бүгін балалар біз қандай жұмыс жасадық?

Қандай жапырақтарды бастырдық?

Қандай түстерге боядық?

Сендер балалар жақсы жұмыс жасадыңдар, сендердің жұмыстарыңа ризамыз.

Жапырақтар бастырдық.

Емен, қайың жапырақтарын.

Қоңыр, қызғылтсары түске боядық. Балалар өздерінің жұмыстарын қызыға орындап айтып берді.

Күтілетін нәтиже

Біледі: бастыру әдісін қолдана білуді .

Игереді : емен, қайын жапырақтарын ажыратуды.

Меңгереді: парақ бетіне жапырақтарды шашыраңқы етіп бастыруды, семмитрияны сақтауды.

Тәрбиешінің аты-жөні:______________________________________________________________




«Айналайын»Тоқмансай балабақшасы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне арналған

техникалық карта

Мерзімі: Тобы ортаңғы

Білім беру саласы Шығармашылық Білім беру саласының бөлімі: «Сиқырлы суреттер» вар бөл

Тақырыбы: Біздің бақтағы алма мен алмұрт ағаштары

Мақсаты: Балаларға гуашь бояуларын дұрыс қолдана отырып алма, алмұрт ағаштарының діңгектерін қылқаламмен, жемістерін саусақпен батыру әдісі арқылы бастыра салуға үйрету.Ұқыпты таза жасай білуге дағдыландыру. .

ҰОІӘ кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті



Мотивациялық қозғаушылық

Армысың асыл күн!

Армысың асыл жыр!

Армысың көк аспан!

Армысың достарым!

Жылуыңа жылу қос!

Міне, менің қолым!

Балалар тәрбиешінің көмегімен бірге шаттық шеңберді орындайды.



Ізденуші-ұйымдастыру-

Шылық





















Жұмбақ жасырылады.

Аспай піскен,

Қайнамай түскен. (жеміс)

Балалар сендер алма мен алмұрт ағашта өсетінін білесіңдер, қазір мен сендерге бүгінгі жұмысты қалай орындау керек екенін түсіндіремін.

Аппақ парақшаға алма мен алмұрт ағашының діңгегін, бұтақшаларын қоңыр түсті гуаш бояумен алу.

Жемістерді езілген дайын бояуға, саусақты батыру арқылы дөңгелек, сопақша пішінде жасаймыз.


Сергіту жаттығуы:


Ал, балалар тұрайық,

Мойынымызды бұрайық,

Қолымызды созайық,

Жел сияқты қалықтап,

Оңға, солға иіліп,

Денемізді бұрайық.


Дидактикалық ойын: « Ағаштың жемісін тап»

Балалар жұмбақтың шешуін табады.

- Жеміс.

Балалар орындалу жолдарын түсінген соң, жұмысқа кірісіп кетті.




Сергіту сәтін орындайды.


Балалар алма мен алмұрт ағаштарына жемістерді апарып іледі. Барлық жемістер ілінген соң Бағбан ата келіп балаларға алма таратады.



Рефлексивті

Түзетушілік

Алма мен алмұрт қайда өседі?

Алма мен алмұрт ағаштарының діңгегінің түсі қандай?

Алма мен алмұрт қандай пішінге ұқсайды?


- бақта өседі

- қоңыр түс

Дөңгелекке, сопақшаға ұқсайды.

Күтілетін нәтиже

Біледі.алма мен алмұрт жемісін салуды, бояу түстерін таңдай білуді.

Игереді : жоғарыдан төмен қарай сызық сызуды. .

Меңгереді: бақшадағы ағаштардың көрінісін сала білуді.

Тәрбиешінің аты-жөні:______________________________________________________________



«Айналайын»Тоқмансай балабақшасы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне арналған

техникалық карта

Мерзімі: Тобы ортаңғы

Білім беру саласы Шығармашылық Білім беру саласының бөлімі: «Сиқырлы суреттер» вариат

Тақырыбы: Пейзаж өзен жиегіндегі ағаш

Мақсаты: балаларды күзгі пейзажбен таныстыру. Парақты сулай отырып, сурет салу, ағаштың судағы көлеңке бейнесін келтіре білу. Түсті дұрыс, әрі тиімді пайдалануға үйрету, сурет салуға деген қызығушылығын арттыру.

ҰОІӘ кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті



Мотивациялық қозғаушылық

Жарқырап күнде ашылды,

Айналаға гүл шашылды,

Біз нәзік қыздармыз,

Біз ержүрек ұлдармыз.

Көк аспанды күн күлсін,

Бірге жүрсін бүлдіршін.

Қайырлы күн достарым!

Қайырлы күн қонақтарым!

Шаттық шеңбер жасалды жақсы көңіл күймен



Ізденуші-ұйымдастыру-

Шылық


















Тәрбиешінің үлгісіне қарап балаларға түсіндіру жолдары көрсетіледі.

Ақ парақшаны тең етіп екіге бүктеу және суға батыру. Бір бөлігіне гуашь бояуын қоңыр түске батыра отырып ағаш діңгектерін, бұталарын салу. Сарғайған жапырақ түстес етіп палитраға гуашьты езу, бояуға. Суланған бетте ағаштың көлеңке бейнесін түсіру.

Дидактикалық ойын: « Бұл қай кезде болады? »


Аяз қысып, өрнек сызып

Терезені торлайды.

Қарға омбығып, беті домбығып

Балалар сырғанақ ойнайды.

Кейде ұлып, кейде ысқырып

Ұйытқып боран соғады.

Бөбектерім айтыңдаршы

Бұл қай кезде болады?





балалар жасалу жолдарын түсінген соң тәрбиешінің көмегімен жұмысқа кірісіп кетті.



Балалар «бұл қай кезде болады?» ойынын өлеңдерін тындап қай мезгілде болатынын айтады.



Рефлексивті

Түзетушілік

Тәрбиеші сұрақ жауап арқылы балалардың білімін қорытып, жұмыстарына талдау жасайды, мадақтап мақтайды.

Толық жауап береді.

Күтілетін нәтиже

Біледі.қылқаламның ұшын тигізіп тік бағытта ұстауды.

Игереді. жоғарыдан төмен қарай сызуды.

Меңгереді: түстер мен ырғақты сезіне білуді.

Тәрбиешінің аты-жөні:______________________________________________________________




«Айналайын»Тоқмансай балабақшасы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне арналған

техникалық карта

Мерзімі: Тобы ортаңғы

Білім беру саласы Шығармашылық Білім беру саласының бөлімі : «Сиқырлы суреттер» вариат

Тақырыбы: Түймедақ

Мақсаты: табиғи материалдармен жұмыс түрлері, қауын дәнін пайдалана отырып, түймедақ күлтелерін жасауға үйрету. Ұқыпты таза жасай білу, эстетикалық талғамын қалыптастыру.

ҰОІӘ кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті



Мотивациялық қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Біз тағыда біргеміз

Сөгілмейді іргеміз.

Құшып күннің шуағын

Көрісеміз қуанып.

Шаттық шеңберін. Тілектер айтады. Өз орындарына отырады.



Ізденуші-ұйымдастыру-

Шылық






















Жұмбақ.

Шалғында тұрған қыздардың,

Көзі алтын, қабағы ақ. ( түймедақ)

Түймедақ гүлі жаз мезгілінде ауыл арасында бақшада өседі. Түймедақ гүлі емге де пайдалы. Осы түймедақ гүлін парақ бетіне түймедақтың сабағын, жапырағын қылқаламмен салу. Күлтешелерін қауынның дәндерін жапсыру арқылы жасау.


Сергіту жаттығуы:

Бір, екі, үш

Әдемі гүлдер өс.

Күнге созыламыз,

Күнге жылынамыз,

Оңға тербелеміз.

Солға тербелеміз

Желден тығыламыз.


Дидактикалық ойын: «гүлдер, қандай әрекет жасайды»

Тосын сый: бақташы ата балаларға түймедақ гүлдерін таратады.

Жұмбақтың шешуін тәрбиешімен бірге шешеді.


Түймедақ туралы түсінік алған соң, балалар жұмыстарына кіріседі.



Ссергіту жаттығуды қимылдары арқылы жасайды.







Ойынды берілген сұрақтарға жауап береді.

Өседі, қурайды,гүлдейді, қуантады.



Рефлексивті

Түзетушілік


Сұрақ жауап арқылы балалардың жұмыстарына талдау жасайды,мадақтайды.

Толық жауап береді.

Күтілетін нәтиже

Біледі. Гүлдердің түрлерін айыра алады

Игереді. Түймедақтың пайдалылыған

Меңгереді. Табиғи материалдармен жұмыс жасауды

Тәрбиешінің аты-жөні:______________________________________________________________





«Айналайын»Тоқмансай балабақшасы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне арналған

техникалық карта

Мерзімі: Тобы ортаңғы

Білім беру саласы Шығармашылық Білім беру саласының бөлімі : «Сиқырлы суреттер» вариат

Тақырыбы:«Көлдегі құстар»

Мақсаты:балаларды коллаж өнерімен таныстыру.түрлі материалдарды пайдалану. Көл құстарын-үлгілерімен, тіс пастасымен салуға үйрету. Үйлесімділікті , эстетикалық талғамын қалыптастыру.

ҰОІӘ кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті



Мотивациялық қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Табиғат –ол анамыз

Табиғатқа баламыз

Құшағында ойнаймыз

Шаттық әнге саламыз

Шаттық шеңберін. Тілектер айтады. Өз орындарына отырады.



Ізденуші-ұйымдастыру-

Шылық






















Жұмбақ.

Шуға бөлеп жағаны,

Қанаттарын қағады

Айдын судың түлегі

Шабақ іліп жүреді.


Садақша мойны иіліп,

Көрген жанды сүйсінтіп.

Жүзгенде көлдің сәні өзі

Барша құстың еркесі.

Түсіндіру жолдары:

1.Көк түспен көлді бейнелеу, ақшыл түспен аспанды жасау.

2.Көлге аққулардың бейнесін қарындашпен салып алып, тіс пастасымен бояу.

3.Ұшып жүрген шағалаларды матаны екі бүктеу арқылы үшбұрыш жасап қию,жоғары бөлігіне орналастыру.

4.Көлдің айналасындағы құрақтарды жасыл түсті тоқыма жіппен жапсыру,қоғаны қоңыр түсті қағаздан сопақша етіп жапсыру.

Сергіту сәті:

Қарлығашқа ұқсайық

Қане,қанат жазайық

Қарлығаш боп ұшайық

Ұшып,ұшып алайық.

д/о «Құстарды топтастыр»

Ойын шарты:жыл құстары мен қыстап қалатын құстарды ажыратады.



Жұмбақтың шешуін тәрбиешімен бірге шешеді.


-Шағала





-Аққу


.

Рефлексивті

Түзетушілік

Сұрақ жауап арқылы балалардың жұмыстарына талдау жасайды,мадақтайды.

Толық жауап береді.

Күтілетін нәтиже

Біледі: құстардың түрлерін айыра алады

Игереді. Көл құстарының түрлерін.

Меңгереді. Тіс пастасымен сурет салуды.

Тәрбиешінің аты-жөні:______________________________________________________________









«Айналайын»Тоқмансай балабақшасы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне арналған

техникалық карта

Мерзімі: Тобы ортаңғы

Білім беру саласы Шығармашылық Білім беру саласының бөлімі : «Сиқырлы суреттер» вариат

Тақырыбы:«Кірпі»

Мақсаты: балаларға кірпі туралы түсінік беру, триздік әдістің бір түрі алақаңды езілген бояуға батыра отырып, денесін жасай білуге үйрету. Ұқыпты таза, тиянақты жасауға дағдыландыру.

ҰОІӘ кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті



Мотивациялық қозғаушылық


Шаттық шеңбер:

Күн мен сені сүйемін,

Саған бас иемін!

Жылу бер, бақыт бер,

Мейірім мен шабыт бер.

Шаттық шеңберін. Тілектер айтады. Өз орындарына отырады.



Ізденуші-ұйымдастыру-

Шылық


















Балалар мына суретке қараңдаршы ненің суретін көріп тұрсыңдар?

Дұрыс айтасыңдар, кірпі қайда мекендейді?

Казір мен сендерге жұмбақ жасырамын шешуін кім табады.


Жұмбақ.

Дегендей ешкім тимесін,

Алыпты қадам инесін.


Балалар қазір осы кірпінің суретін саламыз.

Алдарыңдағы парақша бетіне езілген бояуды пайдалана отырып бас бармақпен басу арқылы кірпінің денесін, басын, тұмсығын саламыз.

Кірпінің инелерін езілген көк түсті бояуға алақанды түгел батыру арқылы бастырып саламыз.

Сергіту жаттығуы:

Бойды сергектік ұста,

Емін еркін тыныста.

Оң қолыңды соз алға,

Үшбұрыш сыз ауада,

Сол қол босқа тұрмасын.

Шеңбер жасап зырласын.

Д/о « не артық?»

Сиыр, қой, ат, кірпі суреттері. Балалар кірпінің артық екенін табады.


Кірпінің суреті.


Орманда.





Кірпі.



Балалар берілген тапсырманы орындайды.

Кірпінің суретін салуға кірісіп кетті.

Балалармен жеке жұмыс жүргізіледі.


Қимылымен көрсетір жаттығу жасайды.






Балалар ойынды бірге жұмылап ойнайды.



Рефлексивті

Түзетушілік

Сұрақ жауап арқылы балалардың жұмыстарына талдау жасайды,мадақтайды.

Толық жауап береді.

Күтілетін нәтиже

Біледі: кірпі туралы өз ойларын жеткізеді.

Игереді. кірпі кайда мекендейтінін немен қоректенетінін.

Меңгереді. бас бармақпен басу арқылы сурет салуды.

Тәрбиешінің аты-жөні:______________________________________________________________





«Айналайын»Тоқмансай балабақшасы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне арналған

техникалық карта

Мерзімі: Тобы ортаңғы

Білім беру саласы Шығармашылық Білім беру саласының бөлімі : «Сиқырлы суреттер» вариат

Тақырыбы:«Қысқы орман»( ұжымдық жұмыс)

Мақсаты: қысқы орман тіршіліктерімен таныстыру. Табиғи және қажетсіз материалдардан ормандағы талдарды, аңдарды, тіршілік бейнелерін жасай білу, салу техникасын меңгерту. Ұжымдық жұмыс жасай білуге үйрету.

ҰОІӘ кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті



Мотивациялық қозғаушылық


Шаттық шеңбері:

Қайырлы таң, құсқа, аңға да,

Қайырлы таң жайдары жанға да,

Қайырлы таң алға ассын,

Кешке дейін жалғассын.


Шаттық шеңберін. Тілектер айтады. Өз орындарына отырады.



Ізденуші-ұйымдастыру-

Шылық

















- Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайыншы

Жұмбақ

Өзі қу, жүрген жері айқай шу. Ол не?

- Дұрыс айтасыңдар ол түлкі екен.

- Балалар орманда қандай жануарлар мекендейді?

- Я орманда жабайы аңдар мекендейді екен, жарайсыңдар.

- Қазір біздер қысқы орманның бейнесін және онда мекендейтін жануарлардың бейнесінің суретін саламыз.

Түсіндіру жолдары:

Парақ бетіне аққайынның діңгегін матадан, бұтақшаларын фломастермен, бұтағы қарларды тіс пастастадан саламыз.

Шырша ағашының діңгегін қоңыр түсті қағаздан, тікешекшелерін жасыл тоқыма жіптен, қарды тіс пастасынан саламыз. Шырша ағашын табиғи жапырақтан, айналасын тіс пастасымен көмкеру. Аспандағы бұлттарды мақтадан түтіп салу, жапсыру. Орман аңдары: қоянды – тіс пастадан, түлкіні- қызғылт сары түсті қағаздан пішіндер құрастырып жабыстыру, қасқырды- трафарет үлгісімен езілген бояуға губканы батыру жасау.

Сергіту сәті:

Алдымызда талдардан,

Жылтыңдайды қу түлкі,

Біз түлкіні алдаймыз,

Жүгіре басып қалмаймыз.

Д/о: «Аңдарды өз мекеніне орналастыр»





Түлкі.

Жабайы жануарлар мекендейді.

Балалардың жауабы.



Балалар мұқият тындап жұмыстарына кіріседі.






Балалармен жеке жұмыс жүргізіледі.







сергіту сәтінде түлкінің жүрісін салады.

Рефлексивті

Түзетушілік

Сұрақ жауап арқылы балалардың жұмыстарына талдау жасайды,мадақтайды.

Толық жауап береді.

Күтілетін нәтиже

Біледі: қағаз түрлерін аттарын.

Игереді. табиғи және қажетсіз метериалдардан бейнелер жасауды.

Меңгереді. Тіс пастасымен, трафарет пен сурет салуды.

Тәрбиешінің аты-жөні:______________________________________________________________

«Айналайын»Тоқмансай балабақшасы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне арналған

техникалық карта

Мерзімі: Тобы ортаңғы

Білім беру саласы Шығармашылық Білім беру саласының бөлімі : «Сиқырлы суреттер» вариат

Тақырыбы: Аққала

Мақсаты: балаларға триздік әдіс, коллаж түрлерін қолданып аққала бейнесін калька қағазынан, қалпағын мата қиындысынан жасай білуге үйрету. Эстетикалық талғамын қалыптастыру.

ҰОІӘ кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті



Мотивациялық қозғаушылық


Шаттық шеңбері:

Шеңберге мен шақырамын,

Мейіріммен бас қосуға.

Бүгінгі ойынымыз,көмектесер достасуға.

.


Шаттық шеңберін. Тілектер айтады. Өз орындарына отырады.



Ізденуші-ұйымдастыру-

Шылық

















- Балалар сендер аққала туралы не білесіңдер?

- Аққаланы қай мезгілде жасаймыз далада?

- Аққаланы қалай және немен соғамыз?

- Дұрыс айтасыңдар Қазір біздер сол аққаланы қардан емес сурет салу арқылы саламыз.

Түсіндіру жолдары:

Көк фонға үлкен, орташа кіші дөңгелектерді қарындашпен сызып алу. Калька қағазын төрт бұрыштан қиып алып, бұрыштарын ішіне қайыра отырып жапсыру. Аққаланың қалпағы мен мұрынын тұрлі- түспен қағаздан төртбұрыш, үшбұрыш етіп жапсыру, сыпыртқыны матадан шашақтарын жіптен жасау.

Сергіту сәті:

Қылқаламды қояйық,

Орнымыздан тұрайық,

Қолымызды созайық,

Оңға қарай иіліп,

Солға қарай иіліп,

Белімізді жазайық.


Д/о «Аққалаға не жетпейді?»


Тақпақ жаттау.

Ауыл алды ақшақар,

Ақшақарды балалар,

Соғып жатыр аққала!




Қыс мезгілінде қардан жасаймыз.

Балалар жасалу жолдарын мұқият тыңдап алып

Жұмыстарына кіріседі.



Сергіту жаттығуын қимылдарымен көрсетеді.





Ойынды қызыға ойнайды.



Балалар тақпақты жаттап алады.




Рефлексивті

Түзетушілік

Сұрақ жауап арқылы балалардың жұмыстарына талдау жасайды,мадақтайды.

Толық жауап береді.

Күтілетін нәтиже

Біледі: қағаз түрлерін аттарын.

Игереді. триздік әдісті қолдануды

Меңгереді. Коллаж түрлерінқолданып сурет салуды.

Тәрбиешінің аты-жөні:______________________________________________________________






Айналайын»Тоқмансай балабақшасы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне арналған

техникалық карта

Мерзімі: Тобы ортаңғы

Білім беру саласы Шығармашылық Білім беру саласының бөлімі : «Сиқырлы суреттер» вариат

Тақырыбы Бұтақтағы суық торғай.

Мақсаты: Табиғи материалдармен жұмыс түрлерінжасау. Құс бейнесін, жапырақтардан, түрлі - түсті қағаздан әдемі сюжет құрастыру.құстарға қамқор болуға баулу.

ҰОІӘ кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті



Мотивациялық қозғаушылық

Шатймыз,

Шаттық шеңбері:

Табиғат ол анамыз,

Табиғатқа баламыз,

Құшағында ойнаймыз,

Шаттық әнге саламыз.



Шаттық шеңберін. Тілектер айтады. Өз орындарына отырады.



Ізденуші-ұйымдастыру-

Шылық

















- Балалар менім қолымдағы суретке қараңдаршы

Ол қандай сурет онда не көріп тұрсыңдар?

- торғай суреті

- Торғай туралы тақпақ кім біледі?

Торғай.

Торғай, торғайғ торғайсың,

Жақын келіп қонғайсың.

Жем шашайын тойып ал,

Сонда аяздан тоңбайсың.

- Балалар қазір біз бұтақта отырған торғайдың суретін саламыз.

Сурет салмас бұрын мұқият тыңдап алыңдар.

Парақша бетіне ағаш бұталарын мата қиындыларынан жапсыру.

Бұтақта қонақтап отырған суық торғай бейнесін: денесін, басын, құйрығын жапырақтардан жапсыру, көзін қара түсті дөңгелек етіп қиып жапсыру. Ағаштағы ақ қарды мақтадан түтіп жапсыру.


Сергіту сәті:

Көктем келді далаға,

Күн шығады шағала,

Құстар ұшып келеді,

Шоқ -шоқ етіп жем шоқып.


Д/о: « Қыстап қалатын құстарды ата, жем салғышқа орналастыр.





Қыстағы торғайдың суреті

Балалардың жауабы.

Балалар тақпақты қайталайды қайта-өайта



Балалар жұмыстарына кіріседі. Балалармен жеке жұмыстар жүргізіледі.







Қимылдарымен жасайды.





Ойында балалар жарыса ойнайды.

Рефлексивті

Түзетушілік

Сұрақ жауап арқылы балалардың жұмыстарына талдау жасайды,мадақтайды.

Толық жауап береді.

Күтілетін нәтиже

Біледі: құстар түрлерін.

Игереді. табиғи материалдар түрлерін қолдануды.

Меңгереді. Сюжетті суреттер салуды.

Тәрбиешінің аты-жөні:______________________________________________________________


Айналайын»Тоқмансай балабақшасы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне арналған

техникалық карта

Мерзімі: Тобы ортаңғы

Білім беру саласы Шығармашылық Білім беру саласының бөлімі : «Сиқырлы суреттер» вариат

Тақырыбы: Қоян мен түлкі ертегісі желісімен.

Мақсаты: балаларға ертегі мазмұнымен таныса отырып түлкі мен қоянның үйін салу техникасын үйрету. Адамгершілік, достық қарым – қатынасқа тәрбиелеу, ұқыпты, таза жасай білуге үйрету.

ҰОІӘ кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті



Мотивациялық қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Мынау- менің жүрегім,

Барлығы осыдан басталған,

Мынау менің басым,

Бәрін осы басқарған,

Мынау менің қолым,

Барлық істі тыңдырған.

.


Шаттық шеңберін. Тілектер айтады. Өз орындарына отырады.



Ізденуші-ұйымдастыру-

Шылық

















Жұмбақ жасырылады.

Қалқиып екі құлағы,

Елеңдеп қорқып тұрады.

- Балалар сендер қоян туралы тақпақ білесіңдерме?

- Қане қоян қандай жануар?

- Балалар қоян туралы тақпақ жаттап алайықшы.

Қоян қашты.

Қалың орман ішінен,

Жүгіріп шықты топ қоян.

Түлкі көре қалып,

Іздеріне түсті.

Топ қоянды қорқытып,

Арттарынан қуды.

- Жақсы балалар енді осы түлкі мен қоян ертегісін қалай салу керек екенін түсіндіріп берейін.

Түсіндіру жолдары:

Түлкінің үйін қарындашпен салып алып,ішіне ПВА клей жаға отырып,клей қатпай тұрып тұз себелеу.Қатқан тұзды көк түспен бояу.Қоянның үиін қоңыр түсті қағаздан шиыршықтап қатарластырып жапсыру.Терезелерін төртбұрышты қағаздан қиып жапсыру.Сюжетті шығу үшін қалған элементтерін балалар өз элементтерін балалар өз қиялдарынша майлы бояумен жағылады.

Сергіту сәті:

Ақ қоян тұршы,

Бетіғді жушы.

Айнаға ұарашы,

Шашыңды тарашы.

Айналаңа қарашы,

Орныңа отыршы.


Балалар жасырған жұмбақты шешеді.

Балалар жауабы.


Тәрбиешімен бірге жаттайды.







Балалар сурет салу жолдарын түсініп тындап алады.



Жұмыстарына кіріседі.






Сергіту сәтін қимылдарымен бірге жасайды.






Рефлексивті

Түзетушілік

Сұрақ жауап арқылы балалардың жұмыстарына талдау жасайды,мадақтайды.

Толық жауап береді.

Күтілетін нәтиже

Біледі: үйдің салу техникасын.

Игереді. табиғи материалдар түрлерін қолдануды.

Меңгереді. Сюжетті суреттер салуды.

Тәрбиешінің аты-жөні:______________________________________________________________

Айналайын»Тоқмансай балабақшасы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне арналған

техникалық карта

Мерзімі: Тобы ортаңғы

Білім беру саласы Шығармашылық Білім беру саласының бөлімі : «Сиқырлы суреттер» вариат

Тақырыбы: Теңіздегі кеме.

Мақсаты: Балаларды дәстүрден тыс триздік әдіс арқылы сурет салуға үйрету, қызығушылықтарын арттыру, кеме бейнесін түсті қағазды қолдана отырып салу. Теңіз толқынын тіс щеткасымен иректеп салу.

ҰОІӘ кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті



Мотивациялық қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Ал шеңберді жасайық,

Ортаға кеп тұрайық.

Бәрімізде достармыз,

Бірге ойнап жүретін.

- Жақсы балалар мекн сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр, жұмбақ шешкілерің келеме?



Шаттық шеңберін. Тілектер айтады. Өз орындарына отырады.



Ізденуші-ұйымдастыру-

Шылық

















Жұмбақ :

Ақ шатырлы бір қала,

Суда жүзіп жүр дара. Ол не екен?

Бұйра жасап сан қилы,

Сұйық жазы шалқиды. Ол не екен?

- Балалар мен сендерге көмектесейін жұмбақтың шешуі: Кеме, теңіз екен.

- Кім суға түскенді жақсы көреді?

Теіңзге барып көргендерің барма?

Кеме қайда жүзеді екен?

- Балалар сендер теңізге бармасаңдар кемеге мінбесеңдер онда біздер қазір кеме мен теңізді толқынымен суретін салсақ қалай болар еді?

- онда мен сендерге түсіндіру жолдарын айтып кетейін.

Парақша бетіне оңнан солға қарай теңіз толқынын тіс щеткасын көк түспен иректеп салу.

Кемені төртбұрыштап, үшбұрыштап қиылған қоңыр түсті қағаздан жапсыру.

Кеменің жоғары жағына шағала бейнелерін тіс пастасымен салу.

Сергіту сәті:

Жау – жау жау жаңбыр,

Жауған жаңбыр нұр жаңбыр.

Жердің шаңы басылсын.

Гүлдің қауызы ашылсын.

Д/о: « Теңіз толқиды»




Балалар дың жауабы.






Балалар жауабы.


Суда, теңізде.



Балалар келісіп сурет салуға кіріседі.


Мұқият тыңдап алады.



Балалар мен жеке жұмыс жүргізіледі.


Сергіту сәтін қимылмен көрсетеді.

Рефлексивті

Түзетушілік

Сұрақ жауап арқылы балалардың жұмыстарына талдау жасайды,мадақтайды.

Толық жауап береді.

Күтілетін нәтиже

Біледі: триздік әдіс арқылы сурет салуды.

Игереді. тіс щеткасын қолдануды.

Меңгереді. Сюжетті суреттер салуды.

Тәрбиешінің аты-жөні:_______________________________

Айналайын»Тоқмансай балабақшасы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне арналған

техникалық карта

Мерзімі: Тобы ортаңғы

Білім беру саласы Шығармашылық Білім беру саласының бөлімі : «Сиқырлы суреттер» вариат

Тақырыбы: Көбелек

Мақсаты: балалар түсті дұрыс таңдай білу, салу техникасын меңгеру, алақанмен басу арқылы қанатын бейнелі салуға үйрету. Эстетикалық талғамын қалыптастыру, дәстүрден тыс сурет салуды меңгерту.

ҰОІӘ кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті



Мотивациялық қозғаушылық


Шаттық шеңбері:

Шеңбер бойлап жүреміз,

Әр гүлге көңіл бөлеміз.

Сұлулық пен махаббатты,

Сезініп өмір сүреміз.

Жұмбақ :

Өзі кілем түріндей,

Құдды қырдың гүліндей.

Гүлге қонса кетеді,

Айырманы білінбей. Ол не екен ?


Шаттық шеңберін. Тілектер айтады. Өз орындарына отырады.




Балалардың шешуі.



Ізденуші-ұйымдастыру-

Шылық
















- Балалар көбелек туралы не білеміз?

- Балалар сендер көбелектің суретін салғыларың келмей ме?

- Олай болса сурет салуға кірісейік.

Парақты сарғыш түске бояу кептіру керек.

Қошқармүйіз, балта оюларының трафаретпен жиектеп өрнегін салу, губкамен бояу.


Сергіту сәті:

Көбелекке ұқсап – ап,

Ұшайықшы бәріміз.

Оңға қарай бір ұшып,

Солға қарай бір ұшып.

Шарлайықшы жер шарын.


Д/о: « Көбелектің бөлігін тап»


Балалар жауабы.


Саламыз көбелектің суретін.


Балалар мұқият тындап жұмыстарына кіріседі.


Балалармен жеке жұмыс жүргізіледі.


Сергіту сәті орындалады.



Стол үстінде ойын ойналады.

Рефлексивті

Түзетушілік

Сұрақ жауап арқылы балалардың жұмыстарына талдау жасайды,мадақтайды.

Толық жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: сурет салу техникасын..

Игереді: алақанмен басу арқылы сурет салуды.

Меңгереді: дәстүрден тыс сурет алуды меңгерді.

Тәрбиешінің аты-жөні:_______________________________









Айналайын»Тоқмансай балабақшасы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне арналған

техникалық карта

Мерзімі: Тобы ортаңғы

Білім беру саласы Шығармашылық Білім беру саласының бөлімі : «Сиқырлы суреттер» вариат

Тақырыбы: Әжемнің оюлы текеметі.

Мақсаты: Балаларды қазақтың ұлттық ою- өрнектерімен таныстыру, сурет салуға деген қызығушылығын арттыру, қошқармүйіз, балта өрнектерін трафарет арқылы бастыра салуға үйрету. Салт- дәстүрге құрметпен қарауға тәрбиелеу.

ҰОІӘ кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті



Мотивациялық қозғаушылық


Шаттық шеңбері:

Өзімді- өзім жақтаймын,

Денсаулықты сақтаймын.

Жүректен жылы соншама,

Тілейміз саулы баршаға.

- Балалар барлығымыз тақтаға қарайықшы. Не кқріп отырсындар?

- Бұл қай мезгіл?

- Балалар сендер текемет дегенді қалай түсінесіңдер? Ол не текемет?



Шаттық шеңберін. Тілектер айтады. Өз орындарына отырады.




Жаз мезгілі.

Балалар жауабы.

Ол төсеніш.



Ізденуші-ұйымдастыру-

Шылық
















- Парақты сарғыш түске бояу, кептіру.

Қошқармүйіз, балта оюларының трафаретпен жиектепөрнегін салу, губкамен бояу.


Сергіту сәті:

Маған арнап жекелеп,

Әжем басты текемет.

Бір топ адам аяқпен,

Теуіп бердік төпелеп,

Басу қызық текемет.

Үсті – үстіне төпелеп.

Алда біреу жіппенен.

Саумалдайды жетелеп.

Әрі біраз аунаттық,

Бері біраз аунаттық,

Қабат шидың сыртынан,

Қайнақ суды саулаттық.

Д/о: « Өрнекті тап»


Балалар мұқият тындап

Жұмыстарына кірісті.



Сергіту сәті жасалды.




Ойынды балалар қызыға ойнады.






Рефлексивті

Түзетушілік

Сұрақ жауап арқылы балалардың жұмыстарына талдау жасайды,мадақтайды.

Толық жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: ұлттық ою- өрнектерді.

Игереді: трафарет арқылы сурет салуды.

Меңгереді: дәстүрден тыс сурет алуды меңгерді.

Тәрбиешінің аты-жөні:_______________________________














Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Си?ырлы суреттер!

Автор: Данаева Галия Сердалиевна

Дата: 13.11.2015

Номер свидетельства: 252593

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(104) "Та?ырыбы: Екі та?балы сандарды ?осу ж?не азайтуды ?айталау "
    ["seo_title"] => string(64) "tak-yryby-ieki-tan-baly-sandardy-k-osu-zh-nie-azaitudy-k-aitalau"
    ["file_id"] => string(6) "198881"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1428484644"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства